Қарақалпақстанда былтыр жаздағы қантөгіске байланысты үш офицер ұсталды. Оларға нақты қандай баптар бойынша айып тағылғаны айтылмайды.
Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, қазір қылмыстық істерге қатысты тергеу жүріп жатыр.
"Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық істер сотқа жолданады", - деп жазылған мекеме таратқан мәліметте.
t.me/azattyq
Үйінді астындағы қазақтар. Әлі екі азаматтан хабар жоқ.
Қазақстандық Алмат Құрмашев Түркиядағы зілзаладан соң жоғалып кеткен інісін іздеп Түркияда жүр. Інісі Мирболатпен бірге тағы екі қазақстандық Сәбина Мамадиярова мен Әділ Қадырбеков алты қабатты үйінді астында жатқаны анықталды. Құтқарушылар Сәбинаны алып шықты. Әділ мен Мирболатты іздеу әлі жалғасып жатыр
t.me/azattyq
Түркияда жер сілкінісі кезінде жоғалған қазақстандықтарды құтқару үшін Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары 9 ақпанда таңертең Хатай провинциясына келді
Бейсенбі күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркиядағы іздеу-құтқару жұмыстары туралы баяндаған Қазақстан төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин есебінде осылай деп мәлімдеген. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.
"Әзірше аман қалған 4 адам құтқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына барды" деп жазылған Ақорда хабарламасында.
t.me/azattyq
Шыңжаң лагерінің бар сұмдығын көрген Қытай қазағы Сәрсенбек Әкбар Қазақстанға оралды
Шамамен үш жыл – Қытай лагерінде, екі жыл үйқамақта болған азамат кемінде алты жыл көрмеген отбасымен қауышты. Күйеуінің елге оралғанын Гүлнұр Қосдәулет Азаттыққа растады. Бірақ ол қысымнан қорқып, ақпарат құралдарына сұхбат беруден тартынды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Сәрсенбек Әкбардың отбасымен жылап көріскені туралы байқалады.
Гүлнұр Қосдәулетпен бірге Қытайдағы туысын босатуды талап етіп жүргендердің бірі Гауһар Құрманәлиеваның айтуынша, Сәрсенбек Әкбар 8 ақпанда Қорғас кеден бекеті арқылы Қазақстанға өткен. Гауһардың айтуынша, бұл іске Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Үрімжідегі өкілдігі араласқан.
t.me/azattyq
Түркиядағы зілзалада хабарсыз кеткен қазақ азаматтарының бірі құтқарылды, екеуі үйінді астында қалған
Толығырақ 👇
https://www.azattyq.org/a/kazakhs-who-disappeared-during-the-earthquake-in-turkey/32262979.html
Теңіз кенішінде автокөлік цистернасы жарылып, бір жұмысшы қаза болды
8 ақпанда Атырау облысының Теңіз кенішінде вакууммен жабдықталған автокөліктің цистернасы жарылып, "Вест Дала" компаниясының 30 жастағы жұмысшысы қаза болды. Тағы бір адам – 31 жастағы жұмысшы түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
t.me/azattyq
СІМ: Түркияда жоғалған Қазақстан азаматы табылды. Тағы екі адам іздестіріліп жатыр
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Қазақстан азаматы Сабина Мамадиярова түріктің Хатай провинциясы Антакья қаласында табылды. Бұл жөнінде Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
Қазақстан СІМ хабарлауынша, Түркияда жер сілкінісі кезінде үш қазақстандық жоғалған. Екі адам әлі іздестіріліп жатыр. Түркия ІІМ Антакья қаласына құтқарушылар тобын жіберген.
t.me/azattyq
Сот журналист Думан Мұхаммедкәрімнің үміткер ретінде тіркелу туралы екінші шағымын қанағаттандырды
Журналисттің адвокаты Қанатбек Балсариевтің айтуынша, олар екі талап қойған: №12 бірмандатты аумақтық сайлау округінің хаттамасын заңсыз деп тану және мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде тіркеу және Думан Мұхаммедкәрімнің кейінгі 10 жылда Қазақстан аумағында тұрақты тұрғанын растау.
Сот №12 бірмандатты аумақтық сайлау округінің шешімін заңсыз деп танып, депутаттыққа кандидат болу үшін тіркеуде тұрмағаны еш себеп емес деп қаулы шығарды.
t.me/azattyq
Зілзала зардабы, жоғалғандарды іздеу, журналисті қорқыту — AzatNEWS 08022023
📌 Түркия мен Сирияда зілзаладан кемінде 9600 адам көз жұмды. Бұл сан 20 мыңнан асуы мүмкін дейді ДДСҰ.
📌 "Ұлысмедиа" сайтына әлдекім малдың шикі еті мен бас редактордың балаларының суретін жіберген. Журналист кімнен күдіктенерін білмейді.
📌 Журналистер мен құқық қорғаушылар "Масс-медиа туралы" жаңа заң жобасындағы көп нормаға қарсы. Ақпарат министрлігі өкілі әлі талқыланып жатыр деген уәж айтады. Заң жобасы парламентке сәуірде барады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияға әлем елдері құтқарушылар жіберіп көмектесіп жатыр. Түркияда оқитын қазақ студенті де еріктілер қатарына қосылған
t.me/azattyq
Украина әскеріндегі коррупция, Коломойский және Батыс қысымы. Зеленский жемқорлықты жеңе ала ма?
Ресей Батыс елдерінің Украинаны қолдауын негізгі мәселеге айналдырып отырғанда, президент Владимир Зеленский соғыстың бір жылдығы қарсаңында жемқорлық туралы айыптауларға жауап ретінде жоғары лауазымды шенеуніктерді қызметінен босатуға кірісті. Бұл жолы расымен шынайы өзгерістер болуы мүмкін бе?
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Ақтөбе облысы: Алға қаласында электр станциясы өртеніп, қала мен маңындағы жеті елдімекен жарықсыз қалды
Электр станциясындағы өрт 8 ақпан күні таңғы сағат сегіз жарым шамасында басталған.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрттен ешкім зардап шекпеген.
– Электр станциясындағы трансформаторда 20 тонна май болды. Жалын электр станциясының қосалқы секцияларына таралмауы үшін оқиға орнына 18 құтқарушы мен 4 техника жіберілді. Өрт бір сағатта толық сөндірілді, - деп хабарлады төтенше жағдай департаменті. Ratel.kz сайты станцияның лапылдап жанып жатқаны туралы видео жариялады.
t.me/azattyq
"Зілзалада хабарсыз кетті". Түркиядағы қазақтармен әңгіме
Түркияда болған зілзаладан бірнеше мың адам опат болып, ондаған мың адам зардап шекті. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. "Хабарсыз кеткендердің арасында қазақтар да бар" деген хабар тарады. Азаттық Түркияда тұратын қазақтармен сөйлесіп, табиғи апаттан кейінгі жағдайды білді.
🔗Cілтеме
t.me/azattyq
Құқық қорғаушылар "Масс-медиа туралы" даулы жобаны кері қайтаруды талап етті
Астана мен Алматыда құқық қорғаушылар мен журналистер баспасөз жиынын өткізіп, "Масс-медиа туралы" жобаны сынады. Астанада жоба бойынша құрылған жұмыс тобы аталған құжат журналистер құқығын қорғамайды, мемлекеттің баспасөзге бақылауын күшейте түседі деген қауіп айтты.
"Журналистерге шабуыл, қорқыту, мүлікті бүлдіру сияқты кейінгі айларда болып жатқан медиа саласындағы оқиғалардан кейін заң журналистерді қорғап, кәсіби міндетін атқаруға кепілдік бергенін қалаған едік. Алайда заңда превентивті реттеу шаралары көп екеніне, "журналист міндетті", "журналист үйтпеуге тиіс", "журналиске тыйым салынған" деген сияқты тіркестердің көп екеніне, ал шын мәнінде еркін, тәуелсіз болуға мүмкіндік беретін жайттардың аз екеніне көзіміз жетіп отыр" деді "Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қорының жетекшісі Диана Окремова.
t.me/azattyq
Түркия мен Сириядағы зілзала: әуеден түсірілген кадрлар жарияланды
Кейінгі мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 8 мыңнан астам адам қаза болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан 20 млн адам жапа шегуі мүмкін дейді.
t.me/azattyq
Қырғызстан милициясы Ресейдің Бішкектегі елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған ер адамды ұстады
Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, ұсталған адам елшілік алдында шина өртеген.
Ер адам акцияны өткізу себебін айтып үлгермеген. Ол тек [Ресей басшысы] Владимир Путинге жеті рет хат жазып, жауап алмағанын айтқан. "Мен тіпті видеомәлімдеме де жасадым, бірақ жауап жоқ" деді ол.
t.me/azattyq
Украинада Луганск және Харьков облысының шекарасында Ресей әскері ірі шабуылға көшті
Американың "Соғысты зерттеу институтының" (Institute for the Study of War) күн сайынғы есебінде осындай тұжырым жасалады.
Ашық дереккөздерге сүйенген ISW сарапшыларының тұжырымдауынша, Ресей әскері Купянскіге жақын Сватово-Кременная-ның барлық аумағында шабуылға көшкен.
ISW жазуынша, бұған осы ауданда кемінде ірі үш ресейлік дивизияның шабуылға жұмылдырылғаны дәлел бола алады.
t.me/azattyq
Бітпейтін қысым мен қауіп. Тәуелсіз бақылаушыға тосқауыл көп
Тәуелсіз бақылаушылар бірлестігі Қазақстандағы кезектен тыс парламент пен жергілікті өкілетті органдарды сайлауға дайындықты бастай алмай отыр. Өйткені орталық сайлау комиссиясы әлі аккредитация бермеген.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Зеленский Украинаға танкілер мен ұшақтарды тезірек жеткізуді өтінді
Украина президенті 8 ақпанда Лондонға сапарынан кейін британ әуе күштері ұшағымен Парижге барған.
"Еуроодақ Украинадағы әскери қимылын жалғастырып жатқан Ресейге санкциясын қатайтады, Путин өз мақсатына жете алмайды" деген еді сәрсенбі күні сәл ертерек Бундестагтағы отырыста мәлімдеме жасаған канцлер Шольц.
t.me/azattyq
Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда үйінді астында қалған қазақстандықтарды құтқару операциясы туралы:
"Оқиға орнында барлық техника, кран, экскаватор бар, тек құтқарушылар таңның атуын күтіп отыр. Себебі, ана ғимаратты түртсе, опырылып құлайын деп тұр. Таң атса, барлығы көріне бастайды. Құтқарушылар түнде қимылдап, адамдардың өмірін тәуекелге қоя алмайды".
t.me/azattyq
Түркияда жоғалып кеткен Қазақстанның екі азаматы – Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбеков қайда екені анықталған
Бірақ құтқарушылар оларға жете алмай жатыр. Ғимарат опырылып құлап кетуі ықтимал. Олардың туыстары кран, дрон, тепловизор керек екенін айтып, көмек сұрады. Құрмашевтің бауыры Алмат Құрмашев пен Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиевке сүйенген Orda.kz осылай деп хабарлады.
t.me/azattyq
Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза болғандар 12 мыңнан асты, зардап шеккендер Ердоғанды сынады
Түркия президенті Режеп Ердоған 8 ақпанда жер сілкінісінен зардап шеккендерге алғашқы шұғыл көмек тиісті дәрежеде берілмей отырғанын мойындады.
Мамыр айында өтетін президент сайлауына дайындалып жатқан Ердоған зардап шеккен аймақтарды аралап, шұғыл қызмет енді "қалыпты" жұмыс істей бастағанын, ешкімнің далада қалмайтынын мәлімдеді.
t.me/azattyq
Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны "терроризм актісі" айыбымен 6 жылға бас бостандығынан айрылды
Бұл туралы Ааттыққа Ақтөбе облыстық соты хабарлады. Соттың мәліметінше, Ақтөбе тұрғынына "діни алауыздықты қоздыру", "терроризмді насихаттау" баптарымен айып тағылған.
Тергеу материалдарында оның 2022 жылғы маусым-шілде айларында "Telegram мессенджерімен террроризмді насихаттайтын электрон кітаптарды таратқаны, жиһадқа шақырғаны" жазылған.
t.me/azattyq
Алматы облыстық соты қамаудағы белсенді Ермек Нарымбайдың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Былтыр желтоқсан ортасында Қонаев соты белсендінің ерте босап шығу туралы өтінішін орындамаған еді. Нарымбай мен адвокаты Жанар Балғабаева шешіммен келіспей, жеке шағым түсірген.
"Не себепті өтінішті орындамағаны бізге түсініксіз қалды. Сот "орындалмасын" деді. Енді сот қаулысын алғаннан кейін көреміз. Прокурор сотта Ермек Нарымбайдың марапаты жоғын, оның дамуында оң өзгерістер, оң құбылыстар жоғын айтқан" деді Ермек Нарымбайдың адвокаты Жанар Балғабаева.
t.me/azattyq
Ақпанның басында Украинаның Луганск облысында басына оқ тиіп, ауыр жараланған саяси технолог, Ресей армиясының офицері Игорь Мангушев ауруханада қайтыс болды
Бұл жөнінде РИА Новости агенттігіне оның досы, әскери журналист Аким Апачев хабарлады. Мангушев былтыр жазда сахнаға қолына "өлтірілген украин жауынгерінің бас сүйегін ұстап шығып", "танылған".
Апачевтің айтуынша, ол жуырда Мангушевке кіріп шыққанда, досы ес-түссіз жатқанын көрген. Мангушев есін жимаған күйі көз жұмған.
t.me/azattyq
Түркияның Қазақстандағы елшісі: Зілзаладан кейін 4 қазақстандық жоғалған
– Қанша азамат жоғалғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Бірақ әлеуметтік желідегі соңғы ақпараттарға қарағанда, төрт Қазақстан азаматы жоғалып кетті деген сандар шығып жатыр. Үшеуі – Хатай провинциясында, біреуі – Аданада, - деді 8 ақпанда Азаттық сұрағына жауап берген Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи.
t.me/azattyq
Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз адамды кінәлі деп таныды. Оның бесеуі — былтыр оққа ұшып мерт болған Исатай Донбаев, Райс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев пен Тоқтар Ошақбай.
t.me/azattyq
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жібергенін хабарлады
Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраева редакция кеңсесіне белгісіз біреулер қорапқа малдың еті мен балаларының суретін салып жібергенін хабарлады.
Самал Ибраева Азаттыққа қораптың сәрсенбі, 8 ақпанда кеңсеге келгенін, ішін ашқан кезде жоғарыда аталған заттар шыққанын айтты. Ибраева оқиғаны "редакцияға жасалған қоқан-лоқы" деп бағалады.
"Президент тапсырма берсе де, маған жасалып жатқан қысымның артында кім тұрғаны анықталған жоқ. Осыған дейін қаншама қысым көрдім" деді Самал Ибраева Азаттыққа.
Ибраеваның Азаттыққа жіберген суретінде етпен бірге балалардың суреті жатқаны көрінеді. Сәрсенбі түстен кейін редакцияға полиция келіп, келген заттардан саусақ іздерін алған. Ибраева полицияға қорапты кім жібергенін анықтауды сұрап, шағым жазған.
Полиция Азаттық тілшісіне саусақ ізі алынып жатқан қорапты түсіруге тыйым салды.
Экология министрлігі: Каспийде итбалықтардың қырылуына пневмония себеп болған
Экология министрлігінің хабарламасынан "Власть" сайты үзінді келтіреді.
"Ғылыми ұйымдар мен құзырлы мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған жұмыс тобы Каспий итбалықтарының қырылуына вирустың әсерінен асқынған пневмония себеп болды деген қорытындыға келді. Тұмау және морбилли вирус инфекциясының аралас түрі ушыққан" деп жазылған министрлік хабарламасында.
t.me/azattyq
АҚШ қаржы министрлігі ресейлік "Сбердің" Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкі Bereke Bank-тен санкцияны алып тастайды
Себебі аталған қаржы ұйымы қазір қазақстандық компанияға тиесілі және оған ресейлік "Сбер" жетекшілік етпейді. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.
Банкті санкция тізімінен алу туралы шешім 6 наурызда күшіне енеді.
t.me/azattyq