"Аруақтар сотындағы" үкім. Қаңтарда оққа ұшқандарды кінәлі деп таныды
Тараз соты Қаңтар оқиғасынан кейін айыпталған тоғыз адамды кінәлі деп таныды. Бесеуі былтыр қаңтарда оққа ұшып мерт болған. Өзге төртеудің біреуі екі жыл түрме жазасын алды. Қалғандары жаза мерзімі қысқарғандықтан я шартты жазамен босатылды. Сотталған марқұмдардың туыстары үкімге қарсы шығып, жақындарын ақтау жолында күресетінін айтады.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Атырау облысының соты 7 ақпанда азаматтық белсенді, кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевтің бауыры мен KSS (Karachaganak Support Service) компаниясының бұрынғы директоры Бауыржан Жүсіповке шыққан үкімді өзгертпеді
19 желтоқсанда Атырау қаласының № 2 соты "салықты жасырды" және "қылмыстық топтың мүшесі ретінде ақша жымқырды" деп айыпталған Бекіжан Меңдіғазиевті бес жыл бір айға бас бостандығынан айырған. Сот "ірі көлемде салық төлеуден жалтарды" деп айыпталған Жүсіповке бес жыл түрме жазасын тағайындаған. Бекіжан Мендіғазиев пен Бауыржан Жүсіпов айыптармен келіспей, жоққа шығарған.
t.me/azattyq
Қазақстан жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөледі.
Бұған қоса, “Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырады” деп хабарлады Ақорда.
Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде болған аса ірі екі зілзаладан кейінгі құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. BBC мәліметіне қарағанда, зілзаладан 7,2 мыңнан астам адам қаза болған. Түркияда құрбандар 5,4 мыңнан асты. Елде бір апта қаралы күн жарияланды.
Ақпанның 6-сы күнгі жер сілкінісі осы ғасырда Түркияда болған аса ірі зілзала саналады.
Қазақстан СІМ 7 ақпанда соңғы түскен мәлімет бойынша зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында қазақстандық жоқ деп мәлімдеді. Бірақ балалары Түркияда оқитын бірнеше ата-ана хабарласып, көмек сұраған.
7 ақпанда Тараз қаласының №2 сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айып тағылған тоғыз адамның ісі бойынша сот процесінде үкім жарияланды
Сот Марат Бекбау бұған дейін де сотты болғанын ескеріп, оны екі жылға бостандығынан айыруға және жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтеуге үкім етті.
Асхат Ташекеевті де екі жылға бостандығынан айырып, амнистияға ілінуіне байланысты сот залынан босатты.
Ғани Керімбаевты үш жылға бас бостандығынан айырды. "Рақымшылық туралы" заң қолданылуына байланысты жаза мерзімі қысқарып, ол мерзім ендігі өтелгендіктен, Керімбаев сот залынан босатылды.
Сот Нұрбол Ережеповке де үш жыл қамау жазасын кесіп, "Рақымшылық туралы" заң бойынша жаза мерзімін қысқартты, шартты түрде тоғыз айға бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Ал Қаңтарда қаза тапқан Исатай Донбаев, Райс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев пен Тоқтар Ошақбайға жаза тағайындамағанымен, сот бесеуін де кінәлі деп таныды.
t.me/azattyq
Қазақша мәзір сұрағандар «нацист» атанды
5 ақпанда Алматыда «Динара» кафесіне барған қонақтарды кафе қызметкері қазақша мәзір сұрағаны үшін «нацист", "фашист» деп атаған. Артынша қару асынған адам оларды ғимараттан шығарып жібермек болған. Қонақтар қазақша қызмет талап еткені үшін құқығы бұзылғанын айтып, кафенің үстінен сотқа арыз берді.
t.me/azattyq
Түркияның Адана қаласындағы зілзаладан Қырғызстан азаматы да зардап шеккен
Бұл жөнінде Қырғызстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Бұл мәліметке қарағанда, Қырғызстан азаматы ауруханада емделіп шыққан.
"Анталия қаласындағы Қырғызстан бас консулдығының қызметкерлері Адана қаласына барып, Қырғызстанның 10 азаматына азық-түлік, су, жылы киім мен жамылғы беріп кетті және оларды қауіпсіз орынға жайғастырды", - дейді Қырғызстан сыртқы істер министрлігі.
t.me/azattyq
Өзбекстан Нүкіс оқиғасы бойынша сотталған, Қарақалпақстанның алғашқы президентіның ұлы Полат Шәмшетовтің ісін тексеріп жатыр
Полат Шәмшетов Бұхарадағы тергеу изоляторында 4 ақпан күні өлген. Бұхара прокуратурасы өлім себебін тексеруге кіріскенін мәлімдеп, Өзбекстан бас прокуратурасы сот-медициналық сараптама қорытындысын жариялаған. Сараптамада өкпе артериясында түйін пайда болып, жүрек талмасынан өлгені көрсетілген.
t.me/azattyq
Қырғызстан Жоғарғы соты әлеуметтік желіде Қырғызстанның бұрынғы президенті Сауранбай Жиенбековтің ар-намысына тиетін пікір жазғаны үшін қырғыз азаматына 100 мың сом (1160 доллар) айыппұл салды
Бұл жөнінде Қырғызстан Жоғарғы соты хабарлады.
Сот шешімінде қырғыз азаматының пікіріне филология және саясаттану салалары бойынша сараптама жасалғаны көрсетілген. Сот актісінде айыпталушының "ешқандай мақсат көздемегенін, пірінік эмоциямен жазғанын айтқаны" жазылған.
t.me/azattyq
Қазақстан құтқарушылары жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға көмекке кетті
Бұл ақпаратты Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 7 ақпанда, таңертең таратты.
"Қазақстан құтқарушылары Түркияның Газиантеп қаласына барады. Құтқарушылар арасында кинологиялық бөлімше мен дәрігерлер бар", - дейді төтенше жағдайлар министрлігі.
t.me/azattyq
Апелляциялық сот Қаңтар оқиғасынан соң 17 жылға сотталған Құдайбергенов үкімін 16,5 жылға өзгертті
Құдайбергеновтің адвокаттары оны толық ақтап, босатуды сұраған.
Сот алқасына төрағалық етуші судья сот қаулысын түсіндіргенде "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" бабы бойынша белгіленген үш жыл рақымшылық заңы бойынша тоғыз айға қысқарғанын, ал "әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық" бабы бойынша 16 жылға қамау тағайындалғанын айтты.
t.me/azattyq
Тбилиси соты Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын босату немесе үкімді өтеуді кейінге қалдыру туралы арызын қарап, қанағаттандырмады
Бұл туралы Азаттықтың Грузин қызметі хабарлады. Бұған дейін Саакашвилидің адвокаттары оның реанимацияда жатқанын айтқан. Бұрынғы президенттің жақтастары оны түрмеде улаған деп санайды.
t.me/azattyq
Түркиядағы зілзала, автонесие әлегі - AzatNEWS, 6 ақпан, 2023
– Түркияда алапат жер сілкінісі болып, қаза тапқандар 1000 адамнан асып кетті. Құтқару операциясы әлі жүріп жатыр.
– Қазақстанда автонесиеге өтініш қабылдайтын жаңа портал іске қосылды. 125 мың өтініштің 761-і ғана қабылданған. Жұрт портал жұмысын сынға алды.
– Тәуелсіз журналист Динара Егеубаева ұлын әлдекім тапаншамен қорқытқанын хабарлады. Ол мұны қазіргі белсенділігімен байланыстырады. Полиция оқиғаны тергеп, тексеруге кірісті.
🔗КӨРУ
https://www.youtube.com/live/ibQtwwY2VDc?feature=share
t.me/azattyq
Түркияда тағы 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Түркия президенті Режеп Ердоғанның хабарлауынша, 912 адам қаза тауып, 5383 адам жарақат алды.
Сирияда опат болғандар саны 326-ға жетсе, 1042 адам жарақат алды.
t.me/azattyq
Сыртқы істер министрлігі: Ресей сотының шешімі Қазақстанда жүрмейді
Arbat.media жазуынша, Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Ресей соты Ресей федерациясының азаматтық-процестік заңнамасының талабы бойынша шақырып отыр" деп санайды.
"Олардың қандай да бір жаңалықтар ресурсын Ресей аумағында бұғаттау жөніндегі шешімі Ресейдің ішкі заңына негізделеді. Оның шешімінің Қазақстан аумағында күші жоқ", - дейді сыртқы істер министрлігі.
t.me/azattyq
Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен жүздеген адам қаза тапты
Түркияның оңтүстігінде және Сирияның солтүстігінде 7,9 балдық жер сілкінісі болды. Түркияда кемі 76 адам қаза тауып, 440 адам жараланған. Ал Сирияда 100-ден астам адам опат болды. Қаза тапқандар саны артып жатыр. Жер сілкінісін Ливан мен Кипр тұрғындары да сезген. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
UPD: Түркияда кемі 284 адам қаза тауып, 2,323 адам жараланған. Сирияда 237 адам опат болып, 600 адам жараланды.
t.me/azattyq
7 ақпанда кешке Түркиядан Қазақстан азаматтары арнайы ұшақпен Астана әуежайына жеткізілді, деп хабарлады "Қазақпарат" агенттігі.
Ұшақ бортында 16 қазақстандық және екі қырғыз азаматы болған. Қырғызстанның этномәдени бірлестігі қырғыз азаматтарын қарсы алған.
t.me/azattyq
Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар 5400-ден асты. Елде қаралы күн жарияланды
Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстік аудандарында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, жер сілкінісінен 7,2 мыңнан астам адам қаза болған. 32 мың адам түрлі дәрежеде жарақат алған. 6 мыңнан астам ғимарат қираған, деп жазды BBC ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, қаза болғандар 20 мыңнан асуы мүмкін. Елде 12 ақпанға дейін қаралы күн жарияланды.
t.me/azattyq
Қаңтар бойынша сауалнама: халықтың басым бөлігі ескертусіз оқ атуды және азаптауды құптамайды
Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросы "Қазақстандықтардың Қаңтар оқиғасына көзқарасы" деген тақырыпта жүргізген сауалнама нәтижесін жариялады. Оған сенсек, қазақстандықтардың жартысынан астамы ресми ақпаратқа сенбейді және оқиғаның қайғылы аяқталуына жоғары билік пен құқық қорғау органдары кінәлі деп санайды.
t.me/azattyq
Түркиядағы аза, Тараздағы қаңтар соты - 7 ақпан | AzatNEWS
📌 Түркия мен Сириядағы зілзала құрбандары 5 мыңнан асты. 20 мыңдай адам жараланған. Құтқарушылар жетіспей жатыр. Бірнеше ел көмектесуге кірісті.
📌 Таразда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған тоғыз адамға сот үкімі шықты. Айыпталушылар тізіміндегі 5 адам былтыр алаңда оқ тиіп, қаза тапқан.
📌 "Аманат" партиясы кезектен тыс парламент сайлауына 119 кандидат ұсынды. Арасында айтыскер, спортшы, журналист және блогерлер бар.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Нобель сыйлығын алған украиналық: Бұл озбырлық Ресей мәдениетінің бір бөлігіне айналды
Ресейді Украинаға басып кіргендегі қиянаты үшін жауапқа тарту керек дейді Александра Матвийчук. Ол жетекшілік ететін "Азаматтық еркіндік орталығы" былтыр Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын жеңіп алғандардың бірі болған. Азаттық радиосы Грузин қызметіне берген көлемді сұхбатында Матвийчук соғыс басталғалы Украинадағы қалыпты өмір құрдымға кеткенін айтады. Оның сөзінше, әділдік орнамаса, кек алуға деген сұраныс артпақ.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне жыл толғанда да америкалықтардың басым көпшілігі Украинаға көмекті, тіпті соғыс ұзап кетсе де тоқтатпауды қолдайды
Гэллап институты жүргізген сауалнама нәтижесі осылай көрсеткен.
Сұраққа жауап бергендердің 65 пайызы Украинаға жан-жақты көмектесуді, 31 пайызы Украинаның Ресей басып алған жерлері Ресей бақылауында қалатындай болса да АҚШ соғысты тезірек тоқтатуға күш салуға тиіс деп есептейді. Бұл қорытынды осыдан жарты жыл бұрынғы сауалнама қорытындысына ұқсас болып шыққан. Қолдау білдіргендердің 81 пайызы демократтар, республикашылдар мен бейтарап көзқарастағылардың да көпшілігі осыған ұқсас ұстанымын білдірген.
t.me/azattyq
"Зорлық шеңбері". Қаңтардағы азаптауға кім жауап береді? Халықаралық зерттеушімен сұхбат
"Азаптауға ұшырағандардың көбі – 18-50 жас аралығындағы ерлер. Бірақ әйелдер мен балалардың азапталғаны жөнінде де ақпарат түскен. Азаптау әдістерінің арасында ұрып-соғу, электрошокер қолдану, басына қапшық кигізу, үстіне ыстық су құю, ыстық темір басу, тісін жұлу, зорлаймыз деп қорқыту бар". Бұл – 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезіндегі және одан кейінгі азаптау туралы есептен үзінді. Қазақстандық және халықаралық құқық қорғаушылар 37 беттен тұратын құжат дайындаған. Азаттық Қаңтар оқиғасы туралы есеп авторларының бірі Рэйчел Гасовскимен сөйлесті.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
"AMANAT"-тың кезектен тыс съезінде партиядан ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына 119 адам ұсынылды
Олардың арасында Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы, Асхат Аймағамбетов, Мұрат Әбенов, Ринат Зайтов бар
Партия жеке мандатқа 29 адам ұсынды.
t.me/azattyq
Түркия жерсілкінісінің құрбандарын бір апта аза тұтады
Бұл жөнінде дүйсенбінің кешінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған хабарлады. Түркияда жерсілкінісінен өлгендер 3 мыңға жуықтаған. Оған көршілес Сирияда 1500 адамға жуық адам өлген.
Жараланғандар 10 мыңнан асқан. Мыңдаған үй қирап, оннан астам қала зардап шеккен. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
t.me/azattyq
Түркия мен Сириядағы жойқын зілзала салдары
Фотогалерея 👇
https://www.azattyq.org/a/turkiyadagy-zher-silkinisi/32258807.html
6 қаңтар кешке Шымкентте күші 2-3 балл жер сілкінісі байқалды
Бұл жөнінде Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 19:02-де болған. Магнитудасы 5.4 болатын зілзала кіндігі Шымкенттен ондаған километр қашықта, Темірлан ауылының маңында тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,7 болған.
t.me/azattyq
Ресей әскері Украинаның Луганск облысына әскери техникасы мен резервін тартып, 15 ақпаннан кейін шабуылға шығуға дайындалып жатыр. Бұл ақпаратты "Белсат" телеарнасының эфирінде Луганск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай айтты.
Гайдайдың сөзінше, Украинаның Луганск және Донецк облыстарында Ресей әскери техникалары жылжығаны байқалған, Луганск облысында Ресей әскері резервтерін тартып, снарядтарын үнемдей бастаған.
t.me/azattyq
Су-жылу құбырларында апат жиілеген Рудныйда төтенше жағдай жарияланды
Бұл ақпаратты "ҚазАқпарат" агенттігі облыс әкімдігіне сілтеп хабарлады.
Әкімдіктің мәліметіне қарағанда, жылу, су және канализация желілерінің тозуына байланысты апат көбейген. Осыған байланысты қала әкімдігі жылу маусымы кезінде құбырлардың қатып қалуына жол бермеу үшін және шұғыл әрекет ету, қосымша күш тарту, қаржы мәселесін шешу мақсатында жергілікті жерде техногендік сипатттағы төтенше жағдай жариялаған. Әкімдік жағдай бақылауда тұр деп есептейді.
t.me/azattyq
Қазақстаннан Украинаға киіз үйлер, сандықтар, генераторлар мен басқа да заттар жөнелтіліп жатыр. Ресей шапқыншылығына ұшыраған елге көмекті еріктілер ұйымдастырды.
🔗Фотогалерея 👇
https://www.azattyq.org/a/ukraine-kazakhstan-aid-yurts/32257090.html
t.me/azattyq
"Ұлымды тапаншамен қорқытты" деген журналист Динара Егеубаеваның арызы бойынша полиция тексеріс жүргізеді
"Бұл факт тіркелді. Полиция департаментінің тергеу басқармасы істің мән-жайын анықтау үшін кешенді жұмыс жүргізеді", - дейді полиция баспасөз қызметі.
5 ақпанда түнде журналист Динара Егеубаева белгісіз адам ұлына тапаншамен шабуыл жасағанын әлеуметтік желідегі парақшасына жазған.
t.me/azattyq