Иранның аятолласы Әли Хаменеи мыңдаған адамға рақымшылық жасады
Рақымшылыққа іліккендер ішінде былтыр күзде басталып, бірнеше айға ұласқан ірі наразылық кезінде қамалғандар аз емес. Бұл ақпаратты жексенбіде Иранның ресми баспасөзі таратқан.
Иран баспасөзінің жазуына қарағанда, "шетел тыңшысы" деген айып тағылмағандар, қасақана кісі өлтірмегендер, мемлекет мүлкіне зақым келтірмегендер бостандыққа жіберіледі. Рақымшылықты Иран билігі 1979 жылы болған Ислам революциясының мерейлі датасына орайластырған.
t.me/azattyq
Бұрынғы президенттің күйеубаласы мемлекет жерін қалай иемденген?
Азаттық миллиардер Тимур Құлыбаев басқаратын компаниялар Алматының қымбат ауданындағы бұрын мемлекет иелігінде болған жерді иеленіп отырғанын анықтады.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр
Бас прокурор Петер Франк Welt am Sonntag газетіне берген сұхбатында: "Бучадағы қырғын мен Украинаның азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылды зерттеп жатырмыз" деді. Оның сөзінше, Украина босқындары көптеген мәлімет берген.
t.me/azattyq
«8 наурызда әйелдерге гүл емес – құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек». Феминистер әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті
t.me/azattyq
5 ақпанда Алматыда феминистер әкімдіктен 8 наурызда шеру мен митинг өткізуге рұқсат беруін талап етіп, митинг өткізді. Оған 100-ден астам адам қатысты.
Белсенділер "8 наурызда әйелдерге гүл емес – құқығын қорғауға мүмкіндік беру керек" деді.
Жиналғандар әкімдіктің 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат бермегеніне наразы. Олардың басты ұраны «8 наурызда әйелдер шеруі өтуі керек», «Шеру болсын», «Біз қарапайым халықпыз», «Үндемей қалма, төзбе, айт, сөйле», «Әкімдік, сылтау айтпа», «Әкімдік, біздің айтарымыз бар» болды.
t.me/azattyq
Зеленский 4 ақпанда Ресей Украина шығысындағы шайқасқа көп әскер жіберіп жатқанын, елдің шығысында жағдай барған сайын күрделеніп бара жатқанын айтты.
"Басқыншы қорғаныс шебін бұзу үшін әскерін төгіп жатыр" деді Зеленский сенбі күні түнде таратқан видеомәлімдемесінде. Оның айтуынша, Бахмут мен Угледар, Лиман және өзге аумақта жағдай "өте күрделі".
t.me/azattyq
Қырғызстан тәжік компаниясына өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат берді
Қырғызстан Душанбе – Үрімжі – Душанбе бағыты бойынша рейстерді атқару үшін өз әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат берді. Бұл жөнінде 3 ақпанда Қырғызстанның министрлер кабинет жанындағы мемлекеттік азаматтық авиация агенттігі хабарлады.
t.me/azattyq
Бірнеше күннен бері АҚШ-тың әуе кеңестігінде салбырап тұрған Қытайдың күмәнді аэростатын АҚШ атып түсірді
Бұл жөнінде Assoсiated Press агенттігі хабарлады.
Шарға түсініктеме берген Қытай билігі оны "бағытынан жаңылған" ғылыми аппарат деп атады. Қытайдың түсініктемесіне сенімсіздік білдірген Пентагон бұдан бөлек, Латын Америка әуе кеңістігінде соған ұқсас шар байқалғанын да алға тартты.
t.me/azattyq
Мәжіліс сайлауы: Сот үміткер ретінде тіркеле алмаған Думан Мұхаммедкәрімнің өтінішін орындамады
Сот үкім шығарғанға дейін тараптарға бұл мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынды. Аумақтық сайлау комиссиясының өкілі бұған келіспеді.
"Әкімшілік мәселе ғана болса, сот үкіміне дейін бейбіт түрде шешуге қалай қарайсыз?" деген соттың сұрағына сайлау комиссиясының өкілі соттың үкімінсіз мәселені шешу мүмкін емесін айтты.
t.me/azattyq
2-3 ақпанда Алматыда өткен халықаралық IT форумға келушілердің бірі спикерлерден сессияның неге қазақша өтпегенін сұрады. Залда отырған көпшілік қол соғып, оның сөзін қолдады. Ол Азаттыққа неліктен мұндай сұрақ қойғанын түсіндірді.
Видеода сұрақ қойған азамат – кәсіпкер әрі тарихшы Нұрқожа Ерсайын. Ол - қазақ тарихын, мәдениетін насихаттайтын Derekkoz жобасының авторы
t.me/azattyq
2 ақпанда Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданында президенттің Баткен облысындағы өкілі Әбдікәрім Әлімбаев пен Тәжікстанның Соғды облысының жетекшісі Раджабой Ахмадзода кездесті. Бұл жөнінде президенттің Баткен облысындағы өкілдігі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, тараптар шекара мәселесін тек бейбіт жолмен шешуге келіскен. Бұдан бөлек, қырғыз-тәжік делегациялары жергілікті билік өкілдеріне шекараға жақын жерде тұратын халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған.
t.me/azattyq
Тоқаев "отпен ойнап отыр ма?" Құлыбаевтар неге Halyk Bank-тегі үлесін азайтады?
Батыс басылымдары бұл аптада саяси реформаларды іске асыруға уәде еткен Тоқаевтың неліктен "ел ішінде де, Ресеймен қарым-қатынасқа келгенде де отпен ойнап отырғанын" жазды. Сонымен қатар кезектен тыс парламент сайлауына не себепті "билік ережесімен жүретіндер" қатыстырылатынын талдады. Одан бөлек ерлі-зайыпты Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлесін неге азайтпақ деген сұраққа жауап іздеді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
3 ақпанда Атырау қаласының №2 сотында "Дорожный контроль" ақпарат порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға жасалған шабуылға қатысты "бұзақылық" бабы бойынша істі қарау жалғасты.
Атырауда былтыр Қаңтар оқиғасынан хабар таратқан Вертинская "Динамо" спортзалында азапталғанына қатысты жабылған іс қайта ашылғанын хабарлады.
t.me/azattyq
Соғысты қолдайтын Ресей әртістерінің Алматы қаласында 15 наурызға жоспарланған қойылымы өтпейтін болды. Мұхтар Әуезов атындағы театр басшылығы желідегі наразылықтан соң келісімшартты бұзғанын айтты.
t.me/azattyq
Қаңтарда оққа ұшқан ақтөбеліктің өлімін қайта тергеуге прокуратура қарсылық білдірді. Сот шешімді өзгертпеді
Жұбаназаров отбасының осы кезге дейін жәбірленуші деп танылмауын Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты жуырда заңсыздық деп танып, марқұмның өлімін қайта тергеуді тапсырған еді.
Тергеу сотының қаулысымен келіспеген Ақтөбе облыстық прокуратурасы апелляция алқасына шағым түсірген. Ақтөбе облыстық соты 1 ақпан күні прокуратураның шағымын қанағаттандырмай, бірінші инстанция қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
t.me/azattyq
Таңертең Семей автобус паркінің 50-ге жуық жүргізушісі жалақы аздығын айтып, ереуілге шықты
Сағат 7-нің кезінде Семей қаласының аялдамаларында автобус күткендер күрт көбейіп, такси екі есе қымбаттады.
Бұған дейін жалақының аздығы мен еңбек жағдайының талапқа сай еместігіне наразы жүргізушілердің 26-сы жұмыстан босату туралы арыз берген.
t.me/azattyq
Аурухана орнына қонақ үй салмақ. Құлыбаевтың қос учаскесі туралы зерттеу
Азаттық Әл-Фараби атындағы университеттен және Қорғаныс министрлігінен жеке меншікке өткен жер учаскелерінің миллиардер Тимур Құлыбаевтың иелігінде екенін анықтады. Қос жер телімінің жалпы көлемі 5,5 гектар, яғни, 55 мың шаршы метр. Жер учаскелері қалай жекеге өтті? Зерттеуді көріңіз.
ЗЕРТТЕУ
t.me/azattyq
Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резниковтің қызметінен кететіні хабарланды
Украина Жоғарғы радасындағы "Слуга народу" фракциясының басшысы Давид Арахамия телеграм-арнасына жазуына қарағанда, Резников әскери-өнеркәсіп ынтымақтастығын күшейту үшін стратегиялық өнеркәсіп саласы бойынша министр қызметіне атқаратын болады.
t.me/azattyq
Алматыда жүзден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
Фотогалерея 👇
https://www.azattyq.org/a/32256311.html
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф 79 жасында созылмалы сырқаттан Дубайдағы жеке ауруханада көз жұмды
Ол 2001-2008 жылдары Пәкістан президенті болған. Өмірінің соңғы жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрған.
t.me/azattyq
Украинаның Луганск облысында саяси технолог, Ресей армиясының офицері Игорь Мангушевтің басына оқ тиіп, ауыр жараланған
Мангушев былтыр жазда қолына сахнаға "өлтірілген украин жауынгерінің бас сүйегін ұстап шығып", "танылған".
Ақпаратқа қарағанда, басына оқ тиген Мангушев Стаханов қаласының нейрохирургия бөліміне жеткізілген. Оның жағдайы "тұрақты ауыр" деп айтылады.
t.me/azattyq
Ресейдегі халық санағы орыс емес ұлттардың "күрт азайғанын" көрсетті. Бұған сарапшылар неге алаңдайды?
Былтыр жыл соңында Кремль пандемияға байланысты кейінге шегерілген 2021 жылғы халық санағының нәтижесін жариялады. Бұл аз ұлт өкілдерінің алаңдаушылығын туғызған даулы жобаға айналды.
🔗СІЛТЕМЕ
t.me/azattyq
Зеленский экс-президент Виктор Янукович тұсында лауазымды қызмет атқарған бірқатар адамдарды азаматтықтан айырды
Бұл жөнінде ол сенбі күнгі видеомәлімдемесінде хабарлады.
"Тиісті құжаттарға қол қойдым. Бұл басқыншы жағына шығып кеткендерден мемлекетімізді тазарту үшін жасалған кезекті қадам" деді Зеленский. Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, аталған азаматтарда Ресей азаматтығы бар.
t.me/azattyq
Мәскеу мен Киев тұтқын алмасты. Ресейдің – 63, Украинаның 116 азаматы үйіне оралды
Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.
Ведомствоның айтуынша, келіссөз процесі күрделі болған, ал босатылғандар арасында "ерекше категорияға" кіретін адамдар болған. Министрліктің мәліметінше, оларды Біріккен Араб Әмірлігі жетекшілерінің күш салуының арқасында алмастыра алған.
t.me/azattyq
Кремль және мемлекеттік думамен байланысты ресейлік саяси технолог Саргис Мирзаханян және оның тіркелмеген "Өзекті саясат жөніндегі халықаралық агенттік" лоббистік тобы 2014 жылдан бері Еуропадағы ресейшіл саясаткерлермен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Солардың көмегімен Еуроодақ елдері немесе жекелеген аймақтарда Ресейге қарсы санкцияны алып тастау және аннексияланған Қырымды Ресей жері деп мойындау сияқты қарарлар талқыланған.
"Важные истории" мен Eesti Ekspress, OCCRP, IRPI және Profil ұйымдарының бірігіп жасаған зерттеуінен осыны аңғаруға болады. Зерттеу Мирзаханянның электронды жәшігіндегі хаттарға сүйеніп жасалған, 2007-2017 жыл аралығында жіберілген 20 мың хатты украин хакерлері жария еткен.
t.me/azattyq
"Ауыл" партиясының кезектен тыс съезінде мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттар тізімі бекітілді.
Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен – 25 адам, мажоритар жүйе бойынша тоғыз адам қатысатыны белгілі болды.
Кандидаттар арасында былтыр президент сайлауына "Ауыл" атынан қатысқан Жигули Дайрабаев, кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы атынан қатысқан Қарақат Әбден, журналист Анна Данченко және өзге азаматтар бар. Партияның 600-ден астам мүшесі мәслихат сайлауына қатысады.
t.me/azattyq
2022 жылы ресейліктер Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия және Арменияға бару жағынан соңғы 5 жылда болмаған рекорд жасаған. Ресей шекара қызметінің мәліметінен осындай тұжырым жасауға болады.
Ресейліктер көрші елдерге әсіресе үшінші тоқсанда көп барған. Бұл Ресейде қыркүйектегі мобилизациямен байланысты болуы мүмкін. Сол кезде көптеген ресейліктер соғысқа шақырудан қашып, елден кеткен.
Ресей шекара қызметінің мәліметтерін сараптаған "Медуза" басылымының жазуынша, бір жыл ішінде Моңғолияға сапар – 989 пайыз, Грузияға — 475 пайыз, Қазақстанға — 234 пайыз, Тәжікстанға — 212 пайыз, Өзбекстанға 99 пайыз артқан.
t.me/azattyq
Германия Украинаға запастағы "Леопард 1" танкілерін экспорттауға рұқсат берді.
Бұл жөнінде 3 ақпанда Германия үкіметінің өкілі Штеффен Хебештрайт мәлімдеді. Берілетін танкілер саны – 88, олар өндіруші Rheinmetall компаниясының қоймасында тұр. Хебештрайттың айтуынша, танкілер жуырда жеткізіле бастайды.
"Леопард 1" – Германия қарулы күштеріне тиесілі негізгі танк түрінің бұрынғы моделі. 1980 жылдардың ортасынан бері олар мүлде шығарылмайтын болған. Олардың орнын "Леопард 2" басты. Алайда көп елдің қарулы күштері "Леопард 1" танкісін әлі де пайдаланады. Украинаға берілетін 88 танкінің құны 100 млн еуродан астам деп айтылады.
t.me/azattyq
Әбжанның соты, кандидаттыққа талас, Түркістандағы тасқын – 3 ақпан 2023
📌 Былтыр тіркелген "Байтақ" экологтар партиясы құрылтай өткізіп, сайлауға баратын үміткерлерін атады. Ұйым мүшелері кандидаттыққа таласып қалды.
📌 Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды. Оған "жалған ақпарат тарату", "бопсалау" айыптары тағылған. Журналист істі "тапсырыс" деп атап, айыпты мойындамады.
📌 Түркістандағы тасқын бәсеңдегені хабарланды. Ресми ақпаратқа қарағанда, 15 ауылды су алған. Қазіргі ахуал қандай?
📌 АҚШ әуе кеңістігіне Қытай барлаушы шар жіберді деп күдіктеніп отыр. Ал Украина Ресей ірі шабуыл жасайтынын айтып, Еуропадан қысымды күшейтуді сұрады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Астана соты журналист Махамбет Әбжанды 9 жылға бас бостандығынан айырды. 3 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында журналиске үкім оқылды.
Әбжанға "көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-баптың 3-бөлігі) және "бопсалау" (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған.
39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтыр 3 шілдеде тұтқындаған. Агенттік "ол бір кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады" деп хабарлаған. Әбжан адвокаты арқылы тағылған айыптарды жоққа шығарған.
t.me/azattyq