azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Ресей армиясы Украина аумағына басып кірген соң, Еуропа елдері Кремльге санкция салып, Ресейге тауар жеткізуді тоқтатты. Алайда Ресей постсовет елдер арқылы реэкспорт жасап отыр. Бұл туралы Euromonitor International зерттеу компаниясының баяндамасына сүйенген РБК хабарлады.

Еуропа статистикасына сәйкес, 2022 жылғы наурыз бен қараша аралығында ЕО елдерінің Ресейге экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 47 пайыз төмендеп, 36,3 млрд еуро болған. Есесіне былтыр Еуропа тауарларының Армения, Беларусь, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстанға экспорты 48 пайыз артып, 20,3 млрд еуроға жеткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мигранттар және еңбек құлдығы: нені білуіміз қажет?

Қазақстанда мигранттар құқығы жиі бұзылады. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, кейінгі бес жылда мигранттар еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін 10 мыңнан астам жұмыс беруші жауапқа тартылған. Ал адам саудасы бойынша былтыр 77 қылмыстық іс тіркеліп, бес ұйымдасқан топтың заңсыз әрекеттерінің жолы кесілген.

Азаматтар өз құқықтарын білмегеннен еңбек құлдығына түсіп қалып жатады. Оның алдын алу үшін нені білген жөн?

📌 /channel/migrantsmedia

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📌Азаттық туралы 5 миф

Азаттық түрлі оқиғадан хабар таратқанда, зерттеулер жариялағанда, ел арасында түрлі сын, алып-қашпа әңгіме айтылып жатады. Осы видеода солардың ішінен ең жиі кездесетін бесеуіне қатысты жауап бермекпіз. Сонымен Азаттық туралы 5 миф.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Үйдің маңында атып, алаңға апарған ба?" Қаңтар құрбанының туысы тергеу дерегіне сенбейді

Таразда Қаңтар оқиғасында "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айып тағылған тоғыз адамның ісін сот қарап жатыр. Сотталушылардың бесеуі былтыр қаңтарда мерт болған. Оларға билік нақақтан-нақақ айып тақты деп білетін туыстары тергеу ісінде шикілік барын айтып, марқұмдарды ақтауды талап етеді.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы: Қазыбек Құдайбергенов ісінде айыптау тарабы сотқа мәйітхана қызметкерлерін шақырды

2 ақпанда Қызылорда сотында Қаңтар оқиғасы кезінде Ұлттық ұлан қызметкері Мадияр Қайсаровтың өліміне кінәлі деп танылып, 17 жылға сотталған Қазыбек Құдайбергеновтің ісі бойынша апелляциялық сот отырысы жалғасты.

Сотқа Құдайбергеновті қолдаған ондаған адам жиналды. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жергілікті әкімдік өкілінің оларды сот ғимараты алдында "митинг жасамақ болды" деп айыптағаны, "митинг жасау үшін әкімдіктен рұқсат алу" керектігін ескерткені көрінеді. Әкімдік өкілі сотқа әкелінген плакаттарды жаймауды да талап етті. Ақыры азаматтарға пікірін айтуға мүмкіндік берді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркістан облысындағы ахуал: 15 елдімекенде аула мен көшелерді су басты. 200-ден астам адам эвакуацияланды

Түркістан облысында 15 елді мекенде көшелер мен аулаларды су басқан, бір тұрғын үйге су кірген. Су басқан елді мекендерден 200-ден астам эвакуацияланды. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

"Қазіргі уақытта бес елді мекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр" деп жазылған төтенше жағдай министрлігінің жұма таңертеңгі хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Әділ сөз" Астанадан Ресейдің қазақстандық БАҚ-қа жасап жатқан қысымына жауап беруді талап етті

"Әділ сөз" баспасөз еркіндігін қорғайтын қор Қазақстан үкіметіне ашық хат жолдады.

Хат мәтіні қордың сайтында жарияланды. Ашық хат елдің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атына жолданған.

Хат авторлары былтыр кем дегенде тоғыз қазақстандық БАҚ-қа Роскомнадзордан Украинадағы соғысқа байланысты материалды алып тастауды талап еткен хат келгенін баяндаған.
t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырау облысының бірмандаттық аумақтық сайлау округі белсенді Макс Боқайды заң талаптарына сай емес деп, мәжіліс сайлауына үміткер ретінде тіркемей қойды.

Комиссия оның 2016 жылғы жер шеруіне қатысқаны үшін сотталғанын алға тартады. Белсенді шешіммен келіспейді. Бұған дейін аумақтық комиссия оны дәл осы себеппен сенат сайлауына кандидат ретінде тіркемей қойған еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады.

Практикалық сабақтың негізгі мақсаты "жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру" деп айтылады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған". Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада ресейлік "Бук" кешенінің сыналып жатқаны байқалады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Канада парламентінің төменгі палатасы Шыңжаңнан қашқан 10 мың ұйғырды қабылдауды қолдады

Канада парламентінің қауымдар палатасы сәрсенбіде Қытайдың Шыңжаң өңірінен қашып шыққан 10 мың ұйғыр босқынын екі жыл ішінде қабылдау жөнінде қарар қабылдады.

Қауымдар палатасының 322 мүшесі құжатты қолдап дауыс берді, ешкім қарсы шықпады. Қарардың заңдық күші жоқ, бірақ рекомендациялық сипаты бар.

Осы құжатты қауымдар палатасының мүшесі Самир Зубери дайындады. Қарарда Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да жергілікті түркі тілдес қауым өкілдері Қытай билігінің қысымына ұшырағаны, еліне оралған босқындарға қауіп төніп тұрғанын Канада үкіметі мойындауы керектігі айтылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей билігі қазақстандық редакцияны сотқа берді

Қазақстандық «Арбат медиа» басылымы Украинадағы соғыс туралы мақаласы үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақыру алды. Сотқа арызданушы – Ресейдің әскери прокуратурасы (№56680 әскери бөлімше). Сот отырысы 17 ақпанда өтеді. Бірақ «Арбат медиа» редакторы Ресей билігінің талабы орынсыз екенін және сотқа бармайтынын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркістан облысында қар жылдам еріп, қатты жаңбыр жауғаннан кейін су деңгейі көтеріліп, кейбір елді мекендерге сел қатері төнген.

Түркістан облысында қар жылдам еріп, қатты жаңбыр жауғаннан кейін су деңгейі көтеріліп, кейбір елді мекендерге қауіп төндірген.

Журналист Әйгерім Таубай 2 ақпанда таңертең Фейсбук парақшасында Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Абай ауылында су тасқыны болып жатқанын жазып, видеолар жариялады. Журналистің айтуынша, бұл өзінің туған ауылы. Видеода көшелерді су басқаны көрінеді.

"Тұрғындардың айтуынша, су түнде келген. Біздің үй жоғары жақта тұрғандықтан аман қалған. Сағат 10-45-терде сол жақтан маған хабарласып, қора, гаражға су кіргенін айтты. Құдықтың іші толған. Өзім де журналист болғаннан кейін жергілікті билік өкілдеріне хабарласқанмын. Жаңа төтенше жағдай департаментіне хабарлассам, көмекті сағат онда жібердік дейді. Яғни, түнде басталған жайтқа көмек сағат онда жіберіліп отыр" деді Әйгерім Таубай.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда журналистерге қысым күшейді. Мұның артында кім тұр? Қалай тоқтатуға болады?

"Батыс елдері автократтармен қарым-қатынас стилін өзгертуі керек. Оларды бірден қара тізімге енгізіп, санкциямен қорқытқан жөн". Журналист, медиасарапшы Әділ Жалилов Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда журналистерге жасалып жатқан қысым жайлы ой бөлісті. Қазіргі заманда авторитар билік орнаған елдердегі сөз бостандығын бұрынғыдай жұмсақ дипломатиямен қорғау мүмкін емес дейді ол.

СІЛТЕМЕДЕН ӨТІП ОҚЫҢЫЗ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Грузия президенті: Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазиядан кетуге тиіс

Ресей өзін республика деп жариялап алған Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан кетуге тиіс. Грузия президенті Саломе Зурабишвили осылай деп мәлімдеді. Оның ойынша, Ресей Украинадағы соғыста жеңіліске ұшырап жатыр. Соғыс аяқталған соң, украин ғана емес, грузин жерін де қайтарып беруге тиіс.

Зурабишвилидің сөзінен Bloomberg агенттігі үзінді келтірді.

"Іс жүзінде Ресей барлық жағынан жеңілді. Грузин мәселесі де келіссөз үстелінде көтерілуі керек. Ресей өз шекарасын мойындауы қажет" деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ақ жол" Қазақстанды Еуропаға жақындатуды көздейді, қазақ сайты Ресей сотынан шақырту алды — 1 ақпан

📌 Парламент сайлауы қарсаңында съезд өткізген "Ақ жол" партиясы Қазақстанды Еуропа одағына қосу мәселесін қозғауға уәде берді. Партия сайлауға баратын кандидаттар тізімін жариялады.

📌 Ресей соты қазақстандық Arbat.media сайтына Украинадағы соғыс туралы мақала жариялағаны үшін шақырту жіберді. Сайт редакторы сотқа барудан бас тартты.

📌 Ақтөбе қаласында Қаңтар оқиғасына қатысқан 18 адамға сот үкімі оқылды. Кейбірі ақталды, кейбірінің жазасы қысқарды. Бір адам 15 жылға сотталды.

📌 Францияда зейнетақы реформасына қарсы 3 миллионға жуық адам ереуілге шықты. Билік зейнет жасын 64 жасқа ұлғайтпақшы. Ұлыбританияда да үкіметке наразылық өтіп жатыр.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Саяси реформаға үндеу – қылмыс емес". HRW Жанболат Мамайға ауыр айып қайта тағылғанын сынады

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы оппозиция белсендісі Жанболат Мамайға "жаппай тәртіпсіздік" бойынша қайта айып тағылғанын сынап, айыптау актісінде белсендінің "кінәсін" дәлелдейтін ешқандай айғақ жоқтығына назар аударады. "Саяси реформаға үндеу қылмыс емес, бірақ Мамайды он жылға бас бостандығынан айыру – қылмыс болатыны сөзсіз" деп тұжырымдайды ұйым.

26 қаңтарда прокуратура Жанболат Мамайға Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыпты қайта таққан еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы соты белсенді Илияшевтің депутаттыққа кандидат болу талабын қанағаттандырмады

Алматылық белсенді, заңгер Әлнұр Илияшев 19 наурызда өтетін мәжілістің депутаттығына үміткер болып тіркеле алмады. Ол Алматыдағы №4 бір мандатты аумақтық сайлау округінің шешімімен келіспей, сотқа жүгінген. Бүгін, 3 ақпанда Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты оның талабын қанағаттандырмады.

Алматы аумақтық сайлау округі Илияшевті «Сайлау туралы заңының» 4-бабына сәйкес «өтелмеген соттылығы бар тұлғалар сайлауда кандидат бола алмайды» деген себеппен тіркемеген.

Илияшевтің айтуынша, бұл - Конституцияға қайшы. Ол сенат және мәжіліс сайлауына түсетін кандидатқа мұндай талап қойылмайтынын айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңа тіркелген "Байтақта" партия тізіміне қатысты дау туындады

Өздерін жасылдар партиясы деп атайтын "Байтақ" партиясының съезінде мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар тізіміне қатысты дау туындады.

Съезге Атырау облысынан келген Марал Көшенов облыста іріктеу болған кезде тізімде болғанын, бірақ Астанаға келгенде "өзін тізімнен алып тастағанын" анықтағанын жеткізді. Айтуынша, өзінің орнына бұрынғы мәжіліс депутаты Ирак Елекеевтің ұлы Еркін Елекеевті енгізіп қойған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин Украинаға танк бергендерге Ресейден "жауап болатынын" айтты

"Украинаға танк бергендерге Ресейден "жауап болады". Әскери техниканы пайдаланумен шаруа шешілмейді". Сталинград шайқасындағы жеңіске 80 жыл толғанына орай өткен кездесу кезінде Путин осылай деп мәлімдеді.

Путиннің айтуынша, Ресей "Батыс елдерінің агрессиясына тойтарыс беруге" мәжбүр. Ресей президенті өз сөзінде сонымен бірге "Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндірген" әлдебір "нацизм" идеологиясы туралы айтты. Оның айтуынша, қазір "Ресеймен соғыстың сипаты бөлек" болады.

"Таңданарлық жайт, бірақ факт: бізге тағы бортында крест таңбалары бар немістің "Леопард" танкілерімен сес көрсетіп жатыр. Украина жерінде бандерашылдардың қолымен Ресейге қарсы тағы соғысқысы келеді" деді Путин.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысында жемқорлардан тәркіленген қаржыға мектеп салынды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылында жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржыға мектеп салынып, ол 1 ақпанда ашылды. «Ақтөбе ӘКК» АҚ бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында 196 млн теңге қайтарылған, оның 150 млн теңгесі мектеп құрылысына бөлінді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбек азаматы АҚШ-тың Ресейге қарсы санкция тізіміне енді

АҚШ қаржы министрлігі санкцияны айналып өтіп Ресейдің әскери-өндіріс кешеніне көмектесіп жатқан 10 адамды және 12 компанияны "қара тізімге" енгізді. Олардың арасында Өзбекстан азаматы да бар.

"Ресейдің АҚШ санкциясынан айналып өту үшін "қуыршақтарды" қолданып жатқаны – санкция ресейлік әскери-өндіріс кешеніне путиндік әскери көліктерді толтыру жағынан айтарлықтай қиындық туғызып жатқанын дәлелдейді" деп айтылған АҚШ-тың қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемоның баяндамасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Су тасқыны, ЖСДП жиыны, ресейлік әртістердің қойылымына қарсылық — AzatNEWS 02.02.23

📌 Сайлауалды бағдарламасы әлі дайын емес ЖСДП құрылтай өткізіп, мәжіліске баратын үміткерлерін атады. Өздерін ғана "нағыз партия" деген социал-демократтар съезде өзге партияларды жерден алып, жерге салды.

📌 Түркістан облысында су тасып, елдімекен тұрғындарын әбігерге салды. Толассыз жауған жауын еріген қар суына араласып, жолдарды бұзған.

📌 Соғысты қолдайтын ресейлік әртістердің Алматыда жоспарлаған қойылымы өтпейтін болды. Жасап қойған келісімшарт бұзылғанын айтқан Мұхтар Әуезов атындағы театр басшылығы халықтың нарызылығын ескердік дейді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәжікстан мен Қырғызстан 2022 жылы бір-біріне оқу грантын ұсынбады

Былтыр Тәжікстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындары бір-біріне білім гранттарын ұсынбады. Бұл туралы 2 ақпанда Тәжікстан білім және ғылым министрлігінде өткен баспасөз жиынында мәлім болды.

Білім министрлігіне қарасты халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Рамазон Одиназоданың айтуынша, 2022 жылға дейін білім гранттары жыл сайын үкіметаралық келісімге сай бөлінетін.

Министрліктің мәліметінше, қазір Қырғызстанда Тәжікстанның 42 студенті ғана білім алып жүр, қалғандары Тәжікстандағы оқу орындарына ауысқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК "Байтақ" және Respublica партияларына барлық аймақтағы мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берді

Жуырда тіркелген "Байтақ" және Respublica партиялары барлық аймақтағы мәслихат сайлауына қатысады. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, аталған партиялар елдің барлық аймағынан бөлімше ашқаннан кейін сондай мүмкіндікке ие болған.

Екі апта бұрын ОСК жаңадан тіркелген Respublica'ның аймақтағы бөлімшесі жоқ болғандықтан партия мәслихат сайлауына жіберілмейді деп мәлімдеген еді. Өткен аптада партияның Атырау облысынан басқа аймақтағы мәслихат сайлауына қатыса алатыны хабарланған.

Ал өздерін "жасылдар" партиясы ретінде көрсетуге тырысатын "Байтақ" партиясы бұған дейін тек 12 аймақтағы мәслихат сайлауына жіберілген еді. Бір апта бұрын партияның Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында бөлімшесі болмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Deutsche Welle: Еуроодақ 30 мың украин әскерін жаттықтырады

Еуроодақ 30 мың украин әскерін жаттықтырады. Олар Батыс елдерінің Украинаға берген әскери техникасын қолдануды меңгереді. Бұл жөнінде Deutsche Welle хабарлады. Бұған қоса, Еуроодақ Украинаға минадан тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 25 млн еуро қаражат бөледі. Бұл бойынша ресми мәлімдеме 3 ақпанда Киевтегі "ЕО – Украина" саммитінде жарияланады деп айтылады.

Саммит басталмай тұрып Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен 2 ақпанда украин үкіметі мүшелерімен кездеседі. Олар Украинаны Еуроодаққа жедел қосу мүмкіндіктері және Ресей билігін әскери басқыншылығы үшін жауапқа тартатын Еуропа трибуналын құру мәселесін талқылайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ЖСДП мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Өзін елдегі жалғыз "оппозициялық партия" деп атайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) 2 ақпанда партияның 20-съезі кезінде мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсу туралы шешім қабылдады. Съезд кезінде партия мүшелері "Аманат" партиясын өздерінің басты қарсыласы деп есептейтінін айтты.

"Қазақстан маңызды трансформацияларды бастан өткеріп жатыр. Халық үшін маңызды кезеңде елдегі жалғыз оппозициялық партия ретінде шет қала алмаймыз" деді партия жетекшісі Асхат Рахымжанов.

Жиында мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша 19 адам, мажоритар жүйе бойынша алты адам түсетіні белгілі болды. Ал партияның мәслихат тізімі дайын емес болып шықты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан электр энергиясын Ресейден қымбатқа сатып алып жатыр

Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр энергетика министрлігіне елдегі электр энергиясы тапшылығын жою шараларын тездетуді тапсырды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

"Кейінгі екі жылдан бері электр энергиясы тапшылығы болып жатыр. Осындай кезде энергияны Ресейден өте жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр боламыз. Тапшылық бір тәулікте 1 200 МВт болып жатыр. Сарапшылар мұны сұраныс өсіп, энергетика инфрақұрылымдары ескіргеннен және апатты жағдай көп болып жатқанынан деп түсіндіреді" деді Скляр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұрады

Астанада журналист Махамбет Әбжанға қатысты сот процесінде прокурор Қожахметова айыпталушыға 11 жыл түрме жазасын сұрады. Бұл туралы журналистің Telegram-дағы Abzhan News арнасы хабарлады.

Айыпталушының адвокаты Гүлнәр Сүлейменова сот жабық өтіп жатқанын алға тартып, түсінік беруден бас тартты.

Сот материалдарына қарағанда, Әбжанға "көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-баптың 3-бөлігі) және "бопсалау" (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның Краматорск қаласында көпқабатты тұрғын үйге ракета құлады

Украинаның Донецк облысы Краматорск қаласының орталығындағы көпқабатты тұрғын үйге ракета құлап, кемінде үш адам опат болды. 20 адам жараланған. Үйінді астында адамдар қалған болуы мүмкін. Бұл жөнінде Донецк облысы әскери әкімшілігі хабарлады.

Донецк облысы полициясының мәліметінше, Ресей әскері "Искандер-К" ракетасымен атқылап, кемінде сегіз көпқабатты тұрғын үй" бүлінген.

Украина президенті Владимир Зеленский Краматорскіге соққыны "аумақ жағынан зұлымдықпен шектесіп жатқан елдің басындағы ахуал" деп атады.

Ресей жағы атқылауға қатысты түсініктеме берген жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе соты Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған 18 адамның бірін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бір адамға төрт жыл түрме жазасы кесілді. Екі адам ақталды.

1 ақпанда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 адамға үкім оқылды.

18 адамның ішінде ең ауыр айып тағылғаны – Нұрсұлтан Исаев. Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал