azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Болат Назарбаев "Барыс-4" көтерме базарынан ("Оптовка") түбегейлі айырылды, деп жазды Orda.kz.

Алматы қалалық соты аталған базардың иесі "Найза-БН" компаниясының жекешелендірілуін заңсыз деп таныған бірінші инстанциядағы сот шешімін мақұлдап, "Найза-БН" құрылтайшыларының бірі кіші Назарбаевтың өтінішін орындамаған.

Ал Болат Назарбаев апелляциялық шағымында аталған базарды "заңды жолмен иеленгенін" дәлелдеуге тырысқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иранда ерлі-зайыпты көшеде билегені үшін көп жылға сотталды. 21 жастағы Астияж Агиги мен оның 22-дегі күйеуі Амир Мұхаммед Ахмад полиция қолынан қаза тапқан Махса Әминиді қолдап шыққан. Олар «жезөкшелікті насихаттады» және «ұлттық қауіпсіздік пен режимге қарсы шықты» деп айыпталған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Азаттық ісі": Халықаралық ұйымдар Қырғызстан президентімен кездескісі келеді

"Журналистерді қорғау комитеті" (CPJ) халықаралық үкіметтік емес ұйымы алты халықаралық ұйыммен бірге 31 қаңтарда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әкімшілігіне хат жолдады. Бұл туралы CPJ сайты хабарлады.

Хат авторлары Қырғызстанда баспасөз еркіндігі шектеліп, журналистерді қудалау жүріп жатқанына алаңдайды. Ұйым Азаттықтың Қырғыз қызметінің сайты бұғатталғанын, зерттеуші журналист Болот Теміровтің елден шығарылғанын, Next TV директоры Таалайбек Дүйшенбиевке үкім шыққанын, Kaktus.media үстінен қылмыстық іс қозғалғанын республикада сөз еркіндігі шектелгеніне мысал ретінде келтірді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ақ жол" партиясы Қазақстанды Еуроодаққа қосу мәселесін қозғауға уәде берді

"Ақ жол" партиясы болашақта Қазақстанды Еуроодаққа қосу мәселесін қозғайтынын айтты. Бұл жөнінде партия жетекшісі Азат Перуашев 1 ақпанда саяси ұйымның кезекті съезінде мәлімдеді. Оның сөзінен "Власть" сайты үзінді келтіреді.

Перуашевтің түсіндіруінше, Қазақстан "Еуропаның даму жолын, мемлекет пен қоғамға қатысты көзқарасын, өмір сүрудің еуропалық стандартын енгізуі" қажет.

"Алаш" көшбасшысы Әлихан Бөкейхан жазып кеткендей, біз болашақты батыс елдерінің ең үздік жетістіктеріне қосылу арқылы елестетеміз. Оған қоса, "Ақ жол" партиясы еуропалық көзқарасты қолдап қана қоймай, болашақта Қазақстанды Еуроодаққа қосу мәселесін қозғауды қарастырады" деді Перуашев.

Ол әділ сайлау, электронды дауыс беру, тәуелсіз және әділетті сот, демократия мен парламентаризмді дамытуды Еуропаға бағыттың мысалы ретінде келтірді.

2015 жылы Қазақстан мен Еуроодақ әріптестік мен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойған. Келісім сауда мен инвестиция, құқық пен ішкі істер, экономикалық және қаржы ынтымақтастығы, энергетика және көлік, қоршаған және климаттың өзгеруі сияқты салаларда әріптестікті нығайтуды қарастырады. Қазақстанның сыртқы саудада ЕО-ның үлесі – 40 пайыз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ақ жол" мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысады

"Ақ жол" партиясы кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысады. 1 ақпанда Астана өткен партияның XXI съезінде осындай шешім қабылданды.

Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысу туралы ұсынысты партия жетекшісі Азат Перуашев талқылауға шығарды. Съезге қатысушылардың барлығы оны қолдады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді денсаулығы нашарлауына байланысты реанимацияға ауыстырды, деп хабарлады сейсенбі күні саясаткердің баспасөз хатшысы Георгий Чаладзе.

Дегенмен клиниканың директоры Нино Надирадзе ақпаратты растаған жоқ. "Саакашвилиді ауыстырған жоқ, ол палатада" деді ол Азаттықтың Грузин қызметіне.

31 қаңтарда таңертең саясаткердің анасы Гиули Аласания түнде ұлының дене қызуы көтеріліп, есінен танып қалғанын айтқан.

Бірнеше күн бұрын Михаил Саакашвилиден коронавирус табылған. Сол кезде клиника өкілдері аурудың жеңіл өтіп жатқанын айтып, оны реанимацияға ауыстырудың қажеті жоқ деп мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинадағы соғыс жайлы мақала жариялаған қазақстандық басылым Ресей сотына шақырылды

Қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс жайлы мақала жариялағаны үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақырту алғанын мәлімдеді.

Сотқа арызданушы Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі деп жазылған. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген.

Arbat.media басылымының жазуынша, шақырту қағазында "Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс жайлы мақаладан шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады" деп жазылған.

Аrbat.media порталының редакциясы өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтінін жеткізді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақпарат министрі Қыдырәлі журналистер сынаған "Масс-медиа" заң жобасы туралы айтты

Бүгін, 31 қаңтарда Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Масс-медиа туралы" заң жобасының тұжырымдамасы жайлы сауалға жауап берді. Министр құжаттағы "журналистер жұмыс істеу үшін баспасөз картасын алуды" міндеттейтін ереже "халықаралық тәжірибені зерделеген соң" енгізілді дейді.

— Сіздің қолыңызда пресс-карта болса, мысалы, мәшинеңізге қойсаңыз, кез келген жерге "парковка" жасай аласыз немесе кез келген мекемеге кіре аласыз, кез келген ақпаратты ала аласыз. Бізде тағы бір заң жобасы қарастырылып жатыр. Ол ақпартқа қол жетімділікті жеңілдетуді [көздейді]. Пресс-карта арқылы сіз кез келген сұрағыңызды, тіпті "қызмет бабында пайдалану үшін" деген құжаттардың өзіне қол жетімділікті арттыру көзделіп отыр. Сондықтан пресс-карта журналистің зерттеуін, оның жұмысын жеңілдетуге арналған жоба, — деді министр үкімет отырысынан кейін журналистерге.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстанда 10-нан астам адам Telegram-дағы Kompromat.uzb арнасына қатысты іс бойынша тергеліп жатыр.

Олардың ішінде қаржы ұйымдары мен мемлекеттік органдарының өкілдері бар. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлайды.

Дереккөздің ақпараты бойынша, билік оларға "бірнеше шенеуніктің, қаржы мекемелері және кәсіпкерлердің кәсіби қызметі мен жеке өмірі туралы ақпаратты жария етеміз деп ақша бопсалады" деген айып тағып отыр

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Нөкістегі наразылық бойынша айыпталған Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға сотталды

31 қаңтарда Қарақалпақстан сотының судьясы Елубай Абибуллаев Нөкістегі наразылық бойынша айыпталған 22 адамның ісіне қатысты үкім шығарды.

Айыпталушылардың бірі, "Ел қызметінде" ("Эл хызметинде") газетінің адвокаты Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға сотталды. Сот оны "Өзбекстанның конституциялық құрылымын бұзу немесе билікті басып алу мақсатында сөз байласу" және "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" баптарымен айыпты деп таныды. Бұған дейін прокурорлар Дәулетмұрат Тәжімұратовты 18 жылға соттауды сұраған.

Жаза мерзімі ол қамауға алынған 2022 жылғы 2 шілдеден бастап есептеледі. Үкімге сай, Тәжімұратов 228,8 миллион сум (20 мың доллардан астам) көлемінде шығын да өтеуі керек.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қолданушы іздеу жүйесіне Путинге ұнамайтын сөз енгізсе, "Яндекс" оның суретін шығармайды

Ресейдің "Яндекс" компаниясы қолданушы іздеу жүйесіне Ресей президентінің ар-намысына тиетін дөрекі сөз енгізсе, Владимир Путиннің фотосуреті мен видеосын шығармайтын болды. Бұл туралы осы компанияның ашық таралып кеткен кодтарын зерттеген "Медуза" сайты хабарлады.

Мәселен Путин саясатын сынаушылар жиі қолданатын "бас ұры", "бункердегі шал", "таз" деген сияқты тіркестер жазса, іздеу жүйесіндегі шектеулер іске қосылады.

Іздеуде қолданылатын мұндай кілт сөздер "Яндекстің" ImgPatch (сөзбе-сөз – бейнені жөндеу) деген ішкі сервисімен түзеліп келген. Жүйе мұнымен қатар фотосурет пен видеоны жылдам бұғаттап тастай да алады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдегі Путин қоры Газмановтың патриоттық әндер жобасына қаржы бөлді

Рейсей билігі "Родники" интернет-порталын құруға 17 миллион рубль жұмсамақ. Оның негізгі мақсаты – "Ресейдің барлық аймағындағы аудитория мен музыканттарды біріктіретін, жаңа саяси толқын болатындай ән байқауын ұйымдастыру", "жаңа есімдерді тауып", "дәстүрлі рухани-адемгершілік құндылықтарды дамытып, сақтау.

"Родники" жобасының идеологы мен "көркемдік жетекшісі" – президент Владимир Путиннің саясатын белсенді қолдаушы поп-әнші Олег Газманов. Оның бұл жобасына мәдениет бастамаларын қолдайтын президент қоры қаржы бөліп отыр.

Былтыр қазанда Еуроодақ Газмановты "өз ісімен соғысты ушықтырушы адам" деп танып, санкциялық тізімге енгізген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пәкістанда мешіттегі жарылыстан ондаған адам мерт болып, жүзден астам адам жараланды

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте жарылыс болып, кемінде 59 адам өліп, 157 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы Dawn басылым хабарлады.

Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, жанкешті мешітте адам көбейген түскі намаз уақытында өзін-өзі жарып жіберген. Бұл мешітке, негізінен, Пешавар полициясы бас басқармасының қызметкерлері барады. Жарылыстан мешіттің жартысы қирап, аман қалғандар қирандылардың астынан әрең шыққан.

Қазір оқиға орнынанда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қаза болғандар саны артуы мүмкін. Жарылыс болған сәтте мешітте 500-ге дейін адам болған деп болжанып отыр.

Geo TV арнасының хабарлауынша, бұл терактіні "Техрик-и-Талибан Пакистан" атты жергілікті ұйым мойнына алған. Пәкістанда бұл ұйымның қызметіне тыйым салынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Кейде өз үйің - қауіпті жер". Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті

30 қаңтарда Астанада әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы митинг өтті. Рұқсат етілген митингіге жиналғандар зорлық-зомбылық мәселесін көтеріп, заңға "зорлық-зомбылық көрсету" түсінігін енгізуді, харасcмент жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

Цирк ғимаратының автотұрағында өткен митингіге елудей адам жиналды. Наразылыққа келгендердің көбі – әйелдер. Митингіге қатысқандар плакатпен шығып, әйел құқығының қорғалуын, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жыныстық зорлық-зомбылық жазасын ауырлатуды талап қылды.

Митингіні дискриминацияға қарсы Myqty.women бастамасының мүшелері ұйымдастырды. Астана әкімдігі қарсылық акциясын 17.00-19.00 арасында өткізуге рұқсат еткен. Акция өтіп жатқан маңда полицейлер, әкімдік қызметкерлері жүрді, жедел жәрдем бригадасы тұрды. Билік өкілінің бірі митингіге келгендерге плакатта "жаман сөз қолдандыңдар" деп ескерту жасады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

СҚО-да ресейлікті көлігінен Z таңбасын алып тастауға мәжбүрледі

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын ресейліктің көлігінен Z белгісін көріп қалып, соғыс символын алып тастауды талап етті. Қазақстанда бұл символға қатысты мұндай оқиға бұған дейін бірнеше рет болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Reuters: АҚШ Украинаға 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталарын береді

АҚШ Украинаға құны 2 млрд доллар болатын жаңа әскери көмек пакетін беруге дайындалып жатыр. Көмек пакетіне 150 шақырымға дейін ұшатын ракеталар алғаш рет енгізіліп отыр деп жазды Ақ үйдегі екі дереккөзге сүйенген Reuters басылымы.

Әңгіме жоғары дәлдікті GLSDB (Ground Launched Small Diameter Bomb) ракетасы жөнінде болып отыр. Қазір Украинаға жеткізіліп жатқан ракеталар 80 шақырымға дейін ұша алады.

Reuters былтыр қарашада Boeing компаниясы өзі өндіретін GLSDB қаруын Украинаға беруді ұсынғанын хабарлаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы: Құқық қорғаушы 13 бала мен 12 әйел азапталғанын айтты

Қаңтар оқиғасынан кейін құқық қорғаушыларға тергеу изоляторларында азапталған 190 адам шағымданған. Арасында 13 жасөспірім мен 12 әйел бар. Бұл жөнінде Бала құқығын қорғау жөніндегі қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс тобының үйлестірушісі Роза Ақылбекова хабарлады.

Оның сөзінше, құқық қорғаушылар 8 балаға заңгерлік және қаржылай көмек берген. Себебі кейбір жасөспірімдер түрлі жағдайға байланысты отбасын асыраушыға айналған.

"Кейбір балалардың қорыққаны сонша – шағым жазбай қойды. Бұлтартпау шарасын өзгерткеннен кейін жағдайды ұмытуға тырысып, көрінбей кетті" деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Латын әліпбиінің «соңғы нұсқасы» жарияланды. Лингвистер оны да сынады

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғалымдары латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасын ұсынды. Лингвистер бұл нұсқаны да сынға алды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстан: Депутат Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматының Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге үндеді

Жогорку кеңеш депутаты Мейкинек Абдалиев 1 ақпан күнгі парламент отырысында Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматы Аян Әлішеровтің Украинадағы соғысқа қалай әкетілгенін зерттеуге шақырды. Бұған дейін Азаттық 30 жастағы Аян Әлішеровтің Украинада Бахмут түбіндегі шайқаста мерт болғанын жазған.

"Ол Ресейде түрмеде 3 жыл отырған, жуырда оның сүйегін Луганскіден әкелді. Ол соғысқа қалай тап болған?! Біздің елшілік, тиісті органдар осыны зерттеуге тиіс. Ол ол жаққа өз еркімен барды ма әлде күштеп апарды ма? Азаматтарымыздың бұл соғысқа қатысы жоқ және қатысы болмауға тиіс" деді депутат.

Марқұм Аян Әлішеровтің анасының айтуынша, Аян 2019 жылы Ресей аумағында ұсталып, 7 жылға сотталған. Анасы оның соғысқа қалай әкетілгенін білмейді. Әлішеровте Ресей азаматтығы болмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ Ресейді ядролық қор келісімін бұзды деп айыптады

АҚШ Мәскеуді Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу туралы шарт ережелерін орындаудан айнып, тексеруге рұқсат бермей отыр деп айыптады.

АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде "Ресейдің тексеру қызметіне көмектесуден бас тартуы АҚШ-қа келісім бойынша маңызды құқықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді және Америка мен Ресейдің ядролық қаруды бақылау мүмкіндігіне қатер төндіреді" деп жазған.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, Ресейдің әлі де шартқа оралуына мүмкіндігі бар. "Вашингтон онымен бұрынғыша шарт бойынша жұмыс істеуге дайын" деді департамент өкілдері.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🌊Нұраны тазартуға 105 млн доллар жұмсалған. Өзенде сынап деңгейі қайта артып отыр

10 жыл бұрын Қарағанды облысындағы Нұра өзенін сынаптан тазарту жобасы аяқталды. Қазақстан бұл жобаға жүз миллион доллардан көп ақша жұмсады. Оның бір бөлігін Дүниежүзілік банктен қарызға алған. Қазақстан мен Чехияның экологтары тазартылған аймақтан су мен топырақ сынамасын алып, тәуелсіз зерттеу жүргізген. Олардың дерегінше, өзеннің сынаппен ластану көрсеткіші рұқсат етілген мөлшерден бірнеше есе асып кеткен.

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Халықаралық ұйымдар Астананы Қаңтар оқиғасындағы азаптау фактілерін қайта тергеуге үндеді

Брюссельде орналасқан Адам құқығы бойынша халықаралық серіктестік үкіметтік емес ұйымы (IPHR), Азаптауға қарсы коалиция және Қазақстандағы адам құқығы бюросы 31 қаңтарда Астанада Қаңтар оқиғасына қатысты есебін жариялады.

"Біз қазір жылай да алмаймыз"
 – Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау, қатыгездік және заңсыздық" деп аталатын есепте былтыр қаңтарда Қазақстанда адам құқығының "өрескел бұзылғаны" жайлы айтылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Жемқор" Қазақстан, Аронның туған күні, Қаңтардағы азап — AzatNEWS 31.01.2023

📌 Қаңтардағы азаптаулардың анық-қанығы әлі белгісіз. Құқық қорғаушылар тергеудің әділ әрі ашық жүрмегенін айтып, зерттеу қорытындысын жариялады.

📌 Қазақстан 2022 жылы жемқорлық индексінде кері кеткен. 180 елдің арасында 36 ғана балл алып, 101-орынға түсті.

📌 Қазақстан қашан латын графикасымен жаза бастайды? Тіл білімі институты ұсынған әліпбиге өзге ғалымдар әлі наразы.

📌 31 қаңтар - диссидент Арон Атабектің туған күні. "Шаңырақ оқиғасына" байланысты сотталып, түрмеден науқас боп шығып, көп ұзамай көз жұмған ақынды туыстары толық ақтауды талап етеді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Көктемнен бастап Қазақстанда коммуналдық қызмет 10-25 пайызға дейін қымбаттамақ.

Бұл туралы үкіметте журналистер сұрағына жауап берген экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Коммуналдық қызмет әсіресе Риддер және Екібастұз қалаларында өседі. Министрдің сөзінше, тарифтердің көтерілуі аймақты жылумен қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысына және жылу жүйесі тозғанына байланысты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жемқорлық рейтингінде Қазақстанның көрсеткіші былтырғыдан да нашарлады

Халықаралық Transparency International (TI) ұйымының жыл сайынғы есебі – "Жемқорлықты қабылдау индексінде" Қазақстан бір саты көтеріліп, 180 елдің ішінде 101-орынға ие болды.

Қазақстанның көрсеткіші – 36 балл. Жемқорлықтың ең сорақы деңгейі 0 балл болса, 100 балл алған елдерде ол мүлде жоқ деген сөз.

Былтырғы тізімде Қазақстанның көрсеткіші 37 балл болған еді.

Рейтингте Қазақстан Албания, Панама, Перу, Сербия, Шри-Ланка және Эквадор сияқты жемқорлық кең етек жайған елдермен бір деңгейде тұр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Диссидент Арон Атабек туралы 7 дерек

Марқұм ақын, диссидент Арон Атабек тірі болғанда бүгін 70-ке толар еді. Атабектің қайраткерлік, шығармашылық жолынан жеті дерек ұсынамыз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💡Алматыны басқарған Бақытжан Сағынтаевтың қызметінен кеткеніне 1 жыл толды. Ол қазір Евразия экономикалық одақтың коллегия мүшесі. Қаңтар оқиғасы кезінде өзін лаңкестер өлтіруге тырысқанын мәлімдеген. Азаттық осы оқиғаның мән жайына үңіліп, экс-әкімге кім оқ атты деген сауалға жауап іздеді.

КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы: Алматыдағы сотта жәбірленушілер айыпталушылардың ешбірін тани алмады

Бүгін, 30 қаңтарда Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 25 адамның сотында жәбірленушілер жауап берді. Істі болып жатқандардың 24-і тірі, біреуі қаза тапқан. 30-дан астам жәбірленуші тіркелген. Олардың арасында Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы, Алматыдағы президент резиденциясы, Қаңтар оқиғасы кезінде тоналды делінген қару-жарақ дүкендері мен коммерциялық нысандар бар. Бұдан бөлек, "дүрбелең кезінде жарақаттандым" деген әскерилер мен полицейлер де жәбірленуші ретінде жауап берді.

"4 қаңтар түнде алаңға жиналған адамдар әкімдікке қарай шабуыл жасады. Біздің өзіміз не болғанын түсінбей қалдық. Бізді жапырып, таптап, әкімдікке басып кірді. Сол жерден бас сауғалап қашып, "ГАЗель" автокөлігіне, өзімнің әріптестерімнің қасына барып отырдым. Әкімдікке басып кірген соң, қайтадан шығып, біздің қызметтік көліктерімізді өртей бастады. Көлігімізді қатты шайқаған соң, "тоқтаңдар, шығамыз" дедік. Қалай шықтық, бізді ұрып, соққының астына алды" деді 4 қаңтарда Алматы әкімдігінде болғанын айтқан жәбірленуші полицей Нұржан Алмақұнов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

– Астанада ондаған әйел жиналып, митинг өткізді. Олардың талабы - сексуал харассментті заңмен қудалауды енгізу. Жиынға әкімдік рұқсат берген.

– Қытайдың Қазақстандағы елшілігі туысына бостандық талап еткен топты тағы да қабылдамады. Елші де шықпады. Сыртқы істер министрлігі мәселені шешуге көмектесеміз дейді.

– Журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрім сайлауға кандидат болып тіркеле алмады. Аумақтық сайлау комиссиясы оған кейінгі 10 жылда бір мекенжайда тұрақты тіркелмегенсің деген. Тіркемеу себебін журналист кәсіби қызметімен байланыстырады.

- "Қазақстан халық партиясы" (коммунистер) алдағы сайлауға 52 кандидаты барын мәлімдеді. Съезд өткізген партия билікшіл екенін тағы растап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдайтынын қайталады. Бізге жазылыңыздар:

AZATNEWS

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Думан Мұхаммедкәрім мәжіліске үміткер болып тіркеле алмады

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы №12 бір мандаттық сайлау округы журналист, Youtube'тегі ND каналының авторы Думан Мұхаммедкәрімді заң талаптарына сай емес деп мәжіліс сайлауына үміткер ретінде тіркемей қойды.

Комиссия журналист сегіз ай ел ішінде ешқай жерде тіркеуде тұрмаған деп отыр.

"Алматы облысы бойынша полиция департаментінің көші-қон қызметінің басқармасының жауабына сәйкес, кандидат Думан Мұхаммедкәрім Астана, Орал, Көкшетау қалаларында, Ақмола мен Алматы облыстарында тіркеуде болған. 2021 жылғы 21 желтоқсаннан бастап тіркеуден алынып тасталған. 2022 жылы тамыздан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының Іле ауданында тіркелгендігі анықталған. Алматы облысы бойынша полиция департаментінің көші-қон қызметінің басқармасы көрсетілген мәліметтер негізінде кандидат Мұхаммедкәрім Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгіленген талаптары қанағаттандырылмаған (Ел аумағында он жыл тіркеуде тұру талабы - Ред). Яғни, соңғы он жыл ішінде еліміздің аумағында тұрақты тұру талабына сәйкес емес" деді комиссия төрайымы Ұлтусын Бархинова.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал