Ердоған: Финляндия мен НАТО-ға қатысты Түркияның шешімі Швецияны таңғалдыруы мүмкін
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Финляндияның НАТО-ға кіруін қолдап, Швецияның мүшелігіне қарсы болуы әбден мүмкін екенін айтқан.
Кейінгі аптада Түркия мен Швецияның қарым-қатынасы нашарлап кетті. Анкара Стокгольм былтыр НАТО-ға қосылу келісімін орындамауға құлықсыз болды деп айыптайды. Оның үстіне, Швециядағы Құранды өртеу акциясынан кейін сын күшейе түсті.
Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге былтыр Украинаға соғыс басталғаннан кейін, мамыр айында өтініш берген. Екі көрші мемлекет сыртқы саясатта көп жыл бейтарап болып келген. Енді НАТО-ға кіру келісімін өзара үйлестіруге уағдаласқан.
t.me/azattyq
Украина қорғаныс министрлігі: Ұшақ пен ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандар қажет
Украина қорғаныс министрлігі Алексей Резников Ресей басқыншылығына пәрменді қарсылық көрсету үшін елге әрекет ету радиусы қолда барынан да ұзақтау жойғыш пен әскери ұшақтар, зымырандар қажетін айтты. Мұның алдында Батыстың бірқатар мемлекеті Киевке соғыс танкілерін жеткізу туралы шешім шығарғаны хабарланған. Бұл туралы министр СВС арнасына берген сұхбатында айтқан.
Ұшақ пен ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандар қажет екені туралы кейінгі кездері Украина президенті Владимир Зеленский де бірнеше рет айтқан.
t.me/azattyq
Әзербайжан Ирандағы елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялайды
Әзербайжан 29 қаңтарда Ирандағы елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялайды. Бұл жөнінде Әзербайжан сыртқы істер министрлігіне сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.
27 қаңтарда қару ұстаған ер адам елшіліктің күзет бекетін атқылап, соның салдарынан қауіпсіздік қызметінің бастығы қаза болған, екі күзетші жараланған.
t.me/azattyq
Дағыстанда Каспий теңізі жағалауынан тағы өлі итбалықтар табылды
Махачкала билігі Каспий жағалауынан тағы сегіз өлі итбалық табылғанын хабарлады.
Дағыстан мемлекеттік университетіне қарасты экология және тұрақты даму институтының басшысы Әлимұрат Гажиев итбалықтардың қырылуын құс тұмауымен байланыстырған.
t.me/azattyq
Иранның солтүстік-батысында Батыс Әзербайжан провинциясында жер сілкініп, 816 адам зардап шекті, үшеуі қаза болған
Бұл жөнінде провинция губернаторы Мұхаммед Садег Мотамедянға сүйенген IRNA агенттігі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, 124 адам ауруханаға жатқызылған. Бұған дейін билік екі қала мен 70 ауылдағы тұрғын үйлердің біраз бөлігі (20-50 пайыз аралығында) қирағанын хабарлаған.
t.me/azattyq
Таңғы сағат 5:30 шамасында Алматының "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорт кешенінде үшқабатты "Облако" рестобары өртенді
Өрт таңертеңгі сағат 8:30-да сөндірілді. Өрт аумағы – 800 шаршы метр, деп хабарлады төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі.
t.me/azattyq
Иранның стратегиялық нысандарында жарылыс болғаны хабарланды
ИРНА агенттігінің жазуынша, Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында Шахид-Салими қаласында мотор майын өндіретін ірі зауыт өртенген.
Tasnim агенттігі Исфаханда оқ-дәрі шығаратын әскери зауытқа дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады.
t.me/azattyq
Рыбакина келесі аптадан бастап әлемдік рейтингте 10-орынға көтеріледі.
Ол Australian Open-2023 жарысы басталғанда 25-орында тұрған. Бұған дейін Қазақстан теннисшілері арасында ешкім ондыққа енбеген.
Рыбакина былтыр жазда Лондондағы Wimbledon жарысында жеңіске жеткеннен кейін жанкүйерлер арасында таныла бастаған. Сол кезде Рыбакинаның "Grand Slam жарысында жеңген алғашқы қазақстандық теннисші" екені де, оның Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан атынан жарысқа қатыса бастағаны айтылған. Ресей журналистері мен теннис шенеуніктері Рыбакинаны "біздің өнім" дегені Қазақстанда қарсылыққа ұшыраған. Теннисшінің өзі "Қазақстан болмаса, мен қазір бұл жеңіске жете алмас едім" деген. Ресейде туған Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының президенті, миллионер Болат Өтемұратовтың шақыруымен Қазақстанға келген еді.
Australian Open, Wimbledon, Парижде өтетін Roland Garros және Нью-Йоркте болатын US Open турнирлері теннистен қаржылық сыйақысы көп беделді Grand Slam жарыстарының қатарына енеді.
t.me/azattyq
АҚШ-тың Мемфис қаласында (Теннеси штаты) полицейлер Тайр Николсты "көлігін сақ айдамағаны үшін" өлімші етіп сабаған.
Николстың өлімі жайлы видео жарияланғаннан кейін мыңдаған азамат полицейлердің күш қолдануына қарсылық танытып, көшеге шықты. Бес полицейге адам өлтіру бабы бойынша айып тағылды.
Полиция қызметкерлері 29 жастағы қара нәсілді Николсты қаңтар басында "көлікті сақ айдамағаны үшін" тоқтатқан. Полицейлер арасында қара нәсілділер де болған.
t.me/azattyq
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Астанаға қырғыз азаматтарының елде жүру шарттарын жеңілдету мәселесін қарастыруды ұсынды.
Мұндай бастама 27 қаңтарда Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Алмаз Иманғазиев пен Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рапиль Жошыбаевпен кездесуі кезінде айтылды.
Бішкектің хабарлауынша, кездесу қырғыз жағының бастамасымен өткен. Осы аптада Қазақстанға шетел азаматтарының кіруі мен елде жүру ережелері өзгерген еді.
t.me/azattyq
Қалмақияның жоғарғы ламасы "шетел агенті" деп танылды. Ол Украинадағы соғысқа қарсы шыққан
Тэло Тулку Ринпоче – 1990 жылдардан бері Қалмақияның жоғарғы ламасы. Ол тибеттік буддизм жетекшісі Далай-ламаның Ресей, Моңғолия және ТМД елдеріндегі ресми өкілі. Былтыр қазанда ол Украинадағы соғысты айыптап, украин жағының әрекетін қолдаған. Ол – Ресейде соғысты жұрт көзінше сынаған алғашқы діни тұлға.
t.me/azattyq
Астана Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды айыптады.
Шабуылдан бір адам қаза болып, екі адам жараланған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі 27 қаңтарда Әзербайжан халқына және қаза болған елшілік қызметкерінің отбасына көңіл айтты.
"Қазақстан дипломатиялық миссиялар мен оның өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісі қабылданбайды деп санайды. Мұндай шабуылдар халықаралық құқық негіздері мен нормаларын бұзады және жалпыға бірдей айыпталуға жатады деп санаймыз" деп жазылған Қазақстан СІМ хабарламасында.
27 қаңтарда Тегеранда ер адам Әзербайжанның Ирандағы елшілігін Калашников автоматымен атқылаған. Оқиғаның салдарынан дипмиссияның қауіпсіздік қызметінің бастығы қаза болған, екі күзетші жараланды.
t.me/azattyq
"Алматы әуежайын басып алмақ болды" деп айыпталған 43 жастағы азаматтық белсенді, мұғалім Қалас Нұрпейісовтің адвокаттары тергеу кезінде көп заңсыздық болғанын айтты.
Нұрпейісовтің адвокаттары, туыстары мен жақтастары бүгін, 27 қаңтарда Алматыда жиын өткізіп, қамаудағы мұғалімді "саяси репрессия құрбаны" деп атады.
Адвокат Абзал Айдархановтың айтуынша, тергеуде бірнеше сараптама жасалса да, бірде-бір дәлел мен куә табылмаған. Адвокат тергеу кезінде Нұрпейісовке жасалған қысымдарға прокуратура көз жұма қарады, Бас прокурор әлі соты болмаған адамды айыптай сөйледі деді.
t.me/azattyq
Шетелдік көлікті тіркеу машақаты, бақылаушылар қаупі — AzatNEWS 270123
📌 Қазақстан билігі президент тапсырмасымен шеттен әкелінген көліктерді жеңілдікпен тіркеуді бастады. Бірақ көлік иелері тіркеу машақаты азайған жоқ дейді. Полиция автокөлік әкелінген елдегі тіркеуден шығып, кедендік ресімдеуден өтуі керегін айтады.
📌 Бақылаушылар жаңарған сайлау заңы мәжіліс сайлауында жұмысымызға тосқауылды күшейтеді деп қауіптенеді. Ал Орталық сайлау комиссиясы жаңа нормалар науқанның заңға сай өтуіне кепіл деп санайды.
📌 Ақпарат министрлігі БАҚ туралы жаңа заңның қоғамдық талқылауын аяқтады. Медиа өкілдері заң жобасында журналистерді бақылау мен қысым тетіктері көбейді деп сынаған. Министрлік өкілі талқы күзге дейін жалғасады дейді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Мәскеудегі халықаралық шахмат турнирінде Қазақстанның 18 жастағы шахматшысы Бибісара Асаубаева 33 жастағы ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді жеңіп, сенсация жасады.
"Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте жарыстың басты фавориті Сергей Карякинді ұтты" деп жазылған спорт істері жөніндегі комитет хабарламасында.
Сергей Карякин дүниежүзіндегі ең мықты гроссмейстерлердің бірі саналады. Ол Қырымда туғанымен, көбіне Ресейде тұрған.
Ресей шахматшысы "Ресей туынсыз ойнамаймын" деп, жуырда Алматыда өткен әлем чемпионатына барудан бас тартқан. Карякин Украинадағы соғыс пен Ресей президентінің саясатын қолдаумен де аты шыққан.
t.me/azattyq
Жеке адам өзін қалай банкрот деп жариялай алады? Банкрот деп танылсам, кредитім кешіріле ме?
Қарызға батқан Қазақстан азаматтары 3 наурыздан бастап өзін банкрот деп тануға өтініш бере алады. Осы күннен бастап "Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" деп аталатын заң күшіне енбек. Жеке тұлға өзін банкрот деп жариялау үшін қандай талаптар қойылады? Банкрот болған адамның бүкіл қарызы кешіріле ме? Адам сот шешімінсіз қалай банкрот бола алады? Азаттық маңызды сауалдардың жауабын мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаевадан сұрады.
ОҚУ
t.me/azattyq
Әйел ұру дендеп тұр, жазасы жеңілдеп барады. Құлықсыздыққа не себеп?
Күйеуінен зәбір көрген Ирина Веденяпинаның ісі жөніндегі сот шешімі Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірді. Қылмыскер ұйықтап жатқан әйелін пышақтап, жәбірленуші өлімнен әзер аман қалған. Сарапшылар тұрмыстағы зорлықтың артуы жазаның жеңіл болуынан дейді. Жеңіл жарақат үшін мүлде жаза қарастырылмаған. Бұл бап декриминализацияланған. Қоғамдағы қылмыстың көбеюіне гендерлік стереотиптер мен мизогиния да әсер етіп отыр.
ОҚУ
t.me/azattyq
FT: Орталық банк жетекшісі Ресей экономикасына қатысты деректердің бір бөлігін жариялауды ұсынды
Ресей орталық банк жетекшісі Эльвира Набиуллина нарықтың дамуына жол ашу үшін экономикаға қатысты деректердің бір бөлігін жариялауды ұсынды.
Бұл жөнінде тәуелсіз үш дереккөзге сүйенген Financial Times басылымы жазды.
"Инвесторлар құнды қағаздарға инвестиция салу үшін ақпаратты қайтадан жариялай бастауымыз керек" деді Набиуллина. Оның сөзінен FT үзінді келтіреді.
Басылым мәліметінше, Набиуллина экономика мәліметтерін құпия ету туралы шешімнің күшін жоюға атсалысып жүргендердің бірі. Мұндай шешім былтыр ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін қабылданған.
t.me/azattyq
Қалмақияның жоғары ламасы, тибеттік Далай-ламаның Ресей, Моңғолия және ТМД елдеріндегі ресми өкілі Тэло Тулку Ринпоче (Эрдни-Басан Омбадыков) "шетел агенті" ретінде танылған соң қызметінен кетті
Бұл жөнінде республиканың орталық храмы ресми сайтында хабарлады.
Ресей әділет министрлігі Омбадыковты "шетел агенті" тізіміне 27 қаңтарда енгізген. Ведомство қалмақ буддистері жетекшісі Ресейдің Украинаға басқыншылығына қарсы шыққанын алға тартып, оның АҚШ азаматтығы барын да еске салған.
t.me/azattyq
Мобилизациядан қашқан Ресейдің бес азаматы Сеул әуежайында тұрып жатыр
Сеул былтыр қазан мен қарашада олардың пана сұрау туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Олар қазір әуежайда тұрып жатыр, деп хабарлады CNN телеарнасы.
Оңтүстік Корея Ресей азаматтарына визасыз кіруге рұқсат береді, алайда көші-қон қызметінің өкілдері бес азаматқа елге кіруге рұқсат беруден бас тартқан.
t.me/azattyq
"Вагнерге алданып қалды". Ресей түрмесінде отырған қырғыз азаматы Украинадағы соғыста опат болды
Ресей түрмесінде қамауда болған 30 жастағы қырғыз азаматы Аян Әлішеров 2022 жылы 24 қарашада Бахмут түбіндегі шайқаста опат болды. Туыстары марқұмның Ресей азаматы емес екенін айтады.
🔗 https://www.azattyq.org/a/32244438.html
t.me/azattyq
Чехияда президент сайлауының екінші туры өтіп, отставкадағы генерал Петр Павел жеңіске жетті
Екінші турда оның қарсыласы бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиш болды. Павелға сайлауға қатысқандардың – 58 пайызы, Бабишқа 42 пайызы дауыс берген.
t.me/azattyq
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 25-ракеткасы) Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2023 жарысының финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенкодан (5-ракетка) жеңілді - 6:4, 3:6, 4:6.
Осылайша Соболенко карьерасындағы алғашқы Grand Slam жарысында жеңімпаз болды.
23 жастағы Рыбакина - Australian Open жарысының финалында ойнаған алғашқы қазақстандық теннисші. Ол алты айдың ішінде екінші рет Grand Slam жарысының финалында ойнады. Рыбакина былтыр тамызда Лондонда өткен Wimbledon турнирінде жеңімпаз атанған.
t.me/azattyq
Тоқаев әкімшілігінің "мәскеушіл саясаты" және "санкция салынған тауарды Ресейге жеткізу"
Батыс басылымдары бұл аптада Тоқаев әкімшілігі Қаңтар оқиғасынан кейін Ресей мен орыс тіліне басымдық беретін саясат жүргізіп жатыр ма деген сұраққа үңілді. Оған қоса, санкция салынған тауарлар Қазақстаннан Ресейге қалай жеткізілетінін жазды. Одан бөлек, Ресейдің "Газпром" компаниясының Астана және Ташкентпен келісімі Мәскеудің энергетика саласындағы амбициясын жүзеге асыра ма деген сұраққа жауап іздеді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Ресей сыртқы істер министрлігі Латвия елшісі екі апта ішінде Мәскеуден кетуге тиіс деп мәлімдеді.
Бұл жөнінде 27 қаңтарда Ресей СІМ-іне шақырылған Латвия істері бойынша уақытша сенімді уәкіл Дация Рутка мәлімдеді.
Латвия сыртқы істер министрлігі Эдгарс Ринкевич 23 қаңтарда Рига Эстонияға ынтымақтастық білдіріп, Мәскеумен дипломатиялық қатынасты төмендетеді деп мәлімдеген. Ресейдің Латвиядағы елшісі Михаил Ванин 24 ақпанға дейін Латвиядан кетуі тиіс.
Ресей жағының 27 қаңтар күнгі мәлімдемесінде Мәскеу Латвияның Балтық елдеріне ынтымақтастық білдіретіні жайлы аргументтерін қабылдамайтынын және Риганың мерзімді белгілеуін күтпей-ақ елшісін қайтаратынын жазған.
Латвия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынас деңгейі уақытша уәкілдерге дейін төмендетіледі.
t.me/azattyq
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша негізгі ғылыми жұмыстарды аяқтағанын мәлімдеп, 2021 жылы сәуірде жарияланған латын әліпбиі түпкілікті нұсқа деп танылатынына үміт білдірді. Бұл жөнінде Informburo.kz сайты жазды.
Институт өкілдерінің айтуынша, 2022 жылы ғалымдар латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің жаңа орфографиялық анықтамалығы мен үлкен орфографиялық сөздігін әзірлеген.
Қазір институт үкіметке бір нұсқаны ғана таныстырған. Оны институт өкілдері және лингвист ғалымдар мен филологтардан құралған орфографиялық комиссия әзірлеп, дамытқан.
t.me/azattyq
Қырғызстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы шекараны анықтау процесін аяқтады.
27 қаңтарда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзбек әріптесі Шавкат Мирзияевпен кездесу кезінде осылай деп мәлімдеді. Мирзияев осы аптада Бішкекке мемлекеттік сапармен келген.
Кездесу кезінде Жапаров пен Мирзияев өзбек-қырғыз шекарасының жекелеген аумақтары туралы ратификация грамоталарымен алмасты.
"Бұл шын мәніндегі тарихи оқиға. Біз диалогқа және шекара мәселелері бойынша өзара тиімді шешімдерді іздеуге дайын екенімізді көрсеттік. Шекара мәселелеріне нүкте қою арқылы біз болашақ ұрпақтың тұрақты дамуы мен гүлденуінің іргетасын қалайтынымызға сенімдімін" деді Садыр Жапаров.
t.me/azattyq
Рақымшылық заңы аясында жазасы қысқартылған Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған Алматы облысы Есік қаласының екі тұрғыны түрмеден босап шықты.
Бұл жөнінде олардың адвокаты Жалғас Сапарханова хабарлады.
Былтыр ақпанда Алматы соты Есік қаласының тұрғындары 22 жастағы Бақыт Оңтай мен 22 жастағы Өжет Жеңісханды әрқайсысын бес жыл түрмеге кескен еді. Оларға "қару ұрлау" (291-бап, 3-бөлігі) бабы бойынша айып тағылды.
Адвокат Жалғас Сапарханованың айтуынша, былтыр сәуірде апелляциялық сот үкімді күшінде қалдырып, мамырда екі сотталушы Заречное елді мекеніндегі ЛА-155/14 мекемесіне жіберілген.
t.me/azattyq
Ауғанстанда 160-тан астам адам және 70 мың үй жануары аязда үсіп өлген. Кей аймақта ауа температурасы 34 градусқа дейін төмендеген. Биыл Ауғанстанда көп жылда алғаш рет ызғарлы қыс болып тұр.
2021 жылы Ауғанстан билігін басып алған "Талибан" үкіметінің мәліметінше, елде 10-26 қаңтар аралығында 162 адам аязда үсіп өлген. Бірнеше күн бұрын тәліптер шамамен 70 мың үй жануары өлгенін де хабарлаған.
Тәліптер үкіметінің мәліметінше, қаза болғандардың басым бөлігі – медициналық көмекке қолы жетпейтін малшылар мен ауыл тұрғындары. Қалың қардан қазір Ауғанстанның көп ауданының орталықпен арасында байланыс үзілген: шенеуніктер "таудағы жолдармен жүру мүмкін емес – көліктер кептеліп, жолаушылар жолда үсіп өліп жатыр" дейді.
t.me/azattyq