"Тәуелсіз бақылаушылар" қоғамдық бірлестігі жуырда жаңарған "Сайлау туралы" заңда бақылаушыларға кедергі келтіретін ережелер бар деп есептейді. Бұл жөнінде ұйым мүшелері 27 қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
– Бұған дейін жарғысында сайлауды бақылауға құқығы бар кез келген ұйым сайлауды бақылай алатын. Қазір аккредитациядан өтуді міндеттеп қойды. Аккредитациялау дегеніміз не? Әрбір ұйым өзінің жарғысынан үзіндіні және ұйымның анықтама құжатын Орталық сайлау комиссиясына өткізеді. Шешімді Орталық сайлау комиссиясы қабылдайды. Олардың құжатты қарау мерзімі - бір ай. Сайлаудың өзін екі ай ғана қалғанда жариялап отыр. Соның бір айы құжатымызды тексеруге кетеді. Ал егер құжаттан қате тауып, кері қайтарылған жағдайда біз қайта құжат тапсыруға үлгермеуіміз мүмкін. Мұны бақылаушы ұйымдарға жасалған кедергі деп білеміз, – деді ұйым төрағасы Бесжан Төлеубекұлы.
t.me/azattyq
Тәжікстанда ресейлік нөмірмен жүрген 30 мыңнан астам көлік бар. Оның дені елге Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін келген.
Тәжікстан кеден қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, мұндай көліктер, негізінен, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарына тиесілі.
Кеден қызметінің мәліметінше, шетелдік нөмір таққан көліктер Тәжікстанда 15 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Мерзім аяқталғаннан кейін Тәжікстаннан шығып кетуі керек немесе ресми түрде тіркеуден өтуі керек.
t.me/azattyq
АҚШ: 2017 жылы Нью-Йоркте жүк көлігімен жұртты қағып өтті деп айыпталған Өзбекстанда туып өскен ер адамды сот кінәлі деп таныды
Шабуыл салдарынан 8 адам қаза болып, 12 адам зардап шеккен еді.
АҚШ-қа 2010 жылы қоныс аударған 34 жастағы Сайфулло Саипов 28 эпизод бойынша (арасында адам өлтіру, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына материалдық көмек беру де бар) кінәлі деп танылды.
t.me/azattyq
Сенатқа жаңадан сайланған депутат Гүлмира Кәрімова 27 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Бұл жөнінде сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылып отыр. ҚР парламенті сенатының депутаттары мен аппараты Гүлмира Райынбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады" деп жазылған хабарламада.
t.me/azattyq
Зеленский Ресей президентімен кездесуді көздемейтінін, Украинаға басып кіргелі бері Владимир Путинді ешкім деп есептемейтінін айтты. Sky News арнасына берген сұхбатында Зеленский осылай деп мәлімдеген.
"Ресей президентімен кездесу Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектесе ме?" деген сұраққа Зеленский:
"Бұл мені қызықтырмайды. Кездесуден, сөйлесуден мән жоқ. Себебі біз Ресей басқыншылығы алдында "норманд форматы" аясында кездескенбіз. Мен сөзі мен ісі бөлек адамды көрдім" деді Зеленский.
"Мен үшін ол [Путин] кім? Басқыншылықтан кейін оны ешкім деп есептемейтін болдым" деді Зеленский.
t.me/azattyq
Ресей әскері бейсенбі күні Украина аумағын зымыранмен атқылады.
Зымырандар соққысы мен оның алдында дрондар жасаған шабуылдардан кем дегенде 11 адам мерт болып, 10-нан астам адам жараланды. Бұл туралы Украина мемлекеттік төтенше жағдай жөніндегі қызметінің өкілі хабарлады. Ол нақты қай қалаларда адам шығыны болғанын айтпады. Киевте кем дегенде бір адам опат болғаны мәлім.
t.me/RadioAzattyq
Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып қайта тағылды.
Бұл белсендінің ісі бойынша кезекті сот отырысынан кейін анықталды. Белсендінің жақтастары халықаралық ұйымдар мен ақпарат құралдарын Мамай ісіндегі заңсыздықтарға назар аударуға шақырды.
26 қаңтар күнгі сот отырысында айыптау актісін оқыған прокурор Еркін Баймағамбетов белсенді Жанболат Мамай 2022 жылы 4 қаңтарда сағат 18.30 бен 19.10 аралығында "Алматы Арена" сарайы алдында сөйлеген кезде "қоғам қарсылығын арттыратын" "деструктивті тәртіпті насихаттады", "елдегі саяси-экономикалық ахуалды тұрақсыздандырып жіберуі мүмкін" сөздер айтты деді. Прокурордың айтуынша, "Мамайдың 3-4 қаңтар күнгі сөздері мен видеомәлімдемелерінде саяси талаптар бар".
Мамайдың жақтастары тағылған айыппен келіспей, оның саяси астары барын айтты.
t.me/azattyq
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 жарысының финалына шықты.
Ол жартылай финалда Виктория Азаренконы (Беларусь) жеңді. Осылайша Рыбакина бұл жарыстың финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші болды.
t.me/azattyq
"Баспасөз картасы", "қара тізім" және жазалау. Үкімет ұсынған тағы бір заң жобасы дау туғызды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған бұқаралық ақпарат құралдары жұмысына қатысты "Масс-медиа туралы" заң жобасын талқылау 27 қаңтарда аяқталмақ. Құжатта медиаға "мониторинг жасау, реттеу, бақылау қадағалау" туралы бап көп. Бұл міндеттің көбін ақпарат министрлігі өзі атқарғысы келеді. Тілшілер мен сарапшылар заң жобасында журналистердің құқығынан бұрын міндеті көп екеніне алаңдайды.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Базарда ән айтып, еміне ақша жинап жүрген Ақерке
17 жастағы Ақерке базарда ән айтып, шетелде ота жасатуға ақша жинап жүр. Жас өнерпаз кейінгі екі айда керек соманың жартысын тапқан. Азаттық Ақеркенің өнерін тамашалап қайтты.
87079623465 Акерке С.
4400 4301 3671 7508 Сүлейман Ақерке Тұрсынғалиқызы
CASPKZKA KZ28722C000048207780
t.me/RadioAzattyq
Тараздағы сотта алаңда оқ тиген айыпталушы Марат Бекбау изоляторда өзіне медициналық көмек көрсетпейтінін айтты
Сотта айыпталушы төрт адам өздеріне тағылған айыптарды мойындамады.
Ғани Керімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын жеткізді, ал адвокаты істі тоқтатуды сұрады. Керімбаевтың анасы "балам жаралыларды ауруханаға апарды, бұл қылмыс емес" деді.
Марат Бекбау сотта өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтып, кейін сөйлеуге мүмкіндік беруді сұрады. Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде алаңда оқ тиген Марат Бекбау тергеу изоляторынан балдақпен келді. Ол сот басталмай тұрып "мекеме ішінде медициналық көмек көрсетпейді, қатты ауырса ауруды басатын дәрі салып береді, болды" деді.
Президент Тоқаев сенат отырысында алда мәжіліс сайлауы келе жатқанын атап өтіп, үміткерлерді "қоғамға іріткі салатын әрекеттен" аулақ болуға шақырды.
"Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек" деді Тоқаев.
t.me/azattyq
Мәулен Әшімбаев сенат спикері болып қайта сайланды. Сенат депутаттарының барлығы Тоқаев ұсынысын қолдады
Читать полностью…Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат отырысында спикер қызметіне Мәулен Әшімбаевты ұсынды
Бейсенбі күні Тоқаев Әшімбаевтың бұл қызметті бұған дейін де "абыроймен атқарғанын", мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол екенін атап өтті.
51 жастағы Мәулен Әшімбаев сенат спикерлігіне 2020 жылы мамырда – экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева депутаттық өкілетін тоқтатқаннан кейін тағайындалған.
АҚШ Украина армиясына Америкада өндірілген М1 "Абрамс" сериялы танкілердің 31 данасын береді
Оларды жеткізу бірнеше айға созылуы мүмкін. АҚШ президенті Джо Байден 25 қаңтарда осылай деп мәлімдеді.
Байден сәрсенбі күні таңертең Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия басшыларымен сөйлескенін жеткізді.
t.me/azattyq
"Тоқаевтың әрекетінен реформаторлық сезілмейді, бірақ Назарбаевтан арылу ниеті айқын байқалады"
Тұңғыш президент туралы заң күшін жоюға жіберілді, енді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері қудалана ма? Көп артықшылықтан айырылған Назарбаев пен туыстары Тоқаевтан кек алуы мүмкін бе? Назарбаевтың тарихи рөлі мен мұрасы қалай өзгереді? Азаттық бұл туралы АҚШ-тағы Барнард-колледждің саясаттану профессоры, Колумбия университетіндегі Харриман институтының директоры Александр Кулимен сөйлесті.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Азаматтық белсенді Равкат Мұхтаров Украинаны қолдау митингісін өткізуге рұқсат бермеген Алматы әкімдігінің шешімімен келіспейді.
Ол 26 қаңтарда Е-otinish сайты арқылы шешіммен келіспейтінін жазып, митингіге рұқсат бермесе сотқа шағым түсіретінін ескерткен.
Белсендінің сөзіне қарағанда, ол былтыр 28 желтоқсанда 2023 жылдың 25 ақпанында Алматының Шоқан Уәлиханов алаңында Украинаны қолдау митингісін өткізу туралы өтініш түсірген. Екі күннен кейінгі жауабында Алматы әкімдігі митингіге рұқсат бермеген.
Әкімдік белсендіге берген жауабында "тәжірибе көрсеткендей, мұндай тақырыптағы бейбіт жиын кезінде қоғам тәртібіне қатер төнуі мүмкін" деп жазған. Бірақ нені меңзеп отырғанын түсіндірмеген.
t.me/azattyq
26 қаңтарда аннексияланған Қырымда ұсталған кемінде 25 Қырым татары Cимферополь сотының шешімімен қамалды.
Бір күн бұрын олар Киев аудандық соты ғимаратының алдында жақтастарын қолдағаны үшін ұсталған еді.
25 қаңтарда ондаған Қырым татары "Хизб ут-Тахрир" діни қозғалысына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қамалған алты адамды қолдау үшін сот алдына барған. Сот отырысы кезінде полиция 30-дан астам адамды ұстады. Кейін басым бөлігіне "халықты бір жерге жинап, қоғам тәртібін бұзды" деген айып тағылды.
t.me/azattyq
АҚШ "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясын трансұлттық қылмыстық ұйым деп танып, оның Ресейдегі өкілдеріне санкция салды.
Тізімде Ресей өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров, Татарстан басшысы Рустам Минниханов, кәсіпкер Сергей Адоньев бар.
t.me/azattyq
Ресей әскері басып алған Запорожье атом электр станциясы маңында 25-26 қаңтарда 20 шақты жарылыс болды. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жетекшісі Рафаэль Гроссидің мәлімдемесінде осындай мәлімет айтылады.
МАГАТЭ басшысының айтуынша, 25 қаңтарда сегіз жарылыс естілген. Жарылыстан станция аумағындағы кеңселердің терезелері дірілдеген. 26 қаңтарда одан да көп жарылыс болған.
Гроссидің сөзіне қарағанда, станция маңындағы әскери қимыл-әрекеттер нысан маңында ядролық қауіпсіздік аймағын құру маңызын айғақтай түседі.
t.me/azattyq
Тараздағы "аруақтар соты", Мамайға қайта тағылған айып — AzatNEWS 260123
📌 Тараз қаласында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталып жатқан 9 адамның сотында прокурор айыптау акт оқыды. Сотталушылар тізіміндегі 5 адам былтыр дүрбелеңде оққа ұшқан. Тірілері айыппен келіспейді.
📌 Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып қайта тағылды. Мамайдың қоғамдық қорғаушысы істің саяси астары барын айтады.
📌 Ресейде түрмеде жатып, соғысқа аттанған бесінші тәжік азаматы қаза тапты. Марқұмның мәйіті Тәжікстанға жеткізілді.
📌 Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australia Open-нің финалына шықты. Ол Беларусь қызы Виктория Азаренконы жеңді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Жаңаөзенде жұмыс сұрап, әкімдік алдында қонбақ болған үш адам – Аллаберген Молдабай, Бейсен Бағдат пен Ұлан Сейіловті полиция ұстап, ізінше сот әрқайсысын 10 күнге қамады.
Сот шешіміне қарағанда, оларға "Полиция талабына бағынбау" бабы (667-баптың 1-бөлігі) бойынша айып тағылған. Жауапкерлер айыпты мойындамаған.
Жаңаөзен белсенділері 26 қаңтарда Азаттыққа: "Мемлекет 80 адамды оқытып, жалақысы жақсы жұмысқа орналастыруға уәде берген. Сол 80-нің ішінде уәде етілген жұмысына орналаспай қалғаны осы үш жігіт болатын. Амалы таусылған олар 24 қаңтарда әкімдік алдына қонбақ болған, бірақ оларды полиция ұстап алып кетті. Ұсталғандардың туыстарынан естігенім осы" деді.
t.me/azattyq
Астанадағы тергеу изоляторында тұтқындарды азаптады деген күдікпен ҰҚК-ның екі қызметкері қамауға алынды.
Азапталғандардың туыстары шағым түсірген, деп хабарлады Информбюро сайты.
25 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер – подполковник Еркін Аманов, майор Хамит Әбдіғали, ҰҚК шекара қызметінің қызметкері Қайрат Сартайды екі айға қамау туралы шешім шығарған. Өзге мәлімет тергеу құпиялылығына байланысты айтылмайтыны хабарланды.
t.me/azattyq
Украинаның барлық аймағында әуе дабылы іске қосылды.
Украина билігі дрондардың түнгі шабуылынан кейін Ресей әскері таңертең тағы да ракеталармен шабуыл жасағанын хабарлады.
Киев пен Днепропетровск облыстарында жарылыс болғаны хабарланды. Бірнеше облыста ракета шабуылы қатеріне байланысты жарық сөндірілген. Одесса, Кривой Рог және өзге қалаларда тұтас электротранспорт тоқтатылған.
t.me/azattyq
Сотты БАҚ өкілдері өзге залдағы мына монитордан бақылап отыр. Судья Бағлан Төребекұлы таңертең БАҚ өкілдерін сот залынан шығарып жіберген
Читать полностью…26 қаңтарда прокурор айыпталушыларға төмендегідей жаза сұрады:
"Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап, 2-бөлігі) бойынша айыпталған Ғани Керімбаевқа – 3 жыл түрме жазасы – бірақ рақымшылық заңын қолданып, жазасын 9 айға дейін қысқартуды сұрады;
"Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап, 2-бөлігі) бойынша айыпталған Нұрбол Ережеповке – үш жыл шартты жаза, бірақ рақымшылық заңын қолданып, жазасын 9 айға дейін қысқартуды сұрады;
"Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап, 2-бөлігі) бойынша айыпталған Асхат Тәшекеевке – 4 жыл түрме жазасын сұрады;
"Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап, 2-бөлігі) бойынша айыпталған Марат Бекбауға да прокурор 4 жыл түрме жазасын сұрады.
Таразда Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған тоғыз адамның сотында жарыссөз басталды
Сотқа тартылғандардың бесеуі: Тоқтар Ошақбай, Райс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев пен Исатай Донбаев былтыр алаңда мерт болған. Істі судья Бағлан Төребекұлы жүргізіп жатыр.
25 қаңтарда Семейде "Ғаббасов" қазандығында тағы апат болды.
— Сағат 10.40-та ток беру желісі үзіліп, үшінші қазандық жұмыс істемей қалды. Өте ескі жабдық, кезең-кезең бойынша қайта салып жатырмыз. Бұған дейін апат негізінен күл тазалау жүйесінде болатын, бұл жүйе қазандық істегеннен бері мүлде жаңартылмаған. Былтыр екінші және үшінші қазандықтың үстіңгі жылыту бөлігі жаңартылды, екі жыл бұрын бірінші қазандықтың сол бөлігі жаңартылды. Бірақ екі ай бұрын жоғарғы жағы тағы тамшылай бастады, — деді Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.
"Ғаббасов" қазандығы Семейдегі 66 көпқабатты тұрғын үй мен 138 жеке үй, сонымен бірге алты мектеп, колледж, екі аурухананы жылытады. Қазандықтағы апаттан кейін білім мекемелерінде оқу сағаттары қысқартылған. Ақау кешке қарай жойылды.
t.me/azattyq
2022 жылы әлемде кемінде 67 журналист опат болған, бұл —2021 жылмен салыстырғанда 50 пайыз көп және 2018 жылдан бері тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш
Журналистерді қорғау комитетінің баяндамасында осындай мәлімет айтылады.
CPJ мәліметінше, Украинада кәсіби міндетін атқару кезінде 15 журналист қаза болған. Есепке қарағанда, 13-і репортаж жүргізіп немесе жаңалықтарға ақпарат жинап жүрген кезде оққа ұшқан.
t.me/azattyq
Түркістан облысы Төле би ауданының соты белсенді Мұрат Байдәулетовті "ҚДТ және "Көше партиясы" қозғалыстарының қызметіне қатысты" деген айыппен бір жылға бостандығын шектеді, үш жылға дейін қоғамдық-cаяси қызметпен айналысуға тыйым салып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттеді.
Белсенді үкімге келіспейді.
Былтыр тамызда Мұрат Байдәулетовке 405-баптың 2-бөлімі ("Тыйым салынған ұйым қызметіне қатысу") бойынша айып тағылған. Айыптау актісіне сәйкес, белсенді 2021 жылы 30 желтоқсанда, 2022 жылы 24 қаңтарда және 2022 жылы 16 наурызда Facebook-тегі парақшасына бейнематериалдар жариялаған. Аталған видеоларға лингвистикалық сараптама жасалған.
t.me/azattyq