azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Соғысқа "Леопард" араласпақ. Немістің бұл танкісі несімен мықты?

Германия билігі Украинаға "Леопард 2" (Leopard 2) танкісін беруге және басқа елдерге де бұл танкіні Украинаға жеткізуге рұқсат берді. Бұл танкіні Украина билігі Германиядан бұрыннан сұрап келген еді. Бірақ Берлин "Леопард" танкісін Киевке ұзақ уақыт бергісі келмеді. Украина қызыққан бұл танк қаншалықты мықты? Түсіндіреміз.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей азаматтығын алған қырғыздар елден шыға алмай отыр

Мәскеуге жұмыс іздеп барып, ұзақ жылдан соң азаматтық алған қырғыздар Ресейден кете алмай жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Қырғызстанға қайтуға оқталған азаматтар Ресей шекарасынан өтерде «әскери борышты» екенін білген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" журналистерді қорғау ұйымы Қырғызстанда сөз бостандығы мен "Азаттык Медиаға" жасалып жатқан қысымды тоқтатуға шақырды.

Мәлімдеме авторлары мәдениет министрлігінің "Азаттықтың" қызметін тоқтату жөнінде сотқа арыздануы елдегі сөз бостандығына үлкен кедергі келтіретінін ескертті.

"Азаттық" сайтын бұғаттау, енді сот арқылы қуғындау, журналист-зерттеуші Болат Теміровті Ресейге депортациялау. Осының бәрі елдің қауіпті авторитаризмге бет алғанын көрсетеді. Бұған дейін Қырғызстан Орталық Азия елдері ішінде сөз еркіндігі бар ел ретінде қаралып келген еді. Біз "Азаттыққа" біртіндеп жасалып жатқан цензураны айыптаймыз, қырғыз билігін тәуелсіз БАҚ-ты қуғындауды тоқтатуға шақырамыз" деп мәлімдеді ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлім басшысы Жанна Кавелье.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстанда "ұрлық" бабы бойынша үстінен іс қозғалған айтыс ақыны Болат Назаров қамаудан босап шықты.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Шу облысы Мәскеу ауданының соты тараптардың мәмілеге келуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатқан.

Жәбірленушілер соттың бұған дейінгі отырыстарында Болот Назаровқа ешқандай шағымы жоғын бірнеше рет айтқан. Соған қарамастан күдікті шамамен үш ай қамауда отырды.

Бұның алдында мемлекеттік айыптаушы Назаровты 10 жылға соттауды сұраған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтарда азапталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов өзінің шағымы бойынша тергеудің тоқтатылғанын растамады. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметіне Рузахуновтың өзі хабарлады.

Викрам Рузахуновтың адвокаты Бақытбек Автандил да Азаттыққа тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады.

"Қазақстандағы адвокаттар Алматы облысы арнайы прокуратурасының тергеушілеріне хабарласып көрді. Олар істің тоқтатылмағанын айтты. Бұл дезинформация. Жуырда Викрам тергеуге қатысу үшін Алматыға баруға тиіс" деді заңгер.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинада із-түзсіз жоғалған британ еріктілері 28 жастағы Кристофер Пэрри және 48 жастағы Эндрю Бэгшоудың Украина шығысында қаза болғаны анықталды

Бұл ақпаратты Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі мен Кристофер Пэрридің жақындары растады. Соңғы рет еріктілерді жұрт 6 қаңтарда Соледар қаласы маңында көрген.

Пэрридің жақындары таратқан хабарламада екі еріктінің Соледардан жұртты эвакуациялауға көмектесіп жүрген кезде қаза болғаны жазылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Өзбекстан әуе жолдары" компаниясы меншігіндегі 37 ұшақтың төртеуін сатуға шығарды

Әуе компаниясы таратқан ресми мәліметке қарағанда, жекешелендіру бағдарламасы аясында 1999 жылғы екі Boeing 757 және 2003-2004 жылдардағы екі Boeing 767 ұшағы сатылады.

Қазір әуе компаниясының меншігінде 14 Airbus A320, 9 Boeing 767, 7 Boeing 787, 5 Airbus A321, 2 Boeing 757 бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинада жемқорлық дауынан соң бірнеше жоғары лауазымды шенеунік отставкаға кетті

Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко отставкаға кетті. Ол 24 қаңтарда өзінің Telegram-каналында жұмыстан босатылғаны жөнінде хабарлап, фотосурет жариялады. Бұған дейін Тимошенко General Motors компаниясының Украинаға гуманитарлық көмек ретінде берген көлікті жеке өзіне пайдаланды деп сынға қалған.

Тимошенкомен бөлек, бүгін 24 қаңтарда Украина қорғаныс министрінің орынбасары Вячеслав Шаповалов та отставкаға кетті. Украина әскерін тылда қамтамасыз етуге жауапты Шаповалов жауынгерлерге азық-түлікті жоғары бағамен сатып алғаны туралы зерттеуден кейін басы дауға қалған.

Министрлер кабинеті Сум, Запорожье, Херсон, Днепропетровскжәне Киев облыстарының әскери әкімшіліктер басшылығының да отставкасын мақұлдады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жамбыл облысы сотының апелляция алқасы Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 17 жастағы Андрей Опушиевтің үкімін өзгеріссіз қалдырды.

"Бұл іс бірінші сатыда дұрыс тұжырымдалған, сондықтан үкім өзгерген жоқ" деп хабарлады Азаттыққа Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан жасөспірімнің шешесі Олеся Опушиева апелляция алқасының қаулысына разы емес. Бірақ Қазақстанның Жоғарғы сотына шағымдану-шағымданбау жайын әлі шешпеген. Жабырқап отырғанын айтқан Олеся Опушиева "заңгерлермен кеңесемін" деді. Азаттық Опушиевтің адвокаты Жанар Қисықоваға хабарласа алмады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркия президенті Режеп Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруін қолдамайтынын мәлімдеді. Оның бұлай мәлімдеуіне Стокгольмдегі Түркияға қарсы наразылықтар себеп болған.

Өткен сенбіде ультраоңшыл Hard Line партиясының өкілі Расмус Палудан Түркияның Швециядағы елшілігі алдында Құран кітабын өртеген. Ол күрдттерді қолдайтынын, күрд ұйымдарын "террористер" деп қудалайтын Анкараға наразы екенін айтқан.

"Егер Швеция исламның жауы мен терроризм ұйымдарына жаны ашыса, өз елінің қауіпсіздігін соларға тапсырсын деп кеңес береміз" деді Ердоған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Соғыс басталғалы Украинада 12 200-ден астам Ресей азаматы қаза болған, оның 800-і – мобилизациямен шақыртылғандар.

Бұл туралы "Медиазона" басылымымен бірге өлгендер тізімін жасап жатқан BBC телеарнасы хабарлады.

Журналистер тізімді құрастырған кезде Ресей медиасы, жергілікті билік пен тұрғындар мәліметі сияқты ашық ақпарат көзі растаған деректерді пайдаланатынын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан халқына ма? Қаңтардан кейін құрылған қор және ондағы ашықтық мәселесі

Былтыр жалпыхалықтық мәртебеге ие "Қазақстан халқына" қоры құрылды. Билік Қаңтар оқиғасы кезіндегі наразылар талабына осылай жауап берді. Бір жыл ішінде ұйымға 131 млрд теңгеден көп ақша түсіп, оның 25 млрд теңгесі жұмсалған. Бірақ қоғамда қор жұмысына қатысты сұрақ көбейді: халық ақшаның қайда және қалай жұмсалып жатқанын білгісі келеді.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) медиакорпорациясының президенті Джейми Флай Қырғызстанда сотқа Азаттықтың Қырғыз қызметі – "Азаттык Медиа" сайтын жабу туралы шағым түсірілгеніне пікір білдірді

Флай Қырғызстандағы Азаттықтың жұмыс істеуі үшін корпорация барлық заңды жолды пайдаланатынын айтты.

"Азаттық радиосы мен оның тәуелсіз репортаждарына жалғасып жатқан заңсыз шабуылдарды мойындамаймыз. Қырғызстан билігі қандай шара қолданса да, біз қырғыз аудиториясына қызмет ете береміз" деді Флай.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Еңбек етіп, адал өмір сүріңіздер". Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адамға үкім шықты

23 қаңтарда Атырауда сот Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 27 адамды "кінәлі" деп таныды, дегенмен айыпталушының бәрін түрме жазасынан босатты. Қаңтар қырғынына байланысты елдегі ең ірі істердің бірі қалай аяқталды?

🔗Cілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркияда мыңдаған адам Швецияда Құран өртегеніне қарсы шықты

21 қаңтарда ультраоңшыл Hard Line партиясының өкілі дат Расмус Палудан Түркияның Швециядағы елшілігі алдында Құран өртеген. Кейін Түркияның бірнеше қаласында адамдар Швецияның туын өртеп, наразылыққа шықты. Стокгольмде Құранның өртелгенін бірнеше мұсылман мемлекеті айыптады. Жағдайдың жай-жапсарын түсіндіреміз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Батыс елдері Украинаға ондаған танк жіберуге келісті — AzatNEWS 250123

📌 АҚШ пен Еуропадағы бірнеше ел Украинаға ондаған танк жіберуге уағдаласты. Кремль "батыс танкілері отқа оранады" деп реакция білдірді. Украина президенті көмекті бұдан да күшейтуді сұрайды.

📌 Сенатқа сайланған отыз адам депутат төсбелгісін алды. Жоғарғы палатаға Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған бес адам қосылды. Жоғарғы соттың экс-төрағасы да сенатор болып тағайындалды.

📌 Алматы әкімдігі 8 наурызда әйелдер маршын өткізуге рұқсат бермеді. Шеруді ұйымдастырушы топ "билік бізден қаймығады" дейді. Әкімдік жауабы - "алаңдар бос емес".

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда 8 наурызда әйелдер шеруі мен митинг өткізуді жоспарлаған белсенділер жергілікті билік митинг өткізуге рұқсат бермегенін айтып отыр.

25 қаңтарда баспасөз жиынын өткізген олар бейбіт жиын өткізу құқығы бұзылғанын жеткізді.

Ұйымдастырушылардың бірі Татьяна Чернобиль белсенділер әкімдікке өтінішті 14 желтоқсанында жіберген. Бес күннен соң әкімдіктен жауап келген. Онда жергілікті 8 наурызда Алматыда "Еріктілер лигасының" үш митингісі мен бір шеруі болатынын, сол себепті белсенділер сұраған "орын бос болмайтынын" айтқан.

Бір қызығы, "Еріктілер лигасы" да өтінішті "14 желтоқсанда түсірген, белсенділер түсірген өтінішпен айырмасы 15 минут қана" дейді жиынды өткізушілер.

Татьяна Чернобильдің сөзіне қарағанда, қазір шеруді ұйымдастыру комитеті әкімдікті сотқа берген. Сотты күтіп отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский бұйрықты орындамаған әскери қызметкерлерге жазаны күшейтті

Жаңа заң бойынша, бұдан былай командирге бағынбаған, бұйрықты орындамаған, командирге қоқан-лоқы немесе күш көрсеткен, өз бетімен шайқас алаңын немесе әскери бөлімді тастап кеткен немесе әскерден қашқан жауынгерге сот аз немесе шартты жаза бере алмайды.

Командирге бағынбағандарға – 3-7 жыл аралығында түрме жазасы берілуі мүмкін. Құжатта әскерден қашқандарға - 5-12 жыл, әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткендерге 5-10 жыл түрме жазасы қарастырылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтарда оққа ұшқан ақтөбелік Русланбек Жұбаназаровтың өліміне қатысты іс қайта тергелмек

Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаров отбасының осы кезге дейін жәбірленуші деп танылмауын заңсыздық деп таныды. Тергеу сотының тиісті қаулысы 24 қаңтар күні шықты.

— Тергеу соты Жұбаназаровтардың шағымын ішінара қанағаттандырды. Сот облыс прокуроры мен оның бірінші орынбасарының әрекетін заңсыз деп таныды, — деп хабарлады Азаттыққа Ақтөбе облыстық соты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to protect journalists) Қазақстан билігін журналистерге жасалған шабуылды жан-жақты тергеуге үндеді.

Ұйым 24 қаңтар күнгі хабарламасында ресми Астананы кінәлілерді жауапқа тартуға және ақпарат құралдарының еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауға шақырған.

"Жуырда журналистерге жасалған екі шабуылға қатысты күдіктілерді тез анықтағаны үшін Қазақстан билігін мақтауға тұрарлық, алайда билік ақпарат құралдарына жасалған қорқыту амалдарын жан-жақты тергеуге күш салуы керек және оған тапсырыс берушілер жазалануға тиіс. Егер билік журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаса, "Жаңа Қазақстан" жайлы риторикасы бос сөз болып қала бермек" деді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бағдарламалары бойынша үйлестірушісі Гульноза Саид.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Германия Украинаға "Леопард" танкілерін беруге келісті

Бұл жөнінде Der Spiegel басылымы мен немістің N-tv телеарнасы хабарлады. Вашингтон да Киевке "Абрамс" танкілерін беру мәселесін қарастырып жатыр.

Германия ақпарат құралдарының мәліметінше, Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға "Леопард" танкілерінің соңғы үлгілерін жіберуді жөн көрген. Мәселе кемінде 14 техника жөнінде болып отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ішкі істер министрлігі адвокат Сержан Пралиевті Жамбыл облысында әскерде көз жұмған атыраулық сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты істе "жалған ақпаратты жария етті" деп айыптады

ІІМ "сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды" деп мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сарбаз өлімінің "құпиясы", Азаттыққа араша, Құранды өртеуге қарсылық — AzatNEWS

📌 Шекара қызметінің әскери бөліміндегі жауынгердің қазасына байланысты қозғалған іс бойынша адвокат тың дерек жария етті. Тергеу органы оны "этиканы бұзды" деп айыптады. ҰҚК не дейді?

📌 Қырғызстан билігі Азаттық радиосын жабу бойынша сотқа арыз түсірді. Ондаған медиа өкілдері шағымды қайтып алуға талап етіп, араша түсті. Азаттық айыпты мойындамай ма?

📌 Стокгольмде құран кітабын өртеу акциясы халықаралық дауға ұласты. Түркия президенті Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болатынын ескертті. Швеция билігі қандай мәлімдеме жасады?

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Ауғанстан әйелдеріне білім беру бағдарламасын жандандыруға дайын, бұл туралы дүйсенбідегі брифингіде сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

"Ауған билігі мен осы бағдарламаны қаржыландыратын Еуроодақ келісімге келді. Жақын уақытта бағдарлама жанданады" деді Смадияров. Бірақ ауған әйелдеріне бөлінген грант санын нақтылаған жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

AzattyqLIVE: Сайлау әділ өте ме?

Бүгін Азаттықтың Алматы студиясында сағат 15:00-де AzattyqLIVE тікелей эфирі өтеді. Биыл 19 наурызда болатын мәжіліс және мәслихат сайлауы, сайлау алдындағы билік уәделері мен әрекеттері талқыланады. Студияға сайлау бақылаушысы Арайлым Назарова мен жаңадан тіркелген «Байтақ» партиясының өкілі Кенже Өскенбай келеді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мобилизациядан кейін Қазақстанға қашқан Ресей ФСБ майоры Михаил Жилиннің әйелі Екатерина Жилина Францияға ұшып барып, пана сұрады.

Екатерина Жилина балаларымен Францияға Қазақстаннан 22 қаңтарда ұшып барған. Ол Қазақстан билігі күйеуін Ресейге экстрадициялағаннан кейін осындай қадамға барғанын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырауда сот "Дорожный контроль" ақпарат порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға жасалған шабуылға қатысты "бұзақылық" бабы бойынша істі қарауды бастады.

Іс бойынша 23 жастағы Әлібек Меллятов деген бұрын сотталмаған жергілікті тұрғын айыпталып отыр. Ол кінәсін түгел мойындап, сотта жәбірленуші Вертинскаядан кешірім сұрады. Бұдан бөлек, адвокатымен бірге процессуал келісімге келуге өтініш білдірді.

Бірақ Олеся Вертинская айыпталушы "шабуылға кім тапсырыс бергенін айтқан жағдайда ғана кешіретінін" мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Australian Open: Рыбакина жартылай финалға шықты. Бұл - Қазақстан үшін тарихи жетістік

Ол ширек финалда латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Рыбакина әлемдік рейтингте 22-орында тұр, осы жетістігінің арқасында ол алдағы аптада ТОП-15 теннисшінің қатарына енеді. Ал Остапенко қазір әлемнің 17-ракеткасы.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда Джессика Пегула (АҚШ)-Виктория Азаренко (Беларусь) матчының жеңімпазымен ойнайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Американың Калифорния штатының Монтерей-Парк қаласындағы атыстан кемі он адам мерт болып, тағы соншасы жараланған

72 жастағы күдікті азамат өз-өзіне қол салған.

Би студиясында болған атыстан қаза тапқандардың бесеуі – әйел, бесеуі – ер адам. Би инструкторларының сөзінше, қаза болғандар – 50-60 жас аралығындағы адамдар. Тағы кемі он адам жарақат алған, олардың жетеуі жергілікті ауруханада жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстан мәдениет министрлігі Азаттықтың Қырғыз қызметінің жұмысын тоқтатуды сұрап, сотқа шағымданды

Ақпарат министрлігінің шағымында сайт қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы видеоматериалды жоймағаны, ол әлеуметтік желіде таралып жатқаны айтылады. Министрліктің пайымдауынша, талапкердің бұл әрекеті соғысты, зорлық пен қатыгездікті насихаттауға, өзге ұлттарға қатысты ұлттық және діни төзімсіздікке жол жоқ екені айтылған әрі "Бұқаралық ақпарат туралы" заңға қайшы.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал