Бір топ белсенді Алматы қаласының прокуратурасына жиналып, бас прокурор Берік Асыловтың қызметінен кетуін талап етті
"Елдегі заңдылықтың сақталуын қадағалайтын органның басшысы Берік Асылов мұғалім Қалас Нұрпейісов пен журналист Әйгерім Тілеужанды "діни экстремистік ұйымдардың мүшелері" дегенін бәріміз естідік. Соты болмай, үкім шықпай тұрып екеуі жайлы мәжіліс қабырғасында, депутаттардың алдында айтқаны арқамызға аяздай батты. Бұл – прокурордың өзінің заңды өрескел бұзғаны, сол үшін оның қызметінен кетуін талап етеміз" деді прокуратура алдына барған журналист Думан Мұхаммедкәрім.
Жиналғандар осыдан үш күн бұрын, 20 қаңтарда "Бас прокурор Берік Асылов қызметінен кетсін" деген онлайн петиция жариялаған. Қазір оған 130-тан аса адам қол қойған, қалалық прокуратура алдына жиналғандар сол жерден де қол жинады.
t.me/azattyq
Алматыдағы McDonald’s мейрамханалары атауын көрсетпей, жұмысын қайта бастады
Бұл туралы Информбюро басылымы хабарлайды.
"2023 жылғы 23 қаңтарда Food Solutions KZ компаниясына қарайтын, бұған дейін McDonald’s брендімен шығып келген мейрамхана жұмысын қайта бастады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамхана желісі біртіндеп ашылмақ, алдымен Алматыда 5 мейрамхана ашылады" делінген компанияның ресми хабарламасында.
t.me/azattyq
Қазақстан мен Өзбекстан сотталғандарды өзара алмаса алатын болды
"Отбасы мүшелерімен, жақындарымен кездесіп тұрса, сотталған адамға оң ықпал ететіні сөзсіз. Сотталғандарды түзету мақсаты тек қана оны жазалау емес, сонымен бірге тәрбиелік ықпал ету, әлеуметтік байланыстарды сақтау. Шарт ережесіне тоқталсақ, сотталған адамды беру үшін, ең алдымен, оның келісімі қажет. Ол жазасын өз елінде өтейтіні туралы өтініш беруі тиіс" деді бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.
t.me/azattyq
Ресей мемлекеттік думасының жетекшісі Вячеслав Володин 22 қаңтарда таңертең Телеграм-арнасында Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару қолдануы мүмкін екенін айтып, Батыс елдерін "ғаламдық апат" және "қырып-жоюмен" қорқытты
Батыс елдері Украинаға қару-жарақ көлемін арттыратыны туралы мәлімдеме айтылған шақта осындай қоқан-лоқы жасалып отыр.
t.me/azattyq
Түркіменстанда парламенттің жоғарғы палатасы жойылып, бір палаталы парламент (Халық мәслихаты) құрылды
Мұндай шешім 21 қаңтарда түркімен парламентінің біріккен отырысында қабылданды. Бұл жөнінде елдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері хабарлады.
Бір палаталы парламентке экс-президент, қазіргі президенттің әкесі Гурбангулы Бердімұхамедов жетекшілік етеді. Ол бұрын да жоғарғы палатаны басқарған. Оның "ұлт көшбасшысы" деген мәртебесі бар.
t.me/azattyq
АҚШ сенаторлары Боб Менендес және Джим Риш Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа хат жолдап, елдегі сөз бостандығы ахуалына алаңдаушылық білдірді
Хат АҚШ сенатының халықаралық қатынас жөніндегі комитет сайтында жарияланды.
Хатта сенаторлар Қырғыз билігінің Азат Еуропа/Азаттықтың Қырғыз қызметінің банк шоты мен сайтын жабу туралы шешімін айыптаған.
Олардың айтуынша, Қырғызстан билігінің шешімі сөз еркіндігіне қатысты халықаралық нормалар мен Қырғызстан Конституциясына қайшы.
t.me/azattyq
Қаһарлы аязда жарық пен жылусыз қалған Орталық Азияда есте қалатын тағы бір қыс
Орталық Азияда кейінгі он бес жылдағы ең суық қыс аймақ тұрғындарын титықтатып, тіпті, Өзбекстан астанасы әкімін жұмыссыз қалдырды.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Australian Open: Рыбакина әлемнің №1 ракетасы Швентекті жеңіп, ширек финалға шықты
Рыбакина Мельбрунде өтіп жатқан Australian Open жарысының төртінші кезеңінде әлемнің бірінші ракеткасы, жарыс фавориті Ига Швентекті (Польша) жеңіп, ширек финалға шықты - 6:4, 6:4.
Матч бір жарым сағатқа созылды. Ойын алдында букмекерлік кеңселер Швентек жеңіске жетеді деп болжаған еді.
t.me/azattyq
Мәжіліс сайлауына жеті партия жіберілді, деп хабарлады сенбі күні орталық сайлау комиссиясы. Бұлар: Amanat, "Ақ жол", "Ауыл", "Байтақ", "ЖСДП", "Қазақстан халық партиясы" және Respublica.
ОСК-ның айтуынша, "Байтақ" партиясының Қазақстан облыстарында бөлімшелері жоқ болғандықтан олар тек Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы мәслихат сайлауына қатыса алады. Ал Respublica партиясының бөлімшелері болмағандықтан мәслихат сайлауына қатыспайды.
Сенбі күні әділет министрлігі тағы екі жаңа партия "Ел тағдыры" және "Ұрпақтар жалғастығы" ұйымдарының құжаттарын қарап жатқанын хабарлады. Егер олар 8 ақпанға дейін яғни, кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанға дейін тіркеліп үлгерсе, сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
t.me/azattyq
Ресей Қазақстанның федерализациясын көздей ме? Мәскеу "газ одағын" не үшін ұсынды?
Батыс басылымдары бұл аптада "Батыс Қазақстанға әлдеқашан көз тігіп қойған" Ресей қандай әрекетке баруы мүмкін деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Мәскеу Қазақстан және Өзбекстанмен газ одағын құру арқылы Батыс санкцияларын айналып өтуді көздей ме дегенді талдады. Одан бөлек Қаңтар оқиғасынан бері бір жыл өтсе де көп сұрақ жауапсыз қалып, азаптау істерін тергеу тоқтатылғанын жазды.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Ақсайдағы Қарашығанақ кен орнында KKS-Sicim жұмысшыларының 16 қаңтарда басталған ереуілі 20 қаңтар күні түстен кейін тоқтады.
Жұмысшылар басшылықтан жалақыны 50 пайызға өсіруді сұраған. Бұл талап орындалмаған.
Аты-жөнін айтпаған жұмысшылардың бірі жұма күні кешке жұмысшылардың барлығы тарап кеткенін жеткізді. Күндіз өнеркәсіп базасының аумағында шамамен жүз адам болған. Таңертең олар Азаттыққа видео жіберген. Онда алдыңғы күнге қарағанда жұмысшылар қарасы азайғаны байқалады.
t.me/azattyq
Путин жүрегіне операция жасатқан бұрынғы әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл жөнінде Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сүйенген ресейлік БАҚ хабарлады.
"Президент [Путин] Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Естуімізше, ол жүрегіне операция жасатқан. Біз, Мәскеудегілер оның тезірек жазып кетуіне тілектеспіз" деді Песков. Оның сөзінен "РИА Новости" үзінді келтіреді.
t.me/azattyq
Назарбаевтың жүрегі, Путиннің қоңырауы, Тоқаевқа хат — AzatNEWS
📌 Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасатқаны хабарланды. Алайда дәрігер "ота емес, әдеттегі ем-дом" деп отыр.
📌 Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті. Екеуара Назарбаевтың денсаулығын сөз етті ме, белгісіз. Бірақ Путиннің баспасөз хатшысы Ресей президентінің Назарбаевқа амандық тілейтінін мәлімдеді.
📌 Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған қаласында тұтас бір шаңырақтың оққа ұшып, қаза табуына байланысты сот басталды. Күдікті – жалғыз жауынгер.
📌 Шыңжаңда туыстарының саяси қуғын көріп, қамауда отырғанын айтып жүрген белсенділер президент Тоқаевтан көмек сұрап, тағы да хат жазды.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
"Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа операция жасалған жоқ, экс-президент жоспарлы процедурадан өтті".
20 қаңтарда журналистердің сұрақтарына жауап берген ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя осылай деп мәлімдеді.
"Бұл процедура былтыр жоспарланған еді. Біз оның қолы тимегендіктен оны қазір жасауды жөн көрдік" деді Юрий Пя.
Оның айтуынша, экс-президенттің жағдайы қалыпты.
t.me/azattyq
ЦРУ басшысы Уильям Бернс өткен аптада Киевке жасырын келіп, Украина президенті Владимир Зеленский және украин барлау қызметінің басшыларымен кездескен. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген The Washington Post басылымы жазды.
Басылым дереккөзінің айтуынша, Бернс Зеленскийге Ресейдің Украинада жоспарлап отырған әрекеттері туралы хабар берген.
t.me/azattyq
Қазақстанның қорғаныс министрлігі департаменттерінің бірінің жетекшісі жемқорлық жасады деген күдікке ілікті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сәйкес, қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған азамат, видеоконференция-байланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаны үшін орындаушыдан 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке іліккен.
t.me/azattyq
Елена Рыбакина мен Анастасия Павлюченкова жұбы Мельбрунде өтіп жатқан Australian Open жарысының үшінші кезеңінде жеңіліп қалды
Рыбакина мен Павлюченкова жұптары жапондық Уко Аояма мен Эна Шибахарамен кездесіп, 2:6, 6:7 есебімен қарсыластарына жол берген.
t.me/azattyq
"Алтыналмастың" Бестөбеден кетуі және ауылдың бұлыңғыр болашағы. Артында саясат бар ма?
Ақмола облысындағы Бестөбе ауылының тағдыры қыл үстінде тұр. Алтын өндіретін компания ауылдан кеткелі жатыр. Тұрғындар компанияның кенді ашық әдіспен өндіру жоспарына қарсы болған. Кәсіпорынға "шахталарды қалдырып, халықты жеп отырған нанынан айырмаңдар" деген талабын орындата алмаған тұрғындар қиын жағдайда қалды. Бұл мәселе биліктің де "бас ауруына" айналған.
🔗Cілтеме
t.me/azattyq
Ресей билігі кейінгі 22 жылда алғаш рет Жапония өкілдерімен Курил аралдарында балық аулау мәселесі бойынша кеңес жүргізуден бас тартты
Бұған екі ел арасындағы қарым-қатынастың азаюы себеп болған деп айтылады. Токио Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты Батыс елдерінің санкциясына қосылған.
Мәскеу Курил аралдарында бірігіп шаруашылық жүргізу мәселесін талқылаудан да бас тартқан.
t.me/azattyq
Түркия сыртқы істер министрлігі Швецияда демонстранттардың мұсылмандар киелі санайтын Құран кітабын өртегенін айыптады
Сенбі күні ультраоңшыл Hard Line партиясының өкілі Расмус Палудан Түркияның Швециядағы елшілігі алдында Құран өртеген. Reuters'дің жазуынша, билік рұқсат еткен акция кезінде жиналғандар Түркия билігінің Швециядағы сөз еркіндігін шектеу талпыныстарына қарсы шыққан.
t.me/azattyq
RT France арнасы (бұрын "Россия сегодня" деп аталған) банк шотының жабылуына байланысты жұмысын тоқтатады
Бұл жөнінде арнаның бас редакторы Ксения Федорова Твиттерде хабарлады.
"Телеарнаның банк шоты Франция экономика және қаржы министрлігіне қарасты қазына бас басқармасының талабымен бұғатталды. Арнамыз қызметін жалғастыра алмайды" деп жазды Федорова.
t.me/azattyq
Эстония, Латвия және Литваның қорғаныс министрлері Германия билігін Украинаға тез арада "Леопард" танкілерін беруге шақырды
"Бұл Ресей басқын шылығын тоқтату үшін, Украинаға көмектесіп, Еуропада бейбітшілік орнату үшін қажет" деді Латвия сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс Твиттерде.
t.me/azattyq
21 қаңтарда Алматыда зейнеттегі күштік құрылым өкілдері зейнетақының мардымсыз екенін айтып, "Алатау" дәстүрлі өнер театрына жиналды.
Жиынға әр жылдары ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ішкі істер органдарында, әскерде қызметте болған 100-ден аса зейнеткер қатысты. Олардың арасында өзге өңірлерден келгендер де болды.
Жиын даудан басталды. Зейнеткерлерді тыңдауға келген билік өкілдері (Алматы әкімдігі қызметкерлері, ішкі істер, қорғаныс, еңбек министрліктерінің өкілдері) микрофон алып, сөз бастаған сәтте залдағылар оларды тыңдамай, әуелі өздеріне сөз беруді талап етті. Билік өкілдері зейнеткерлердің айтқанына көнуге мәжбүр болды.
Үш сағатқа созылған жиында айтылған негізгі мәселе - күштік құрылым қызметкерлеріне базалық зейнетақының (зейнет жасына толған кез келген азаматқа мемлекет бюджетінен төленетін зейнатақы түрі) төленбеуі.
t.me/azattyq
"Үлкен жетілік" елдері, Еуроодақ және Австралия Ресейдің Украинаға басқыншылығына жауап ретінде Ресейден тасымалданатын мұнай өнімдеріне екі баға шегін қоюға келісті.
Бұған қоса, олар теңіз арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына белгіленген баға шегін қайта қарайды. Бұл жөнінде АҚШ қаржы министрлігі хабарлады.
Ведомство мәлімдемесіне сүйенсек, шектеудің бірі – үстеме ақымен саудаланатын дизель, бензин сияқты мұнай өнімдеріне қатысты. Екіншісі әдетте жеңілдікпен сатылатын мазут сияқты мұнай өнімдерін қамтиды. Аталған ел өкілдерінің айтуынша, мұндай әдіс бағаны нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді.
t.me/azattyq
Қырғызстан билігі "Весна" қозғалысының мүшесі, белсенді Тимофей Илюшинді елден кетуге мәжбүрледі. Бұл жөнінде "Настоящее время" арнасы хабарлады.
Ол Бішкекте екі акция өткізгісі келген: бірі Ресейдегі саяси тұтқындарды қолдауға арналған, екіншісі Ресейдің Украинадағы соғысын айыптау туралы. Бішкекте милиция тергеуі кезінде Илюшин өзін Қырғызстан аумағынан кетуге міндеттейтін құжатқа қол қоюға мәжбүр болған. Қазір белсенді Алматыда жүр.
t.me/azattyq
Ұлыбритания депутаттарынан құралған комиссия Қазақстан билігінен көңілі қалғанын айтты
Тіркелмеген «Демократиялық партия» жетекшісі Жанболат Мамайға қозғалған істі зерттеуші британдық комиссия мүшелері Қазақстан билігінің екіжақты кездесуден бас тартқанын және белсендінің өзімен кездесуге де тыйым салғанын мәлімдеді. 20 қаңтарда комиссия мүшелері Алматыда сапарын қорытындылап, жиын өткізді.
- Қазақстан - адам құқықтары жөніндегі түрлі халықаралық конвенцияларға, келісімшарттарға қол қойып, оны орындаймын деп мойындаған, көптеген демократиялық елдермен бірге қауымдастықтарға мүше ел. Сол үшін осында келіп отырмыз, - деді комиссия төрағасы лорд Кен Макдональд.
t.me/azattyq
2022 жылдың соңында Қазақстан босқын мәртебесін сұраған екі адамды депортациялады. Олардың бірі "Талибан" билігі орнаған Ауғанстаннан, екіншісі азаматтарын күштеп соғысқа жіберіп жатқан Ресейден қашып келген.
t.me/azattyq
АҚШ, ЕО және Ұлыбританияның Қазақстандағы елшіліктері елде журналистерге шабуылдың жиілегеніне алаңдаушылық білдіріп, ортақ мәлімдеме таратты.
"Соңғы кезде тәуелсіз журналистерге қарсы жасалып жатқан шабуылдарға алаңдаймыз, журналистерге өз қолдауымызды білдіреміз. Әрбір оқиға толық тергеліп, бұл құқықбұзушылықтарға кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек" деп жазылған 20 қаңтар күнгі мәлімдемеде.
Онда мәлімдеме авторлары президент Тоқаевтың шабуылдарды "толық тергеу жасау қажет деген мәлімдемесін де құптайтынын" жазған.
t.me/azattyq
Қаңтарда оққа ұшқан отбасының өліміне қатысты сот: әскери қызметкер оқ атқанын мойындағанымен, айыпқа келіспеді
50 жастағы Алтынай Етаеваға оқ атылғаны әлі дәлелденбеген. Оған қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Отбасының екі мүшесінің өліміне қатысты істе Алматы облысындағы 18 404 әскери бөлімінің қызметкері, қатардағы жауынгер Данияр Егембаев күдікті ретінде танылды. Оған "Билікті асыра пайдалану" (451-бап, 2-бөлім, 2-тармақ ) бойынша айып тағылған.
Тергеу материалдарына қарағанда, Данияр Егембаев Талдықорғандағы полиция пунктін күзетіп тұрғанда жүріп бара жатқан көлікке қарай 30 оқ атқан.
Жұма күнгі сотта Егембаев оқ атқанын мойындады. Бірақ өзіне тағылған айыпқа келіспейтінін айтты.
– Әдейі атқан жоқпын, тек дөңгелекке қарай аттым. Әдейі атсам, 30 оқ та адамдарға тиер еді ғой. Өзіме тағылған айыпты мойындамаймын , - деді күдікті сот отырысында.
t.me/azattyq
Алматы соты Қаңтар оқиғасына байланысты қамалған бұрынғы депутат Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімін тағы екі айға ұзартты. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Құдайбергеннің қамау мерзімін ұзарту туралы өтінішті тергеу органдары берген. Сот оны 21 наурызға дейін қамауда қалдыруды мақұлдаған.
Экс-депутаттың ұсталғаны былтыр 22 сәуірде белгілі болған. Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, Қаңтар оқиғасы кезінде Құдайберген қамауда отырған "жабайы Арман" деп аталып кеткен Арман Жұмагелдиевтің жанында болған, "Қазақстан" қонақүйіне адамдарды жинап, "жаппай тәртіпсіздікке қатысқан".
t.me/azattyq