Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатқанын хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне операция жасатты. Операция сәтті өтті. Бірінші президенттің өміріне қауіп жоқ. Қазір ол [дәрігерлер] бақылауында. Операция ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында белгілі кардиохирург Ю.Пяның жетекшілігімен өтті" деп жазды Үкібай.
20 қаңтарда мемлекеттік "Хабар" агенттігінің бұрынғы басшысы Александр Аксютиц Facebook парақшасында Назарбаевтың Астанадағы ауруханалардың біріне жатқызылғанын, дәрігерлер экс-президенттің жүрегін тексеріп жатқанын хабарлаған. Ізінше Qumash телеграм-арнасы экс-президенттің Астанадағы ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында екенін жазды.
Азаттық жұма күні орталыққа хабарласқан кезде олар "науқастар туралы ақпарат құпия екенін" айтып, жауап беруден бас тартқан.
t.me/azattyq
ОСК мәжіліс пен мәслихатты сайлау тәртібін жариялады
Қазақстанда мәжіліс пен мәслихатты сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 18 ақпанда Астана уақытымен сағат 18.00-де бітеді. Үгіт-насихат кезеңі 18 ақпан кешкі сағат 18:01-де басталып, 18 наурызда сағат 00-00 аяқталады.
t.me/azattyq
Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан отбасының өліміне байланысты сот басталды
Былтыр бір отбасы: Нұрболат Сейітқұлов пен Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қызы Нұрай қаңтардың 8-інде Талдықорған қаласында кешкі 9-дар шамасында жеке көлігімен кетіп бара жатқанда арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған. Талдықорғандағы әскери тергеу басқармасы оқ атқан әскерилердің ісінде қылмыстық сипат бар деп есептейтінін, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.
Адвокат Ринат Баймолданың айтуынша, Талдықорғанда әскери сот болмағандықтан сот процесі Алматы гарнизонында өтіп жатыр. Сот жұма күні сағат 10-да басталады деп хабарланған.
t.me/azattyq
Риддерде жылу электр орталығының меншік иелеріне қатысты тексеру жүріп жатыр.
Тергеу аяқталған соң жылу орталығы мемлекет меншігіне немесе инвесторға өтеді. Бұл туралы аймақ әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлады Информбюро сайты.
t.me/azattyq
Ақсайда ереуілдеткен жұмысшыларға Италиядан басшы келді. Ол да жалақыны көтере алмайтынын айтады
Қарашығанақ кен орнында KKS-Sicim компаниясы жұмысшыларының 16 қаңтарда басталған ереуілі әлі жалғасып жатыр. 19 қаңтарда Италиядан Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли ұшып келіп, жалақыны 50 пайызға өсіруді талап еткен жұмысшылармен кездесті.
Ереуілге шыққандардың сөзінше, Джузеппе Роделли де жалақы тек 20 пайыз көтерілетінін алға тартқан.
Жұмысшылар оған 20 пайыз туралы жауапты ереуіл басталғалы естіп келе жатқанын, мұнымен келіспейтінін жеткізген. Италиядан келген басшы кездесу кезінде "қалайда шешім табуға тырысатынын" айтып, жұмысшылардан өзін "қазақ" ретінде қабылдап, сенім артуды сұраған.
t.me/azattyq
Германия Ресейдің энергия тасымалдаушыларына тәуелділіктен құтылды
BBC-ге берген сұхбатында Германия қаржы министрі Кристиан Линднер осылай деп мәлімдеді.
"Әрине, Германия энергия тасымалдаушыларына әлі де тәуелді, алайда қазір ол Ресей импорты емес, халықаралық нарыққа тәуелді" деді Линднер.
Министрдің айтуынша, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Германия тасымалдауды әртараптандыра алған. Берлин бұған қоса, көмір жағатын электр станцияларының жұмысын жандандырып, қалған үш АЭС-ті жабу жоспарын кейінге шегерген.
t.me/azattyq
⚡Тоқаев мәжіліс пен мәслихатты таратып, кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі
Читать полностью…Туыстарын іздеген қазақтарды Қытай елшісі қабылдамады
Туыстарының Шыңжаңда саяси лагерьге қамалып, заңсыз қудаланып жатқан айтып жүрген алты адам бүгін Қытайдың Астанадағы елшілігіне барып, елшінің қабылдауын талап етті. Елші шықпады, арыз-шағымдарын тыңдамады.
t.me/azattyq
Тоқаев мәжіліс пен мәслихатты тарату бойынша кеңес өткізді
Ақорданың хабарлауынша, оған мәжіліс және сенат спикерлері, сонымен бірге премьер-министр қатысқан. Айтылған ұсыныстарды ескере отырып шешім қабылданады деп жазды.
t.me/azattyq
Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдаған депутат Азамат Әбілдаев "Ақ жолдан" шығарылды
Бұл жөнінде 19 қаңтарда партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні партияның ұлттық кеңес пленумы өтіп, Әбілдаевтың "журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілген".
"Ұлттық кеңес мүшелері Азамат Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұрғанына баса назар аударды" деп жазылған партия хабарламасында.
t.me/azattyq
Қазақ тілі туралы айтып, дауға қалған кәсіпкер Мухоряповқа қозғалған іс тоқтатылды
Бұл жөнінде Алматы прокуратурасына сүйенген Tengrinews агенттігі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, Алматы полиция департаменті Рамиль Мухоряповтың айтқанына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, оның сөзінде әлеуметтік, ұлттық, тектік алауыздық қоздыру белгілері бар-жоғын тексерген. Полиция "қылмыс құрамы болмағандықтан" істі тоқтатқан.
Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев прокуратура процессуалдық шешіммен келіскенін хабарлады.
t.me/azattyq
Журналист Вадим Борейко белгісіз біреулер үйінің есігін "желімдеп", подъезінің есігін "бояп" кеткенін кеткенін хабарлады
Журналистің сөзіне қарағанда оқиға түнгі сағат 3-те болған. Борейконың көршілері оны үш адам істегенін байқап қалған. Олар қашып кеткен.
"Желімде жанғыш заттың иісі бар. Есікті бітеп, сосын өртегісі келген болуы мүмкін. 102-ге хабарластым. Журналист екенімді, оқиғаны кәсіби қызметіммен байланыстыратынымды айттым. Хабарламаны қабылдап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізгенін айтты" деп жазды журналист түнде.
t.me/azattyq
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің тергеушілері "Кемпірабад ісі" бойынша материалдарға "құпия" белгісін басты
Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне экс-депутат Орозайым Нарматованың адвокаты Гуляна Убалиева хабарлады.
Заңгердің пікірінше, құпия мөрін басу туралы шешімге ешқандай негіз жоқ, мұндай әрекет істегі азаматтардың ғана емес, адвокаттардың да құқықтарын бұзады.
t.me/azattyq
Украинадағы апат, Астанадағы наразылық — AzatNEWS 180123
📌 Украина астанасы Киевте тікұшақ балабақша маңына құлап, 16 адам қаза тапты. Олардың үшеуі бүлдіршін. Мерт болғандар арасында елдің ішкі істер министрі де бар.
📌 Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап еткен бірнеше адам Астандағы Қытай елшілігі алдында наразылық білдірді. Қытай елшісі оларды қабылдамады, арыз-шағымын тыңдамады.
📌 Қазақстанның бас прокуратурасы былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кеткендер туралы факт жоқ деп мәлімдеді. Алайда Алматыда кемі екі адамды туыстары бір жылдан бері таба алмай жүр. Оның біреуін 6 қаңтарда полиция ұстап әкеткен.
📌 Қазақстандық Ұлысмедиа сайтына кибер шабуыл жасалды. Бас редактор биліктен күдіктенеді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ulysmedia.kz сайты бұзылып, алғашқы бетіне бас редактор Самал Ибраеваның жеке деректері жарияланып кетті. Бұл жөнінде Самал Ибраева хабарлады.
Жарияланған мәліметтер арасында Самал Ибраева мен оның отбасының құжаттары, суреттері бар. Сәлден соң сайт жабылды.
Сайттың бас редакторы Самал Ибраева ақпарат құралдарына таратқан ресми мәлімдемесінде "мұны кім істеген болуы мүмкін" деген сұраққа жауап іздейді. Оның айтуынша, мұндай қоқан-лоқы, шабуылдар былтырдан бері жалғасып келе жатыр. Ол Азаттыққа берген сұхбатында оқиғаны сайтта шыққан материалдармен байланыстырды.
t.me/azattyq
Назарбаевты аластап, Тоқаевты мадақтаған мәжіліс
Қазақстан Конституциясына былтыр енгізілген өзгертулерден кейін тарайтыны белгілі болған жетінші шақырылған мәжіліс ақыры жұмысын тоқтатты. Бұл мәжілістің саяси келбеті қандай болды?
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open жарысының үшінші кезеңінде америкалық Даниела Коллинсті жеңіп, төртінші айналымға шықты - 6:2, 5:7, 6:2.
Рыбакина (әлемдік рейтингіде 25-орында) мен Коллинс (11) матчы екі сағаттан сәл асты. Коллинс былтыр осы жарыстың финалында ойнаған.
Қазақстан теннисшісі төртінші раундта әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек (Польша) пен испаниялық Кристина Букша (100) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
t.me/azattyq
Қарақалпақстанда кейінгі бірнеше аптада рейд жүріп, іздеуде болған 132 адам тергеу органдарына тапсырылды. Бұл туралы "ӨзА" ақпарат агенттігі Қарақалпақстан ішкі істер министрі Бақтияр Төребековке сілтеме жасай отырып хабарлады.
"Тазалау-антитеррор" деп аталатын рейд барысында Қарақалпақстанда 18 200 нысан мен 89 мың үй тексерілген. Тексеруге "қоғамдық белсенділер де қатысқаны" айтылды.
Бұған қоса, түсіндіру жұмысынан соң жергілікті тұрғындар 344 дана аңшы мылтығы мен 170 дана оқ-дәріні құқық қорғау органдарына өз еркімен тапсырған. Із-түзсіз жоғалды деп есептелген 12 адам үйге қайтарылған.
t.me/azattyq
Иран Украинаның Қырым мен тағы төрт өңірінің аннексияланғанын мойындамайды, деп мәлімдеді Иран сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдоллахиян TRT World түрік телеарнасына берген сұқбатында.
"Біз мемлекет егемендігі мен аумағының тұтастығын халықаралық заңдар бойынша танимыз. Тегеран мен Мәскеу қарым-қатынасы жақсы екеніне қарамастан, Қырымның, Луганск мен Донецк облыстарының Украинадан бөлінуін мойындамадық", – деп мәлімдеді Абдоллахиян.
t.me/azattyq
Депутатты аластау, парламенттің тарауы, журналиске қысым — AzatNEWS 190123
📌 Қазақстан президенті парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарды таратты. Кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді. Парламентте екі жыл отырған жетінші шақырылым несімен есте қалды?
📌 "Ақ жол" партиясы Ресей президентін және Украинадағы соғысты қолдайтын мүшесін қатардан шығарды. Ұйым "депутат Азамат Әбілдаевтың пікірі біздің ұстанымға қайшы" дейді.
📌 Журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне әлдекімдер желім жағып кеткен. Ол мұны кәсіби қызметімен байланыстырады. Журналист құғын қорғаушылар тәуелсіз тілшілерге қысым күшейгенін айтады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
NYT: АҚШ Украинаға Қырымға соққы жасау бойынша көмектесу жағын қарастырып жатыр
Газеттің жазуынша, Ресей басқыншылығы басталғалы бері әкімшілік өкілдері қақтығыс ушығып кетпес үшін Киевке түбекке соққы жасайтын қару беруден бас тартқан.
Енді басылым мәліметінше, Байден әкімшілігі украин шенеуніктерімен мәселені талқылағаннан кейін Киевке мұндай қарулар керек екеніне көзі жете бастаған тәрізді.
t.me/azattyq
Атырау қалалық №2 сотында Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған Ерлан Дәулетияровқа қатысты сот үкімі шықты
Оның ісі Қаңтар бойынша айыпталған 27 адамның сотынан бөлек қаралған. Сот прокуратурамен процестік келісім жасасқан Дәулетияровқа бір жыл шартты жаза берді.
Ерлан Дәулетияров «жаппай тәртіпсіздікке қатысты», «билік өкіліне күш қолданды» деп айыпталған. Іс материалдарында оның "полиция қызметкерін" ұрғаны айтылады. Сотта Дәулетияров тағылған айыптарды мойындап, процестік келісім жасауды сұраған. Сотқа жәбірленуші ретінде қатысқан полицей де, прокурор да қарсылық білдірмеген.
t.me/azattyq
"Ханституциялар". Орталық Азия басшылары ата заңдарын қалай түрлендірді?
Түркіменстанның бұрынғы президенті әрі көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов екі жыл бұрын құрылған қоспалаталы парламенттің бір палатасын таратып, екіншісін ықпалды кеңеске айналдыруды ұсынды. Бұл – елдегі бүкіл билікті өз қолына шоғырландыруға тырысатын Орталық Азия басшылары арасында жиі кездесетін құбылыс.
🔗Cілтеме
t.me/azattyq
Партия құрамынан шығарылған Азамат Әбілдаев Азаттыққа шешіммен келісетінін айтты
"Партияның шешімі дұрыс. Партия деген партия ғой. Ұлттық кеңес. Ол жерде 40 мүшесі бар. Ертең сайлау келе жатыр. Менің бір сөзім үшін партияны "подставить етпеймін" ғой. Мен олармен келісемін. Дұрыс жасады. Менен интервью алған қызға да ренішім жоқ. Маған қарсы дауыс беріп, партбилет алғандарға да, ешкімге ешқандай ренішім жоқ. Бір нәрсені түсінуіміз керек: ұлтшыл-патриоттар деп Украина сияқты болып кетпесек болды. Басқа ештеңе демеймін" деді Азамат Әбілдаев.
t.me/azattyq
Таңертең сағат жетіде Риддердегі жылу электр орталығының от жағу цехынан өрт шықты
Бұл жөнінде жылу электр орталығы мекемесінің басшылары хабарлады. Өртке не себеп болғаны айтылмайды. Тұрғындар үйлердің "бірден суып кеткенін" айтты.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан қысқа видео да тарады.
Азаттық тілдескен қала тұрғыны “үйінің бірден суығанан” айтты.
Жылу электр орталығының директоры сағат тоғызда “өрт сөндірілгенін” хабарлады.
t.me/azattyq
Жилинді Мәскеуге, ауғанды "Талибанға". Қазақстан босқындарды қайтарып, кімге жалтақтап отыр?
2022 жылдың соңында Қазақстан босқын мәртебесін сұраған екі адамды депортациялады. Олардың бірі "Талибан" билігі орнаған Ауғанстаннан, екіншісі азаматтарын күштеп соғысқа жіберіп жатқан Ресейден қашып келген. Қазақстан пана іздеген адамдарға неге босқын мәртебесін бермейді?
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Әділет министрлігі Respublica атты саяси партияны тіркеді
Былтыр жазда бірнеше жергілікті кәсіпкер мен блогер партия құратынын мәлімдеген. Алғашқы мәлімдемелерінің бірінде аталған топ өкілдері қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдайтынын айтқан.
Жаңа партияның құрылғаны туралы хабарлама 18 қаңтарда кешке министрлік сайтында жарияланды.
Жаңа партияның төрағасы Айдарбек Қожаназаров Фейсбуктағы парақшасында тіркеу құжаттарын алғанын хабарлады.
t.me/azattyq
"Ақ жол" партиясы Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдаған депутат Азамат Әбілдаевтың мәселесін 19 қаңтарда арнайы кеңесте қарамақ
Бұл туралы "Ақ жол" лидері Азат Перуашев 18 қаңтарда телеграмм каналында жазды.
Әбілдаев Азаттыққа берген сұхбатында Ресейдің Украинаға ашқан соғысын "арнайы операция" деп атап, Ресейдің басқыншылығын қолдап, Украинаны "нацистер басқарып отыр" деген.
t.me/azattyq
Әскери сот малшы Қырықбаевты атты деп сотталған әскери Злуняевтің үкімін өзгертпеді
Алматы әскери соты былтыр 16 қарашада «Қаңтар оқиғасы күндері Талдықорған қаласындағы әскери бөлім маңында мал бағып жүрген 24 жастағы Ерназар Қырықбаевты атты» деп, алты жылға түрме жазасын кескен.
Мәжіліс депутаты Ресейдің Украинаға басқыншылығы мен Путинді қолдайды
Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттыққа сұхбаты кезінде Ресей-Украина соғысында Мәскеуді қолдайтынын айтты. Оның сөзі НАТО мен Украинаны айыптай сөйлейтін ресейшіл пропагандамен үндес шықты.
t.me/azattyq