azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Астана маңында парашюттен секіру кезінде сарбаз қаза болды

Бұл жөнінде қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Тексеру тағайындалды" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сарбаз 2022 жылы көктемде әскерге шақырылған. Командирлері мен әріптестері марқұмды жақсы жағынан сипаттайды. "Қызмет барысында әскери істі меңгеруге ынта білдірген".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Германияның мұнай-газ өндіруші Wintershall Dea концерні Ресей нарығынан кететінін мәлімдеді

"Ресейде бизнесті жалғастыру ақылға қонымды шаруа деп ойлаймаймыз. Басқыншылық құндылықтарымызға сәйкес келмейді. Ол Еуропа пен Ресей ынтымақтастығына селкеу түсірді" деді компанияның бас директоры Марио Мерен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура Әблязов экстрадициясы жөнінде: Беру-бермеу мәселесін Францияның өзі шешеді

Қазақстан мен Франция арасында қылмыстық істерді бірігіп зерттеу бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылып жатыр. Мәжілісте ратификацияланған келісімде сотталушыны беру және экстрадициялау қарастырылмаған.

"Мәжіліс қабылдаған бірінші келісім тергеу жүргізу кезіндегі құқықтық көмекті қарастырады. [Сотталушыны] экстрадициялауды қарастыратын келісімдер де бар" деді бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Оның сөзінше, ресми Астана мен Париж қол қойған келісімде тергеу, тінту жүргізу мәселелері қарастырылған.

"Әблязов экстрадициясына келсек, кезінде сауал жолдағанбыз. Оны беру-бермеу мәселесін Францияның өзі шешеді" деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда үш айға пияз экспорттауға тыйым салынды

Ондағы мақсат елден жаппай пияз тасуды тоқтату және оның бағасын тұрақтандыру, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі. Мұндай шешімді сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған.

"Үшінші елдердің Қазақстан пиязына деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі - Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз қымбатшылығын туғызды" деп жазылған ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

❗ҚАҢТАРДАН СОҢҒЫ ЖАҢАӨЗЕН

238 адам қаза тауып, мыңдаған азамат жараланған Қаңтар оқиғасы Жаңаөзен қаласынан басталды. Газдың қымбаттауына қарсы шыққан қала тұрғындарын Қазақстанның барлық өңірі қолдап, соңы дүрбелеңге ұласты. Азаттық Жаңаөзенеге 1 жылдан соң қайта барып, тұрғындармен сөйлесті.

Арнайы репортажды Азаттық сайтынан, Youtube пен Facebook парақтарымыздан көріңіздер.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ-тың әскери базасында украин әскері жаттығуға кірісті

Украина қарулы күштерінің жүз шақты өкілі АҚШ-тың Оклахома штатындағы Форт Стилл әскери базасына барды. Олар әуе шабуылынан қорғайтын Patriot зымыран кешенін пайдалануды үйренеді.

"Әскери қызметкерлер Форт Стиллға келіп, жаттығуға кірісті. Жаттығу бірнеше айға созылады" деп хабарлады 17 қаңтарда Пентагон баспасөз хатшысы Пэт Райдер.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тозған "Шаңырақ". Риддердегі жалғыз қазақ мектебі қаусап тұр. Әкімдік мектеп салуға асығар емес

"Шаңырақ" – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы 16 мектептің ішінде жалғыз қазақ мектебі. Оқушылар бөлек-бөлек орналасқан ескі екі ғимаратта оқиды. Екі ғимараттың да ескіргені сырт көзге бірден байқалады. Ағаш терезелердің жақтауы қопарылып, көгеріп, астыңғы жағы дым тартып кеткен. Қызметкерлер мен ата-аналар ескі ғимараттардың төбесі опырылып түсе ме деп қауіптенеді. Ал облыстық білім басқармасы "Шаңыраққа" жаңа ғимарат салынбайтынын айтады.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Германияның Лютцерат елдімекенінде бірқатар белсенді ұсталды, арасында швед экобелсендісі Грета Тунберг те бар

Тунберг жақтастарымен бірге көмір шахтасын ұлғайту үшін аталған елдімекенді көшіруге наразы болған. Ақпарат құралдарының жазуынша, елдімекен мен карьер RWE компаниясына тиесілі.

Грета Тунберг наразылыққа 16 қаңтарда қосылған. Өткен аптада көп күндік акцияны полицияның таратуға тырысқаны хабарланған еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе соты "қаржы пирамидасын құрып, 800-ге жуық тұрғынға 4 млрд теңгеден астам залал келтірді" деп айыпталған алты азаматты бас бостандығынан айырды

Сот "ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік етті" деп күдікке ілінген Дархан Аймағамбетовті 10 жылға түрме жазасына кесті. Аймағамбетов 2019 жылы қарашада "Выгодный депозит" серіктестігін құрып, Қазақстанның батысындағы үш облыста 2020 жылдың ақпан айына дейін жұмыс істеген.

Тергеу Дархан Аймағамбетовті Қылмыстық кодекстің "Қаржылық пирамида құру және басқару", "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару я қатысу" бабымен айыптаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасында Қызылорда қаласында қаза болған Ұлттық ұлан қызметкері Мадияр Қайсаровтың өліміне кінәлі деп танылып, 17 жылға сотталған 34 жастағы Қазыбек Құдайбергенов тергеу абақтысында өзін жаралаған

Әйелі Іңкәрім Сұлтанованың айтуынша, оқиға 11 қаңтарда болған.

Сейсенбі, 17 қаңтарда Азаттық тілшісі телефонмен сөйлескен Қызылорда қаласындағы 68-тергеу изоляторының бастығы Қайырбек Ілиясов тұтқын Құдайбергеновтың жағдайы қалыпты, денсаулығына қауіп жоқ деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

27 жастағы қазақстандық Мадина Каттер Украинада оқ өткізбейтін кеудеше өндіріп, 10 айдан бері ерікті ретінде жұмыс істеп жүр. Ол осы үшін Германиядағы жұмысын тастап келгенін айтады. Мадина Киевтегі жаңа ісіне оннан астам адамды жұмылдырғанын айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

❗ҚАҢТАРДАН СОҢҒЫ ЖАҢАӨЗЕН

238 адам қаза тауып, мыңдаған азамат жараланған Қаңтар оқиғасы Жаңаөзен қаласынан басталды. Газдың қымбаттауына қарсы шыққан қала тұрғындарын Қазақстанның барлық өңірі қолдап, соңы дүрбелеңге ұласты. Азаттық Жаңаөзенеге 1 жылдан соң қайта барып, тұрғындармен сөйлесті.

Арнайы репортажды ертең, 18 қаңтар 12:00-де Азаттық сайтынан, Youtube пен Facebook парақтарымыздан көріңіздер.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Соғыс жақын арада аяқтала ма? Ресей ұзақ соғысқа дайын ба? Америкалық сарапшылармен сұхбат

Биыл соғыс ұзаққа созылып, қос тарап тағы да тең түсе ме? Украинамен ұзақ текетіресте Ресейдің жеңіске мүмкіндігі бар ма? Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қарап, Украинадағы соғыс барысын болжауға бола ма? Азаттықтың Орыс қызметі (Радио Свобода) бұл сауалдарды америкалық сарапшылар – Индиана университетінің экономисі Михаил Алексеевпен және Сетон-Холл университетінің тарихшысы Натаниэл Найтпен талқылады.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тонау, зорлау, қинау. Украинада өлген жалдамалылардың бұрын Ресейде жасаған қылмысы

2022 жылдың күзінде "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясы Украинадағы соғысқа Ресейдің Ростов облысындағы түзеу мекемелерінен кемінде үш мың адамды жалдамалы ретінде тартты. Кейін сондай "еріктілердің" майданда қаза тапқаны туралы хабар жиі келе бастады. Азаттықтың Кавказ қызметі – Кавказ.Реалии сайты соғыста ажал құшқан сол адамдардың бұған дейін Ресейде қандай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын анықтап көрген еді.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өскеменде Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан үш азамат – Қуаныш Қабылқанов, Жолжарық Есенжолұлы, Айдос Алдашовты атқан адамдар анықталмай, қылмыстық іс доғарылды

Ал азаптау бойынша түскен шағымдар "қысқартылды". Бұл жөнінде Азаттыққа ШҚО прокуратурасынан хабарлады.

"Үш адамның қаза болу фактісі бойынша құқық бұзушылық жасаған адамдар анықталмады, тергеу мерзімдері үзілді. Тергеуді облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері жүргізді" деп жазылған ШҚО прокуратурасының Азаттыққа берген ресми жауабында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтарда жоғалған кемінде екі адамды туыстары іздеп жүр. Ал бас прокуратура "ешкім жоғалмағанын" айтады

"Қаңтар оқиғасында 238 адам қаза болды. Оқиғаға қатысты 5 300 қылмыстық іс қозғалды. Алайда қылмыстық істер аясында адамдардың хабар-ошарсыз кету фактілері тіркелмеген" деп жазылған бас прокуратураның Азаттыққа жолдаған ресми жауабында.

Алайда Бөгенбай Қанатбаев былтыр 6 қаңтарда Алматыда жоғалған інісі Мақсет Қанатбаевты әлі таппаған. Айтуынша, бір жыл өтсе де інісі туралы еш дерек анықтамаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Киев облысында балабақша маңына тікұшақ құлады. Украина ішкі істер министрлігінің басшылары опат болды

Украина телеграм-арналары ұлттық полиция жетекшісі Игорь Клеменкоға сүйене отырып, тікұшақта ішкі істер министрін есептегенде барлығы 9 адам болғанын хабарлады. Украина ішкі істер министрі Денис Монастырский мен бірінші орынбасары Евгений Енин қаза болған.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, 18 адам қаза болған, екеуі – бала. 22 адам ауруханаға жеткізілген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қазақтың шері айтылуы керек". Көрермен "9 грамм" пьесасынан Алтынбек Сәрсенбайұлының образын көрді

16 қаңтарда Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жас актерлер ақын Бақыт Беделханның "9 грамм" пьессасын сахналады. Автор бұл шығармасын "тағдырын 9 грамм қорғасын қиған Алаш арыстарына арнадым" дейді. Бірақ көрермен қойылымды "Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы спектакль" деп қабылдады.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

17 қаңтарда Германияның Лютцерат елдімекенінде бірқатар белсенді ұсталды, арасында швед экобелсендісі Грета Тунберг те бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) кәсіпорнында газ құбыры опырылып түсті, зардап шеккендер жоқ

Бұл жөнінде АМТ баспасөз қызметі хабарлады.

"18 қаңтарда таңғы сағат 6:10-да тікелей коксты газ құбыры опырылып түсті" деп жазылған компанияның ресми сайтында. 20 метр аумақ зақым көрген. Оқиға себептері анықталып жатыр, деді компания өкілдері.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Туыстары Шыңжаңда қамалған 6 адам сәрсенбі күні Қытайдың Астанадағы елшілігіне барды. Олардың арасында Байболат Күнболатұлы, Ақиқат Қалиолла бар.

"Туыс-туғандарымызды іздеп келдік. Бізді елшіліктің ақымақ қылғанына көп уақыт болды. Отбасымызды жіберсін. Бізге жауап берсін. Отбасымыз қайда? Менің шешем қайда? Менің екі інім қайда? Дереу бізге жауап берсін! Елші шық! Консулдық алдында акция жасағанымызға 700-ден астам күн болды. Әлі күнге дейін жауап бермеді" деді Ақиқат Қалиолла Азаттық тілшісіне.

Елшілік маңында көп полиция қызметкері жүрді. Жақын маңға екі газель, бір үлкен автобус қойылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

2022 жылы Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдіктер арасында ресейліктер бірінші орынға шыққан, деп жазды РБК басылымы

Рекордтық көрсеткіштің тіркелуіне Түркия азаматтығы немесе ықтиярхат алғысы келгендердің көп болуы түрткі болған.

Бір жыл ішінде ресейліктер Түркиядан 16 300 үй немесе пәтер сатып алған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен үш есе артық және кейінгі алты жылда сатып алынған мүліктер санынан жүз нысанға көп.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

17 қаңтарда Алматының Алмалы аудандық сотында Қаңтар оқиғасынан кейін полиция үйінен әкетіп, қамауда азапталып өлген Жасұлан Анафияевтың ісі бойынша сот басталды

Бұл іс бойынша уақытша қамау изоляторының жеті қызметкері – Аян Елубеков, Махамбет Шынжырбаев, Нұрлан Торыбаев, Ардақ Әзімбеков, Арнат Мирадилов, Бейбіт Жақыпбаев пен Закир Ибрагимов сотқа айыпталушы ретінде қатысып отыр.

Оларға Қылмыстық кодекстің "Азаптау" (146-шы) бабының үшінші тармағы бойынша, яғни "жәбiрленушiні абайсызда өлтіріп алған" деген айып тағылған. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға бес жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жауапқа тартылып жатқан полицейлер өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы: "Азаптау" ісі бойынша екі полицей 3 жылға сотталды, біреуінің бас бостандығы шектелді

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 қылмыстық соты Қаңтар оқиғасынан соң азапталдым деген Тимур Радченконың шағымын қарап, полицейлер Бақыт Хамит, Арнат Бимурзаев және Дәулет Қалымбайға үкім шығарды. Бұл туралы процесті қадағалаған құқық қорғаушы Бахытжан Төреғожина Facebook парақшасында хабарлады.

Судья Роман Селицкий Хамит пен Бимурзаевты "Азаптау" бабымен айыпты деп тауып, үш жылға соттады. Олар жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс. Ал Қалымбайдың "қызметіне салғырт қарады" деген айыппен бір жарым жылға бас бостандығы шектелді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ереуіл тоқтамады. Талап "орынсыз" ба? — AzatNEWS 170123

📌 Батыс Қазақстан облысында айлықты 50 пайыз көтеруді талап еткен жұмысшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр. Әкім олардың талабын орынсыз деп санайды.

📌 Киевте қазақстандық қыз тұрғындарға құрыш сауыт тігіп, көмектесіп жүр. Ол басқыншы орыс билігі Қазақстанға да қауіп төндіретінін айтады. Оның күдігін Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі кеңестің хатшысы да қуаттайды.

📌 Украина неміс танкілерін күтіп отыр. "Лоепарды" бар елдер Германиядан рұқсат сұрайды. Ал Ресей билігі әскер санын көбейтіп, қорғаныс саласын реформалайтынын мәлімдеді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Риддердегі жалғыз қазақ мектебі «Пионерлер үйін» паналап отыр

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 16 мектептің ішінде жалғыз қазақ мектебі бар. Онда оқушылар Совет кезінде «Пионерлер үйі» болған ескі ғимаратта білім алады. Мекеменің тозығы жеткен. Ата-ана мен мұғалімдердің жаңа мектепке көшіру өтініші жылдар бойы орындалмай келеді

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Сенаттың ішінара жаңарғаны елде өзгеріс болатынын білдірмейді"

14 қаңтардағы сайлау нәтижесінде сенатқа елдің 17 облысынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 20 депутат сайланды, оның төртеуі бұған дейін де депутат болған. Былтыр қарашада басталған сенат сайлауы науқаны барысында 130 үміткер ұсынылған, олардың арасында бірен-саран азаматтық белсенділер де өзін өзі ұсынуға талпынып көрген, бірақ тіркеле алмады.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БҚО әкімі: KKS-Sicim жұмысшыларының жалақыны көбейту жайлы талабы орынсыз

– Талаптары орынсыз деп ойлаймын. Себебі олардың ұжымдық келісімшарты бар, оның сыртында әрбір жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалған жеке келісімшарт бар. Сондықтан сол келісімшарттарда қаралған екіжақты міндеттемелерде жалақыны 50 пайыз немесе 100 пайыз көтеру деген жоқ. Келісімшартта 20 пайыз деген ғана бар. Сондықтан да (талаптары) орынсыз, – деді Нариман Төреғалиев.

БҚО әкімінің сөзінше, мекемеде орташа жалақы 280 мың теңге, «ең жоғарғы жалақы 800 мыңға дейін барады».

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинада соғыс басталғалы бері қаза тапқаны анықталған бейбіт тұрғын саны жеті мыңнан асты

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының баяндамасында бұл құжатқа қатталып, қазасы расталған адамдар ғана, бірақ кескілескен шайқас болған аймақтарда (Мариуполь, Северодонецк, Лисичанск, Соледар мен Бахмут) өлгендер саны бұдан да көп болуы әбден мүмкін, ол жақтан соғыс кезінде толымды ақпарат алу мүмкін емес деп жазылған.

Ресей басқыншылығы басталған былтырғы 24 ақпаннан бастап биылғы 16 қаңтарға дейін Украинада, БҰҰ дерегінше, 7031 бейбіт тұрғын, оның ішінде 433 бала қаза тапқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Республика алаңындағы қырғын. Билік Қанды қаңтарда қаза тапқандардың ісін құпия қылды

Былтырғы қантөгістегі ең қайғылы оқиғалардың бірі – 6 қаңтарда Алматының орталық алаңында қарусыз тұрған демонстранттарға жөн-жосықсыз оқ жаудыру болды. Қазақстан билігі "мемлекеттік төңкеріске талпыныстың жолы кесілгенін", тіпті "мемлекет үлкен сынақты еңсергенін" тынбай қайталағанымен, тәртіпсіздіктер болған күннің ертесіне елдегі ең ірі қаланың қақ ортасында не болғанын әлі күнге айтпай отыр.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал