azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

WSJ: Соғысты қолдайтын ресейліктер қатары қайта көбейіп, 80 пайызға жеткен

Сауалнама нәтижесі бойынша, былтыр қыркүйектің аяғында Украинадағы "арнайы әскери операцияны" респонденттердің 34 пайызы қолдаса, қарашаның басында 80 пайызға жеткен.

Америкалық басылымның жазуынша, бұл зерттеуге тапсырыс берген Ресей президенті әкімшілігіндегілер елде тағы да мобилизация жарияланса, халықтың жаппай наразылығын оятады деген үлкен қауіп жоқ деп есептейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина Жоғарғы радасы депутаты Алексей Гончаренко президент кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестовичті қызметтен алу туралы талап жазылған хатқа қол жинау басталғанын хабарлады

Бұған қоса ол Украина қауіпсіздік қызметінен Арестовичтің іс-әрекетінде мемлекетке опасыздық жасау қылмысы бар-жоғын тексеруді талап еткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бывший главный санврач Бекшин получил должность в руководстве QazBioPharm, куда ранее пришёл экс-глава Жамбылской области Сапарбаев

Жандарбека Бекшина назначили исполняющим обязанности генерального директора национального холдинга QazBioPharm, цитируют местные СМИ со ссылкой на департамент корпоративного развития министерства здравоохранения Казахстана.

«Бекшин Жандарбек Мухтарович с 4 января 2023 года назначен временно исполняющим обязанности заместителя генерального директора национального холдинга QazBioPharm. До принятия решения по назначению в соответствии с внутренними процедурами согласно уставу и положениям о генеральном директоре холдинга», — пояснили в пресс-службе департамента.

Также в холдинге QazBioPharm с августа прошлого года на должности независимого директора находится бывший аким Жамбылской области Бердибек Сапарбаев. Он также был избран председателем совета директоров холдинга.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура "Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған" 18 күдікті кім екен айтудан бас тартты

Қазақстан бас прокуратурасы "Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер мен мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген 18 адам" жайлы БАҚ қойған сауалға жауап бермеді. Бұл туралы Бас прокуратураға сондай сауал жолдаған Informburo.kz басылымы хабарлады.

Күдікке ілінген 18 адам кім деген журналистердің сауалына жауабында Бас прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің "Сотқа дейінгі тергеу деректерін жариялауға болмайтыны" туралы 201-бабына сілтеп, жауап беруден бас тартқан. Сонымен бірге құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері арасында күдікке ілінгендер бар ма деген сауалға да жауап бермеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы Қарашығанақ кен орнында KKS-Sicim жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары таңғы сағат алтыдан бері жалақыны елу пайыз көбейтуді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартты. Наразылық акциясы әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Азаттыққа жұмысшылар хабарлады.

Аты-жөнін жарияласа жұмыстан шығып қаламын деп қауіптенген жұмысшылардың бірі қазір бірнеше жүз жұмысшы бірін-бірі кезек алмастырып ереуілде тұрғанын айтты. Олар бұл мәселе былтыр да көтерілгенін, бірақ ол кезде жалақыға он пайыз үстеме қосқанын айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Рыбакина Мельбрунде басталған Australian Open жарысының алғашқы айналымында италиялық Элизабетта Кочареттоны 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, екінші айналымға шықты

Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Ойында Рыбакина бес эйс, Кочаретто екі эйс жасады.

23 жастағы Рыбакина әлемдік рейтингте 25-орында, 21 жастағы Кочаретто 48-орында тұр.

Рыбакина екінші айналымда Кайя Юван (Словения, рейтингте 104-орында) – Селена Яничевич (Франция, 185-орында) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматының шетіндегі "Алтын орда" базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланған

Бұл туралы Алматы облысы полициясына сілтеме жасап, жергілкті ақпарат агенттіктері хабарлады. "Қазақпарат" агенттігінің жазуынша, 36 мен 40 жас аралығындағы төрт адам – Данияр Әбдіғапаров, Жұмадин Патов, Қанат Жақаев пен Айдос Нұрқалиевтер "аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады" деген күдікке ілінген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иран Ресейден Су-35 әскери ұшақтарын алмақ

Бұған қоса Тегеран Мәскеуден әуе шабуылынан қорғану жүйелерін, ракета қондырғылары мен тікұшақтар алуға тапсырыс берген. Бұл туралы Иранның "Тасним" агенттігіне сұхбатында Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Шахриар Хейдари мәлімдеген.

Оның сөзінше, Иран Ресейден осы қару-жарақты наурыз айының басында алуды жоспарлап отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Балама "террорист" деген айдар тағып, кім атып өлтіргенін жасырады"

Русланбек Жұбаназаров – 2022 жылдың басында Қазақстанды дүр сілкіндірген Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбеде оқ тиіп қаза болған екі адамның бірі. 30 жасында тосын қазаға ұшыраған жігітті 7 қаңтарда туыстары мәйітханадан тапқан. Полиция марқұмды "терактіге қатысушы" деп атап, сүйегін ата-анасына бір айдан кейін бір-ақ берген.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Егеубаеваның "көлігін өртеді" және Elmedia редакциясының "терезесін сындырды" деген күдікпен бес жасөспірім ұсталғанын хабарлады

"Жедел бөлім қызметкерлері бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен 2005, 2006 және 2007 жылдары туған бес жасөспірімді ұстады. Олардың жауабына қарағанда, екі тапсырысты да олар интернет арқылы белгісіз біреуден алған. Тапсырыс беруші ақысын да дәл солай [интернет арқылы] төлеген" деп жазылған полицияның жексенбі күнгі хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Америка генералы Бен Ходжес: Ресей Ираннан дрон алады, ал Украинаға 50 ел көмектесіп жатыр

АҚШ армиясының отставкадағы генералы Бен Ходжес Азаттыққа берген сұхбатында Ресей әскерінің жүйесіз қимылдап жатқанын атап өтіп, Батыстың жаңа қару-жарағы Украинаға соғысты қалай өзгертуге мүмкіндік беретінін айтты.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Барахолка базарына жақын аумақта қоймадан өрт шыққан

Қаланың төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі ірі өртке байланысты қоймадан тауарлар көшіріледі деп хабарлады.

"Төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары қойма өртеніп жатқан Жетісу ауданы Москвина көшесінде ерекше құраммен жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында штаб құрылды, екі өрт сөндіру аумағы анықталды" деді төтенше жағдай департаменті өкілдері.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Днепрде тұрғын үйді атқылады: 14 адам қаза болды, 68 адам жараланды

14 адам қаза болған, арасында 15 жастағы қыз да бар. 68 адам жараланған, 12-сі – бала. Ең кішісі үш жаста.

Үйінді астынан 38 адам шығарылған, құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ресей билігі оқиғаға түсініктеме бермеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Егеубаеваның көлігін өртеу фактісін Алматы полициясы тергейді, деп мәлімдеді 14 қаңтарда ішкі істер министрлігі

ІІМ мәліметінше, бірыңғай реестрде "бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру" бабы бойынша іс тіркелген.

"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс өндірісін қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізеді. Тергеу барысы ІІМ мен Алматы полициясы департаментінің бақылауында" деп жазылған министрлік хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Батыс Қазақстанға көз тігуі мүмкін бе? Назарбаевтың отбасы қудалануы ықтимал ма?

Батыс басылымдары бұл аптада Ресей Қазақстанның батыс аймақтарына көз тігуі мүмкін бе деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар «Тұңғыш президент туралы» заңның күшін жою экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына қалай әсер ететінін талдады. Бұдан бөлек мәжіліс депутаттары «мемлекет бөлген қаржыны қайтармаған» Jusan Bank -ке неліктен жиі назар аудара бастағанын жазды.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Орал қаласының әкімдігі қамаудағы заңгер Аслан Өтеповті қолдау митингісін өткізуге келісім бермеді

Бұл туралы Азаттыққа акцияны ұйымдастырушы Мақсат Айсауытов хабарлады. Белсенді "Қоғам мен билік назарын Батыс Қазақстан облысында "Трамадол", есірткі заңсыз тарап жатқанына аудару және Аслан Өтеповты босату" деген тақырыппен митинг өткізгісі келетіні жөнінде 12 қаңтарда жергілікті әкімдікке хабарлаған. Жексенбі, 22 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 15:00 мен 18:00 аралығында "Қазақтың батыр қыздары" ескерткіші алдындағы скверде өткізбек болған шараға шамамен 500 адам қатысады деп жоспарланған. Әкімдіктің акция өткізуге келісім бермейтіні туралы жазбаша жауабы Мақсат Айсауытовтың қолына 16 қаңтарда тиген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның Днепр қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті

Бұл туралы Азаттықтың Украин қызметі хабарлады. Мұның алдында 35 адам мерт болды деген ақпарат тараған еді.

Кейінгі мәліметке қарағанда, қаза болғандар арасында үш бала бар, тағы отызға жуық адамның тағдыры әлі белгісіз.

Қираған үйдің орнынан 39 адам құтқарылған. Жарылыс салдарынан жараланған 75 адамның арасында 14 бала бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жоғарғы сот Қаңтардан соң сотталған Аштаевтың ісін кассациялық тәртіппен қайта қарауға қаулы шығарды

16 қаңтарда Астанада Жоғары сот Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған Жанмұрат Аштаевтың кассациялық шағымын алдын-ала қарап, белсендінің ісін қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасында қайта қарау туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Азаттыққа белсендінің адвокаты Әбдіраман Аққұлов хабарлады.

Сотқа белсендінің адвокаты, туыстары, Астанадағы Жоғарғы сот ғимаратына барған бірнеше белсенді қатысқан. Техникалық мүмкіндіктің болмауына байланысты, Аштаевтың өзі сот залына қосыла алмаған.

Адвокаттың айтуынша, кассациялық шағымды қараудың өз тәртібі бар. Оған сәйкес, Жоғарғы сот кассациялық шағымды алдын-ала қарап, оны ары қарай кассациялық тәртіппен қарауға негіз бар-жоғын анықтайды. Негіз болмаса, істі қайтарып жібереді. Бүгін 16 қаңтардағы отырыста сот белсенді ісін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз бар деп тапқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бішкек соты Асхат Жексебаев пен Диана Баймағамбетованы босатты

Судья Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен екі белсендінің ісін тоқтатты. Баймағамбетова мен Жексебаевты Қазақстаннан барған белсенділер Бесжан Төлеубеков пен Дидар Қайыров күтіп алды.

– Бізге тағылған "Шекараны заңсыз кесіп өтті" деген бапта "шекараны бұзғандар босқын мәртебесін сұрап келген болса жазадан босатылады" деген ескерту бар. Соның негізінде бізді босатты. Біз босқын мәртебесін сұрадық. Өтінішімізді тіркеді. Енді не боларын көреміз, – деді сот залынан шыққан Асхат Жексебаев Азаттыққа телефон арқылы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан қазір ресейлік "Вкусно – и точка" компаниясының тауар белгісін тіркеу туралы өтінішін қарап жатыр

Бұл туралы Қазақстан әділет министрлігіне сілтеме жасап жергілікті БАҚ хабарлады.

Ресейлік "Система ПБО" компаниясының "Вкусно – и точка" тауар белгісін тіркеу туралы өтінішін Қазақстанның сарапшылар ұйымы қарап жатыр дейді Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментіне сілтеме жасаған "Интерфак-Қазақстан" агенттігі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Днепрде Ресей зымыраны қиратқан үйде құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр

Құтқару шараларына 550-ден астам адам жұмылған. Көпқабатты үйдің 72 пәтері қирап, 230-ы бүлінген. Қаза тапқандар саны 35-ке жетті, олардың арасында екі бала бар. 35 адамның тағдыры белгісіз.

🔗Фотогалерея

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

14 қаңтарда Алматыда Азаттықтың бұрынғы тілшісі Алоис Назаров 62 жасқа қараған шағында өмірден өтті

11 желтоқсаннан бері ауруханада жатқан, сенбі күні сонда қайтыс болды деп хабарлады жиені Вера Вингорадова Азаттыққа.

2011 жылдан 2020 жылға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі болып жұмыс істеді. Осы аралықта Азаттық сайтында Алексей Азаров деген лақап атпен оның табиғат қорғау, әдебиет, өнер, мәдениет, өлке тарихы және басқа тақырыптарға жазған 400-ге жуық материалы жарияланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Белгород облысындағы Тоненькое хуторы аумағында орналасқан әскери бөлімде сарбаз граната жарып жіберген

Салдарынан сол жердегі оқ-дәрі жарылып, өрт шыққан. "Интерфакс" агенттігі үш жауынгер қаза тауып, 16 адам жараланды деп хабарлады. Тағы сегіз адам хабар-ошарсыз кеткен. Граната жарған адамның өзі тірі қалған, ол қазір ауруханада жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ұлыбритания алдағы уақытта "Челленджер-2" маркалы ауыр танкілерінің 14 данасын Украинаға жеткізеді

Бұл жөнінде британ үкіметінің мәлімдемесінде жазылған. Осылайша Ұлыбритания Украинаға Батыста шығарылған танкілерді жеткізетін алғашқы елге айналады.

Бұған дейін НАТО одақтастары немістің "Леопард-2" танкілерін де Украинаға беру мәселесін талқылаған. Оларды Киевке беруді әзірге Польша және бірқатар елдер қуаттаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Непалда Yeti Airlines компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ұшақ бортында 68 жолаушы болған, екеуі – бала, төртеуі – экипаж мүшесі. News18 арнасы жолаушылардың барлығының қаза болғанын хабарлады. Осы уақытқа дейін 40 мәйіт табылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Чехияда президент сайлауының алғашқы турында отставкадағы генерал Петр Павел жеңіп шықты

Сайлау учаскелерінің 99 пайызындағы дауысты санағаннан кейін осындай ақпарат айтылды.

Соңғы мәліметке қарағанда, Павел 35,27 пайыз дауыс жинап, басты қарсыласы – бұрынғы премьер-министр Андрей Бабиштен озған. Бабиш 35,12 пайыз дауыс алған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қытай билігі коронавирус шектеулерін бәсеңдеткеннен кейін яғни, желтоқсан басынан бері елде 60 мыңға жуық адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді

Бұл жөнінде Reuters жазды.

Қытай денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясының хабарлауынша, 8 желтоқсан мен 12 қаңтар аралығында 59 938 адам қайтыс болған, олардың өліміне коронавируспен байланысты себептер түрткі болған: 5,5 мыңы коронавирус инфекциясына байланысты тынысы тарылып, тұншығып өлген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды

Оған "Ұлыбританияға тыңшылық жасады" деген айып тағылған. Бұрынғы шенеуніктің Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған.

Әкбар дарға асылды, деп жазды Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сүйенген BBC сайты. Бұған дейін Иран Жоғарғы соты оның апелляциясын кері қайтарып, өлім жазасы туралы үкімді өзгеріссіз қалдырған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

BBC: Ресейде соғыста өлген "ЧВК Вагнер" қызметкеріне құрмет тақтасы орнатылды. Ол бұрын "адам өлтіргені үшін" сотталған

Былтыр жыл соңында Ресейдің Саратов қаласындағы мектептердің бірінде осы мектеп түлегі Украинадағы соғыста қаза болған "Росгвардияның" бұрынғы қызметкері Денис Ковырзинге мемориал тақта орнатылған. 2016 жылы ол адам өлтіргені үшін айыпталып, 7,5 жылға сотталған, деп жазды Мәскеу қалалық сотының дерегіне сүйенген BBC сайты.

Ковырзин бірнеше рет түрмеден ерте босап шығу туралы өтініш берген, алайда өтініші орындалмаған. Соңғы рет мұндай өтініш 2022 жылы мамырда түсірілген.

Ковырзин Нижний Новгород түбіндегі түрмеде күштік құрылымның бұрынғы өкілдеріне арналған түрмеде жазасын өтеген. Gulagu.net мәліметінше, 2022 жылы жазда осы жерге тұтқындарды Украинадағы соғысқа тарту үшін "ЧВК Вагнер" жеке әскери тобы өкілдері келген. Ақпаратқа қарағанда, Ковырзин "ЧВК Вагнер" тобының өкілі ретінде майданға жіберілген, сол жақта тамызда қаза болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

14 қаңтарда таңертең Ресей армиясы украин аумағын тағы атқылады. Зардап шеккендер жөнінде ақпарат жоқ.

Киев облысында таңғы алтыда жарылыс естілді, деп хабарлады аймақ әкімшілігінің жетекшісі Алексей Кулеба. Кейін ол маңызды инфрақұрылым нысандарының бірінде өрт болғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал