azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Ресейлік "Киномакс", "Мираж синема" және "Премьер-зал" кинозал желілері "Аватар: Су жолы" фильмін прокаттау құжатынсыз көрсетіп жатыр, деп жазды "Ведомости" басылымы.

"Киномакс" желісі сайтында "Аватар: Су жолы" фильмі "сеанс алдында" ғана көрсетілетінін, билеттер шын мәнінде он минуттық "Комментатор"фильміне сатылып жатқанын атап көрсеткен. Ал "Киномакс" пен "Мираж синема" фильмді "Прокино" және "То кино!" атты бөлек компаниялар көрсетіп жатқанын алға тартқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда сенат сайлауы өтіп жатыр. Сенат депутаттарын мәслихат сайлайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сенбі күні 17 облыстан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан жиыны 20 депутат сайлануы тиіс. 20 орыннан 55 кандидат үміткер. Алматыдан – 4 кандидат, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының әрқайсысынан екі кандидат қатысады. Қалған аймақтар мен Шымкент, Астана қалаларынан үш кандидаттан қатысады.

Сайлаушылар тізімінде 3 168 мәслихат депутатының аты-жөні бар. Олардың басым бөлігі Түркістан (317) және Қостанай облыстарынан (263).

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанның батысында жолда қалған 30-дан астам өзбек азаматы эвакуацияланды

12 қаңтарда Самара – Шымкент автожолының 819-шақырымында Краснодар – Сарыағаш бағыты бойынша кетіп бара жатқан 31 өзбек азаматы мінген автобус тоқтап қалған, деп хабарлады "Дуне" агенттігі хабарлады.

Дизельмен жүретін автобустың жанармайы қақаған аязда қатып қалған. Ақтөбе облысы Хромтау ауданының құтқарушылары жолаушыларды Хромтаудағы туристік базаға әкеліп, орналастырған.

Зардап шеккендер жоқ. Автобус жөндеуге жіберілген. Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығы жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстанда күрт суытуына байланысты газ қысымы төмендеп жатқанын хабарлады.

Соған сәйкес, суық күндері газды бірінші кезекте халыққа, әлеуметтік нысандарға жеткізу қарастырылған.

"Осы мақсатта бірқатар ірі өндіріс кәсіпорындарына газ беру азайтылып, автогаз толтырушы компрессорлық станциялардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек сұранысты толық қамтамасыз ету үшін бензин мен дизель майы сатыла бастайды", - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

13 қаңтарда Атыраудағы сотта Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған 27 адам "кінәні мойындау туралы прокурормен процессуалдық келісім" жасасты. Процессуалдық келісім аясында прокурор Дәулет Аймағамбетов сотталушыларға "жеңілдетілген жаза" сұрады.

Прокурор айыбы ауыр қылмыс санатынан ауыр қылмыс санатына түскен айыпталушылар Ренат Абишев пен Оралбек Айсинді бір жарым жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Абишевке "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "билік өкіліне күш қолданды, қаруды жымқырды не қорқытып алды" деген айыптар; ал Айсинге "жаппай тәртіпсіздікке қатысты, билік өкіліне денсаулығына қауіпті күш қолданды" деген айыптары тағылған.

Прокурор "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" және "билік өкіліне күш қолданды" деп айыпталған 22 адамға 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалса деді. Ал Әлібек Сарманов пен Ғалымжан Дәулетовті рақымшылық заңымен жазадан босатуды, Азамат Ибраемовтің бас бостандығын үш жылға шектеуді сұрады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинадағы қазақтар Бучадан соң Киевте де тағы бір киіз үй тікті. Үйге кез келген адам барып жылынып, телефонын қуаттай алады. Бұл еріктілер құруды жоспарлап отырған алты үйдің ең үлкені, 16 қанат.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Донецк облысындағы Соледар қаласын алдық деп мәлімдеді. Ведомства Ресей әскері қалаға 12 қаңтар кешке бақылау орнатты дейді. Ресми Киев Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі жайлы әзірге ештеңе демеді.

Ресей тарабы Соледарды алу Бахмуттағы Украина әскеріне қажетті заттар мен қару жеткізетін жолды кеседі деп санайды. Қазір Донецк облысындағы Бахмут қаласы үшін де талас жүріп жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 9 сынып оқушысы өз үйінің ауласында асылып тұрған жерінен табылған.

Ауыл әкімі Оралбек Әбшановтың айтуынша, жұма күні Айшуаққа аудан орталығы Шалқардан сот-медицина сарапшылары келуі керек. Оқушының өліміне не себеп болғаны сараптамадан соң белгілі болады.

- Хабар тие салысымен мектеп директоры, сынып жетекшісі, мектеп психологы - бәріміз оқушының үйіне бардық. Мұғалімдер де, психолог та оқушы қыздың мінез-құлқынан өзгеріс байқамаған. Баланың шешесі де отбасында ешқандай конфликт болмағанын айтты. Үйлеріне келген қонақты шығарып салып, түнгі он екілерде шешесі қызын іздей бастайды. Сүйекті ауланың түпкірінен тапқан, - дейді Оралбек Әбшанов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кремльде 2024 жылы өтетін президент сайлауына дайындықты бастап кеткен.

Кремльде 2024 жылы өтетін президент сайлауына дайындықты бастап кеткен. Ресей президент әкімшілігінің шенеуніктері соғысқа қарамастан сайлау уақытында – келесі жылдың наурызында өтеді деп үміттенеді. Бұл жөнінде Кремльге жақын дереккөздерге сүйенген ресейлік "Коммерсант" басылымы жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ-та арнайы прокурор Байденнің құпия құжаттарды сақтау себебін тексереді

Прокурор "құпия" деп белгіленген құжаттар президент Джо Байденнің үйі мен зерттеу қорының ғимаратында қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздейді.

Бас прокурордың жарлығында арнайы прокурордың міндеті Джо Байденнің құпия құжаттарды басқа жаққа "заңсыз" көшіруі мен сақтауын тергеу деп жазылған. Мәселе Барак Обама әкімшілігі кезінде вице-президент болып тұрған шақта Байденнің қолынан өткен құжаттарда болып отыр. Олар өзге құжаттармен бірге вице-президенттің резиденциясынан тасымалданған сияқты және оларды былтыр қарашада Байденнің көмекшілері тапқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"238 адамның қазасы зерттелмеген күйі қалды". HRW есебіндегі Қазақстан

Қаңтар оқиғасы кезіндегі адам құқықтарын бұзу фактілерінің көбі жауапсыз қалды. Халықаралық Human Rights Watch (HRW) ұйымы жаңа баяндамасында осылай дейді. Баяндама авторлары Қаңтар оқиғасын зерттеуді 11 жыл бұрын Жаңаөзенде болған тергеумен салыстырып, "ескі паттерндер" әлі жойылмағанын айтады. 12 қаңтарда HRW адам құқықтары саласындағы тәжірибелер мен тенденцияларға шолу жасайтын жыл сайынғы бүкіләлемдік баяндамасын жариялады. Азаттық баяндаманың Қазақстанға арналған бөлігін талдап, HRW сарапшысымен сөйлесті.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстанда Құмтөр кенішін игеруге байланысты бұрынғы президент Асқар Ақаев үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұл жөнінде Қырғызстан бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Ведомствоның айтуынша, іс мерзімі өтіп кетуіне байланысты тоқтаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстанның бұрынғы басшысы Рафик Нишанов қайтыс болды

Өзбекстанның бұрынғы басшысы Рафик Нишанов 97 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ол совет одағы құламай тұрып Өзбекстанды бір жарым жыл басқарған.

Мамандығы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Нишанов саяси карьерасын компартиядан бастаған, Ташкент қалалық атқару комитетіне жетекшілік еткен. Өзбек компартиясының идеология жөніндегі хатшысы болған. Совет билігі тұсында Шри-Ланка, Мальдив Республикасы мен Иорданияда елші болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сенаттан – 44, мәжілістен 93 депутат қатысып отыр

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Экстремист тізіміне енгізіп, құқымды шектеп отыр". Шаңырақ ісі бойынша жазасын өтеген адамның шағымы

Шаңырақ ісі бойынша ұзақ мерзімге сотталып, жазасын өтеп шыққан 42 жастағы Ерғанат Тараншиев терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты адамдар тізімінен" шыға алмай жүр. "Қара тізім" кесірінен құқықтары шектелген, тиісті жалақысын да толық ала алмайды. Билікке арыз-өтініш жазғанымен, одан қайыр болмай тұр.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ОСК сенат сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.

Бұрын сенат депутаты болған төрт адам қайта сайланған. Сенатқа облыс мәслихаттарының бес хатшысы, төрт әкім орынбасары, екі аудан әкімі, бір облыстық басқарма жетекшісі, министрліктің орташа дәрежедегі бір жетекшісі өткен.

Сайланғандардың үшеуі – әйел. Жаңа депутаттардың орташа жасы - 53,6: ең үлкені – 62, ең жасы 42 жаста.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Орал сотында қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Эдик Болатовтың ісі бойынша сот басталды. Оны "пара алуға оқталды" деп айыптайды.

Тергеу органдарының болжамынша, Болатов жергілікті халық арасында "Трамадол королі" атанып кеткен тұрғын Николай Карповты "бопсалаған".

13 қаңтарда негізгі сот процесі басталды. Бұған дейін сот тыңдауы қорғау тарабының өтінішімен бірнеше рет шегерілген. Болатовтың адвокаты Руслан Шағатаев соттан өзі қорғап отырған азаматына іс материалдарымен танысуына мүмкіндік беруді сұраған.

Айыптау тарабының пікірінше, айыпталушы Николай Карповтан 7 млн теңге талап еткен немесе оны "қорғағаны үшін" көлігін беруді сұраған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

13 қаңтарда Литва мен Латвияны жалғайтын магистралды газ құбырында жарылыс болды.

Жарылыс ірі өртке ұласып, биіктігі 50 метрге жеткен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған. Шамамен 200 адам тұратын жақын жердегі ауыл тұрғындары эвакуацияланған. Жарылыстың неден болғаны белгісіз.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

14 қаңтарға қараған түні Алматыда белгісіз біреулер журналист Динара Егеубаеваның көлігінің терезесін шағып, от қойған. Бұл жөнінде журналистің өзі және белсенділер, "Не дейді?" YouTube-арнасы хабарлады.

Арнаның хабарлауынша, көліктің салоны түк қалмай өртеніп кеткен. Журналист тікелей эфир кезінде мұны "өз өміріне жасалған қастандық" деп бағалады.

"Салонның ішінде кірпіш жатыр. Оны көліктің артқы әйнегінен лақтырған. Мен есеңгіреп қалдым... Көлік аулада тұр. Оның жанында өзге көліктер тұр. Жарылыс болуы мүмкін еді. Өте үлкен. Онда бірінші қабатта тұратын адамдар қаза табуы мүмкін еді. Олардың не істеп жатқанын түсінесіздер ме? Полиция, өрт сөндірушілер келді... Бұл Тоқаевтың "Жаңа Қазақстаны" деді журналист Динара Егеубаева тікелей эфир кезінде.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда тұрмыс төмен адамдардың саны артқан. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап, Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Министрдің дерегінше, былтыр кедейлердің үлесі 4,9 пайыз болса, биыл 5,1 пайызды құраған.

"Жоғары инфляция азаматтарды табысынан айырып жатыр. Халық табысының көбін азық-түлікке жұмсайды. Мысалы, 150 мың теңгені алсақ, бұл қаржының 60-70 пайызы тамаққа кетеді, ал отбасының басқа қажеттілігіне ақша жетпейді. Бұл жағдай әр отбасына әсер етіп жатыр" дейді Дүйсенова.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаевтың "Елбасын" жоюы, Киевтегі киіз үй — AzatNEWS 13.01.23

📌 Қазақстан парламенті "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы заңның күшін жоюды мақұлдап, президентке жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді құптай ма?

📌 Украина астанасында қазақстандық еріктілер тағы бір киіз үй тікті. Киев жұрты 16 қанатты үйде жылынып, шай ішіп, телефонын қуаттай алады. Ал елдегі соғыс әлі жалғасып жатыр.

📌 Өзбекстан азаматтары Астанада жұмыс берушілер паспортын алып қойып, аз ақыға көп жұмыс істеткеніне шағымданды. Қазақстандық кәсіпкер Азаттық сауалына жауап беруден жалтарды.

📌 Екібастұз қаласының жылу орталығынан тағы да ақау шықты. Станция жылу қайта беріліп жатыр дейді. Тұрғындар үйлері суып кеткенін айтады.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстанда прокурорлар былтыр жаздағы наразылықтан кейін айыпталған белсенділерді 18 жылға дейін соттауды сұрады.

Бұқарада өтіп жатқан сотта белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов пен Makan.uz сайтының негізін қалаушы Лолагүл Қаллыхановаға прокурорлар 18 және 11 жыл түрме жазасын беруді өтінді. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек сайты хабарлады. Қалған 20 айыпталушыға одан аз түрме жазасын сұраған, екі айыпталушының бостандығын шектеуді өтінген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ZERE|«Көлікке атылған жалғыз оқ әйелімнің басына тиген»

"Зеренің" бүгінгі қонағы – Нұрсұлтан. 41 жастағы азамат Қаңтар оқиғасы кезінде әйелі – Жанарадан айырылып қалды. 7 айлық баласына дәрі іздеп шыққан отбасының көлігіне бір ғана оқ тиген. Сол оқ 35 жастағы Жанараның басына тиген. Нұрсұлтан төрт баласымен жалғыз қалды. Бұған дейін пәтер жалдап тұрып жатқан отбасыға билік пәтер берген. Дегенмен "қанша үй берсін, қанша миллион берсін, әйелімнің орнын баспайды ғой, Жанарыммен пәтер жалдап тұрғаным артық еді" дейді Нұрсұлтан. Бұл – бұған дейін журналистермен кездескісі келмеген азаматтың алғашқы сұқбаты. Ол әйелінің де, өзінің де фамилиясын атамауымызды өтінді.

🎙️ТЫҢДАУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ресей әскері Украинаның Донецк облысындағы Соледар қаласын басып алу мақсатына жеткен сияқты, бірақ бұл Бахмут қаласын қоршауға жол аша қоймайды" деп мәлімдеді америкалық Соғысты зерттеу институты (ISW). Ал Украина тарабы "Ресей Соледарда басымдық қолға алған жоқ" дейді.

"Ресей әскері Соледардың бәрін басып алмаса да, қаланың басым бөлігін бақылауда ұстап отыр және Украина әскерін қаланың батысынан ысырып тастауы мүмкін. Бұған 11-12 қаңтарда жарияланған суреттер мен видеолар негіз бола алады" деп жазады ISW.

Ресей қорғаныс министрлігі Соледарды алғаны жайлы әзірге ештеңе айтқан жоқ, бірақ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік әскерилерді сәтті қадамымен құттықтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ауа райының күрт суытуына байланысты Ташкент әкімдігі астанадағы тойханаларда тегін палау тарата бастады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, астана тұрғындарына арналған палау 12-16 қаңтар аралығында тегін таратылады.

Өзбек астанасындағы бес тойхана халыққа арнап палау басуға кірісіп те кетті.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнайды алғашқы тоқсанда жібереді. Ресей жағы келіскен

Қазақстандық "ҚазТрансОйл" компаниясы Ресей энергетика министрлігінен Германияға мұнай тасымалдауға рұқсат алғанын хабарлады.

Компания 13 қаңтарда Инстаграмдағы парақшасында тасымалдау 2023 жылдың алғашқы үш айында жүзеге асырылатынын айтты.

"ҚазТрансОйл" АҚ Ресей Федерациясы энергетика министрлігінен 2023-жылдың I тоқсанында "Транснефть" магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова застава" мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады" деп жазылған компания хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әділет министрі Азамат Есқараев "Елбасы туралы заң күші жойылғаннан кейін не өзгереді?" деген сұраққа "Бұрын Назарбаевтың отбасы мүшелеріне кепілдіктер қарастырылған, енді ол кепілдіктер жоқ" деп жауап берді.

"Егер қылмысы дәлелденсе, оның отбасы мүшелеріне қылмыстық іс қозғауға бола ма? Бұрын бұған заң тыйым салған еді" деген сұраққа министр "президент туралы заңға сәйкес, экс-президенттің отбасы мүшелеріне мұндай кепілдік жоқ" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Парламент экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыруды мақұлдады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс пен сенат бірінші оқылымда “Бірінші президент – Елбасы туралы” заңның күшін жоюды мақұлдады. Екі оқылым болады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда алаңда ту көтерген, кейін басына оқ тиіп, ауыр жарақат алған белсенді Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті. Бұл жөнінде белсендінің анасы Ақлима Мұқашева хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, ұлы қазір Жамбыл аудандық ауруханасында реанимацияда жатыр. Бір күн бұрын түстен кейін температурасы көтеріліп, селкілдей бастаған. Бұдан соң жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жеткізілген.

"Жағдайы өте әлсіз. Анализ инфекция көрсетіп тұр дейді. Көзін ашқан, бірақ әзірге сөйлей алмайды. Зондпен тамақ беріп жатыр" деді Ақлима Мұқашева 13 қаңтарда таңертең Азаттық тілшісіне.

Анасының айтуынша, алдыңғыгүні Берік Әбішев МРТ-ға түсіп, түрлі тексеруден өткен. Денсаулығының нашарлауына сол әсер еткен болуы мүмкін.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал