azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Украина БҰҰ штаб-пәтерінде "бейбітшілік саммитін" өткізеді

Украина билігі 24 ақпанда – Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл толған шақта БҰҰ-ның штаб-пәтерінде "бейбітшілік саммитін" өткізеді. Бұған дейін мұндай идеяны украин президенті Владимир Зеленский ұсынған. Бұл жөнінде түріктің "Анадолу" агенттігіне берген сұхбатында Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар мәлімдеді.

Дипломаттың сөзіне қарағанда, Украина бейбітшілікке дайын, Зеленский бұдан бұрын Киев қабылдауға дайын бейбіт келісімнің он шартын атаған. Дегенмен қаңтар басында БҰҰ өкілі әзірге "бейбітшілік саммитімен айналыспайтынын" мәлімдеген.

Зеленский ұсынған он шарт ресми түрде айтылмады. Дегенмен бұған дейін Украина президенті олардың арасында Ресейді соттайтын трибунал құру, Киевке өтемақы төлеу, Киевті Батыстың әскери және қаржылай қолдауы, Ресей ресурстарының құнын шектеу, шекараны қалпына келтіру туралы шарттар барын айтқан. Мәскеу айтылған пунктердің әрқайсысына тоқталып, ондай шарттарды қабылдауға дайын емес екенін мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сенат Назарбаевтың "құрметті сенатор" атағын жойды – AzatNEWS 12.01.23

📌 Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты "құрметті сенатор" атағынан айырды. Атақты Назарбаевқа 2019 жылы шәкірті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып, қызы Дариға Назарбаева табыстаған еді.

📌 "Қазақстан - үлкен түрме" акциясын өткізген белсенділерге қылмыстық іс қозғалған. Олар айыппен келіспейді. Адвокат істің саяси астары барын айтады.

📌 Ақтөбеде қаңтар ісі жарыссөз кезеңіне өтті. Прокурор күдіктілерге түрлі жаза сұрады, ең көбі - 15 жылға бас бостандықтан айыру.

📌 Азаттық радиосы қаңтар құрбандары жайлы мақалалар енген кітапты таныстырды, "Қаңтар және журналистика" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда сенаттағы 20 орыннан 55 кандидат үмітті. Оларды 3168 мәслихат депутаты сайлайды. 12 қаңтарда орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде ОСК жетекшісі Нұрлан Әбдіров осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде "Власть" сайты жазды.

"Сайлау комиссиялары берген мәліметке сүйенсек, сайлау бюллетеньдеріне жалпы 55 кандидат енгізілген. Алматыдан – 4 кандидат, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының әрқайсысынан екі кандидат қатысады. Қалған аймақтар мен Шымкент, Астана қалаларынан үш кандидаттан қатысады" деді Әбдіров.

Сайлаушылар тізімінде 3 168 мәслихат депутатының аты-жөні бар. Олардың басым бөлігі Түркістан (317) және Қостанай облысынан (263).

Қазақстанда парламент сенатына депутат сайлау 14 қаңтарда өтеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Семейдің № 2 қалалық сотында 12 қаңтарда шамамен бір жыл бұрын ұсталған жергілікті тұрғындар Ринат Әлиев пен Шыңғыс Әлпиевтің ісі бойынша сот басталды.

Тергеу органдары әуелі оларды Қаңтар оқиғасына қатысты деп айыптаған. Кейін дәлелдер болмағандықтан "терроризмді насихаттау" бабы бойынша іс ашқан деп айтылады. Құқық қорғаушылар істің саяси астары барын айтады. Айыпталушылар өздерін "діни көзқарасы үшін қудалап отыр" деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған 18 адамның сотында прокурор бір адамға 15 жыл түрме жазасын сұрады.

12 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 адамның сотында жарыссөз басталған.

18 адамның ішінде ең ауыр айып тағылғаны - Нұрсұлтан Исаев. Ол "Билік өкіліне күш көрсетті" (380-1 бап, 2-бөлім) және "Жаппай тәртіпсіздікке қатысты" (272-бап, 2 бөлім) деп айыпталған. Бұған дейін айыпталушының туыстары прокуратураға шағымданып, Исаевтың қаңтар кезінде халықпен бірге алаңға шыққанын, ешқандай қылмыс жасамағанын айтқан. Исаевтың өзі тергеу изоляторында аштық та жариялаған.

Исаевтың адвокаты Азамат Сағал онымен келіспейтінін жеткізді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жұрт көзінше соғысты қолдайтын, батысты сынап жүрген ресейлік шенеуніктердің балалары шетелде, оның ішінде НАТО елдерінде тұрақты демалады.

Бұл жөнінде шенеуніктердің балаларының әлеуметтік желідегі парақшаларын зерттеген The Insider басылымы жазды.

"НАТО Ресейге қарсы гибрид соғыс жүргізіп жатыр" деп жиі айтатын Ресей сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкиннің қызы Вероника Нарышкина кейінгі күндері Түркия, Италия, Грекияда болған. Бұған қоса, Балиде әр бөлмесін жалдау құны күніне 500 доллар болатын қонақүйге тоқтаған. Сол сияқты Сейшель аралдары, БАӘ-де болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Президент сөзін Құран сөзіндей көріп, «ол айтқан соң, біз де айттық, онда тұрған не бар» деп қабылдайды. Тоқаев кешірім сұрамаса да, сол кезде адастырғаны үшін адам ретінде [өз атынан] кешірім сұрау деген жоқ»

Жұлдыз Әбділдә. Медиа-тренер, журналист

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Қаңтар оқиғасында 18 журналиске шабуыл жасалған, оның 17-сі кәсіби жұмысын атқарып жатқан кезде зардап шеккен. Жеті журналист ауыр жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болды»

Ғалия Әженова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымының сарапшысы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Халық бұдан ақпараттық травма алдық. Басылымдар бұл үшін кешірім сұрауы керек еді»

СДУ Журналистика мектебінің оқытушысы Есенгүл Кәпқызы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды

Сенат регламентінен "құрметті сенатор" атағы алынды. Қазір мұндай атақ жоқ. 12 қаңтарда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген сенат спикері Мәулен Әшімбаев осылай деп мәлімдеді. Үш жыл бұрын наурызда отставкаға кететінін мәлімдеген соң Назарбаевқа "құрметті сенатор" атағы берілген еді.

– Осыдан екі-үш апта бұрын сенаттың регламентіне тиісті өзгерістер енігзілді. Сол кезде "құрметті сенатор" атағын регламенттен алып тастадық. Қазір бізде ондай институт жоқ. Шешім қабылдаған себебіміз – былтыр маусымда өткен референдумда Конституциядан тұңғыш президент елбасына қатысты нормалар алынып тасталды. Бұл халықтың шешімі. Ертең тұңғыш президент туралы заңның күші жойылайын деп жатыр. Конституциялық соттың тиісті шешімі бар. Соны ескеріп, біз де регламенттен алып тастағанбыз. Сол себепті бұл жерде ешқандай сұрақ болуы мүмкін емес, - деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның сенаты тарихында "құрметті сенатор" атағы тек экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевта ғана болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Азаттық бүгін Алматыда "Қанды Қаңтар құрбандары" кітабын таныстырады

Жинаққа 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанның бірнеше қаласында қаза тапқан адамдардың кейбірінің оқиғалары топтастырылған. Кітапта кейінгі бір жылда Азаттық жариялаған жеке адамдар туралы 18 оқиға іріктеліп алынды.

Жинаққа Азаттық тілшілері Қаңтар оқиғасы күндері және одан кейін түсірген фотосуреттер де енгізілді.

Бейсенбі күні бұған қоса, "Қаңтар және қазақ журналистикасы" атты дөңгелек үстелде былтырғы қанды оқиғаның елдегі сөз бостандығы мен пікір еркіндігіне әсері жайлы сөз болады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қасіретті оқиға – Қаңтар дүрбелеңі кезінде хабар таратқан журналистер қандай кедергіге тап болды? Журналистер кәсіби адалдық, этика принциптерін қаншалық сақтады? Осы және өзге мәселелер талқыланады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейде тағы мобилизация жарияланса, Қазақстан мигрант толқынына төтеп бере ала ма?

Ресейде Украинадағы соғысқа байланысты мобилизация жалғасады деген сыбыс тарап жатыр. Былтыр күзде алғашқы кезеңгі жарияланғанда Қазақстанға жүздеген мың адам қашқан. Көрші елде тағы да мобилизация жарияланса Қазақстан мигранттар легіне қалай төтеп береді?

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Халықаралық ұйымдар қырғыз билігін Азаттыққа қойылған шектеуді алып тастауға шақырды

"Азаматтық ниеттестік" халықаралық платформасының мүшелері Азаттықтың Қырғыз қызметіне ("Азаттық медиа") қойылған шектеулерді сынға алып, Қырғызстан билігін сөз бостандығын қорғауға шақырды.

Құрамында халықаралық 30 ұйым бар платформа Қырғызстан билігін "Азаттық медиа" сайтын ашып, радио хабарларын қайта эфирге шығаруға мүмкіндік беруге шақырды.

Үндеу Норвегия Хельсинки комитетінің сайтында жарияланды.

Онда "Азаттық медианың" шынайы ақпарат таратып келгені, осы үшін бірнеше рет қысым көргені айтылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Елбасы" заңын жою, уәдесін қайталаған Смаилов –
AzatNEWS 11.01.23

📌 Конституциялық сот "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы конституциялық заңның күшін жою туралы қаулы қабылдады. Оны парламент бекітуі керек. Нұрсұлтан Назарбаев пен туыстары қандай иммунитеттен айырылмақ?

📌 Қытайдан Қазақстанға келіп, құжатсыз жүрген үш азамат депортациядан қорқады. Сыртқы істер министрлігі анықтайтынын айтты.

📌 Қазақстан үкіметі 2022 жылды қорытындылады. Былтыр уәде беріп, инфляцияны тоқтата алмаған премьер-министр бұрынғы сөзін тағы қайталады.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Полиция "олигархтардың балаларының төбелесіне" ІІМ қызметкерлерінің қатысын тексереді. Бұл жөнінде Алматы қаласы полиция департаментінің ресми жауабына сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімшесі аталған фактіні тексере бастады, нәтижесінде кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылады" деп жазылған полицияның агенттікке жіберген жауабында.

Бұған дейін "Бәсе" телеграм-арнасы Алматыдағы караоке клубтарының бірінде қазақстандық екі олигархтың ұлдары мен олардың оққағарларының төбелескенін хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, "оққағарлардың бірі – ІІМ қызметкері". Оның диджейді "ұрып-соққаны да" хабарланған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Елбасы заңы" жойылса да, Назарбаевқа берілген артықшылықтар сақталмақ. Қалайша?

"Тұңғыш президент – Елбасы" заңын жойылса да, бұл Нұрсұлтан Назарбаевқа берілетін жеке артықшылықтар мен оның қолсұқпаушылық статусына аса әсер етпейді деп санайды сарапшылар.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанға заңсыз әкелінген шетел автокөлігін тіркеу 23 қаңтарда басталады

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың хабарлауынша, 11 қаңтарда үкімет мұндай көліктерді тіркеу шарттары мен мерзімін бекіткен. Жаңа тәртіп биыл 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

"Осы күннен бастап біз шетел автокөліктерін заңдастырамыз", - деді Игорь Лепеха.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Флешмоб пен бот патшасы». Жаңа министр желі қолданушыларының сынына жауап берді

11 қаңтарда өткен үкімет отырысында жаңадан тағайындалған бес министр ант берді. Олардың қатарында ең жас министрлердің бірі, бұрын «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы болған Асхат Оралов та бар. Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған Оралов өзін «флешмоб пен бот патшасы» дейтіндердің сынына жауап берді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей думасы: Биыл көктемде 30 жасқа дейінгі жастар армияға шақырылады

"Көктемгі әскерге қабылдау науқанына дейін әрбір әскери комисариат қанша адам жаңа талапқа сай келетінін анықтауы тиіс. Сосын осы мәліметті әскери мақсатқа сәйкестендіреді" деді қорғаныс жөніндегі комитет төрағасы Андрей Картаполов.

Депутаттың айтуынша, әзірге әскерге қабылдау жасын ұлғайту туралы мәселе көтеріліп отыр.

"Әскери комиссариатта 21 пен 30 жас аралығында әскерге бармаған 100 адам бар делік. Мақсат - 200 адам. Ендеше, жартысын 18 жастағылар, қалғанын 21 мен 30 жас аралығындағылар толтырады".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

11 қаңтарда Ресейдің Уфа қаласында Башқұртстанның бірінші президенті Мұртаза Рахимов қайтыс болды.

Бұл жөнінде Ресей Федерациясы құрамындағы республика билігі хабарлады.

Марқұм 88 жаста болған. Саясаткер ұзақ жыл бойы Ресей аймақтарындағы ықпалды тұлғалардың бірі болған. Ол басқарған тұста республика Мәскеуден автономдығын едәуір сақтап тұрды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Қаңтар оқиғасы кезінде қазақ журналистикасы өзін батыл көрсетті. Бостандықты да, өмірді де қыл үстіне қойып жұмыс істеген журналистер болды. Жаңаөзен кең таралмай қалды, ал Қаңтар оқиғасы кеңінен таралды. Оған осы журналистердің көп септігі тиді»

Инга Иманбай, белсенді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Бұл кітап — алда жасалатын жұмыстардың бір қадамы. Бізге журналистік ынтымақтастық керек. Медиа стандарттарына сай, бейтарап, бүкпесіз, баламасыз, факчек жасалған ақпаратты бере алуымыз керек. Солай ғана ақпараттық манипуляцияны аз да болса тежей аламыз»

Мұхтар Сеңгірбай, Азаттық радиосының бас редакторы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Қаңтар оқиғасы кезінде тәуелсіз медиа мемлекеттік БАҚ сияқты тексерілмеген жалған ақпарат жариялағанда қазір олардың бәрі түрмеде отырар еді»

Думан Смақов,
Factcheck.kz бас редакторы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Билікшіл БАҚ полицейлердің басын кесіп алды, адам зорланды және тағы басқа деген сияқты жалған ақпарат таратты. Бұл фактілер дәлелденбеген. Оларда таратылып жатқан барлық ақпаратқа сенуге болмайды»

СДУ Журналистика мектебінің оқытушысы Есенгүл Кәпқызы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР. Қаңтар және қазақ журналистикасы. Дөңгелек үстел

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қасіретті оқиға – Қаңтар дүрбелеңі болғалы бір жыл өтті. Оқиғаның себептері, Қаңтар құрбандары мен жапа шеккендер – Қазақстан журналистері жазып жүрген ең басты әрі ауыр тақырыптар. Оқиғадан хабар тарату барысында журналистер қандай кедергіге тап болды? Қанды оқиға елдегі сөз бостандығы мен пікір еркіндігіне қалай әсер етті? Азаттық радиосы осы сұрақтар төңірегінде Қаңтар оқиғасы кезінде хабар таратқан журналистермен талқы ұйымдастырды. Жиында Азаттықта жарық көрген мақалалардан құрастырылған «Қаралы қаңтар құрбандары» кітабы таныстырылады.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

2022 жылы интернетті әдейі өшіргеннен Тәжікстан экономикасына 2 млн доллар шығын келді деп хабарлайды Tpo10VPN.com.

Портал мәліметінше, былтыр Тәжікстанда жалпы алғанда 936 сағатқа интернетті сөндірген. Одан 78 мың адам зардап шеккен.

Осылайша Тәжікстан интернетті сөндіргеннен зардап шеккен 23 елдің ішінде 19-орында тұр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кабулда сыртқы істер министрлігі ғимаратында жарылыс болды. Қаза болғандар бар

11 қаңтарда Ауғанстан астанасы Кабулда сыртқы істер министрлігі ғимаратында жарылыс болып, кемінде 20 адам қаза тапты. "Әл-Жазира" телеарнасының хабарлауынша, жарылысты жанкешті жасаған.

"Талибан" қозғалысының өкілі Ахмадулла Муттақи жанкешті сыртқы істер министрлігінің ғимаратына кірмек болған, бірақ оны күзетшілер тоқтатқан кезде, өзін жарып жіберді деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні СІМ ғимаратына Қытай делегациясы келмек болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пригожин Соледарды басып алғанын мәлімдеді, Украина қарулы күштері мұны жоққа шығарды

Украина қарулы күштері 11 қаңтар кешкі хабарламасында Соледар қаласы үшін шайқас жүріп жатқанын жазды. Ал Ресей қала орыс әскерінің бақылауына өткенін хабарлады. Украина қарулы күштерінің жазуынша, "қарсылас жақ Соледар қаласын бақылауға алып, украин армиясының бөлімшелерін жабдықтау жолдарын бітеп тастағысы келеді, бірақ көп шығынға ұшыраған, шайқас жүріп жатыр".

Украина президенті Владимир Зеленский кешкі видеомәлімдемесінде ресейлік "пропагандистердің" қаланы басып алғанын мәлімдей бастағанын, осылайша "мобилизацияны қолдап, агрессияны қуаттайтындарға дем бергісі келетінін" айтқан.

"Бірақ шайқас жалғасып жатыр. Донецк бағыты шыдас беріп жатыр" деді Зеленский.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Талдықорғанда жылу қазандықтарының бірі жарылып, 200-ден астам үй және әлеуметтік нысан жылусыз қалды.

"11 қазанда сағат 12:55-те Талдықорғанның Жетісу ықшам ауданында екіқабатты ғимараттың №1 қазандығы (бар-жоғы екі қазандық) жарылып, терезелер қирады" деп жазылған Талдықорған әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында. Одан ҚазТАГ үзінді келтіреді.

Ресми ақпаратқа қарағанда, қазандықтың жарылу себептері анықталып жатыр, өрт шықпаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БТА банк басшысы Ержан Тәтішевті Мұхтар Әблязовтің тапсырмасымен өлтірді деп айыпталып, көп жылға сотталған түрмедегі кәсіпкер Мұратхан Тоқмадидің "азаптау туралы" шағымы бойынша қылмыстық іс "қылмыс құрамы болмағандықтан" тоқтатылған.

Бұл жөнінде кәсіпкердің жұбайы Жәмила Айымбетоваға сүйенген "Власть" сайты хабарлады.

Жәмила Айымбетованың сөзінше, "кәсіпкерді азаптау" бойынша қылмыстық іс 30 желтоқсанда тоқтатылған, бірақ кәсіпкердің әйелі мен адвокатына бұл жөнінде айттылмаған, тіпті іс материалдарымен де таныстырмаған. Өткен аптада Тоқмадиге 11 қаңтарда өзін Жезқазған түрмесіне қайта этаппен жіберетінін хабарлаған.

11 қаңтар күнгі баспасөз жиынында Жәмила Айымбетова қамау кезінде "ҰҚК қызметкерлерінің күйеуінің қабырғасы мен аяғының саусақтарын сындырғанын" айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал