azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

«Билегенде ұшып жүргендей боламын». 14 жасар биші Ақбота

Би Ақботаның өмірінің айнымас бөлігіне айналған. Жұлын жарығы диагнозымен туған қыз сегіз жасынан бері биге қатысады. Арбамен жүретін Ақботаға Астананың аязы да, бораны да кедергі емес — аптасына үш рет жаттығуға барады. Азаттық бишінің жарысқа қалай дайындалып жүргенін көріп қайтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның Донецк облысында екі британ еріктісі ұшты-күйлі жоғалды.

Соңғы рет олар 6 қаңтарда байланысқа шыққан. Бұл жөнінде журналист Виктория Ивлева хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Эндрю Бэгшоу мен Крис Парри адамдарды Бахмут пен Соледар түбіндегі шайқас жүріп жатқан аймақтан салыстырмалы түрде қауіпсіз жаққа көшіру үшін аттанған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Газ одағын құру" туралы Ресей жағынан ресми түрде ұсыныс түскен жоқ. 11 қаңтарда баспасөз жиыны кезінде премьер-министрі Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді. Смайыловтың сөзінен "Власть" сайты үзінді келтіреді.

"Қазіргі кезде үштік газ (Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасында газ одағын құру ұсынысы – ред.) одағын құру бойынша ресми ұсыныс алған жоқпыз. Түскен кезде қарастырамыз" деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөзде "газбен қамтамасыз ету" мәселесі талқыланып жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

10 қаңтарда Атырау облысында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 27 адам прокурормен процессуалдық келісім жасасуға өтініш берді.

Олар сотта "кінәларын мойындайтынын", "дәлелдерді дауламайтынын" айтып, судьядан прокурормен процессуалдық келісім жүргізуге уақыт сұрап, өтініш тапсырды.

Судья Зарема Хамидуллина олардың бәрінен "өтінішті өз еріктеріңізбен жаздыңыздар ма?" деп сұрады. Айыпталушылар "мұндай қадамға өз еріктерімен, ешкімнің қысымынсыз барғандарын" айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей СІМ: Қазақстанның ресми өкілдері Бучадағы қазақ үйге "қатысы жоғын" айтты

Қазақстанның ресми өкілдері Бучадағы қазақ үйге қатысы жоғын айтты. Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова 10 қаңтар күнгі түсініктемесінде осылай деп мәлімдеген.

"Қазақстанның ресми өкілдерінің назарын интернетте пайда болған ақпаратқа аудардық. Бізді кейбір БАҚ-та шыққан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және Республиканың оған қатысы жоқ деп сендіруге тырысты. Ресей жағының жақын әріптесіне сенбеуіне негіз жоқ" деді Мария Захарова.

Захарованың айтуынша, дегенмен "Ресей-Қазақстан стратегиялық ынтымақтастығы мен одақтастығына нұқсан келмес үшін және бұл тақырыптың әрі қарай да бұрмалалануына" жол бермес үшін Ресей жағы Қазақстанның "ресми түсініктеме бергені жөн" деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ЕО мен НАТО ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды

Еуроодақ және НАТО 10 қаңтарда үшінші рет стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Мұндай декларация алғаш рет 2016 жылы жасалып, сол жылы – бірінші рет, 2018 жылы екінші рет қол қойылған. Ресей Украинаға басып кіргелі бері тараптар алғаш рет осындай құжатқа қол қойып отыр. Онда соғыспен байланысты мәселелер қамтылған.

Брюссельде өткен құжатқа қол қою рәсімінде НАТО басшысы Йенс Столтенберг Ресей "Еуропадағы қауіпсіздік тәртібін өзгертіп, көршілерін бағындырғысы келеді" деп мәлімдеді.

"Президент Путин Украинаны үш күн ішінде басып алып, бізді бөлмекші болған. Екеуінде де сәтсіздікке ұшырады" деді Столтенберг.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Конституциялық сот "Тұңғыш президент — Елбасы" заңының күшін жойды

Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, "Тұңғыш президент - Елбасы" заңының күшін жойды.
Бұл туралы соттың ресми сайтында хабарланды.

Конституциялық сот бұл шешім "2022 жылы 5 маусымда өткен референдум нәтижесіне" және "Қазақстан халқының еркіне негізделе шығарылғанын" айтады.

Сот "2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде өз билігін тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыра отырып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның арнаулы артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан екі реттен артық президент болып сайлану құқығын Конституциядан алып тастады" дейді.

Конституциялық сот қаулы бірден күшіне енетінін, шағымдануға жатпайтынын мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атыраудағы сот Қарақалпақстан жайлы посты үшін сотталған белсендінің үкімін өзгертпеді

10 қаңтарда Атырау облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыпталған жергілікті белсенді Жаңылсын Жалғасованың апелляциялық шағымын қарап, бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Іс материалдары бойынша, Жалғасова былтыр 3 шілдеде Facebook желісіндегі парақшасына "Қазақстан Қарақалпақстандағы митингіні күшпен басу үшін әскер жіберіп жатыр" деп айтылған видео жариялап, оны таратуды сұраған. Осы видео үшін ол шілдеде үйқамаққа алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

28 желтоқсанда Атырау қаласының №2 соты Жалғасова "жалған ақпарат таратты" деп айыптап, бір жылға бас бостандығын шектеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Адвокат: Бас прокурор Берік Асылов журналист Әйгерім Тілеужанды сот шешімінсіз-ақ кінәлі ете салды

10 қаңтарда Астанада өткен баспасөз конференциясында Қаңтар оқиғасына байланысты күдікті ретінде үйқамақта отырған журналист Әйгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдархан "Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Әйгерім Тілеужанның конституциялық құқығы - кінәсіздік презумпциясын бұзды" деп мәлімдеді.

Қазақстанның бас пркуроры Берік Асылов 5 қаңтарда парламент мәжілісінде Қаңтар оқиғасы бойынша депутаттар алдында баяндама жасаған еді.

- Бас прокурор Берік Асылов мәжілісте сөйлегенде Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовті Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырушы деп көрсетті. Тергеу енді ғана аяқталды, сот та болған жоқ. Бірақ бас прокурор Әйгерім Тілеужанды қазірдің өзінде кінәлі деп жариялап жіберді. Бас прокурор осы арқылы қоғамдық пікір қалыптастырып, сот шешіміне ықпал еткісі келетін сияқты. Кімнің кінәсі қандай екені тек сот үкімінде ғана айтылады,- дейді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Мені қылқындырды». Бір топ адам белсендіге «күш көрсеткен» полицейге шара қолдануды талап етті

9 қаңтарда Алматыда бір топ адам белсенді Назым Табылдиеваны қолдап, полиция басқармасының алдына жиналды. Олар Қаңтар құрбандарын еске алуға бармақ болған Табылдиеваны құзырлы орган өкілі «заңсыз ұстап, күш көрсетті» дейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда бір топ адам белсенді Табылдиеваға "күш көрсеткен" полицейге шара қолдануды талап етті

9 қаңтарда Алматыда ақын Ринат Зайытов бастаған бір топ адам Наурызбай ауданының полиция бөлімшесіне барып, белсенді Назым Табылдиеваға "күш көрсеткен" полицейді жазалауды талап етті.

6 қаңтарда белсенді Назым Табылдиеваны жай киімдегі азаматтар көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұстап, Наурызбай ауданы полиция бөлімшесіне апарған.

Бөлімше алдына жиналғандар полицияның белсенділерге жиі қысым көрсететінін, митинг алдында заңсыз ұстап әкететінін айтты. Олар Табылдиеваны ұстаған полиция қызметкеріне шара қолдануды, белсенділерді қудалауды тоқтатуды талап етті.

- Полиция қызметкерлерінің ондай әрекетінің заңсыз екенін дәлелдей алатын болсақ, бұл қоғамның өзгеріске деген бір қадам ұмтылысы болады. [Бұл жерде] жалғыз Назымның атын атағанымызбен, бұл – Қазақстанның әр жерінде болатын жағдай. Оны осындай бір жұмыла көтерген әрекетпен ғана өзгерте аламыз, - деді ақын Ринат Зайытов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Таллин Эстонияда бұғатталған Ресей активтерін алуға кірісті

Ресейдің бұғатталған активтерін алуға кірісіп, оның құқықтық базасын жасап жатқан Еуропа одағының алғашқы елі - Эстония болғалы тұр. Бұл жөнінде Bloomberg хабарлады. Бұл міндетті Эстония министрлігі қаңтар айының соңына дейін орындауға тиіс.

Оған дейін Еуропа комиссиясы Ресей орталық банкінің бұғатталған активі (300 миллиард долларға жуық) мен санкцияға ілінген Ресей азаматтарының мүлкін әрі қарай не істеу керектігі жөнінде шешім қабылдайды. Ресейдің Эстонияда бұғатталған активінің құны шамамен 20 миллион еуро.

Былтыр желтоқсанда Эстония премьер-министрі Кайя Каллас: - Еуропа одағының мүшелері әскери қылмысы үшін Ресейді жауапқа тарту және Ресейдің бұғатталған активтерін пайдалану туралы жұмысын жалғастыруға тиіс,- деп мәлімдеген еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Тағы бір наразылық бұрқ ете қалуы мүмкін". Қаңтар оқиғасын зерттеген АҚШ журналисімен сұхбат

"Қаңтар оқиғасына түрткі болған мәселелер жойылған жоқ, өрт кез келген сәтте тұтануы мүмкін" дейді Қаңтар оқиғасын Қазақстанға келіп зерттеген америкалық журналист, жазушы, Fulbright бағдарламасының стипендиаты Шерил Л.Рид.

2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда бейбіт басталған наразылық қалайша зорлық-зомбылыққа ұласты? Билік оқиғаны халықаралық зерттеуден неліктен бас тартты? Қаңтар оқиғасы қоғамның билікке көзқарасын қалай өзгертті? Азаттық бұл туралы үздік журналистік зерттеу авторына берілетін Голдсмит сыйлығының иегері Шерил Л.Ридпен сөйлесті.

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Дождь" телеарнасы Нидерландыдан лицензия алды. Бұл жөнінде телеарнаның бас редакторы Тихон Дзядко "Эхо Москвы" радиостанциясының бұрынғы журналисі Александр Плющевтің Plushev телеграм-арнасына берген сұқбатында айтты.

Ресейде тыйым салынған "Дождь" телеарнасына былтыр маусымда Латвия лицензия берген, алайда "қауіпсіздігіне қатер төнгендіктен" желтоқсан айында қайтарып алған. Оған "Дождь" тележүргізушісі Алексей Коростелёвтің тікелей эфирдегі сөзі түрткі болған. Ол көрермендерді Украинадағы соғысқа байланысты мобилизациялау кезінде құқық бұзушылық болса, хабарлауға шақыра отырып: "Ресейдің майдандағы көптеген әскери қызметкерлерінің қарапайым керек-жарақпен қамтамасыз етілуіне көмектестік деп үміттенеміз" деген.

Тележүргізуші жаңсақ сөйлегені үшін келесі күні кешірім сұраған. "Дождь" жетекшілігі де кешірім сұрап, Коростелёвті жұмысынан босатқан. "Әркім-ақ қателеседі" деген тағы да үш журналист Коростелёвті қолдап, қызметтерінен кеткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарасай ауданының тұрғындары газды арзандатуды талап етіп, Шамалған әкімдігіне барды

Бүгін таңертең Алматы облысы Қарасай ауданының Қайрат, Арай, Шамалған, Еңбекші, Құмарал ауылдарының тұрғындары Шамалған ауылдық округі әкімдігіне алдына жиналып, күнделікті пайдаланатын газды арзандатуды талап етті.

Таңғы тоғыздан бастап әкімдік алдына келе бастаған жүздеген адамды әкімдік өкілдері мәдениет үйіне кіргізіп сөйлескен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Министрлік Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау жөнінде: Ресей ауызша келісім берді

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 11 қаңтарда Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдау мәселесі туралы сұрақтарға жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, мұнай Ресей арқылы тасымалданатындықтан осы уақыт бойы Қазақстан Ресейдегі әріптестерінің келісімін күткен.

"Ауызша келісімін берді. Меніңше, мәселе болмайды. Әзірге ауызша [келісім] бар, жазбаша жоқ" деді министр.

"Бұл жерде тұтынушылардың алғаны маңызды. Ресей Федерациясымен мұнай айдауға қатысты ірі мәселе туындаған емес. Көлеміне келсек, жылына 1,5 млн тонна болып қалар. Бірақ Қазақстан бір жылда ең көп дегенде 6 млн тонна ғана тасымалдай алады" деді Ақшолақов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

2022 жылы Қазақстанда инфляцияның жылдық көрсеткіші 20,3 пайызға жетті. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді.

Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, 2022 жылы желтоқсанда айлық инфляция деңгейі сәл бәсеңдесе де (1,2 пайыз), кейінгі бес жылдың орташа көрсеткішінен едәуір жоғары.

"Оған азық-түлік қымбатшылығы көп әсер етті – бір жылда 25,3 пайызға қымбаттады. Жеміс-көкөністің маусымдық қымбатшылығы байқалды" деді Ғалымжан Пірматов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Украинаның Буча қаласына орнатылған киіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқ және Ресей билігіне оған қатысты ресми түсініктеме бермейді.

11 қаңтарда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді.

"Киіз үй қойылды. Бұдан қандай проблема туындады? Қойылды. Көмек көрсетілді. Бұл жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Өздері жинап, өздері апарып, өздері көмектесіп жатыр" деді Айбек Смадияров.

t.me/RadioAzattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

10 қаңтарда кешке Қарағандыда Республика даңғылындағы 16 қабатты тұрғын үйде өрт болып, өртенген пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Полиция “Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе
бүлдіру” бабы бойынша іс қозғады

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Арқанкерген оқиғасының жалғыз куәсі". Челах не айтқысы келеді? Істі қайта қарау мүмкін бе?

Қостанай облысында өмірлік түрме жазасын өтеп жатқан Владислав Челах президентке хат жазып, өз ісін қайта қарауды өтінді. Челах хатында 2012 жылы мамырда 15 адамды өлтірмегенін, шекара бекетіне шабуыл жасалғанын айтады. Құқық қорғаушы Қазақстан билігі Челахтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адвокат беріп, хаты бойынша тексеріс жүргізуі керек деп есептейді. Бас прокуратура Челахтан жауап алатынын мәлімдеді.

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

10 қаңтарда кешке Қарағандыда Республика даңғылындағы 16 қабатты тұрғын үйде өрт болып, өртенген пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Бұл жөнінде төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Өрт кезінде сегізінші қабаттан 1979 жылғы ер адам құлаған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, құтқару қалпағының көмегімен 48 адам (9-ы бала) құтқарылған. 82 адам эвакуацияланған (21-і бала).
Сағат 22:55-те өрт сөндірілген. Оқиға орнында 88 адам, 23 техника жұмыс істеген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өртке жарылыс себеп болғаны хабарланған еді. Министрлік жарылыс туралы болжамды растаған жоқ.

"Оқиға орнында газ құрылғылары анықталған жоқ. Ешнәрсе бұзылмаған немесе қирамаған. Жылу жүйесі бұзылмаған. Өрт себебі анықталып жатыр" деп жазылған министрлік хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Президентке талап, белсендіге араша, БАҚ туралы жаңа заң – AzatNEWS 10.01.23

📌 Маңғыстау облысы Жетібай кентінің тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, жұмыссыздық мәселесін көтерді. Облыс әкімдігі жұрт мәселесін он күнде шешуге уәде берді.

📌 "Әуежайды басып алды" деген айыпқа іліккен журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанға жақтастары араша түсті. Бас прокурор оны "діни экстремистік ұйым мүшесі" деп атаған.

📌 Қазақстан билігі журналистер жұмысын реттейтін жаңа заң жобасын талқылауға шығарды. Сарапшылар жаңа заңнамада еркіндіктен гөрі бақылау басым дейді.

📌 Ресей ядролық қаруды одан әрі дамытпақ. Ал Бразилияда президент сарайын басып алғандар қамалып жатыр.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамның сот тергеуі аяқталып, жарыссөз күні белгіленді

Судья Нұрлан Бақтығалиев сот тергеуі аяқталған бойы жарыссөзге көшуді ұсынды. Алайда мемлекеттік айыптаушылар сот жарыссөзіне дайындалу үшін уақыт сұрады. Жарыссөзі алдағы бейсенбі, 12 қаңтарға белгіленді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Еңбек министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларға арналған квотаны көбейткенін мәлімдеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларға 2023 жылы 8652 аймақ квотасы белгіленген. "Бұл - былтырғыдан 566 квота көп" дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Қандастарға Солтүстік Қазақстан облысына 138 квота, Қостанай облысына 150, Абай облысына 196, Шығыс Қазақстан облысына 239, Ақмола облысына 270, Павлодар облысына 932 квота бөлінген. Қоныс аударушыларға Қарағанды облысына 33, Ұлытау облысына 120, Абай облысына 238, Шығыс Қазақстан облысына 305, Қостанай облысына 530, Солтүстік Қазақстан облысына 2 660, Павлодар облысына 2 841 квота ұсынылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Қазақстанмен іргелес жатқан Орынбор облысында Украинадағы соғысқа байланысты мобилизациямен әскерге алынған солдаттардың лагері өртенген.

"9 қаңтарда оқу бөлімінен өрт шыққан" деп жазады "7х7 — Горизонтальная Россия".

"Оренбург Очевидец" паблигі әскери бөлімдегі өрт сөндіргіш мәшинеде су болмай, әскери қызметкерлерлер қаладан құтқарушы күтуге мәжбүр болғанын, өртті мас офицерлер шығарғанын жазған. Мұның астындағы пікірлерде өртеген офицерлер емес, мобилизациямен әскерге алынғандар деген ескерту жазылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сот Ләззат Досмамбетованың амнистия туралы апелляциялық шағымын тағы да қанағаттандырмады

9 қаңтарда Шымкент қаласының сотында Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған белсенді Ләззат Досмамбетованың апелляциялық шағымы қаралды. Ол Еңбекші аудандық сотының өзіне рақымшылық заңын қолданбау туралы қаулысын өзгертуді сұраған еді, бірақ судья қаулыны өзгеріссіз қалдырды.

Досмамбетова сотта "272-баптың 2, 3-бөлімі бойынша ("Жаппай тәртіпсіздікке қатысу және шақыру") айыпталдым. Бұл бапқа "Рақымшылық жасау туралы" заңы қолданылады. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларым барын ескеріп, алдыңғы сот қаулысын өзгертуді сұраймын" деді.

Прокурор Бекенбаев белсендінің бұрын Қылмыстық кодекстің 405-бабы ("Тыйым салынған ұйым қызметіне қатысу") бойынша істі болғанын, экстремистік қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қолданылмайтынын еске салды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путиннің жаңа жылдық құттықтауы кезінде "HIMARS" нысанасына ілінген Ресей солдаттарының тізімі құпия

Ресейдің Самара облысының әскери комиссары Алексей Вдовин жаңа жыл түнінде Макеевка қаласындағы кәсіптік-техникалық училище ғимаратын Украина HIMARS ракетасымен атқан соң өлген солдаттарының тізімін жариялаудан бас тартты. Ол "өлгендердің тізімін шетел барлауы мүмкін" деп есептейді. Бұған дейін өлгендердің туыстары ақпарат беруді талап етіп, 50 мың адам қол қойған петиция жариялаған.

Алексей Вдовиннің сөзінше, өлгендердің тізімі құпия ақпарат болып саналады, оны тек туыстарына ғана айтуға болады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

FT: Сарапшылардың 46 пайызы "алдағы он жылда Ресей ыдырауы мүмкін" деп есептейді

Халықаралық саясат пен экономика саласындағы 167 сарапшының жартысына жуығы Ресей алдағы 10 жыл ішінде ыдырып, оның орнында тәуелсіз республикалар пайда болуы ықтимал, не болмаса "Ресей мемлекеттік институттары жұмыс істемейтін мемлекетке айналуы мүмкін" деп санайды. Бұл сауалнаманы Вашингтонның Atlantic Council ("Атлантика кеңесі") сараптама орталығы жүргізген, қорытындысын Британияның Financial Times газеті жариялаған.

Сауалнамаға қатысқандардың 40 пайызы Ресейде революция, азаматтық соғыс немесе дезинтеграция нәтижесінде саяси дағдарыс болуы мүмкін деп есептейді. Еуропа сарапшылары америкалық сарапшылардан да пессимист болып шыққан: олардың 49 пайызы "Ресей ыдырайды" деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкентте Раушан Перманованы пышақтап өлтірген адам 11 жылға сотталды

Бүгін, 9 қаңтарда Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 39 жастағы Раушан Перманованың қазасына байланысты қозғалған іс бойынша үкім шығарды. Сот ісі былтыр желтоқсан айының басында басталған.

Судья Әбсаттар Шахитдинов сотталушы Ермек Қабылбаевты адам өлтіру бабымен (99-баптың 1-бөлігі) кінәлі деп есептеп, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді. Бұдан бөлек сотталушы марқұм әйелдің отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Раушан Перманова 29 тамызда кісі қолынан қаза тапқан. Қазақстан ішкі істер министрлігі Раушан Перманова үш ай бейресми некеде тұрған 50 жастағы Ермек Қабылбаевтың полицияға өз еркімен берілгенін хабарлаған. Сот кезінде Қабылбаевтың әйелді төрт жерінен пышақтағаны айтылды. Туыстарының сөзінше, күдікті азамат Раушан Перманованың мойны мен аяғынан пышақтаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан қоғамдық орындарда балағаттап сөйлегендерге жазаны күшейтеді

Қазақстан ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда балағат сөйлегендерге 2023 жылдың наурызынан бастап 69 мың теңге айыппұл салынатынын немесе 30 тәулікке қамауға алынатынын хабарлады.

"Бүгінге дейін ұсақ бұзақылығы үшін 17 мың теңгеден сәл астам айыппұл салынатын немесе 15 тәулікке қамалатын. Жаңа редакция бойынша 69 мың теңге айыппұл салынады немесе 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алынады", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің өкілі Азамат Құрымбаев.

Түзету жаңа кодекс ресми түрде жарияланған соң 60 күннен кейін күшіне енеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал