Ардақ Бөкеева алаңға журналист емес, азаматтық белсенді ретінде келгенін айтты: "Айкөркемнің қазасына қатты қайғырып, келіп тұрмын. Оның өліміне қатысты тергеудің тоқтатылғаны әділетсіздік" деді.
Читать полностью…Белсенділер бұған дейін жергілікті әкімдіктерге еске алу шарасын өткізетінін ескерткенмен рұқсат бермегенін айтып отыр.
Читать полностью…Алматыда алаңға белсенділер жиналып жатыр
Алматыда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі қоршалған. Онда қарапайым тұрғындардан гөрі полицейлер көп дейді оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі. Алаңда интернет бар. Қозғалыс тоқтамаған.
Бұған дейін тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының өкілдері Қаңтар құрбандарын еске алу үшін жиналатынын хабарлаған.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Бішкекте Қамбар ата су электр станциясын салу жоспарына қол қойды
Бұл жөнінде Қазақстан энергетика министрлігінің сайты хабарлады.
Хабарламада жол картасы аясында тараптардың жобаны жүзеге асыру бойынша негізгі шарттарға келіскені және электр станциясын уақытында іске қосу үшін қажетті қадамдарды белгілеп алғаны жазылған.
Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, Қамбар ата су электр станциясы Қырғызстандағы ірі электр станциясына айналуы тиіс және Орталық Азия елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аймақты тұрақты түрде сумен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
t.me/azattyq
5 қаңтарда Алматыда Қаңтар құрбандарын еске алу шарасын өткізуді жоспарлаған бір топ белсенді ұсталды. Алматы полициясы тіркелмеген "Демократиялық партияның" белсендісі Абзал Достияровты қызын балабақшаға апара жатқанда баласымен қосып алып кеткен. Белсенді баласы психологиялық травма алғанын айтады.
t.me/azattyq
Қаңтар ұйымдастырылған ба? Азаттықтың арнайы хабары
Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған Қаңтар оқиғасына бір жыл толды. Газдың қымбаттауына қарсы Жаңаөзен қаласында бейбіт басталып, ,соңы дүрбелеңге, қантөгіс пен қиратуға, тонауға ұласқан оқиғаға әркім әр түрлі баға береді. Осы бір жылда бізге не белгілі болды? Неге көзіміз жетті? Тағы нені білмейміз? Азаттық арнайы хабарда осы сауалдарға жауап іздеді.
🔗КӨРУ
АҚШ: Пригожин Бахмуттағы кенішке қызығып отырған болуы мүмкін
"Вагнер" жеке әскери тобын құрушы, Владимир Путинге жақын жүретін ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин Украинаның Донецк облысындағы тұз және гипс кенішіне қызығып отырған болуы мүмкін. "Вагнер" жалдамалы әскерінің Бахмут қаласын басып алуға қатты ұмтылысын осымен түсіндіруге болады. Ақ үйдегі дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі осылай деп жазды.
Америка шенеунігінің пікірінше, Пригожиннің Бахмутты алуға "ынта-шынтасымен кірісуі" Вашингтонға сондай тұжырым жасауға негіз береді.
Еуропадағы ең ірі тұз кеніштерінің бірі Бахмут аумағында орналасқан. Соледар қаласына жақын жердегі "Артёмсоль" тұз өңдеу кәсіорны орналасқан аумақты да Ресей әскері басып алуға тырысып жатыр.
t.me/azattyq
6 қаңтарда Ақтөбедегі “Нұр Ғасыр” мешітінде Қаңтар құрбандарына құран бағышталды. “Думаш” мейрамханасында 300-ге жуық адамның қатысуымен ас берілді.
Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы басшысы Ләззат Оразбаеваның сөзінше, асты азаматтық қоғам өкілдері ұйымдастырған. Әкімдік оған араласпаған. Бірақ сөз алғандар әкімдікке алғыс айтып, “осы асқа рұқсат берген жүректі, мейірімді басшыларымызға рахмет” деп жатты.
Асқа жиналғандарға жол бастап, жөн көрсетіп жүрген Адайбек есімді азамат Азаттыққа “бұл шара президент әкімшілігінің тапсырмасымен ұйымдастырылды” деп қысқа қайырды.
Сөз алғандар жұртты ынтымақ пен бірлікке шақырып, Қаңтарда оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровты еске алды. Бірақ оның қазасына ешкімді айыптаған жоқ.
t.me/azattyq
Тәжікстан да өз азаматтарының Қаңтар оқиғасына қатысы жоғын мәлімдеді
Қырғызстанның ізінше Тәжікстан сыртқы істер министрлігі де Қазақстандағы Қаңтар оқиғасына тәжік азаматтарының қатысы жоғын мәлімдеп, Қазақстан бас прокурорының сөзіне реакция білдірді.
Тәжікстан СІМ айтуынша, тәжік азаматтарының Қазақстандағы тәртіпсіздікке қатысы бары дәлелденбеген.
"Тәжік тарабына Қазақстан жағынан ресми арналар арқылы өз азаматтарының аталған оқиғаға қатысы туралы мағлұматтар түспегенін хабарлаймыз. Ақпарат құралдарында Қазақстан прокуратурасының ақпараты жарияланғаннан кейін Тәжікстанның Қазақстандағы дипломатиялық және консулдық өкілдіктері елдің тиісті құрылымдарына қайырылып, аталған фактілер дәлелденген жоқ" деп жазылған Тәжікстан СІМ хабарламасында.
t.me/azattyq
Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің қазасын тергеу тоқтатылып, іс құпияланды
Қаңтарда оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Тергеу органы істі «қылмыс құрамы болмағандықтан» тоқтатқан, іле шала оны «құпия» еткен. Бұл туралы Азаттыққа бүлдіршіннің әкесі Айдос Мелдехан хабарлады.
- Бұл масқара ғой, сөзім жоқ. Қызымды өлтіргендерді табудың орнына істі тоқтатқан, онысымен қоймай істі «құпия» етіпті. Желтоқсанның аяғында тоқтатыпты. Кеше оны естіп адвокатым айқай-шу шығарғаннан кейін хат жіберіпті. Енді іс материалдарын да көре алмайтын болдық. Не істерімді де білмей отырмын, ести сала қолхат жазып ауруханадан бүгін шықтым, - деді 6 қаңтарда Айдос Мелдехан Азаттыққа.
Бұған дейін Айдос Мелдеханның ауруханаға түсіп, бүйрегіне операция жасалғанын Азаттық жазған.
t.me/azattyq
Түркімен басшысы Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен Қытай астанасы Пекинге ұшып келді, деп хабарлады 5 қаңтарда мемлекеттік БАҚ.
Ақпаратқа қарағанда, Бердімұхамедов пен Қытай басшысы Си Цзиньпин 6 қаңтарда кездесіп, екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылайды. Екі ел басшылары түркімен газын Қытайға экспорттау, логистика, сауда, химия индустриясы, ауыл шаруашылығы және коммуникация саласындағы мәселелерді де ортаға салмақ. Қытай сыртқы істер министрі бұған дейін Бердімұхамедовтің сапары Қытай басшысының шақыруымен ұйымдастырылғанын хабарлаған.
Бұл былтыр наурыздағы сайлаудан кейін әкесінен билікті қолына алған кіші Бердімұхамедовтің Қытайға алғашқы ресми сапары.
Қытай ақпарат құралдарының жазуынша, тараптар Ауғанстан мәселесінен бастап, Пекиннің "Бір белдеу - бір жол" бастамасы арқылы инфрақұрылымдарға инвестиция тарту мәселелерін талқылайды.
t.me/azattyq
"Ешкім жасырып отырған жоқ". Азаптауға қолданылған үтік жайлы сұраққа министрдің жауабы
5 қаңтарда ішкі істер министрлігі парламентте ұйымдастырған арнайы көрмеге "Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған" қару-жарақ пен полиция пайдаланатын қорғаныс құралдары қойылды. Тілшілер министр Марат Ахметжановтан "Қаңтар кезінде ұсталғандарды азаптауға қолданған үтік қайда?" деп сұрады.
t.me/azattyq
"Папаларың келеді деп жүрмін". Қаңтарда атылған малшы жігіт отбасының өмірі
Талдықорған тұрғыны Ботагөз Көптілеуова 26 жасында бес баламен жесір қалды. Малшы күйеуі Ерназар Қырықбаевты Қаңтар оқиғасы кезінде әскери бөлім жанынан өтіп бара жатқанда атып тастаған. Марқұмның адвокаты істің "адам өлтіру" бабымен тергелуіне қол жеткізе алмады.
ОҚУ
t.me/RadioAzattyq
Ауғанстанда "Әбу Омар" деген атпен танылған "тәжік тәлібі" қаза тапты
Ауғанстанның бірқатар ақпарат құралы Бадахшан провинциясында "Әбу Омар" деген атпен танылған "Талибан" содырының өлтірілгені хабарланды.
"Хашт-е собх" газетінің жазуынша, ол үш күн бұрын Бахорак уезінің Бадахшан провинциясында жоғалып кеткен. Денесі 4 қаңтарда осы елді мекенде табылған. "Әбу Омардың" неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Басылым оның Ауғанстанның солтүстігінде жүріп жатқан соғыс кезінде үкімет әскері мен техникасын жоюда "маңызды рөл" атқарғанын жазады.
"Әбу Омар" Тәжікстанның Хатлон облысында дүниеге келген деп айтылады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол 9 желтоқсанда қайтыс болған.
t.me/azattyq
«Тоқаев неге қару берді?» Өскемен мен Шымкентте Қаңтар құрбандарын еске алды
5 қаңтарда Өскемен, Шымкент, Жаңаөзен мен Алматыда Қаңтар құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Жиналғандар марқұмдарға Құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды. Өскемендегі шараға облыс әкімі Даниал Ахметов келген, ал Шымкентте әкімдік құрбандардың ата-аналарына сөз бермеген.
t.me/azattyq
Алаңнан бірді-екілі сурет. Журналист Ардақ Бөкеева Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің суреті бар қағазды монументке жапсырып жатыр. Бір күн бұрын "қылмыс құрамы болмағандықтан" Айкөркемнің қазасын тергеу тоқтатылғаны белгілі болған.
Читать полностью…Фейсбуктағы "Белсенділер экстремист емес" тобы 7 қаңтарда таңертең Алматыда белсенді Айдар Мүбәраковты полиция бөлімшесіне әкеткен болуы мүмкін деп жазған. Топтың хабарлауынша, Ақмола облысында белсенді Амангелді Жахинге полицейлер шақырту қағазын беріп, Астанадағы еске алу шарасына қатысуына кедергі келтірген.
Читать полностью…Украина қарулы күштері халықаралық Global Firepower (GFP) рейтингісінде алғаш рет әлемдегі ең мықты 15 армияның бірі ретінде танылды. Былтыр Украина 22-орынды иеленген.
Биыл Украина қарулы күштері Иран, Израиль, Австралия, Сауд Арабиясы, Испания, Тайвань, Германияны басып озған. Рейтингіде 145 ел бар.
"Украина Ресейге тойтарыс беріп жатқандықтан, 2022 жылы GFP индексі бойынша көрсеткішін жақсартты. Ол қарымта жауап қайтарып, Батыстың қаржылай, материалдық қолдауының нәтижесінде, сонымен бірге жаңа маңызды категориялар енгізгендіктен жалпы тізімдегі жағдайын жақсартты" деп жазылған хабарламада.
Рейтингіде бірінші орында – АҚШ, екінші орында – Ресей, үшінші орында Қытай тұр.
t.me/azattyq
Қытай билігі елде коронавирус індеті ушығып жатса да, АҚШ ұсынған вирусқа қарсы вакцинадан бас тартты. Бұл жөнінде Bloomberg хабарлады.
Желтоқсан кезінде Қытайға барған АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэниел Критенбринк және АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Лаура Розенбер Пекинге індетпен күресу бойынша көмегін ұсынған. Одан бөлек, мұндай ұсынысты АҚШ денсаулық сақтау саласының мамандары да жасаған.
Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин 6 қаңтарда елде вакциналар мен дәрі-дәрмектер жеткілікті екенін айтып, коронавирус мәселесі бойынша "халықаралық қауымдастықпен" ынтымақтыстығын жалғастыруға уәде берген.
t.me/azattyq
Белсенді Достияров кішкентай қызымен бірге ұсталған соң құқық қорғаушылар бала құқығы бұзылғанын мәлімдеді
Достияров 5 қаңтарда таңертең кішкентай қызын балабақшаға апару үшін үйінен шыққан кезде ұсталған. Полицияның бірнеше қызметкері оны сүйрелеп, көлікке отырғызуға тырысқан. Белсенді полицейлерге әуелі қызын балабақшаға апаруға рұқсат берулерін сұраған, бірақ полицейлер келіспеген. Оны баласымен бірге лифтіден күшпен шығарған. Ұстау видеосы бақылау камерасына түсіп қалған.
Достияровты полицейлер Әуезов аудандық полиция басқармасында шамамен бес сағат ұстаған. Баласы ол жақта шамамен бір жарым сағат болған. Кейін анасы келіп әкеткен. Ата-анасының хабарлауынша, кішкентай қыз оқиғадан шошып қалған, қазір көшеге шығуға қорқады.
"Бала құқығын қорғау жөніндегі" қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс тобы құзырлы органдарды оқиғаға араласып, бала құқығын бұзуға қатысы бар қызметкерлерді жазалауға шақырды.
Кремльдің "атысты тоқтату" мәлімдемесіне қарамастан Ресей әскері Херсондағы өрт сөндіру бөлімін атқылаған
6 қаңтарда таңертең Ресей армиясы Херсондағы өрт сөндіру бөлімін атқылап, бір адам қаза болып, төрт адам жараланған. Бұл жөнінде Херсон облысы әкімшілігінің жетекшісі Ярослав Янушевич хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, жараланған бір адамның жағдайы ауыр, қалған үшеуінің жағдайы орташа. Дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. Янушевичтің айтуынша, өрт сөндіру бөліміне жақын орналасқан тұрғын үйге де оқ жаудырылған.
Ресей "Рождество қарсаңында атысты уақытша тоқтататынын" мәлімдегеніне қарамастан бейбіт азаматтар зардап шегіп отыр деді Херсон облысы әкімшілігінің жетекшісі.
"Бұлар – Рождество қарсаңында өз үйінде атқылауға ұшыраған әже, өз қаһарманынан айырылған құтқарушының отбасы, Рождествоны ауруханада қарсы алатын төрт құтқарушы" деп жазды Янушевич Телеграм-арнасында.
t.me/azattyq
"Жаңа Маршалл жоспары". Украинаны қалпына келтіру қаншаға түседі?
Украинаны қайткен күнде де қалпына келтіру керек және бұған миллиардтаған қаражат қажет болады. Қазір Ресейдің соғыс репарациясын төлеуі немесе Мәскеудің бұғатталған қаражатын Украинаны қалпына келтіруге жұмсау жайлы айтылып жүр. Көбі мұны жақсы жоспар көруі мүмкін, бірақ ол заңды әрі тиімді ме? Ресей төлемесе, АҚШ пен Еуроодақ қаржы жұмсауы мүмкін бе?
ОҚУ
Талдықорған тұрғыны Ботагөз Көптілеуова 26 жасында бес баламен жесір қалды. Күйеуі Ерназар Қырықбаевты Қаңтар оқиғасы кезінде әскери бөлім жанынан өтіп бара жатқанда атып тастаған. Марқұмның ісін «адам өлтіру» бабымен тергеуді талап еткен адвокаттың өтініші орындалмады. Мақаланың толық нұсқасын Азаттық сайтынан оқыңыздар.
t.me/azattyq
Қаңтар оқиғасына бір жыл: Алматыдағы "Республика" алаңында әлі де күзет күшті
6 қаңтар таңнан бері Алматыдағы "Республика" алаңын полиция күзетіп тұр. Алаңдағы "Тәуелсіздік" монументі темір шарбақпен қоршалған. Алаң маңынан полицияның бірнеше көлігі де байқалады.
Азаттық тілшісі алаңға апаратын негізгі көшелердің бойында да күзет тұрғанын көрді. Олардан не себепті тұрғанын сұрағанда “қоғамдық тәртіпті бақылып тұрмыз” деп жауап берді. “Қоғамдық тәртіпті бақылайтындай қандай оқиға болып жатыр?” деген сұраққа күзеттегі полицейлер жауап бермеді, қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеді. Ал баспасөз қызметі телефонын көтерген жоқ.
“Республика” алаңының маңын полиция күзетіп тұрғанына қарамастан, адамдардың “Тағзым” мемориалы мен “Тәуелсіздік” монументінің қасында суретке түсіп, емін-еркін аралап жүргені байқалады. Өзін Алмас деп таныстырған Алматы тұрғыны күзеттің күшейтілуін Қаңтар оқиғасының бір жылдығына орай деп есептейді.
t.me/azattyq
Латвияда "Sputnik Литва" агенттігінің шеф-редакторы ұсталды
Латвияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі "Sputnik Литва" агенттігінің бас редакторы Марат Касемді ұстап, қамады. LSM.lv порталының хабарлауынша, Касем ЕО санкциясын бұзды деген күдікке ілінген.
Ақпаратқа қарағанда, Касем 3 қаңтарда ұсталған, сол күні сот оны қамауға рұқсат берген. Журналиске "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бекіткен санкцияны бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Латвия мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Касем тұрақты түрде "Кремльдің мүддесіне сәйкес келетін, оның ішінде Латвия мен одақтастарының беделіне нұқсан келтіретін ақпараттарды" таратқан.
t.me/azattyq
Сот Қаңтар оқиғасы кезінде "қылмыстық топ құрды" деп айыпталып, қамалған Арман Жұмагелдиевтің ("Дикий Арман" деген лақап атпен де мәлім – ред.) қамау мерзімін 7 наурызға дейін ұзартты. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Соттың хабарлауынша, Алматы тергеу соты "қылмыстық іспен танысу кезеңінде" тергеу органдарының Жұмагелдиевтің қамау мерзімін созу жөнінде өтінішін орындаған.
Бұған дейін кей адвокаттар Жұмагелдиевтің ісіне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған еді.
37 жастағы Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда қамауға алынған. Оған "заңсыз қару сақтады", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық етті" және "қарақшылықпен шұғылданды" деген айыптар тағылған. Жұмагелдиев бұл айыптарды мойындамайды.
t.me/azattyq
Германия Украинаға әуе шабуылынан қорғайтын Patriot кешенінің батареяларын береді
АҚШ-тың ізінше Германия да Украинаға әуе шабуылынан қорғайтын Patriot жүйесіне қосымша батареялар береді. Бұл жөнінде АҚШ президенті Джо Байден мен Германия канцлері Олаф Шольцтың телефон әңгімесінен кейін Ақ үй хабарлады.
Ақ үй хабарламасында Америка және неміс басшыларының Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтыны жазылған. Байден мен Шольц Киевті қаржылай, гуманитарлық және дипломатиялық тұрғыда көмекпен қамтамасыз ете беретінін атап өткен.
Президент пен канцлер одақтас елдер мен әріптестерінің Украинаға әскери көмегі үшін алғыс айтқан.
t.me/azattyq
"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза болды
5 қаңтарда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорны аумағында бір жұмысшыны тоқ соғып, қаза болды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.
Қарағанды облысы полиция департаменті "АрселорМиттал Теміртауға" еншілес ұйым жұмысшысының өліміне қатысты "еңбекті қорғау ережесін бұзу" (156-бап, 3-бөлігі) бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Ақпаратқа қарағанда, оқиға №2 цехтың химиялық тазарту блогында болған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде еншілес компанияның жұмысшысын тоқ соққан. Ер адам есін жимай көз жұмған.
"АрселорМиттал Теміртауға" еншілес "Мартенстрой" ЖШС марқұмның отбасына көңіл айтып, қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатқанын хабарлады. "Компания оқиғаның себебін анықтау үшін мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істейді" деп жазылған компания хабарламасында.
t.me/azattyq
Путин православтардың Рождествосында Украинадағы соғысты бір күнге тоқтатуды бұйырды
Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуге православ христиандардың Рождество мерекесінде Украинадағы соғысты бір күнге тоқтатуды бұйырды.
Путин майдандағы атысты 6 қаңтар түскі 12-ден 7 қаңтар түнгі 12-ге дейін доғаруды тапсырды. Путиннің тапсырмасы жайлы хабарлама Кремль сайтында жарияланды.
Ресей Украинадағы соғыс басталғалы алғаш рет осындай қадамға барып отыр.
Кремль православтардың мерекесі кезінде атысты тоқтатуға Орыс проваслав шіркеуінің патриархы Кириллдің ұсынысы себеп болғанын хабарлады.
t.me/azattyq
Шымкентте әкімдіктің Қаңтар құрбандарына берген асында "сынақтан сабақ алу" жайлы уағыз айтылды
Сіргелі мешітінде өткен асқа марқұмдардың жақындары ғана (әр үйден бес адамнан келуге рұқсат берілген) шақырылды. Жиында ақсақалдар мен имамдар ел бірлігінің маңызы туралы өсиет айтып, марқұмдардың ата-аналары "бізге сөз берілмеді" деп ренжіді.
Әкімдіктің ұйымдастырған шараға қала басшысы Мұрат Әйтенов қатыспады. Аудан әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері ғана жүрді. Бірақ жергілікті билік өкілдері халықтың алдында Қаңтар оқиғасы не оққа ұшқан азаматтар туралы сөйлеген жоқ. Шараға арнайы шақырылған ақсақал бата берді, қала имамы құран оқыды. Арасында имамдар "ел бірлігінің маңызы, бұл сынақтан қандай сабақ алу керегі, қазаға сабыр ету жайлы" уағыз айтып отырды.
t.me/azattyq