"Тоқаев әкімшілігі Назарбаев кланының активтерін қайта бөлуге баса назар аударады". 2023 жылға болжамдар
"Бірінші президент туралы" заңның күші жойылған соң Назарбаевтың жайы не болады? Президент Тоқаев пен оның әкімшілігі биыл қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін? Кремльдің Астанаға қысымы күшейе ме? Азаттық 2023 жылы Қазақстанды не күтіп тұрғаны жөнінде саяси сарапшы Виктор Ковтуновскиймен сөйлесті.
ОҚУ
Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғызстанда мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов осындай бұйрыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, театр, кинозал, музей, клуб, кітапхана, спорт мекемесі сияқты орындарда фонограммамен ән айтуға болмайды.
Қырғызстан министрлер кабинетінің ұстанымы бойынша, бұйрық талабы бұзылған жағдайда шараны ұйымдастырған мекеме басшылығы жауапқа тартылады.
t.me/azattyq
Ресей Донецк облысындағы казармаға шабуылдан 63 әскериінің қаза тапқанын мойындады
Ресей қорғаныс министрлігі 1 қаңтарда Донецк облысы Макеевка елдімекені маңындағы казармаға Украина жасаған шабуылдан 63 әскери қаза тапқанын растады. Мәскеу шабуыл HIMARS кешенінен жасалғанын айтады.
Бұған дейін кремлшіл телеграм каналдар Макеевкаға шабуылдан Ресейдің жүздеген әскериі қаза тапқанын жазған еді.
Ал Украина әскерінің стратегиялық коммуникация басқармасы телеграм каналында шабуылдан Ресейдің 400 әскериі қаза тауып, 300 әскери жараланғанын хабарлаған.
t.me/azattyq
Ресей Киевке ирандық "Шахид" дрондармен шабуыл жасағаны хабарланды
Украина билігі 2 қаңтарға қараған түні Ресей Киев қаласын ирандық "Шахид" дрондарымен атқылағанын хабарлады.
Шабуылдан Киевтің энергетикалық инфраструктура объектілері зақымданып, 19 жастағы бала жарақаттанғаны айтылды.
Киев облысының әскери әкімшілігінің басшысы Алексей Кулеба "дрондар маңызды инфраструктура нысандарын нысанаға алды, әуе қорғанысы іске қосылды" деді.
Киев мэрі Виталий Кличко телеграмда Ресейдің дрондары Киевтегі энергетика инфраструктураларын бүлдірген соң қалада жарық өшкенін жазды. Су құбырлары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.
t.me/azattyq
Паспорт көрсеткен Рыбакина, Головкиннің жеңілісі, Пекиндегі сәтсіздік. 2022 жылғы қазақ спортындағы маңызды 7 оқиға
2022 жылы Қазақстан Пекин олимпиадасында бірде-бір медаль ала алмады. Ал теннисші Елена Рыбакинаның Wimbledon жарысындағы жеңісі, шахматшы Бибісара Асаубаеваның әлем чемпионы атануы, футбол құрамасының "Ұлттар лигасындағы" жетістігі, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектері жанкүйерлер арасында қызу талқыланды. Азаттық 2022 жылы Қазақстан спортында болған маңызды оқиғаларды ұсынады.
ОҚУ
Хорватия еуроға көшіп, Шенген аймағына қосылды
1 қаңтар күні Хорватия ұлттық валютасынан бас тартып, еуроға көшті және Еуропа ішінде паспортсыз жүруге мүмкіндік беретін Шенген аймағына қосылды. Еуроодаққа 10 жылға жуық уақыт бұрын кірген Хорватия үшін бұл екі жаңалық Еуропаға интеграциясындағы елеулі меже саналады.
📌СІЛТЕМЕ
t.me/azattyq
Қазақстанда кейінгі бір күнде 181 адамнан коронвирус белгісі, 17 адамға коронавирус пневмониясы жұққаны анықталған
Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрліктің жаңа, 2023 жылдың алғашқы күнгі мәліметі бойынша, елде барлығы 2806 адам (2610-ы – коронавирус жұқтырған, 196-сы коронавирус пневмониясына шалдыққан) емделіп жатыр. 259-ы – ауруханада, 2547 науқас амбулаторияда ем қабылдап жатыр.
t.me/azattyq
Батыс Қазақстан облысы орталығы Орал қаласының тергеу соты 31 желтоқсанда "Халық жемқорлыққа қарсы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, заңгер Аслан Өтеповті екі айға тұтқындауды сұраған тергеу органының өтінішін орындаған
Бұл туралы "Уральская неделя" газеті хабарлады.
Басылымның жазуынша, тергеу орындары Өтеповті 30 желтоқсанда ұстаған. Тергеушілер Өтепов жергілікті кәсіпкерден 800 мың теңге заңсыз алған, кейінірек тағы 300 мың теңге талап еткен деген болжам ұстанады. Өтеповтің үстінен Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабымен іс қозғаған.
t.me/azattyq
Лукашенко өзін өмір бойы Беларусь сенаты мүшесі етіп бекітетін заңға қол қойды
Лукашенко ел парламенті туралы заңға өзгертулер енгізу туралы құжатқан қол қойды. Оған сәйкес, Беларусь президенті қызмет өкілетін атқаруды доғарғаннан кейін, өз келісімі бойынша, Республика кеңесінің (сенат) өмір бойғы мүшесі болып қалады.
Беларусь заңына сәйкес, егер президент қызметі бос қалған жағдайда оны уақытша атқару Республика кеңесі төрағасына жүктеледі.
t.me/azattyq
Путин әскери киімдегі бір топ адамның алдында тұрып халыққа жаңа жылдық үндеуін жасады
Ол аяқталып отырған жыл "ерлік пен қаһармандықты сатқындық пен сужүректіктен айқын ажыратқан", "ауыр, қажет шешімдер" жыл болғанын айтты.
Жаңа жылдық үндеуін Путин "тек қана алға" жүру және "жеңу" қажет деген сөздермен аяқтады.
Путиннің бұған дейінгі жаңа жылдық құттықтау сөздерінің барлығында (ең алғашқысынан басқа) оның арғы жағынан Кремль сұлбасы көрініп тұратын.
t.me/azattyq
31 желтоқсанда күндіз Украинаға зымыранмен соққы жасалды
Кейінгі үш күнде осымен екінші рет ракетамен жаппай соққы жасалып отыр.
Киев, Винницкая, Харьков және Житомир облыстарында әуе шабуылынан қорғайтын жүйелер іске қосылғаны хабарланды. Киевте жарылыс естілген. Әзірге нақты бір нысандарға зымыран түскені жайлы хабар болған жоқ.
t.me/azattyq
Украина қорғаныс министрлігі ресейліктерге: Жуырда шекара жабылады
Украина қорғаныс министрі Алексей Резников 30 желтоқсанда кешке Ресей азаматтарына видеомәлімдеме жасады. Орыс тілінде сөйлеген министр шамамен бір аптадан соң Жаңа жылдан кейін Ресей мен Беларусь шекаралары жабылатынын, ал Ресейде мобилизацияның жаңа толқыны басталатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл жолы ірі қала тұрғындарын соғысқа шақырады.
"Шамамен бір апта қалғанын нақты білемін. Әзірге қандай да бір амал табуға болады. Қаңтар басында Ресей билігі ер адамдарды шекарадан өткізбейді. Бұдан соң елде әскери жағдай жариялап, кезекті мобилизация толқыны басталады. Беларусьпен де шекара жабылады" деді Резников.
t.me/azattyq
"Назарбаев дәуренінің соңы" және "Орталық Азия үшін қиын жыл"
Батыс басылымдары түгесіліп жатқан 2022 жылдың соңғы аптасында Орталық Азия 2023 жылы қандай қауіп-қатермен бетпе-бет келуі мүмкін деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар келер жылы Назарбаев пен оның отбасы заңмен берілген артықшылықтардан айырылып, Назарбаевтан арылу жалғасады деп болжады. Одан бөлек Орталық Азия елдері Ресей көлеңкесінен шыға бастағанымен, Мәскеудің аймақтағы ықпалы әлі де күшті екенін жазды.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Ресей президенті Владимир Путин және Қытай басшысы Си Цзиньпин жұма күні видеобайланыс арқылы келіссөз өткізді. Путин Қытай басшысын келесі жылы көктемде Мәскеуге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
"Бұл бүкіл әлемге маңызды мәселелер бойынша Ресей-Қытай байланысының беріктігін паш етеді. Екі жақты қарым-қатынастағы басты саяси оқиға болады" деді Путиннің баспасөз қызметі.
Reuters жазуынша, Пекин Си Цзиньпиннің Ресей астанасына сапары туралы әзірге хабарламады. Видеосаммиттен кейін таратылған Қытай хабарламасында Пекин Украинадағы соғыс мәселесі бойынша "объективті және әділетті позиция" ұстанатынын айтқан.
t.me/azattyq
Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері жеті мыңға жуық бейбіт украин тұрғыны опат болып, шамамен 11 мың украин азаматы жараланған.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының жаңа есебінде осындай дерек бар.
БҰҰ мәліметінше, бақылаушылар желтоқсан айында Украинада 165 бейбіт тұрғын қаза тапқанын, 500-ден аса украин азаматы жараланғанын анықтады.
t.me/azattyq
Украинамен соғыста мобилизацияланған 538 Ресей азаматы қаза болған
Украинамен соғыста мобилизацияланған 538 Ресей азаматы қаза болған. "Медиазона" басылымымен бірге соғыста мерт болғандардың тізімін жасаған ВВС осылай деп хабарлады. Журналистер ашық дереккөздерден алынған нақты деректерді, соның ішінде Ресей ақпарат құралдарында жарияланған, жергілікті билік таратқан мәліметті пайдаланған. Сондықтан соғыста өлгендер саны бұдан әлдеқайда көп болуы ықтимал.
Жаңа жыл түні Украинаның аннексияланған Донецк облысындағы Макеевкада мерт болғандар бұл тізімге кірмейді. Себебі олардың аты-жөні нақтыланбаған әрі қирандылар әлі жиналып жатыр. Казармаға айналдырылған кәсіби училище ғимаратына Украина әуеден шабуыл жасаған. Ресей қорғаныс министрлігі бұл оқиғада 63 адам мерт болғанын хабарлады, тағы көп адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Куәгерлерге сілтеген Telegram-арналар бұл шабуылдан бірнеше жүз адам көз жұмған болуы мүмкін деп болжайды.
t.me/azattyq
Аннексияланған Луганскіде соғысқа барған алты сотталушы қашып кеткен
Ресей ішкі істер министрлігі Украинаның Луганск облысынан аннексиялаған аумақта орналасқан "Вагнер" қарулы тобының оқу-жаттығу лагерінен қашып кеткен алты адамға іздеу салды. Жоғалғандардың үшеуі – Өзбекстан, бірі – Қырғызстан азаматы. Олар жаттығу орнына келгенге дейін Ресейде түрмеде отырған. Іздеу салынғандардың түр-келбетін Donday басылымы жариялады, бұл жөнінде 1rnd.ru сайты да хабар таратты.
Donday жоғалғандардын аты-жөнін жарияламаған.
Қашқындарға іздеу салу туралы ресми хабарда сотталушылардың 21-22 желтоқсанда қашып кеткені, олардың үшеуі – Өзбекстан, қалғаны Қырғызстан, Ресей және Беларусь азаматтары екені айтылған. "Царьград" басылымының хабарлауынша, жоғалғандардың қаруы бар және олар Ресей Қылмыстық кодексінің "Есірткі сақтау" бабымен сотталғандар болуы мүмкін.
t.me/azattyq
Air Astana компаниясының Алматы-Ташкент рейсінің жеті жолаушысы жарақаттанды
2 қаңтарда Air Astana әуе компаниясының Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшағы қатты турбулент аймағына тап болып, жеті жолаушы жарақаттанған. Бұл туралы комаанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әуе компаниясының хабарлауынша, KC 128 рейсі Ташкенттен жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшып шығып, Алматыға 16.45-те қонған. Экипаж жарақаттанған жолаушыларға алғашқы көмек көрсеткен, кейін Алматы әуежайында зардап шеккен жолаушыларды жедел жәрдем күтіп алған.
Әуе компаниясы болған оқиғаға өкініш білдіріп, рейс жолауышларына барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Бұған қоса, оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеру жүргізетінін де хабарлады.
t.me/azattyq
Кремлшіл каналдар Украинаның шабуылынан "жүздеген" мобилизацияланған әскери қаза болғанын хабарлады
Украина әскерінің Донецктегі Макеевка қалашығындағы әскери казармаға шабуылынан жүздеген ресейлік әскери қаза болуы мүмкін. Казармада мобилизация арқылы әскерге алынған ресейліктер жатқан. Бұл туралы кремлшіл телеграм каналдар хабарлады. Ал Украинаның стратегиялық коммуникация басқармасы 400 адам қаза болғанын айтады.
Ресейлік дереккөздер шабуыл жаңа жыл түні HIMARS әскери кешені арқылы жасалғанын жазып жатыр. Ал Ресейдің билікшіл әскери каналы "Царьград" жергілікті чаттарда "жүздеген адамның" қазасы туралы жазылғанын хабарлады. Ал "Оперативные сводки" телеграм каналы 500 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Соғыс туралы хабар таратып жүрген блогер Борис Рожин телеграмда "1 қаңтар кешкісін үйінді астын әлі тазалап жатыр" деп жазды.
Украинаның стратегиялық коммуникация басқармасы телеграм каналында 400 адам қаза тауып, 300 адам жараланғанын хабарлады. Ал Украина бас штабының 1 қаңтардағы ақпаратында бұл жайлы айтылмады.
t.me/RadioAzattyq
ШҚО-дағы "Тарбағатай мұнай" Қытайға газ экспортын тоқтатты. Газ тасымалына зайсандықтар қарсы болған еді
1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы жалғыз газ кеніші – Сарыбұлақтан Қытайға табиғи газ экспорттау тоқтатылды. Бұл жөнінде Азаттыққа жергілікті белсенділер хабарлады, ақпаратты кеніш орналасқан Зайсан ауданының билігі растады.
- Әкімдік осыған дейін жыл соңында меморандум уақыты бітеді, Қытайға газ сату тоқтатылады деп айтқан болатын. Сол бойынша компанияға талап қойып барғанымызда олар келісім берді. Құбырды бекіту жұмысы бес-алты сағаттай уақытты алды. 31 желтоқсанда кешкілік барғаннан түнгі сағат үш шамасында ғана үйге қайттық, - деді аудан тұрғыны Асхат Смағұлов.
Бұған дейін Зайсан ауданы тұрғындары аймақтағы бірнеше ауыл газсыз отырғанда жергілікті әкімдік көгілдір отынды Қытайға жіберіп жатыр деп бірнеше рет наразылық білдірген еді.
t.me/azattyq
Жаңа жылдың алғашқы сағаттарында Украинада әуе дабылы қағылды
Ресей Украина астанасы мен өзге қалаларын дрондармен және зымырандармен шабуылдады.
Киевте әуе дабылы төрт сағаттан астам уақыт бойы естіліп тұрды. Шабуыл 31 желтоқсанның кешінде басталып, 1 қаңтардың алғашқы сағаттарына дейін ұласты.
Украина әуе күштері Иран шығарған 45 камикадзе дронын жойғанын мәлімдеді. Оның 32-сін түн ортасынан кейін атып түсірген.
t.me/azattyq
Ресей қорғаныс министрлігі 31 желтоқсанда Украинада тұтқында болған 82 ресейлік жауынгер босатылғанын хабарлады
"Оларды емдеп, оңалтуға Мәскеудегі медицина мекемелеріне әкеледі" деді әскери министрлік.
Ресейдің ТАСС агенттігі өз-өзін жариялап алған "Луганск халық республикасының" "адам құқығы жөніндегі уәкілі" деп атаған Виктория Сердюкова "ЛХР"-дың 40-тан астам сарбазы босатылды деп айтқан.
t.me/azattyq
Қырғызстан тарихында алғаш рет дәрігерді науқастың қазасы үшін қамады
Бішкектің Ленин аудандық соты ішкі істер басқармасының өтінішін орындап, бұған дейін ұсталған Ана мен баланы қорғау орталығы мен қалалық балалар ауруханасының бес дәрігерін 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін қамау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
Сот тағы бір дәрігерді үйқамақта ұстау туралы шешім шығарған.
t.me/azattyq
Ресейдің Украинаға ашқан соғысы, Қазақстанның жаңа тарихындағы ең ірі қанды қырғын, әлемдегі түрлі табиғи апат пен аштық. Ауғанстандағы "Талибан" билігінің әйелдерге салған тыйымы мен Ирандағы хиджаб дауы түрткі болған жаппай наразылық. 2022 жылы әлемде болған оқиғалар жайлы фотобаян
Фотогалерея 👇🏻
https://www.azattyq.org/a/pictures-of-the-year-news-events/32179607.html
Тоқаев "Қаңтарда қатердің беті қайтарылып, қарашада әділ сайлау" өткенін айтты
Тоқаев халықты жаңа, 2023 жылмен құттықтап сөйлеген сөзінде аяқталған жыл "күрделі" болғанын айтты.
"Қаңтар айында тәуелсіздік тарихындағы зор сын-қатерге тап болдық. Бірақ халқымыздың мызғымас бірлігінің арқасында біз осы қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді сақтап қалдық" деді Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында мемлекеттік телеарналардан көрсетілген дәстүрлі сөзінде.
t.me/azattyq
2022 жылдың соңғы күні Ватиканда отставкадағы Рим папасы XVI Бенедикт (Алоис Ратцингер) қайтыс болды.
Бұл жөнінде сенбі күні қасиетті престолдың баспасөз қызметі хабарлады.
XVI Бенедиктің жасы 95-те болған. Ол Рим католик шіркеуінің тарихында қызметте ең ұзақ болған дінбасы атанған.
t.me/azattyq
Беларусь соты Латвия азаматы Дмитрий Михайловты авторитар басшы "Александр Лукашенкоға тіл тигізгені үшін" төрт жылға бас бостандығынан айырды.
Латвияның LETA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Михайлов "билікке тіл тигізді", "өшпенділік қоздырды" және "Беларуське санкция салуға үндеді" деп айыпталған.
Белорус полициясы "заңсыздыққа айғақтарды" Михайловтың телефоны мен әлеуметтік желідегі әңгімелерінен тапқан.
t.me/azattyq
Тоқаев конституциялық соттың тағы төрт судьясын тағайындады
Арнайы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Бақыт Нұрмаханов және Роман Подопригора конституциялық соттың судьясы қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.
t.me/azattyq
"АЭС-ті халыққа түсіндіру жұмыстары" аясында қазақстандық блогерлер Корея мен Францияға барған
Қазақстан халқына атом электр станциясының "маңызын түсіндіру жұмыстары" аясында қазақстандық белсенділер мен журналистер, блогерлер мен депутаттардың шетелге сапары ұйымдастырылған.
— Қандай реакторлар қолданып жатқанын көру үшін Оңтүстік Кореяға барды. "Росатом" салып жатқан "Аккую" нысанын көру үшін Түркияға сапар ұйымдастырылды. Атом станцияларының саны бойынша әлемде алдыңғы елдердің қатарында түрған Францияға барды. Халық пікіріне келсек, нақты цифрлар есімде жоқ, баспасөз қызметі ақпарат бере жатар. Бірақ АЭС-ке қарсы болған респонденттердің басым бөлігі бейтарап немесе оң көзқарас ұстанатындар қатарына өтті. Тұтас қарсы болу сатысын еңсердік. Шетелге халықпен араласатын блогерлер барды, – деді Болат Ақшолақов.
t.me/azattyq
Сот Қайрат Боранбаевты үйқамаққа жібермеді. Ал Боранбаев сотта «отбасы» туралы айтты
Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында "ақша жымқырды" деп айыпталған бизнесмен Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот басталды. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы, ықпалды бизнесмен Боранбаев "квазимемлекеттік секторда аса үлкен көлемде қаржы жымқырды" деп айыпталып, биыл наурыз айында ұсталған.
Informburo.kz сайтының хабарлауынша, бүгінгі сот отырысында Боранбаевтың қорғаушысы оны үйқамаққа шығаруды сұраған. Сот бұл өтінішті қанағаттандырмаған.
t.me/azattyq