azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Қазақстандық шахматшы Асаубаева блицтен екінші рет әлем чемпионы атанды

18 жастағы шахматшы Алматыда шахматтың блиц түрінен өткен әлем біріншілігінде әйелдер арасында чемпион атанды.

Асаубаева блицтен әлем чемпионатында екі рет қатарынан топ жарды. Ол 2021 жылы Польшада өткен рапид пен блицтен әлем чемпионатында блицтен алтын медальға, ал рапидтен күміс медальға ие болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тау шаңғысынан жасөспірімдер арасында Ресей кубогының иегері Қазақстан азаматтығын алды

Тау шаңғысынан жасөспірімдер арасында Ресей кубогының иегері Александра Скороходова Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің атынан жарыстарға бармақ. Бұл туралы "Қазинформ" ақпарат агенттігі хабарлады.

16 жастағы Скороходова Қазақстан чемпионаты мен 2024 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадаға қатысуды жоспарлайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Марк Шпарберг "ол – қазір 16-17 жастағы спортшылар арасындағы үздіктің бірі. Оны біздің спортшылардың да деңгейін көтеру үшін алдық, себебі спортта мықты болу үшін өзіңнен мықтылармен жаттығу керек" дейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутат Перуашев Млечиннің Қаңтар туралы кітабы жөнінде: Ресейлік журналистің бізге белгісіз ақпаратты жариялауы біртүрлі

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ресейлік журналист Леонид Млечиннің Қаңтар туралы жуырда жариялаған кітабына қатысты пікірін айтты. 30 желтоқсанда мәжіліс қабырғасында журналистерге берген сұхбатында кітапты оқып шыққанын, елде "құпия" ретінде танылған істер бойынша кейбір жайттардың кітапта баяндалғанына "таңданды".

"Ресейлік журналистің біздің өзімізге - қазақстандықтарға, тіпті парламент депутаттарына белгісіз нәрселер туралы кітап жариялауы біртүрлі. Бұл белгілі бір сұрақтарды туындатады" деді Перуашев.

Ол соған қарағанда қазақстандық "тергеушілер біраз ақпарат берген сияқты" деген күдігі барын жеткізді.

Өткен аптада ресейлік журналист әрі жазушы Леонид Млечин Мәскеуде "Қаңтар қасіреті. Президент Тоқаев және сабақ алу" ("Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков") атты кітабын көпшілікке таныстырған. Автор оқиға куәлерімен, Қаңтар оқиғасына қатысқан адамдармен сөйлесіп, тиісті құжаттарды қарап шыққанын айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қанат Мусин әділет министрі қызметінен босатылып, Конституциялық сот судьясы болып бекітілді

30 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Мусинді әділет министрі қызметінен босатты. 56 жастағы экс-министр, мәжілістің бұрынғы депутаты конституциялық сот судьясы болды.

30 желтоқсанда оның кандидатурасын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ұсынып, депутаттардың барлығы қолдады. Қанат Мусин жыл басында кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасы кезінде үкімет ауысқан соң әділет министрі болып тағайындалған еді.

Жұма күні мәжіліс депутаттары Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу істері жөніндегі проректоры Еркін Оңғарбаев пен құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Сергей Ударцевтің кандидатураларын мақұлдады. Үшеуі де конституциялық сот судьясы қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан соғыстан қашып, пана сұраған ресейлік майорды Мәскеуге тапсырды

Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін соғыстан қашқан Ресей федералдық күзет қызметінің майоры Михаил Жилин Ресейге экстрадицияланды. Бұл жөнінде 29 желтоқсанда кешке Азаттыққа майордың әйелі Екатерина Жилина мен Адам құқығын қорғау бюросы хабарлады.

—Астанадан қайта Семейге алып кетті. Бір жарым сағат бұрын ол маған хабарласып, Семей қаласында екенін және оны шекарадан өткізейін деп жатқанын хабарлады,
– деді Екатерина.

28 желтоқсанда апелляциялық сотта оны депортациялау туралы шешім қаралып, Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Михаил Жилинді депортациялауды қаулы етті.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Биыл қазақ шоу-бизнесінде жаңа әншілер, жаңа әндер көп шыққан жыл болды. Youtube, Apple Music, Spotify желісінде көп тыңдалған қазақша әндерді топтап көрдік.

Сізге биыл ең ұнаған ән қайсы?

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Үнді компаниясы Өзбекстанда балалар өліміне әкелген "Док-1 Макс" шәрбатын шығаруды тоқтатты

Үндістанның ұлттық қадағалау мекемесі 29 желтоқсанда Marion Biotech фармацевтикалық мекемесіне тексеру басталғанын мәлімдеді. Бұл компания жөтелге қарсы "Док-1 Макс" шәрбатын шығарып келген. Осы препараттан Өзбекстанда кемінде 19 бала қайтыс болды.

Marion Biotech ресми өкілі қазір компанияның "Док-1 Макс" шәрбатын шығаруды тоқтатқанын мәлімдеді.

22 желтоқсаннан бастап бұл препаратты Өзбекстанда сату тоқтатылды. Барлық дәріханалардан "Док-1 Макс" шәрбаты мен дәрісі алынып тасталды. Зерттеу нәтижесінде, оның құрамынан этиленгликоль улы заты анықталған.

Осы препаратты ішкен 21 бала ауруханаға түсіп, 19 бала қайтыс болған.

23 желтоқсаннан бастап Қырғызстанда да бұл дәріні сату тоқтатылды. Қазақстан билігі бұл препараттың ел аумағында сатылмайтынын мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Беларусь өз аумағына украиналық ракета құлады дейді

Беларусьтің БелТА ақпарат агенттігі бүгін, 29 желтоқсанда Беларусь аумағына Украина жақтан С-300 ракетасы құлады деп хабарлады. Агенттік бұл Украинаның ракетасы деп жазады.

Агенттіктің жазуынша, ракета құлағаны бірден Александ Лукашенкоға "хабарланған", ол тергеу комитеті мен қорғаныс министрлігіне ракетаның құлау себебін анықтауды тапсырған.

Ал Беларусь қорғаныс министрлігі ракета қалдықтары Брест облысы Иванов ауданы Горбах ауылының маңынан табылды деп отыр. Министрлік ракета Украина аумағынан жіберілген деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде түрмеден шығуына санаулы ай қалған тұтқын "терроризмді насихаттады" деп тағы 6 жылға сотталды

Сот "айыпталушы Е. биыл қаңтар мен ақпанда "камераластарының дүниетанымына ықпал етіп, терроризмді насихаттаған", "мұсылман дінін ұстанбайтындарға, оның ішінде иудаизм өкілдеріне дұшпандық көзқарас қалыптастырып, дін араздығын туғызған" деп тапқан.

Ер адам Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздыру" және "Терроризмді насихаттау" бабымен айыпталған. Сотта прокурор оны сегіз жылға соттауды сұраған еді.

Айыпталушы Е. өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда белсенділер қазақ мектебін ашуды талап етті

Наурызбай ауданындағы жаңадан салынып жатқан №207 мектептің ауласына бір топ қоғам белсендісі жиналды. Олар қаңтар айында пайдалануға берілетін мектеп "аралас мектеп" болып кете ме деп қауіптенеді. Айтуларынша Наурызбай ауданында тұратын бір топ орыс тілді ата-ана ватсап группада биліктің мектепті аралас мектеп ретінде ашуға уәде бергенін айтып, шу көтерген.

Наурызбай ауданында орналасқан №174 мектептің мұғалімі, қоғам белсендісі Ақмарал Шайтемірқызы да мектептің аралас болатынын естіп арнайы келіпті.

– Мына мектепте артық орын жоқ деп ойлаймын. Өйткені осы маңайдағы №174 мектепте 4 мыңнан астам бала оқиды. Оның сыйымдылығы 1200. Немесе осы маңайды №208 мектеп бар. 208 мектепте де сыйымдылығы 1500-де, ал оқитын бала саны үш мыңға жуық. Сонда СЭС нормативіне байланысты осы ауданның өзінде 4300-ден астам бала жаңа мектепке зәру деген сөз. Енді соның бәрін біліп отырып, аралас мектеп қылып ашу – тілдімізге қиянат, - дейді Шайтемірқызы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды

Оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып, сенат депутаттары қолдады.

39 жастағы Артур Ластаев биыл қараша және желтоқсанда бас прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы қызметін атқарған. 2018 жылдың шілдесінен бастап бас прокуратураның Еуропадағы өкілі – Қазақстанның Швейцариядағы елшісінің кеңесшісі болған. 2016 жылы қаңтарда бас прокуратура өкілі - Қазақстанның БҰҰ бөлімшесі жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Армиядағы солдаттар өлімінің жиілегені жайлы ақпаратқа түсініктеме берген қорғаныс министрлігі Қарулы күштер қоғамнан тыс өмір сүріп жатпағанын алға тартты

Қоғамда болып жатқан процестер әскери ұжымда да болады, деді орталық коммуникациялар қызметі брифингісі кезінде Азаттық сұрағына жауап берген қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов. Азаттық оған "қорғаныс министрлігі бейбіт кезде солдаттар мен әскери қызметкерлердің қазасына өзін жауапты сезіне ме және жыл сайын әскери борышты өтеу жағдайы жақсарып бара жатыр деген мәлімдемелерге қарамастан неге армияда осындай жайттар болып жатыр?" деген сұрақ қойған еді.

Сұлтан Камалетдинов "қорғаныс министрлігі мен оған қарайтын әскери бөлімдер үшін ғана" жауап беретінін атап өтіп, сөз кезегін тәрбие және идеология жұмыстары департаментінің басшысы Серік Боранбаевқа берді.

—Иә, жауаптымыз. Және әрбір оқиға бұл тек жақындары үшін ғана емес, Қарулы күштер үшін де орны толмас қаза. Дегенмен төменнен бастап қорғаныс министрлігі басшылығына дейін жауапкершілікті арқалайды. Сол себепті әрбір жағдай жеке қаралады. Бірақ нақты жағдайлар бойынша сұрақтар қояйықшы. Түрлі категориялар бар: жедел қызмет солдаттары, әскери қызметкерлер, офицерлер, – деді Серік Боранбаев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркияға туристік мақсатта барып, сол жақта тұрақты тұру құқығын сұраған ресейліктердің өтініші 26 желтоқсаннан бастап кері қайтарыла бастады

Бұл туралы Vpost басылымы хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда, Түркияға барып, пәтер жалдау келісімі негізінде тұрақты тұру құқығын алуды көздеген ресейліктерге құжат берілмей жатыр. Олардан 10 күн ішінде Түркиядан шығып кетуді талап ете бастаған.

Заңға сәйкес, ресейліктер Түркияда 60 күн визасыз жүре алады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Тоқаевтан Зеленский жасауға тырысу". Қаңтар туралы кітаптағы "президентке мадақ" пен "саяси аңыз"

Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа сұхбатында Қаңтар оқиғасы туралы кітапты неге ресейлік автор жазғаны, бұрынғы президенттің ендігі тағдыры жайлы ой бөлісті. Сарапшы "Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков" кітабының мазмұны Ақорданың Қаңтар оқиғасы туралы ресми ақпаратына сай келеді деп топшылайды.

🔗СІЛТЕМЕ


t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Территория тұтастығын қалпына келтіру және барлық тұтқынды босату. Зеленский Украинаның мақсаттары туралы айтты

Зеленскийдің айтуынша, Ресей агрессиясына төтеп беріп жатқан Украина Еуроодақ пен қалған әлемді нығайтуға үлес қосып жатыр. "Украин армиясы – империя дәуірінің қайта оралмайтындығының кепілі" деді.

Президент Зеленский Украина территориялық тұтастығын қалпына келтіріп, барлық тұтқынды босатуды көздейді деді. Бұл жөнінде Телеграм-арнасында депутат Ярослав Желензняк хабарлады. Ол да Зеленскийдің тезистерін жариялаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан 2023 жылы 90 млн тонна мұнай өндіріп, оның 71 млн тоннасын экспорттамақ

Қазақстан 2023 жылы 90,5 млн тонна мұнай өндіріп, оның 71 млн тоннасын экспортқа шығармақ. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов 30 желтоқсандағы брифингте Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бергенде айтты.

Министрдің сөзінше, 2022 жылы Қазақстан 84 млн тонна мұнай өндіріп, оның 64,8 млн тоннасын экспорттаған. Биыл Каспий құбыр желісі консорциумындағы ақауға байланысты Қазақстанның экспорт мөлшері былтырмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеген.

Министр үкімет алдында экспорттау жолын әртараптандыру үшін Ақтау порты арқылы мұнайды Әзербайжанға тасу тапсырмасы барын айтты.

– 2023 жылы қаңтарда осы бағытты тексеріп көру үшін 1,5 мллион тонна мұнай тасу жоспарда бар. Ақтаудағы порттың инфраструктурасы 5,5 млн тонна тасуға мүмкіндігі бар. Ал қосымша кедергілерді (кедендік тексерулер, басқа да тексерістер) алып тастаса, 7,5 млн тоннаға дейін тасымалдауға болады, - деді Ақшолақов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Байден АҚШ-тың 2023 жылғы бюджетіне қол қойды. Вашингтон Украинаға 45 млрд доллар көмек бермек

АҚШ президенті Джо Байден елдің 2023 жылғы бюджетіне қол қойды. АҚШ-тың келесі жылғы бюджеті 1 триллион 700 миллиард долларды құрады.

Қаржы заңында қорғаныс министрлігіне рекордтық көлемде қаржы бөлінген – 858 миллиард доллар. Бұл былтырмен салыстырғанда он пайызға көп.

Бұған қоса, Украина мен НАТО елдеріне көмекке 45 миллиард доллар бөлінбек. Бұл қаржы да Байден әкімшілігінің Конгресстен сұраған сомадан көп.

21 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Конгрессте сөйлеген сөзінде АҚШ-тан көмек сұраған. "Сіздер берген қаржы қайырымдылық деп ойламаңыздар, бұл қаржы - ғаламдық қауіпсіздікке инвестиция" деген еді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде екі күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды. Полиция оған "күш көрсеткен" күдікті ұсталғанын хабарлады

Ақтөбеде осыдан екі күн бұрын жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахуновтың сүйегі табылды. «Бала кісі қолынан өлген. Күдікті ұсталды» деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті 30 желтоқсанда.

Бұл оқиға бойынша полиция "Адам өлтіру" бабымен (ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлімі) сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Бірақ тергеу құпиясына сілтеп, күдіктінің кім екенін жарияламай отыр.

Сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, күдікті ретінде баланың әкесі 1982 жылы туған жұмыссыз ақтөбелік ұсталған. Төрт жасар Данилдің өзі тұратын көп қабатты үйдің алдынан жоғалып кеткенін полицияға 28 желтоқсан күні сағат 9:35-те әкесі хабарлаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Құқық қорғау ұйымы Қаңтарда жоғалған Өзбекстан қазағын іздеуді тоқтату шешімімен келіспей, сотқа шағым түсірді

"Халықаралық құқықтық бастама" қоры Қаңтар оқиғасы кезінде із-түзсіз жоғалған Өзбекстан қазағы Мақсет Қанатбаевты іздеуді тоқтату туралы шешіммен келіспей, Алматының тергеу сотына шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші жақтың өкілі, қордың заңгері Амангелді Шорманбаев хабарлады.

"Мұның алдында да бізге сол мекеменің басқа бір қызметкерінен жауап келген. Іс тоқтатылды деген. Яғни, бір мекемеден екі түрлі жауап түсті. Бірінде - іс тоқтатылды, екіншісінде қысқартылды деп жазылған. Біз оның бәрін сотқа бердік. Қайсысы шын екенін білмеймін. Оның бәрін енді сотта ғана білетін шығармыз. Соттан іздеуді қайта жалғастыруды талап етеміз" деді Амангелді Шорманбаев 29 желтоқсанда Азаттық тілшісіне.

Қаңтар оқиғасынан соң із-түзсіз кеткен 32 жастағы Мақсет Қанатбаев Алматыға Қарақалпақстанның Тақияташ қаласынан 2020 жылы келген. Алматыдағы "Алтын Орда" базарында жүкші болып жұмыс істеп жүрген оны Қаңтар оқиғасы кезінде полиция ұстап әкеткен. Полиция оны 12 қаңтарда босатқанын айтқан, алайда сол күйі үйіне келмеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Үлкен патшаға жалтақтау", "Ресей қаупін түсінген қоғам". Украинадағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етті?

Ресейдің Украинаға басқыншылығы биыл Қазақстан ақпарат кеңістігіндегі негізгі тақырыптың бірі болды. Украинадағы соғыс Қазақстан қоғамы мен билігіне қалай әсер етті? Билік Украинаны қолдайтын митингілерге рұқсат беруді неге доғарды? Қазақстан Ресейдің пропаганда телеарналарын жаба ала ма? Орталық Азия елдері Ресейден іргесін аулақ салып, одақ құруға қауқарлы ма? Азаттық Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университетінің саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әсел Тутумлумен осы жайттарды талқылады.

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Парламент 2027 жылдан бастап табысынан шығысы көп шенеуніктерді қызметінен босатуды мақұлдады

Қазақстан парламентінің сенаты 2027 жылдан бастап декларациясында табысынан шығысы көп шенеуніктерді қызметінен алып, жазаға тартуға мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады. Бұл жөнінде парламент сайты хабарлады.

Заң жобасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады. Құжатта шенеуніктер мен олардың жұбайлары заңсыз байыған жағдайда салынатын айыппұл жөнінде айтылады. Шығысы мен кірісіндегі айырмашылық мың айлық есептік көрсеткіштен (1 АЕК – жаңа жылдан бастап 3450 теңге болады) асқан шенеуніктер сондай күдікке ілінеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бразилиялық әйгілі футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеле 82 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі хабарлады.

Пеле қараша айынан бері Сан-Паулу қаласындағы ауруханада жатқан. Ол ауруханаға коронавирус жұқтырып түскен еді. Пеле бұған дейін қатерлі ісіктен емделіп жүрген. 2021 жылы футболшының ішегіне операция жасалып, ісік алынған. 22 желтоқсанда Пеленің жағдайы нашарлағаны хабарланған.

FIFA Пеле мен аргентиналық Марадонаны 20-ғасырдың ең үздік футболшылары деп таныған еді. Ол Бразилия құрамасы сапында 1958, 1962, 1970 жылдары әлем чемпионы атанған. Бразилия құрамасы сапында 92 матч өткізіп, 77 гол салған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин Георгий лентасын қорлағандарды жазалайтын заңға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Георгий лентасын қорлағандарды жауапқа тартатын заңға қол қойды. Құжат Ресейдің құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Заңға сай, бұл лентаны қорлағандарға 5 млн рубль (шамамен 31,3 млн теңге) айыппұл я бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құжатта Георгий лентасын тарихты еске алудан басқа шараларда қолдануға тыйым салынған. Бірақ билік лентаны "ірі шараларда қолдана алады".

Кремль Георгий лентасын 2000 жылдардың ортасында Ресейдің 1940-45 жылғы соғыстағы жеңісінің символы ретінде қолдана бастаған. Қазір Ресей билігі бұл лентаны пропагандаға, саяси оқиғаларда да жиі пайдаланады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыдағы Наурызбай ауданында келер жылдан бастап ашылатын № 207 мектеп алдына бір топ адам жиналды. Олар мектептің аралас емес, қазақша ғана оқытуын талап етеді. Ал баласы алысқа қатынап оқып келген кейбір ата-ана мектепте орыс сыныптарын да ашуды сұрайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан парламенті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін қылмыстық қудалаудан қорғайтын «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заңның күшін жоюға кірісті. Мәжіліс төрағасының айтуынша, заң тағдыры келесі жылдың басында шешіледі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БАҚ: Иран шахмат федерациясы Алматыдағы жарысқа хиджабсыз қатысқан қыздың Иран атынан бармағанын мәлімдеді

Иран шахмат федерациясының жетекшісі Хасан Тамини осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Arab News басылымы хабарлады.

"Бұл шахматист турнирге [жарнасын] өзі төлеп қатысты. Хадем аш-Шарие жарысқа федерация арқылы барған жоқ, өз бетімен барып, қатысқан" деді федерация жетекшісі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Орталық Азияда қан көп төгілген жыл. Династиялық билік, баламасыз сайлау, өзгермейтін риторика

2022 жыл Орталық Азияда қантөгісі мен қақтығысы көп жыл болды. Бұл жылы аймақ елдерінде тәуелсіздік алғаннан бері қалыптасқан авторитар жүйе сыр бере бастады. Дегенмен биліктің саяси мәселелерді бұрынғыдай шешу үрдісі тыйылған жоқ. Ұраны әрекетіне сай келмей жатты. Электорат декорация сипатынан ажырамады.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БАҚ: Қазақстан Ресеймен Германияға мұнай тасымалдау жөнінде келісіп жатыр

Ақпаратқа қарағанда, қазақстандық мұнай әуелі "Атырау – Самара" құбыры арқылы жүріп, кейін "Достық" арқылы Еуропаға жол тартады. Ол үшін ресейлік "Транснефть" магистралды құбырының операторынан рұқсат сұрау керек, себебі тасымалдау Ресей аумағы арқылы өтеді.

"Қазіргі кезде Ресей жағы Қазақстан мұнайын Германияға "Дружба" құбыры арқылы тасымалдауды келісу мәселесін қарап жатыр. Тиісті өтінішті Қазақстан жағы жіберген" деп жазылған "Информбюро" басылымына жіберген ресми жауапта.

ҚМГ өкілдері Ресей өз аумағы арқылы Қазақстан мұнайын экспорттауға "мүдделі" деп сендіруге тырысты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Конституциялық сотқа Эльвира Әзімова жетекшілік етеді

Эльвира Әзімова Конституциялық сот төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.

49 жастағы Әзімова 2019 жылдың қыркүйегінен бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарған.

Адам құқығына қатысты жиі сыналатын Қазақстанда биыл омбудсменнің өкілетін арттырып, аймақтардан өкілдігін ашуға мүмкіндік беретін заң қабылданған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Коронавирус ахуалы: Бір адам қайтыс болды, 263 жаңа науқас анықталды

Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 32 адамға көп, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Ведомство сонымен бірге кейінгі 18 күнде алғаш рет адам өлімі тіркелгенін де айтты. Соңғы рет министрлік коронавирустан бір адам қаза болғанын 11 желтоқсанда хабарлаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің 29 желтоқсан күнгі ақпараты бойынша 2729 адам (2578-і - коронавирус, 151-і коронавирус пневмониясына шалдыққан) коронавирустан емделіп жатыр. 256-сы – ауруханада, 2473 науқас амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жатыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал