azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің сөздерінен кейін онымен әңгіме болды

28 желтоқсанда Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді.

"Алексей Бородавкинмен ресми әңгіме болды. Бұдан бөлек мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ресей елшісінің сөздеріне пікір білдірді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та түсініктеме берді. Бүгінгі күні бұл мәселеге қатысты сөз жоқ. Ресей тарапынан айтылған кешірім қабылданды" деді СІМ ресми өкілі.

Ол Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы мемлекет басшылары тарапынан анықталатынын айтып, екі ел арасында "өткір мәселе жоқ" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматылық Маханбаевқа Қаңтарда президент резиденциясына шабуылдады деген айып тағылды

Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Жалғас Сапарханова хабарлады.

Қорғаушының сөзінше, желтоқсанның басында тергеу оған Қылмыстық кодекстің 269-бабы 3-тармағы ("Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу") бойынша айып таққан. Бұл – Қылмыстық кодекстегі ең ауыр баптардың бірі, террористік қылмысқа жатады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Елбасы заңын жою, саны көбейген саяси тұтқындар
– AzatNEWS 28.12.22

📌 Қазақстан парламенті бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты қылмыстық қудалаудан қорғайтын "Тұңғыш президент - Елбасы" туралы заңның күшін жоюға кірісті. Нақты шешім келесі жылы шығады.

📌 Құқық қорғаушылар биыл Қазақстанда саяси тұтқын саны былтырғыдан 5 есе көбейгенін айтады. Бұған қаңтарда қозғалған істер әсер еткен.

📌 Ресей мен Қытай біріккен әскери жаттығу өткізді. Еуропада Косово мен Сербия арасында саяси шиеленіс ушыға түсті.

🔗 КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутаттар "Тұңғыш президент" туралы заңды референдумнан жарты жыл өткенде қарауға алды

Осы заңның күшін жою туралы құжат депутаттар Конституцияға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше мәртебесін негізгі заңнан алып тастау және оның отбасына берілген артықшылықты жою жөнінде тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жарты жыл өткеннен соң парламентке ұсынылып отыр.

Бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін журналистердің Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша мәртебесі туралы қойған сұрағына мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов "егер бұл заң күшін жойса, ондағы көрсетілген барлық иммунитет те күшін жояды" деп жауап берді.

Оның сөзінше, заңның күшін жою мәселесі парламенттің 2023 жылғы бірлескен отырысында қаралмақ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БҰҰ Украинада жеті мыңға жуық бейбіт адамның қаза болғанын растады

Жараланғандар саны 11 мыңға жетіп қалды. Бұл туралы БҰҰ адам құқығы жөніндегі есебінде айтылған.

Желтоқсан айында бақылаушылар бейбіт халық арасында кемінде 165 адамның қазасын тіркеген, 500 украин азаматы жараланған.

Соғыс болып жатқан аймақтардан хабар кешігіп жететіндіктен, қаза тапқандар бұдан әлдеқайда көп болуы әбден мүмкін делінген БҰҰ есебінде. Құжатта Украинаның Мариуполь, Изюм, Лисичанск, Попасная және Северодонецк аймақтарында қаза болғандар туралы айтылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстанда "Док-1 Макс" препаратын қабылдағаннан кейін көз жұмған бала саны 18-ге жетті

Бұл туралы Өзбекстан омбудсменінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін осы препарат 15 баланың өліміне себеп болған деген ақпарат тараған еді.

Самарқан облыстық көпсалалы балалар медицина орталығының бас дәрігері М.Азизовтың 15 желтоқсанда облыстық денсаулық сақтау басқармасына жазған хатында "Док-1 Макс" препаратын қабылдаған 21 баланың "бүйрегі зақымдалғаны" айтылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ-қа өкпе және ауыр тұрмыс. Батыс дайындаған ауған сарбаздары Ресей әскеріне қосылмақ

Ауғанстанда тәліптер билікке келген соң елден кеткен мыңдаған ауған сарбазы Иранда тұрып жатыр. Көбі қара жұмыс істеп, қоқыс теріп кетуге мәжбүр болса, кейбірі Ресейдің жекеменшік әскери топтарының шақыруымен Украинадағы соғысқа қатысуға дайын екенін айтады.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ТМД елдері басшылары 27 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бас қосты

Олардың әрқайсысына сыйға сақина тарту етілген. Бұл туралы Александр Лукашенконың баспасөз қызметіне жақын «Пул Первого» телеграм-арнасы хабарлады.

"Фонтанка" басылымы сақинада ТМД белгісі салынған, ал ішіне «2023 жаңа жыл құтты болсын» («С Новым годом 2023») деген жазу бар деп жазды.

ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті желтоқсанның 26-27 күндері өтті. Алғашқы күні Владимир Путин, ТМД елдері арасында түсініспеушілік болып тұратынын, бірақ «олардың әрдайым ынтымақтастыққа дайын» екендігі маңыздырақ деп мәлімдеген. Сейсенбіде Орыс мұражайында таңғы ас берілген. Путин мен Лукашенко сол жерде келіссөз жүргізген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан бас прокуратурасы "21 адамды Қаңтар оқиғасын ұйымдастырды" деп таныған

Прокуратура "ұйымдастырушыларды" "адамдарды ұйымдастыру", "қару ұрлау" сынды айыптар бойынша саралаған. Бұл туралы бас прокуратура арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров Азаттыққа берген сұхбатында мәлімдеді.

Бірақ прокуратура өкілі сұхбатында "21 ұйымдастырушының" кімдер екенін ашып айтпады.

"Қаңтар оқиғасы ұйымдастырылған, артында күштер болды. Қандай күштер болғанын әлі анықтаймыз. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр" деді Ожаров Азаттыққа.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев және орыс тілі
– AzatNEWS 27.12.22

📌 ТМД 2023 жылы орыс тілін дамытуға күш салмақ. Қазақстан президентінің бұл бастамасына қазақ қоғамында көзқарас әртүрлі.

📌 Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған кім? Тергеу аяқталуға жақын екенін мәлімдеген Бас прокуратура бұл сұраққа әлі нақты жауап таппаған.

📌 "Адал" тарап, "Байтақ" жасақталды. Қазақстанда 2022 жылы билікті жақтайтындар партияға айналды, сынайтындар тіркеле алмай жүр.

🔗 КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейден Украинадағы соғысты тоқтатуын талап етуге Қазақстан неге қарсы? СІМ Тілеуберді сұраққа жауап бермеді

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкіметте журналистер сұрағына жауап бермеді. Министр тілшілерге барлық қойғысы келген сұрақтарды баспасөз қызметіне жолдауға кеңес берді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей оппозиционері Илья Яшинді апелляция шешімін күтпестен тергеу изоляторынан алып кеткен

Бұл туралы Мәскеудің Қоғамдық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы Алексей Сельниковқа сілтеп, РИА "Новости" хабарлады.

Яшинді нақты қашан және қай жаққа әкеткені әзірше белгісіз. Оны сот үкімі заңды күшіне енбей тұрып әкетіп отыр. Бұған дейін оның адвокаттары сот үкіміне келіспей, апелляцияға шағым берген.

9 желтоқсанда Мәскеудің Мещан аудандық соты Илья Яшинді "Украинаның Буча қаласының халқын жаппай қырған деген стрим жасап, Ресей әскері жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін айыпты" деп таныды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Билікті ұлына берді, бірақ басқарудан кеткен жоқ. "Арқадағтың" қазіргі тірлігі

Түркіменстанды 16 жылға жуық басқарған Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов биыл көктемде президент қызметінен кетті. Бірақ аттан түссе де, үзеңгіден түскісі келмейтін экс-президенттің мемлекеттік аппаратқа ықпалы әлі жүріп тұр.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстан билігі Азаттық сайтын бұғаттау мерзімін ұзартты

Бұл туралы ақпарат және коммуникация департаменті жетекшісі Сақын Сарноғаева хабарлады.

Оның сөзінше, бұғаттауға себеп болған материалдар алынып тасталмайынша, сайттар бұғатталған күйі қала бермек. Ол сондай-ақ, заңда бұғаттау мерзімі көрсетілмегендіктен, материал алынып тасталған күні бұғаттау тоқтатылады деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Семейдің қылмыстық істер жөніндегі №2 соты жергілікті тұрғын Руфат Хамидуллинді Қаңтар оқиғасы кезінде екі полицей көлігін өртеді деп үш жыл жарым жылға соттады

Сот үкіміне сай, Хамидуллин жазасын ерекше режимдегі колонияда өтеуі тиіс. Үкіммен келіспеген айыпталушы жақ аппеляциялық шағым түсірмек.

Сот Хамидуллинді Қылмыстық кодекстің 272 бабының 2-тармағы ("Жаппай тәртіпсіздікке қатысу") бойынша айыпты деп таныған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстанда түнде екі рет жер сілкінді. Жер тербелісін Алматы тұрғындары да сезінді

Бірі 28 желтоқсан түнгі сағат 23.17-де, екіншісі – 29 желтоқсан түнгі сағат 1.17-де болған. Бұл ақпаратты сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы жариялады.

Екі жағдайда да жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан шамамен 260 шақырым жерде Қырғызстан аумағында тіркелген.

Ақпаратқа қарағанда, біріншісі екіншісіне қарағанда сәл екпіндірек болған: жер сілкіністерінің энергетикалық класы – 13.4 және 10.5, ал магнитудасы 6.2 және 5.1 деп хабарланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы соты қазақстандық журналист Михаил Козачковты 18 ақпанға дейін қамауда қалдырды

Бұл туралы журналистің адвокаты Мұрат Адам 28 желтоқсанда Facebook парақшасында хабарлады.
Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі сотының сот алқасы Козачковты 18 ақпанда дейін екі ай қамауға алу туралы бұған дейінгі қаулыны өзгеріссіз қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады" деді соттың баспасөз қызметі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ирандық шахматшы қыз Алматыдағы чемпионатқа жалаңбас қатысты

Алматыда шахматтың блиц және жылдам түрінен өтіп жатқан чемпионатқа Иран гроссмейстері Сара Хадем хиджаб кимей қатысты. Хиджаб – Иран заңы әйел адамға көпшілік алдына шыққанда киіп жүруді міндеттейтін бас киім. Хадемнің жұрт алдына жалаңбас шыққанына ирандық және шетелдік ақпарат агенттіктері бірден назар аударды.

Турнир туралы хабар таратқан Иранның Khabarvarzeshi және Etemad сайттары жариялаған суретте шахматшы қыз жалаңбас отыр. Khabarvarzeshi Хадемнің басына орамал байлап түскен суретін де қоса жариялаған, бірақ оның қашан және қай жерде түсірілгені айтылмайды.

25 жастағы Сара Хадем аш-Шарие – Алматыдағы чемпионатқа келген Иран құрамасындағы жалғыз қыз. Ол 18 жасында әйелдер арасында гроссмейстер атанған алғашқы ирандық шахматшы, халықаралық шебер атағы да бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтарды кім ұйымдастырды? "20 мың бандит" келгені рас па? Бас прокуратура өкілдерінен сұрадық

Толық сұхбатты біздің YouTube арнамыздан көріңіз

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Теміртауда Қазақстан ішкі істер министрінің Қарағанды облысы тұрғындарымен кездесуіне барған мүгедектер қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары, қарағандылық Дәурен Әминовты полиция тоқтатқан

Әминов министрмен кездесуде "ЖанДос" мүгедектер қоғамының мәселесін көтермек болған. Сөзінше, "ЖанДос" қоғамының мүшелері тендер бойынша Қарағанды қаласындағы полиция бөлімшелерінің аумағын абаттандыру жұмысын атқарған, бірақ толық еңбек ақысын ала алмаған. Әминов бұған дейін осы себепті Қарағанды полициясы алдында наразылық білдіріп, өзін өзі өртемек болған.

– Көлігіммен келіп тоқтап, түсе бергенім сол еді, полиция қызметкерлері жетіп келіп, мені іздеп жүргенін айтып, бізге ілесіңіз деді. Сосын тағы бірнеше полиция көлігі келді. Полиция мен арнайы жасақ қызметкерлері мінген бірнеше полиция көлігі бірге жүріп отырды, сөйтіп мені кездесу болатын жерден кетуге және Қарағандыға қайтуға мәжбүр етті, – деді Дәурен Әминов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД аумағында орыс тілін дамыту туралы үш ай бұрынғы бастамасын тағы көтерді. Ол 2023 жыл ұйым аумағында «орыс тілінің жылы» болатынын мәлімдеді. 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен бейресми саммитте айтылған Тоқаев сөзіне қоғамда сын көп.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейде Украинадағы соғыстан бас тартқан әскери қызметкер сотталды

Ресейдің Камчатка өлкесіндегі 35-әскери гарнизон соты Украинадағы соғысқа қатысудан бас тартқан әскери қызметкер Алексей Бреусовты бір жыл сегіз айға соттады. Ол жазасын қоныстану колониясында өтейтін болады. Бұл туралы "Кам-24" сайты хабарлады.

Өлке орталығы Петропавловск-Камчатский қаласының тұрғыны Алексей Бреусовқа әскери немесе соғыс іс-қимылына қатысудан бас тарту бабы бойынша айып тағылған. Ақпаратқа қарағанда, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін, 6 қазанда Бреусов Петропавловск-Камчатскийдегі әскери гарнизонға жеткізілген. Ол соғыс жүріп жатқан жаққа барудан бас тартқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Елбасы – бір адам емес, автократиялық режим". Назарбаевты аластағанмен, мұрасын сақтап қалды ма?

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарып, отставкаға кеткеннен кейін де мемлекеттік аппаратқа ықпал етіп жүрген Нұрсұлтан Назарбаев осыдан бір жыл бұрын өз есебі түгел, жағдайы мықты болып көрінген. Конституцияға Назарбаевты "тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы" деп жазып, оған берілген "елбасы" мәртебесі мәңгі қалатындай көрінген. Бірақ Қаңтар қырғыны мен одан кейінгі оқиғалар "елбасы мұрасынан арылу" процесінің басталуына түрткі болды. Қазақстан шынымен елбасы көлеңкесінен арылды ма? Әлде бұл көзбояушылық ғана ма?

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырауда Қаңтардан соң айыпталған 27 адамның сотында Ұлттық ұланға "44 млн теңге шығын келгені" айтылды

Атырау облысында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 27 адамның сотында жәбірленуші деп танылған Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінен келген әскери маман Асылхан Қуанов "оқиға кезінде бөлімге 44 млн теңгеден астам шығын келді" деп мәлімдеді.

Қуановтың айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезінде Ұлттық ұланның қызметтік көліктерді бүлініп; жеке қорғаныш құралдары, Форт-500 маркалы екі мылтық, бронжилеттер, рациялар жоғалған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаевтың амнистия жайлы өтінішін тағы да қанағаттандырмады

Сот алқасы Аштаевқа қатысты 10 қарашада шыққан қаулының "заңды" екенін, белсендінің "амнистияға ілінбейтінін" айтты.

Апелляция соты 26 желтоқсанда өткен. Бүгін, 27 желтоқсанда шешім шықты. Кеше де, бүгін де сотқа белсендіні қолдап ондаған адам келді. Олардың көбі сот залына кіре алмай, сыртта отырды. Залға тек прокурор, адвокат пен Аштаевтың туыстары ғана қатысты. Белсендіні сот залына әкелген жоқ, түрмеден видеобайланыс арқылы да қоспады. Отырыс бас-аяғы он бес минут болды.

Прокурор Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 10 қарашадағы "Жанмұрат Аштаевқа рақымшылық заңын қолдану туралы өтініш қанағаттандырылмасын" деген қаулысын күшінде қалдыруды ұсынды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің төрағасы Кәрім Көкірекбаев "аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды" деген ақпарат таратты қазақстандық басылымдар

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (антикор) "Қазселденқорғау" басшысының ұсталғанын растады" деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа қарағанда, Көкірекбаев, 800 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікке ілінген. Көкірекбаевты нақты қай уақытта, қандай жағдайда ұсталғаны белгісіз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Елде жоқ жалақы" және "Ресейге емешегі езілген үкімет". Қазақстан экономикасы жайлы Айман Тұрсынханмен сұхбат

Ресми статистикаға қарағанда, 2022 жылы Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 23 пайыз өскен. Бұл ресми инфляция деңгейінен жоғары. Іс жүзінде халық одан сайын кедейленіп, экономикада рецессия байқалды. Бұған санкция қыспағына түскен Ресейді құтқаруға жанталасқан үкімет шаралары да әсер етті. Экономист әрі Eximar форсайт агенттігі директоры Айман Тұрсынхан елдің экономикалық ахуалын осылай сипаттайды.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Adal партиясы қызметін тоқтататыны жайлы шешім қабылдады

Бұл туралы 26 желтоқсанда әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Adal партиясы қызметін тоқтатуға құжат тапсырды" деп жазылған ақпаратта.

Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 20 желтоқсанда Adal партиясы Amanat партиясымен біріккендіктен жұмысы тоқтаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Баға өсетін кезде бензин болмай қалады". ШҚО Тарбағатай ауданында бензин тапшылығы туындады

26 желтоқсанда аудан орталығы Ақжардың тұрғыны Жарас Тұрысбеков ауылдағы жанармай бекеттерін аралап, бензин таба алмаған. Ол әлеуметтік желіде "ауылды шарлап шыққан" видеосын жариялады. Видеода бекеттердің бірінде оншақты көлік кезекке тізіліп тұрғаны, ал бекеттің терезесінде "бензин жоқ" деген жазу жазылғаны көрінеді.

Жарас Тұрысбеков мәселе кейінгі жылдары жиі қайталанатынына наразы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бір топ белсенді мен журналист Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған белсенді Әйгерім Тілеужанды босатуды талап етіп, жиын өткізді

Адвокат Айнара Айдарханова қорғауындағы Тілеужанға тағылған айыпты оның саяси белсенділігімен байланыстырды.

Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері келеді дегенді естіп, әуежайға барған азаматтық белсенді, журналист Әйгерім Тілеужан бір жарым айдан бері үйқамақта отыр. Ол әуелі куәгер ретінде тергелген еді, ал қазан айының аяғында оған "40-тан астам адамды бастап, Алматы әуежайын басып алмақшы болды" деген күдікке ілінді.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал