azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Шала "Тағзым", Мәсімов пен Боранбаев ісі
– AzatNEWS 22.12.22

📌 Үш күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына байланысты ашқан "Тағзым" мемориалы қайта жөнделіп жатыр.

📌 Назарбаевтың бұрынғы құдасы мен Мәсімовтің немере інісіне байланысты қылмыстық істер сотқа жөнелтілді.

📌 Украина Ресейдің Энгельс әскери әуежайын тағы да атқылады. АҚШ-та күн күрт суып, 34 адам қайтыс болды. Кейбірі далада үсіп қалған.

🔗 КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық соты қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашеваны экстрадицияға дайындау үшін бір жылға қамау туралы қаулы қабылдаған

"Өзбекстан азаматы Юлдашева 2023 жылғы 13 қарашаға дейін қамауда болады" деп хабарлады бүгін Азаттыққа Ақтөбе облыстық соты.

Мәртөк аудандық сотының қаулысы 23 желтоқсан күні шыққан. Тергеу материалдарына қарағанда, өзбек билігі 2022 жылғы 5 желтоқсан күні Қазақстанның бас прокуратурасына хат жолдап, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тілеубике Юлдашеваны қайтаруды сұраған. Өзбекстанның ішкі істер министрлігі 2022 жылғы 19 тамыз күні Тілеубике Юлдашеваға Өзбекстан республикасы қылмыстық кодексіндегі 159-баптың 1-бөлімімен айып тағып, сол күні іздеу жариялаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

24 желтоқсанда Ресей әскері Херсонды атқылап, он адам қаза болды. 55 адам жараланған. Украина ішкі істер министрлігі 66 жеңіл көліктің өртенгенін айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстандағы жемқорлыққа Мирзияевтің күйеу балаларының қатысы бар деген блогерді Ташкентте ұрып кеткен

Youtube-арнасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиявті қатаң сынаған журналист әрі блогер Әбдіқадыр Муминов өткен жұманың кешінде қастандық жасалғанын мәлімдеген. Муминов тікелей эфирге шыққанда қолы мен бетінен жарақат іздері көрінген. Ташкент қаласының полициясы оқиға болған жерден бес адамның саусақ ізі мен бейсбол таяғы табылғанын, "қарақшылық" бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Бұрын Әбдіқадыр Муминов Өзбекстандағы жемқорлық қатаң сынап, оған президент отбасының, күйеу балаларының қатысы бар екенін айтқан еді

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовтің, оның орынбасары Д.Сиразидимовтің және кәсіпкер Е. Евковичтің үстінен "ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасады" деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталған

Бұл жөнінде Павлодар облыстық жемқорлықпен күрес қызметі хабарлады.

Жемқорлықпен күрес қызметінің жазуынша, "Мәсімов пен Сиразидимовке мемлекеттік сатып алу және үлескер компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде "қамқорлық көрсету үшін" 90,3 млн теңге сомасында пара алды" деген айып тағылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ауасы лас қалалар тізімінің алғашқы үштігіне Бішкек кірді. Астана 32-орында тұр

Бұл туралы Air Quality интернет-сервисі 25 желтоқсанда хабарлады. Бішкектегі ауа сапасының индексі 255 бірлік болған. Нормативте 50 баллға дейінгі көрсеткіш – ауа тазалығының, 300-ден жоғары көрсеткіш – ауаның өте ластығын білдіреді.

Ауасы лас қалалардың алғашқы бестігіне Дака (Бангладеш), Карачи мен Лахор (екеуі де Пәкістан) және Дели (Үндістан) кіреді. Ташкент 15-орында, Астана 32-орында тұр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада Украинаны қолдап, видео жариялаған белсендінің үйінде тінту болғаны хабарланды

Биыл ақпанда "20 мың террорист шабуылдады" деген сөзі үшін Тоқаев үстінен шағым жазған Астана тұрғыны Тимур Дәнебаевты полиция ұстаған, үйін тінткен. Бұл жөнінде сенбі күні белсенді Азамат Байкенов хабарлады.

Оның айтуынша, Дәнебаев Тиктокта Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптап, Украинаны қолдаған видео жариялаған. Ұстауға осы себеп болған деп айтылады. "Әлеуметтік алауыздық қоздыру" бабы бойынша күдікке ілінгені хабарланды. Енді оған бұлтартпас шара қолдану бойынша сот отырысы өтпек.

"Бір апта бұрын оның [Тимурдың] анасы қайтыс болған, ертең жетісін өткізеді. Ертең оған бұлтартпас шарасы бойынша сот өтеді. Туыстарының айтуынша, полиция оған видеомен кешірім сұраса, шартты жаза беретінін айтқан, ал ол одан бас тартқан" деп жазды Байкенов Фейсбук парақшасында.

Оның айтуынша, әзірге Дәнебаевты қорғайтын адвокат табылмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сенбі күні Парижде 23 желтоқсанда өлтірілген күрдтерді еске алу шарасы өтіп, наразылықтың соңы тәртіпсіздікке ұласты

11 адам ұсталып, 11 полицей және бір демонстрант жеңіл жарақат алған. Бұл жөнінде француздың Le Monde басылымы жазды.

Тәртіпсіздіктің салдарынан көліктер аударылып, кемінде біреуі өртенген, дүкендердің әйнектері шағылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сенбі күні Ресей әскері Херсонды атқылап, соның салдарынан он адам қаза болды

Бұл жөнінде Херсон облысы әкімшілігінің жетекшісі Ярослав Янушевич хабарлады.

Оның сөзінше, 55 адам жараланған, 18-інің жағдайы ауыр. Украина ішкі істер министрлігі 66 жеңіл көліктің өртенгенін айтты.

📷: /channel/tymoshenko_kyrylo

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Кемеров облысында қарттар үйі өртеніп, 22 адам қаза болды, деп хабарлады тергеу комитеті.

Тағы алты адам зардап шегіп, екеуінің денесін күйік шалған. Қазір ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр.

Екіқабатты қарттар үйінің екінші қабаты тұтас өртеніп кеткен. Кемеров облысы прокуратурасы оқиғаны тексере бастаған. Тергеу комитеті бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Арасында "абайсызда адам өліміне соқтырған салақтық" бабы да бар.

Тергеу органдарының мәліметінше, өртке көмір пешіндегі ақау себеп болған. Қарттар үйінің заңсыз істегені де хабарланды. Ғимаратта қандай да бір өрт сөндіру жүйесі орнатылмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

#баспасөзшолуы
Тоқаевтың "билігі әлі де әлсіз", Қаңтар оқиғасының жауапсыз сұрақтары және "ықпалы әлсірей беретін" Мәскеу

Батыс басылымдары бұл аптада 2022 жылы Қазақстанда болған басты оқиғаларды талдап, Қаңтар оқиғасынан бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, билік көп сұраққа сол күйі жауап бермегенін жазды. Сонымен қатар Қазақстан биыл Ресейден алшақтады ма, әлде керісінше жақындай түсті ме деген сұраққа жауап іздеді. Одан бөлек Германияның Қазақстан мұнайын сатып алу жоспары және оған кедергі болуы мүмкін жайттарға тоқталды.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Талдықорған соты "алаяқтық" күдігіне ілінген судьяны бес жылға соттады

Талдықорған қалалық соты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономика сотының судьясы Алмагүл Түменбаеваны бес жыл түрмеге кесті. Бұл жөнінде сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің 24 желтоқсан таңертеңгі хабарламасында айтылған.

Ақпаратқа қарағанда, Түменбаева "Алаяқтық" (190-бап, 3-бөлігі) күдігіне ілінген. Сот пен тергеушілердің айтуынша, ол жеке компаниядан "қолайлы" шешім шығарғаны үшін "1,5 млн теңге" сыйақы алған. Жергілікті БАҚ Түменбаеваның сотта кінәсін толық мойындағанын жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы Ресей армиясының шынайы жағдайынан хабарсыз. Себебі оның айналасындағылар және күштік құрылымдар одан "жағымсыз" жайттарды жасырады, деп жазды америкалық Wall Street Journal басылымы.

Ресей мен Батыстағы қазіргі және отставкаға кеткен лауазымды тұлғалармен бірнеше ай бойы сөйлескен журналистер осындай қорытындыға келген. Олар Кремльге жақын адамдармен де тілдескен.

WSJ дереккөздерінің хабарлауынша, Путинге күн сайын таңертең соғыс жайлы хабарлама жеткізіледі, алайда онда үнемі жетістіктерге басымдық беріледі. Ал жаман хабарлардың "тігісі жатқызылып" жұмсартылып жеткізіледі. Кей кезде жаман хабар бірнеше күнге кешіктіріліп беріледі. Себебі ол президентке берілмей тұрып, ФСБ, Қауіпсіздік қызметінің "сүзгісінен" өтеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

20 желтоқсанда Қытайда 37 млн адамға коронавирус жұққан. Бұл жөнінде денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссияның жабық отырысында айтылған мәліметтерге сүйенген Bloomberg жазды.

Желтоқсанның алғашқы 20 күні 248 млн адам яғни, халықтың 18 пайызына коронавирус жұққан. Отырыс хаттамасында вирустан қанша адамның қаза болғаны жазылмаған.

Bloomberg'тің жазуынша, вирустың тез тарауы Қытай билігінің карантин шектеулерін азайтуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл иммунитеті төмен халық арасында коронавирустың "омикрон" түрінің жаппай тарауына түрткі болған. Ақпаратқа қарағанда, Пекин және Сычуань тұрғындарының жартысынан астамына коронавирус жұққан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Назарбаев ескерткіші қайта орнатыла ма? Тоқаев Алматыға неге жасырын келді? – AzatNEWS 22.12.22

📌 Алматыда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар құрбандарына арналған мемориалды ашты. Шараның өтетіні алдын ала хабарланбады. Бұған жұртшылық наразы.

📌 Қаңтарға арналған ескерткіш неге халықпен талқыланбады? Саясаттанушы билік мемориалды өз аргументін ақтау үшін жасады деп санайды. Парламент депутаттары мұнымен келіспейді, "біркен іске сыншы көп" дейді.

📌 Талдықорғанда экс-президент Назарбаевтың құлатылған ескерткіші қайта орнатыла ма? Әкімдік пен жұрт пікірі қандай?

🔗 КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасына арналған "Тағзым" мемориалы үш күннен соң қайта жөнделіп жатыр

Азаттық тілшісінің хабарына қарағанда, мемориал маңында отызға жуық жұмысшы жұмыс істеп жүр. Олар мемориал жазуларының түсіп қалған әріптерін қайта желімдеп, кей тұсындағы гранит тақталарды цементтеген.

Жұмысшыларға басшылық етіп жүрген, өзін Камиль деп таныстырған адам "RAMS" компаниясының жұмысшылары екенін, "әкімдікке көмектесіп жүргендерін" айтты. Өзге сұрақтарға жауап бермеді.

Мемориал аумағында жүрген Азаттық тілшілеріне сол маңдағы полицей келіп, жұмысшыларға кедергі келтірмей, кетіп қалуды сұрады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда бір топ белсенді алдағы мәжіліс сайлауына "Алтыншы қаңтар" тәуелсіз блогымен баратынын мәлімдеді

Баспасөз жиынына тәуелсіз бақылаушы Арайлым Назар, тәуелсіз заңгер Әлнұр Ильяшев, журналистер Динара Егеубаева мен Думан Мұхаммедкәрім қатысты. Олар тәуелсіз блоктың 2023 жылы өтетін мәжіліс сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

- Мұны сайлауға қатысуға ерте дайындық деуге болмайды. Біз керісінше 30 жылға кешіктік. Сайлау алдағы жылдың алғашқы жартысында өтетіні анық, сондықтан қазірден бастап дайындалуды жөн көрдік,- дейді Думан Мұхаммедкәрім.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей, Иран және санкция салынған өзге елдер Батысқа бәсеке тудыра ала ма?

2022 жылғы іс-әрекеттері үшін халықаралық санкцияларға тап болған Ресей мен Иран енді кіммен сауда жасамақ? Әрине, бір-бірімен және аластатылған кішігірім мемлекеттермен. Бұлар күш біріктіріп, Батыспен бәсеке жарыстыруға қабілетті ме? Сарапшылар пікірін білдік.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жастан аспайтын болды

Бұл жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар сасяаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда көрсетілген.

Жаңа заң бойынша әйелдер 2028 жылға дейін зейнетке 61 жаста шығады.

Мұнан өзге бала күтімі үшін белгіленген мерзім 1,5 жылға дейін ұзарады және зейнетақының ең төменгі базалық бөлігін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары базалық бөлігін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120 пайызына дейін біртіндеп көтеру қарастырылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей саясаткерлерінің "қоқан-лоқысы", Тоқаевты сынамаған Батыс және Қытайға туған "мүмкіндік"

Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасына қатер төндіргісі келмейді, алайда екі ел арасы не болары Украинадағы соғыстың нәтижесіне байланысты. Орталық Азиядағы геосаясат, қорғаныс және сауда мәселелерін зерттеуші, Вашингтондағы Second Floor Strategies консалтинг компаниясының президенті Уайлдер Алехандро Санчес осылай дейді. Астана расында да Ресейден алшақтап жатыр ма, әлде бұл Батыстың өз қалауын бардай етіп көрсету әрекеті ме? Ресей соғыспен жүргенде Қытай аймақта күшейіп келе ме? Батыс елдері кемі 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасынан кейін "ескертусіз оқ атуға" бұйрық берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты неліктен қатты сынамады? Азаттық сарапшымен 2022 жылы сыртқы саясатта болған негізгі оқиғаларды талқылады.

📌СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Украина мәселесінде өзінің ұлттық мүддесін қорғап отыр. Ресей президенті Путин бұл сөзді "Москва. Кремль. Путин" деп аталатын бағдарлама эфирінде айтты".

Оның сөзінше, Украинамен жанжалдың астарында Мәскеу оппоненттерінің "тарихи Ресейді бөлшектеуге бағытталған саясаты" жатыр.

"Ал біздің мақсатымыз орыс халқын біріктіру", –деді Путин.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мемлекеттік дума елден кеткен ресейліктерге көбірек салық салғысы келеді

Мемлекеттік дума елден кеткен ресейліктерге салықты арттыруға мүмкіндік беретін заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде парламенттің төменгі палатасының басшысы Вячеслав Володин хабарлады.

Оның сөзінше, елден кеткендер ресейлік компаниялардағы жұмысын қашықтан жалғастырып қана жатқан жоқ – бұрынғыша барлық жеңілдіктерді пайдаланып отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ISW және барлау қызметі: Беларусь жақтан Украинаға шабуыл екіталай, бірақ мүмкін

Кейінгі кезде телеграм-арналар мен ақпарат құралдарында Беларусь аумағына Ресей әскері мен техникасының әкелінгені, жаңа шабуылға дайындалып жатқаны жайлы хабар жиілеген. Кейбір телеграм-арналар 26 желтоқсанда шабуылдауы мүмкін деп жазған. Украина қарулы күштері біріккен күштерінің қолбасшысы Сергей Наев 24 желтоқсанда екі мотоатқыш батальон мен екі танк батальоны Украинамен шектесетін Беларусь аудандарына жылжу туралы тапсырма алды деп хабарлады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаевтың Ташкентке сапары. Екі ел қатынасындағы күнгей мен көлеңке

Қазақстан президентінің Өзбекстанға сапарында қол қойылған одақтастық және шекараны демаркациялау шарттары назар аудартты. Бірі – ресейшіл ұйымдарға мүше, бірі блогтан тыс қатынасты жақтайтын авторитарлы билік орнаған екі ел байланысының сипаты қандай?

📌СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстан мен Қырғызстан тыныс аурулары кезінде тағайындалатын үнділік "Док-1 Макс" дәрісін сатуды тоқтатты. Мұндай шешім дәріні ішкен балалардың жағдайы ауырлағаннан кейін қабылданған.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Өзбекстанда дәрімен байланысты адам өлімі де тіркелген. Самарқан облысындағы балаларға арналған көп салалы медициналық орталықтың бас дәрігерінің аймақтық басқармасы жетекшісіне жазған хатында 15 желтоқсанда "Док-1 Макс" қабылдаған 21 баланың "бүйрегі ауырғаны" жазылған.

"17 баланың жағдайы өте ауыр, соның салдарынан бірнеше гемодиализ сеансын жүргізуге тура келді. 15 бала көз жұмды" деп жазылған бас дәрігердің хатында. Ол аталған дәріні балаларға бермеу туралы бұйрық шығаруды өтінген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәжікстанда Украинада қаза болған екі азаматты жерледі. Оларды Ресей түрмесінен соғысқа әкеткен

2021 жылы қыркүйекте Ресейде Бобоазиз Туйдиев есірткі сақтады деген күдікке ілініп, алты жыл түрмеге кесілген. Әкесі Тохир Туйдиевтің айтуынша, 23 қыркүйекте ұлы телефонмен хабарласып, өзін соғысқа әкететінін хабарлаған.

"Оларды соғысқа жібермеуі тиіс деп едім, Бобоазиз өзінде таңдау жоғын айтты. Оны мәжбүрлеп соғысқа аттандырған" деді ол.

22 жастағы Бобоазиз Туйдиевтің мәйіті Ресейден Тәжікстанға 12 желтоқсанда жеткізілген. Марқұмды туыстары туған жері Яван ауданында жерледі.

28 жастағы Манучехр Шодов Тәжікстанның Кушониен ауданында жерленді. Әкесі ұлының Ресейде не үшін сотталғанын айтпады.

"Соғысқа әкеткенін бізге айтқан жоқ. Қазір ештеңе айта алмаймын, сын-ескертпем де жоқ, баламды өлтірген" деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Сайлау туралы заң Конституциядан жоғары". Белсенділер неге сенат депутаттығына үміткер бола алмады?

24 желтоқсанда Қазақстанда сенат сайлауына үміткер тіркеу аяқталады. Кандидат болып тіркеле алмаған кемі үш белсенді конституциялық құқығы бұзылғанына шағымданып, сайлау комиссияларын сотқа берді. Айтуларынша, кандидат болуға Конституцияда құқығы бар, бірақ басты заңнан төмен «Сайлау туралы» заңда шектеу қойылған. Ал барлық талапқа сай келгендер соңында мәслихат депутаттарынан қолдау таппаған.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Джо Байден 2023 жылы қорғаныс саласына 858 млрд доллар бөлуді қарастыратын жобаға қол қойды. Бұл 2022 жылдың бюджетімен салыстырғанда 80 млрд-қа көп.

Қаражаттың 800 миллионы – Украинаға бөлінеді, 6 миллиарды Еуропада Ресейді тежеу үшін жұмсалады.

10 млрд долларды Вашингтон Тайваньға әскери көмек ретінде береді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Қырғынды еске салатын ештеңе жоқ» Алматыда Қаңтар құрбандарына арналған мемориал ашылды

Алматыда Қаңтар оқиғасы құрбандарына ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына Қаңтарда ескертусіз оқ атуға бұйрық берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бірақ бұл шараға Қаңтар қырғынында жақынынан айырылғандар шақырылмады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейлік дипломат Орталық Азия елдері Мәскеуден теріс айналуға тіпті "емеурін білдірсе, шығынға батады" деп ескертті

Ресей сыртқы істер министрлігінің департамент басшысы Александр Стерник Мәскеудің Орталық Азия елдерімен қатынасы "стратегиялық шыдамдылық" саясатына негізделген деп мәлімдеді. Оның сөзінен "Коммерсант" басылымы үзінді келтіреді.

Басылым тілшісі Стерникке аймақ елдері "Ресейге қарсы санкцияны қолдаса, Мәскеудің реакциясы қандай болмақ?" деген сұрақ қойған.

Стерник "Орталық Азиядағы одақтастардың әрекетін сараптаған кезде бірінші кезекте оның Ресей мүддесіне қаншалықты нұқсан келгені ескеріледі, соған қарай қорытынды жасалады" деп жауап берген.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал