azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

АҚШ Конгресі Украинаға 45 млрд доллар бөлу мәселесін талқылап жатыр

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы жұма күні 2023 жылдың қаржысы жөнінде заң жобасын дауысқа салады. 1,7 триллион долларға жуық бюджет қаражаты қарастырылған құжатты мұның алдында сенат мақұлдаған.

Құжатқа сәйкес, шамамен 45 миллиард доллар Украина және АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарына көмектесуге бөлінеді. 9 миллиарды украин әскерінің түрлі қажетіне аударылады, 13 миллиарды Украинаға экономикалық қолдау көрсетуге кетеді. Тағы 12 миллиард доллар тікелей Киевке емес, АҚШ-тың осыған дейінгі Украинаға берген қару-жарақтары қорын толықтыруға жұмсалады. Қалған қаражат АҚШ-тың Еуропадағы әскери қолбасшылығын қаржыландыруға және гуманитарлық бағдарламаларға аударылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Аватардың» қазақшасы қалай рекорд орнатты?

Кейінгі бірнеше айда Қазақстанда көрсетілген шетелдік екі фильм қазақша дубляждалып, прокатқа шықты. Алғашында оларға көп адам бармай, сеанстар жабылып жатқаны айтылған. Бірақ кейінгі шыққан «Аватар. Су жолы» фильмінің қазақшасы қаралым жағынан бұған дейінгі фильмдермен салыстырғанда рекорд орнатқаны хабарланды. Азаттық көрермендер қазақша фильмді қалай көріп жатқанын бақылап, кинотеатрларды аралап көрді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақ үй: Солтүстік Корея "Вагнерге" ракеталарын берді

Бұл жөнінде АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңес өкілі Джон Кирбиге сүйенген Reuters агенттігі хабарлады. Мәселе ракеталар және әуе шабуылынан қорғайтын кешендер туралы болып отыр.

Ақ үйдің мәліметінше, Украинаның әскери қимылдар жүріп жатқан аумағында қазіргі кезде "Вагнер" жеке әскери тобының шамамен 50 мың жалдамалы мүшесі бар. Шамамен 40 мыңы – соғысқа тартылған ресейлік тұтқындар.

Кирбидің пікірінше, дегенмен Солтүстік Кореяның оларға берген қаруы соғыс динамикасына әсер етпейді. Ол жуырда "Вагнер" мен онымен әріптестік орнатқан компанияларға санкция салынатынын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

New York Times Бучада украиналықтарды жаппай қырған ресейлік десанттарды анықтады

Бучада бейбіт азаматтарды подполковник Артем Городилов қарамағындағы ресейлік 234-десанттық шабуыл полкінің мүшелері қырған. Бұл жөнінде америкалық New York Times басылымының зерттеуінде айтылады.

Сегіз ай бойы басылым тілшілері ресейлік әскери қызметкерлердің Бучадағы қырғынға қатысы туралы дәлел-айғақтар жинаған. Қырғын ресейліктердің Киевті өзіне бағындыру жолында қасақана жасаған талпыныстарының бірі дейді зерттеу авторлары.

"Ресей солдаттары қарусыз ер адамдарды тергеп, дарға асқан. Жолда кезіккен кез келген адамды: мейлі, ол отбасымен қашқан бала болсын немесе тамақ табуға тырысқан жергілікті тұрғын немесе велосипедпен үйіне қайтып келе жатқан адам болсын, бәрін шетінен өлтіре берген" деп жазды NYT.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мемориал авторы Қаңтар құрбандарына арналған ескерткіштің мәнін түсіндірді

Ол бюджеттен мемориалға қанша қаржы жұмсалғанын айтпады. Тапсырысты әкімдік берген.

Мемориал авторларының бірі Алексей Ивченконың түсіндіруінше, мемориалдың кіреберісі Сәтбаевтың төменгі жағынан басталады. Оған кірген адам жоғарыға қарай өрлейді. Бұл мемлекеттің 30 жыл бойғы бастан кешіргені дейді ол. Бұдан соң ол “Қаңтарға” тіреледі.

Мұны мемориалдан да аңғаруға болады. Бұл зонаға кірген адам одан тезірек кеткісі келеді. Қара түсті жеңгісі келеді. Бұдан кейін жоғарыға қарай, яғни оңтүстікке қарай жүреміз. Мұнда сәйкесінше, тіп-тік, ақ мәрмәрдан жасалған, қанатты сөздері бар стеллар бой көтерген. Одан аспан, ағаш бейнелері көрінеді. Мұнда жүргіңіз-ақ келеді. Ал егер қайта қара аймаққа барсаңыз, ол жақтан тез кеткіңіз келеді. Архитектураның көмегімен біз сондай сәттерді көрсетуге тырыстық”.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Полиция қызметкерлері "кортежді түсірмеңдер" деп Азаттықтың түсірілім тобының камерасын жолдан алыстау бірнеше метрге жылжытты. Президент сөйлеп бітті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев пен Мирзияев серіктестік және шекараны демаркациялау жөніндегі келісімдерге қол қойды

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Астана мен Ташкент арасындағы одақ қарым-қатынасы жөніндегі келісімге қол қойды.

"Жан-жақты әріптестік, сенім, тең құқықтық және ұлттық мүддені ескеру" жөнінде жазылған келісімге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға барған сапары аясында 22 желтоқсанда қол қойылды.

Құжатта сонымен бірге тараптардың бірі үшінші мемлекеттер тарабынан қарулы шабуыл қаупі туындаған кезде Астана мен Ташкент тез арада шара қолдану мақсатында кеңес өткізетіні айтылған. Бірқатар сарапшылар бұл келісімді Ресейдің Украинаға басып кіруі тұсында қабылданып жатқанына назар аударады.

Президенттер бұдан бөлек екі елдің мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімге де қол қойды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара ұзындығы - 2 мың 300 шақырым. Шекараны белгілеу 2003 жылы басталған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкентте ата-аналар талабынан соң, 20 азамат оққа ұшқан алаңдағы шырша алынды

Шымкент қаласының әкімдігі "балаларымыз атылған алаңға шырша қойылмасын" деген ата-аналар талабын орындауға келісті. Әкімдік алдындағы алаңда тұрған шырша бүгін, 22 желтоқсан түнде немесе ертең, 23 желтоқсан түске дейін басқа орынға көшірілуі тиіс.

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан жиырма азаматтың жақындары бейсенбіде әкімдікке тағы барды. Олар бұған дейін "қан төгілген алаңға шырша қойылмасын" деген талап айтып, әкімдікке шыршаны алып тастауға екі күн уақыт берген.

Әкімдік алдына жиналған ата-аналар жергілікті биліктің шыршаны орнында қалдырғанын, үстіне қар пішіндес ойыншықтар іліп, алаңды безендіріп қойғанын көрді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтарда балалары қаза тапқан ата-аналар Астанаға келді – AzatNEWS 22.12.22

📌 Қаңтарда балалары қаза тапқан ата-аналар Астанаға келді. Олар кінәлілерді жазалауды талап етеді. Ал Бас прокуратура қаңтар бойынша тергеудің аяқталып жатқанын хабарлады.

📌 Шымкент әкімдігі қаңтар құрбандарының ата-аналары қойған талапты орындап, орталық алаңдағы жаңа жылдық шырша басқа жерге көшіруге шешім қабылдады.

📌 Бас прокуратура Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға қарасты жол салатын компанияны ақша жымқырды деп айыптады. Қаржы мониторингі агенттігі іс әлі тергеуге түспегенін айтады.

🔗 КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Ресей бізден мерекені тартып ала алмайды». Жарықсыз отырған Киевте шырша жағу рәсімі өтті

19 желтоқсанда Киев тұрғындары София алаңында шырша жағу рәсіміне жиналды. Ресей дрондары елдегі басты энергетикалық нысандарға шабуыл жасаған, сондықтан тұрғындар жарық пен жылусыз отыр. Ал шыршаны жарықтандыруға генератор пайдаланылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Желтоқсан оқиғасын зиялы қауым қалай айыптады?

#қалайболды?

1986 жылы Желтоқсандағы қазақ жастарының көтерілісі күшпен басылған соң жазалау науқаны басталды. Мәскеудің «Арамтамақтар мен қоғамға жат пиғылдағы адамдар бұзақылық жасады” дегенін қазақ зиялы қауымының бір бөлігі мен қазақ баспасөзі қолдай кетті.

Жазушылардың кейбірі Қонаевтың орнына тағайындалған Колбинге «сізді 25 жыл күттік” десе, кейбірі алаңға шыққандарды «адасқандар мен ақымақтар» деп атады.

1989 жылы Мұхтар Шахановтың Мәскеуде СССР халық депутаттарының 1 сьезінде Желтоқсан оқиғасын тексеру туралы сөзін Геннадий Колбин, Нұрсұлтан Назарбаевтар тыжырына тыңдады.

КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Құлыбаевтар сауда орталығын салғысы келген жерге әкімдік мектеп салмақ

Бұл жөнінде қала әкімдігі хабарлады.

Азаттық 2021 жылы тамызда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен күйеуі Тимар Құлыбаевтың бизнес серіктестерімен бірге қала орталығында Fresh Market сауда орталығын салайын деп отырғанын хабарлаған. Сауда орталығы Бостандық ауданындағы Розыбакиев пен Қожабеков көшелері қиылысындағы алты гектар жерден бой көтереді деп айтылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ташкентте президент отбасын сынаған блогер ұсталды

"Патанатомия страны Уз" телеграм каналын жүргізуші Шахида Саломоваға "жала жабу", "балағаттау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

60 жастағы блогер 18 желтоқсаннан бері із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейін оның қамауға алынғаны белгілі болды. Соның алдында ғана Саломова телеграм каналына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен оның отбасы мүшелерінің суретін жариялап, оларды непотизм және коррупциямен айыптаған.

Блогердің адвокаты тергеу абақтысында онымен кездесе алмай жүргенін мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәжікстан соты ДАИШ-қа мүше болды деп айыпталған азаматты 12 жыл түрмеге кесті

Сот үкімі қараша айында шыққан. Бұл жөнінде Тәжікстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Тергеу материалындағы мәлімет бойынша, Сафар Каримов Ресейде жұмыс істеп жүріп, ДАИШ-қа (Ислам мемлекеті") кіріп, азаматтарды Сирия және Иранға барып, соғысуға тартқан.

Ол 2017 жылы Ресейдің Самара облысында ұсталған. Тергеушілердің айтуынша, ол тергеу абақтысында жатып та, азаматтарды ИМ-ға кіруге үгіттеген. Сол жылы Сафар Каримов Тәжікстанға депортацияланған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Қалай болғанын ашық айтқым келеді». Арқанкергендегі қырғын үшін сотталған Челах президентке хат жазды

Он жыл бұрын Арқанкергендегі қанды оқиғаға кінәлі деп танылып, өмір бойына сотталған Владислав Челах президентке хат жазды. Ол хатта "жасамаған қылмысы үшін" өмір бойына қамалғанын және шекара бекетіне «шабуыл жасалғанын» айтқан. Азаттық Челахтың атасымен де тілдесті.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Зеренің" 3-эпизоды харассмент жайлы.

Жаңа келген термин – адамдарға еркінен тыс физикалық қысым жасау, жағымсыз сөзбен тиісіп, жеке шекарасын бұзу дегенді білдіреді. Дегенмен, жігіттер, қызға қырыңдауда тұрған ештеңе жоғын айтады. Ал қыздар мұның соңы зорлыққа әкелетінін айтып, дабыл қағады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутат бас прокурордан Путин сөзінің растығын тексеруді сұрады

Петербург қаласының муниципалды депутаты Никита Юферев бас прокурор мен ішкі істер министріне қайырылып, Украинадағы әскери қимылдарға қатысты "соғыс" сөзін қолданған Владимир Путиннің мәлімдемесін тексеруді сұрады.

Журналистермен кездесу кезінде Путин "біздің мақсатымыз – әскери қақтығысты ушықтыру емес, керісінше соғысты тезірек аяқтау, соған талпынамыз" деген.

Юферовтің пікірінше, "соғыс" сөзін пайдаланған Путин Ресей армиясы туралы "жалған ақпарат тарату" заңын бұзып отыр. Депутаттың айтуынша, "осындай сөз үшін елде бірнеше мың адам сотталған".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Пашинян: Ресей Таулы Қарабақтағы міндеттерін орындамай отыр

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы орыс әскерін сынға алды. Оның сөзінше, әзербайжан белсенділері Арменияны аймақпен байланыстыратын жалғыз жолды жапқаннан кейін олар ешқандай әрекет жасаған емес.

Лачин дәлізі өткен аптадан бері қоршауда тұр. Белсенділер тобы армян билігі Таулы Қарабақта табиғи ресурстарды заңсыз өндіріп жатыр деп есептейді.

Пашинян үкіметтің бейсенбі күнгі отырысында аймақ гуманитарлық дағдарысқа тап болды деп мәлімдеген. Оның айтуынша, орыс әскері үш тарапты келісім аясындағы міндетін атқармай отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин Украинадағы "Патриот" кешені туралы: Оны да шертіп көреміз

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың зениттік "Патриот" зымыран кешенін украин армиясына жеткізуі соғысты созып жібереді деп мәлімдеді. Ресей басшысы оны "ескі жүйе" деп атап, ресейлік С-300 сияқты жұмыс істей алмайды деді.

"Орнатсын, оны да шертіп көреміз" деді Украинада "Патриот" жүйесін орнатқаны жайлы жаңалық жөнінде пікірін жеткізген Путин.

Дегенмен "Патриот" жүйесі зениттік қару-жарақтың ең тиімді түрлеріне жатады. Оның Украинаға жеткізілгені 21 желтоқсанда украин президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-қа сапары барысында белгілі болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркіменстанда Арқадағ деген жаңа қала пайда болды

Түркіменстанның Ахал облысында құрылып жатқан жаңа әкімшілік орталық елдің бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің құрметіне Арқадағ (жебеуші, қамқоршы деген мағынаны білдіреді - ред.) деп аталды. Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Гёкдепе ауданы аймағында құрылып жатқан жаңа қала Ахал облысының әкімшілік орталығы болады.

Ел билігі қаланы Арқадағ деп атау халықтың өтініші болды дейді.
Биыл 28 сәуірде ел президенті Сердар Бердімұхамедов жаңа қаланың атауын халықпен талқылау жөнінде тапсырма берген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Арнайы комиссия шетелге заңсыз шығарылған 631 млрд теңге қайтарылғанын хабарлады

Қазақстанда Қаңтар оқиғасынан кейін құрылған "заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша" арнайы комиссия 2022 жылдың алты айында елге 631 миллиард теңге қайтарылғанын мәлімдеді.

Комиссия мәліметіне қарағанда, бұл соманың 421 млрд теңгесі қылмыстық істер бойынша келтірілген шығындардың орнын толтыру аясында қайтарылған. Оның ішінде 314 млрд ақшалай түрде, 107 млрд теңге бағалы тастар және металл түрінде келген. Қалған қаржы монополиядан шығару бойынша істер аясында қайтарылған.

Комиссия мәлімдемесінде заңсыз қаржыны шығаруға қатысы бар деген компаниялардың және жеке адамдардың аты-жөні айтылмаған.

"Шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша" комиссия құрылғанын президент биыл 5 маусымда Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткен күні білдірген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда Тоқаев қатысатын шараға Азаттық тілшілерін жібермеді

23 желтоқсанда таңертең Алматыда Қаңтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылып, оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қатысатыны хабарланған.

Жұма күні таңертең Азаттық тілшілері Республика алаңына барғанда ол жаққа өткізбеді. Айналада полиция қызметкерлері жүр. Алаңға бірнеше автобуспен адамдар әкелінген.

Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі әзірге жауап бермеді.

Шараның өтетіні жайлы ақпарат құралдарына хабарланбады, аккредитация мәселесі де алдын ала айтылған жоқ.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы кезінде басына оқ тиіп қаза болған 12 жасар Сұлтан Қылышбектің ісін тергеу тоқтатылды. Бұл туралы Азаттыққа Сұлтанның анасы Гауһар Кәрімбекова хабарлады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура қаржы мониторинг агенттігінің журналист Козачков жайлы хабарламасын тексереді

"Бізде сот үкімі шықпайынша адам кінәсіз саналады. Ұстау болғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Қандай күдікке ілінгені қоғамға жеткізілді. Ал баспасөз хабарламасындағы өзге мәселелер тексеріліп жатыр" деді 22 желтоқсан күнгі брифинг кезінде бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Ведомство өкілі жекелеген фактілер бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атырау соты сенат сайлауына кандидат ретінде тіркеле алмаған белсенді Макс Боқайдың өтінішін орындамады

Макс Боқай 12 желтоқсанда 2023 жылы 14 қаңтарға белгіленген парламент сенаты депутаттарының сайлауына өз кандидатурасын ұсынып, тиісті құжаттарын тапсырған. Алайда облыстық сайлау комиссиясы 14 желтоқсанда оның кандидатурасын тіркеуге соттылығы кедергі деп жауап беріп, құжаттарын кері қайтарған. Бұл туралы Боқай 15 желтоқсанда Фейсбуктағы парақшасында да жазған болатын.

Ол онда 2012 және 2016 жылдары мәслихат сайлауына өз кандидатурасын ұсынған кезде Назарбаев билігі тіркемегенін, енді Тоқаев билігіне сенбегеніне қарамастан сайлауға түсуге ниетті екенін жазған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тимур Бекмамбетов Ресейдегі киностудиясын сатты

Ресейлік режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов 1994 жылы негізін қалаған Bazelevs киностудиясын сатты. Оны Bazelevs бас продюсері Лала Рустамова және студияның коммерциялық директоры Тимур Асадов иеленген. Бұл жөнінде РБК сайты жазды.

Рустамованың сөзіне қарағанда, коммерциялық сипаттағы келісімшарт нарық жағдайын ескере отырып жасалған.

"Келісімшарт жасауымызға мүмкіндік берген ақшаны 2022 жылы тапқанбыз" деді Рустамова. Алайда ол келісімшарт құнын нақтыламады. Оның айтуынша, Вazelevs'ті сату туралы шешім бірнеше жыл бұрын "пісіп-жетілген".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура Қаңтарда оққа ұшқан 12 жасар Сұлтанның қазасын тергеуді тоқтатты

Бұл туралы Азаттыққа Сұлтанның анасы Гауһар Кәрімбекова хабарлады.

Кәрімбекова 22 қазанда Алматыдағы жемқорлыққа қарсы қызмет «марқұм ұлының қазасын тергеуді баяу жүріп жатқанын» жазып, Қазақстан президенті әкімшілігіне арыз жібереді. Олар хатты Бас прокуратураға бұрған. Ведомство бір жарым айдан соң, 9 желтоқсанда хат арқылы Сұлтан Қылышбектің қазасы бойынша қозғалған қылмыстық тергеу тоқтатылғанын хабарлаған.

Бас прокуратура жазуынша, істің тоқтауына «қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмауы» себеп. Кәрімбекова бұл хабарды «ауыр қабылдағанын» айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Әділетсіздікке шыдамай, Астанаға келдік". Қаңтарда жақынынан айырылған тараздықтар бас прокуратураға жиналды

Олар сотта сөйлеген куәгерлердің кейбірінің "өздері куәлік беріп отырған азаматтардың бір жыл бұрын қаза тапқанын білмейтінін де" жеткізді. "Соттағы әділетсіздіктерге жүрегіміз шыдамай, әділдік іздеп осында келдік" деді ата-аналар.

"Талабымыз марқұмдардың соты тоқтатылсын, олар ақталсын! Менің ұлыма екі бап бойынша айып іліп отыр: "жаппай тәртіпсіздік" және "ғимаратқа басып кіру". 121-томдық істе ұлымның бүлік жасап, қандай да бір нәрсені қиратып жатқаны туралы бірде-бір дәлел, айғақ жоқ. Фельшердің сөзі менің баламды атып, сол күйінше алаңға әкеп тастағанын дәлелдей түседі. Себебі мәйіт жатқан жерде еш қан жоқ. Адамның саусағы қанаса да, қан шығады емес пе. Баламның қалтасындағы ұялы телефоны, наушнигі, үйдің кілті жоқ. Бірақ "қалтасынан оқ табылыпты". Ол оқтың өзі төрт айдан кейін яғни, ұлым өлгеннен кейі төрт айдан соң табылған" деді шағымын айтып, тауыса алмаған Қаңтарда жалғыз ұлынан айырылған Тараз тұрғыны Нигора Закарияева.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Соғыстағы күйеуін украин әйелдерін зорлауға шақырған ресейлік солдаттың әйеліне халықаралық іздеу жарияланды

Бұл жөнінде Азаттықтың Украин қызметінің "Схема" жобасы хабарлады.

Украина бас прокуроры кеңсесінің хабарлауынша, ресейлік әскери қызметкердің әйелі "соғыс заңы мен ережелерін бұзды"(Украина қылмыстық кодексінің 438-бабы, 1-бөлігі) деп айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ мұндай жаза ол ұсталып, Украинаға экстрадицияланған жағдайда ғана беріледі.

Украина бас прокуратурасының хабарлауынша, күдіктіге мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған. Ол Киевпен экстрадициялау туралы келісім бар елге барса, ұсталады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Назарбаев қоры Жемқорлықты зерттеу орталығы үстінен түсірген шағымын қайтып алды

"Назарбаев қоры" Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының (OCCRP) үстінен түсірген шағымын қайтып алды. Бұл жөнінде OCCRP сүйенген "Власть" сайты жазды.

Сайттың жазуынша, сот істі қарап та үлгермеген, тараптар жазбаша ескертулермен алмасып қана қойған.

Шағымды қайтып алу қор өкілдері одан мүлдем бас тартты дегенді білдірмейді, деп жазды сайт.

OCCRP биыл қаңтарда Қазақстанды ұзақ жыл басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысты төрт қайырымдылық қоры ("Назарбаев қоры" жекеменшік қоры, "Нұрсұлтан Назарбаев қоры", "Демеу қоры" және "Елбасы" қоры) жайлы зерттеу жариялап, Назарбаев қорларына тиесілі активтерде кемі 7,8 миллиард доллар барын анықтаған еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал