azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Зеленский кескілескен шайқас жүріп жатқан Бахмут қаласына барды

Бұл туралы 20 желтоқсанда "Суспільне" сайты хабарлады.

Зеленскийдің Бахмутқа сапары алдын ала хабарланбаған еді. Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никофоров "Суспільне" сайтына "Зеленский Бахмуттағы алдыңғы шепке барып, солдаттарды марапаттағанын" айтқан. Баспасөз хатшысы Зеленский Бахмуттан Киевке оралғанын да жеткізді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ БҰҰ хатшылығын Ресейдің бопсасынан сескенді деп айыптады

АҚШ БҰҰ басшылығын Ресейге жеткізіліп жатқан Иранның әскери дрондары туралы тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастыра алмады және Украинада қолданылып жатқан Ресейдің әскери дрондарын көру үшін ресми өкіл жібермеді деп айыптады.

АҚШ-тың БҰҰ -дағы елшісінің орынбасары Роберт Вуд "БҰҰ хатшылығы қауіпсіздік кеңесі берген мандатты пайдаланып, тергеу жүргізбеді, Ресейдің бопсасынан сескенгені анық",- деп мәлімдеді. Мұны 2015 жылы Иранмен арада жасалған ядролық келісім резолюциясы бойынша өткен БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтты.

Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ пен Украина Иранның Ресейге әскери дрондар бергені - БҰҰ резолюциясына қайшы келеді деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин Ресей федералды барлау қызметін сатқындар мен диверсанттарды әшкерелеуге шақырды

Путин мұны мемлекеттік қауіпсіздік органдарының кәсіби мерекесіне арналған құттықтау сөзінде айтты.

Ресей президенті қарсы барлау органдарынан, соның ішінде әскери барлау қызметінен де "мейлінше қырағалық" талап етті. Путин "арнаулы қызметтердің экстремизмге қарсы күресте босаңсуына болмайды, ұлтаралық араздық тұтандыру, өшпенділік туғызу, күштеу, зорлық-зомбылыққа шақыру әрекеттерінің жолы дереу кесілуге тиіс" деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстан президенті Мирзияевтің қызы мұғалімдерді артық жұмыстан құтқаратын жоспарын жариялады

Өзбекстан мұғалімдерді тікелей міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заң қабылдауы мүмкін.

Бұл жөнінде президент әкімшілігінің байланыс және ақпарат саясаты бөлімінің меңгерушісі, Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзяева айтты.

"Қазіргі кезде мұғалім - мемлекеттік мерекеде қызмет көрсетуші, үй аралап статистика жинайтын тегін қызметкер, бау-бақша егуші, еден жуушы, комиссияны қонақ қылатын официант және аспаз, ешкімге керегі жоқ іс-шаралар кезінде залды толтырып отыратын адам, халықтан салық пен төленбеген кредиттің ақшасын жинаушы, баспасөзге мәжбүрлеп жазғызушы, мектептің күзетшісі, түнгі кезекшісі және әлдекімнің тәрбиесіз баласына да жауап беруші", – деген Мирзияева "Сонда сабақты кім береді? Мына күйде білімді қалай дамытамыз?" деп сөйлеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Энергетика министрлігі: Қазақстандағы жылу электр орталықтарының жартысы апат жағдайында тұр

Қазақстандағы 37 жылу электр орталығының 19-ы апат жағдайында тұр. Мұны энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгін, 20 желтоқсанда өткен үкімет отырысында айтты.

37 ЖЭО-ның 19-ы "қызыл", 11-і "сары", 7-еуі "жасыл" белгіде тұр. Мұндай белгі жылу электр орталығының пайдаланылған мерзімі мен тозу деңгейіне және білікті кадр тапшылығына байланысты қойылған.

Тозығы жеткен ЖЭО-ларды жөндеу үшін 182 миллиард теңге керек.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Канада Ресей олигархы Абрамовичтің активтерін кәмпескелеуді бастады

Канада Ресей олигархы Роман Абрамовичтің қатысы бар активтерді кәмпескелеу процесін бастады. Абрамовичтің Канадада 26 миллион АҚШ долларына бағаланатын Granite Capital Holdings фирмасы бар. Түскен қаржыны Канада Украинаны қалпына келтіруге жұмсауды және Ресейдің саяси қуғын-сүргініне ұшырағандарға өтемақы ретінде беруді көздеп отыр.

Канаданың сыртқы істер министрі Мелани Жоли Ресейдің Украинадағы соғысынан пайда көріп отырғандар мен Ресей билігіне қысым жалғаса беретінін мәлімдеді. Онымен Канаданың қаржы министрі әрі вице-премьері Христя Фриланд та келіседі. "Путиннің олигархтары Ресейдің Украинаға жасап отырған жабайы әрекетін қолдап отыр. Канада олардың тынығып кететін жері бола алмайды", – деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

19 желтоқсанда Астанада Маңғыстау облысының бұрынғы көші-қон полициясы офицерлерлерінің әйелдері Айжан Сәндібекова мен Құндыз Серікова Жоғары сот алдында наразылық өткізді.

Екі әйел және күйеулері Ақтауда "кафеде басқа қонақтармен төбелесті" деп айыпталған
Наразы әйелдер №2 Ақтау қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы офицерлерге және өздеріне қатысты істі "бір жақты қарап отыр, пара талап етеді" деп шағымданды.

Маңғыстау облыстық соты бұл шағымға қатысты сот процессі аяқталған соң жауап беретіндерін айтты.

Олар қолдарына қозғалған іске қатысты дәлелдермен қоса бір бөтелке бензин ала келген. Қолдарына сыртына орыс тілінде жазылған "Әділ сот талап етеміз", "Ақтау қаласы. Байтұрованың соттағы заңсыздықтары" деген жазуы бар қара матадан жасалған судья мантиясын көтеріп алған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналистің ұсталуы, мұнайшылар ереуілі, БҰҰ-дағы дауыс беру - AzatNEWS 19.12.2022

📌 Қазақстан БҰҰ-да Ресейді айыптайтын қарарға қарсы дауыс берген 14 елдің бірі. Бұған дейін бейтарап ұстанымда болған билік неге бір тарапты таңдады?

📌 Журналист Михаил Козачков ұсталды. Қаржы мониторнгі агенттігі оны қылмыстық топқа көмектесті дейді. "Әділ сөз" кінәсіздік презиумпциясы бұзылғанын айтады.

📌 Маңғыстауда жалақы өсіруді талап еткен мұнайшылар наразылығы жалғасып жатыр. Олар президент пен облыс әкімінің дауға аралсуын сұрайды.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Дереу босатылсын". "Әділ сөз" журналист Козачковтың ұсталуына байланысты Тоқаевқа үндеу жолдады

19 желтоқсанда "Әділ сөз" құқық қорғау ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Ұйым Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстаған белгілі журналист Михаил Козачковтың конституциялық құқығы өрескел бұзылды деп есептейді.

"Оны Қаржы мониторингі агенттігі сот шешімінсіз-ақ қылмыскер деп жариялады, осы арқылы Қазақстан Конституциясының 77-бабын бұзып отыр. Михаил Козачковтың қорғану құқығына да нұқсан келтірілді: бірнеше сағат бойы ол заңды көмек ала алмаған. Оның пәтерін адвокатының қатысуынсыз тінтіген, қаржы мониторингі агенттігі адвокатын кіргізбеген. Адвокаттың Михаил Козачковпен жеке әңгімелесуіне де мүмкіндік берілмеген",- дейді "Әділ сөз" ұйымы.

"Әділ сөздің" жазуынша, Козачковқа тағылған кейбір айыптар қаржы мониторингі агенттігінің емес, полицияның құзырына қарайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы әкімдігі халық көп жиналатын орындарға жыл соңына дейін 3050 камера орнатпақшы

Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген Алматы әкімдігінің ғимараты 2023 жылдың екінші жартысында қалпына келтіріледі. Бұл ақпаратты 19 желтоқсанда Алматы әкімдігі таратты.

Әкімдік ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары көрсетілетін видео жариялаған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ерболат Досаев "Алматы қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында" 16,8 миллиард теңге бөлінгенін, халық көп жиналатын орындарға жыл аяғына дейін 3050 камера қойылатынын мәлімдеген еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Ираннан алған дрондарымен Киевке тағы да шабуыл жасады

Дүйсенбіге қараған түні Ресей Киевке тағы да дронмен шабуыл жасаған. Киевте әуе дабылы үш сағатқа жуық қосулы тұрған. Киев мэрі Виталий Кличко қаланың Соломенск және Шевченковск аудандарында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.

Киевтің қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко түнде Украина астанасына Ресей Иранның жиырмадан астам "Шахид" дронымен шабуыл жасағанын, оның 15-ін әуе қорғанысы атып түсіргенін мәлімдеді.

Кейбір дрондар маңызды инфрақұрылымдарға құлаған. Екі адам зардап шеккен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Barents Observer: Норвегия Ресей азаматтарына виза бергісі келмейді

Норвегия Ресей азаматтарына виза бергісі келмейді, тіпті норвегтердің ұйымдары шақырса да бермейді. Бұл жөнінде Barents Observer сайты Норвегия ұйымдарына сілтеп хабарлады. Норвегия ұйымдары кейінгі айда түрлі іс-шараларға Ресей азаматтарының қатыса алмағанын айтқан.

"Норвегия Ресей азаматтарына виза бермейді деген ресми ақпарат жоқ. Алайда біз шақыру қағазын көрсетсек те виза беруден бас тартып отыр", - дейді Киркенестегі "Terminal B" арт-кеңістігінің қызметкері.

Норвегия билігі Ресей азаматтары өз еліне қайтпай қоя ма деп қауіптенеді. Батыстың құқық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін Ресей азаматтарына да виза беруді доғарған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Киев Ресейдің зымыран шабуылынан соң жылу жүйесін толығымен қалпына келтірген.

Киев қаласының мэрі Виталий Кличко телеграм-арнасына: "Қалаға жылу беретін жүйе әдеттегідей жұмыс істеп тұр", – деп жазды.

"Жұма, 16 желтоқсанда Ресей әскері Киевті 40 зымыранмен атты, оның 37-сін әуе қорғанысы жүйесі атып түсірді" деп хабарлайды РБК Украина.

Зымыран шабуылынан кейін Киевте апат жағдайында электр қуаты ажырап, жылу мен су кідірген.

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешкілік жасаған үндеуінде Ресей әскері атқылағаннан кейін энергетикалық құрылымдарының қалпына келтірілгенін айтқан. "6 миллионға жуық адамға электр қуатын бір күнде қайта жеткіздік. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр", – деген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуіліне 6 күн: Кәсіпорындағы қазандықтан мұнай төгілгені, экологияға зиян келгені айтылды

18 желтоқсанда жұмысшылар Азаттық тілшісіне ереуілге "қосылғандар қатары көбейіп, жүзге жуықтағанын, олардың екі орында наразылық жасап жатқанын" айтты. Бірі – кәсіпорын маңында далада, екінші топ кәсіпорын ауласында. Олар жұмысшылардың суреттерін де жіберді.

"12-інен бері басшылықтан ешкім келген жоқ. Олар талаптарды орындауға компанияның шамасы жетпейді деп айтады. Бұл біздің ойымызша, өтірік. Себебі, мекеменің ішінде жұмыс істейтіндіктен ай сайын келетін мұнай көлемін білеміз" деді жұмысшылардың бірі жексенбі күні Азаттыққа.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинада Ресей әскері шоғырланған орындарға барып қайтты

Бұл жөнінде жексенбі таңертең Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады. Ол тікұшақпен алдыңғы шептерді аралап, командирлердің есептерін тыңдаған. Шойгудың нақты қайда болғанын әскери ведомство айтқан жоқ.

Министрліктің хабарлауынша, Шойгу "әскермен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру, жеке құрам солдаттарын көшіру жағдайы, медициналық және тыл бөлімшелерінің жұмысына ерекше мән берген".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жовтис: Козачков ісі жөніндегі күдігіміз расталып жатыр. Баспасөз жиыны жанжалмен аяқталды

20 желтоқсанда Алматыдағы баспасөз клубында журналист Михаил Козачковтың ұсталуына байланысты өткен баспа жиынында құқық қорғаушы Евгений Жовтис журналистің құқығы бұзылғанын мәлімдеді.

Біз қылмыстық іске қатысушы емеспіз, бірақ қылмыстық істе адам құқығы қалай сақталатынын бақылап отырамыз. Бұл іс әу баста қозғалғанда-ақ бізде күдік болған, енді сол расталып жатыр. Журналистің үйін адвокат қатыстырмай тінтігені, куәгерлер, видео жазба бар-жоқтығы, адвокатпен жеке кездесуге рұқсат бермегені - кез-келген сау адамға: - Адвокатты қатыстырмайтындай не боп қалды деген сұрақ туғызады,- дейді Жовтис.

Оның сөзінше, "журналистерге, оппозициядағы саясаткерлерге немесе құқық қорғаушыларға байланысты кез-келген жағдайда "әлдеқандай саяси астары болуы мүмкін" деген күдік туады".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Аргентиналықтар әлем чемпиондарын қалай күтіп алды?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

15 желтоқсанда БҰҰ Ресейден Украинадағы соғысын тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін қарарды дауысқа салды. Қазақстан қарсы дауыс берді. "Уақытша басып алынған Қырым автономды республикасы мен Севастополь қаласындағы адам құқығы ахуалы" деп аталатын резолюцияны 82 ел қолдап, 14 ел қарсы шыққан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Танымал журналист ұсталды. Тергеу құпиясы бұзылды ма?

18 желтоқсанда Қаржылық мониторинг агенттігі зерттеуші журналист, "Время" газетінің тілшісі Михаил Козачковты ұстады. Агенттік журналист ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетін жүзеге асыруға көмектесті деп күдіктенеді. Бірақ журналистер құқығын қорғайтын ұйым агенттік таратқан ақпаратта "кінәсіздік презиумпциясы" бұзылды дейді. Ал "Время" газеті журналисті айыптайтын нақты дәлел жоғын айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Желіде қамаудағы Козачковтың хаты пайда болды. Бас прокуратура журналист ісін айрықша қадағалайтынын хабарлады

Борейко хаттың мәтінін әлеуметтік желідегі чаттардан алғанын, содан соң Козачковтың адвокатына хабарласқанын, ол үндеу Козачковтікі екенін растағанын айтады.

Автор хаттың бас жағында "рейдерлік жасады, ұйымдасқан топқа қатысты, мемлекеттік құпияны таратты деп айыптайтынын түсіндім" дейді.

"Ол туралы мәліметтер ашық дереккөздерде жүр, ол үшін ешқандай да құпия мәліметтер базасын ашқан жоқпын. Ал "рейдерлік" пен "ұйымдасқан қылмыстық топ" дегені - "Есентай сити" мен өзге де нысандар төңірегіндегі аты-шулы іс. Менің түсінуімше менің "қылмысым" - "жымқырды" деп айыпталған Алмас Әбдіғаппаров туралы мақала жазғаным" дейді хатта.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Еуропа одағына мүше елдер Ресей газының бағасын шектеуге уағдаласты

19 желтоқсанда Еуропа одағы елдерінің энергетика министрлері газ бағасын шектеуге уағдаласты. Егер үш күн ішінде ТТF (Нидерландыдағы аса ірі виртуалды сауда нүктесі) саудасында газ магаватт-сағатта 180 еуродан асатын болса, шектеу 15 ақпаннан бастап енгізіледі.

"Шекті бағаны енгізер алдында Еуропа одағы энергетикалық дағдарысқа жол бермеуді бірнеше апта бойы ақылдасып алды. Бұған дейінгі екі жиында ортақ келісімге келе алмаған. Жаңа шараға Еуропадағы аса ірі газ рыногы саналатын Германия күмәнмен қарады" деп жазады BBC. Оны Нидерланды, Австрия мен Венгрия қолдаған.

"Газдың арзан болғанына Германия қарсы емес, бірақ барынша сақ болғанымыз жөн, артық қыламыз деп тыртық қылып алмау керек", – деді Германияның вице-канцлері әрі экономика министрі Роберт Хабек.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Адам құқығы бюросы "КМК-Мұнай" компаниясының кәсіподақ лидері Еламановты "қуғындағы тұлға" деп атады

Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі халықаралық бюро қытайлық инвесторларға тиесілі "КМК-Мұнай" компаниясындағы кәсіподақ лидері Ержан Еламановты "қуғындағы тұлға" деп атап, сотта оның құқын қорғауға дайын екенін хабарлады. Бұл туралы бүгін 19 желтоқсанда Ақтөбеде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Халықаралық бюроның мәліметінше, "КМК-Мұнай" компаниясы тәуелсіз кәсіподақ төрағасы Ержан Еламановтың үстінен сотқа "ар-ұжданымызға нұқсан келтірді", "ереуіл ұйымдастырып, кәсіпорынға 204 млн теңге шығын келтірді" деп екі шағым түсірген. Бұдан бұрын 2022 жылы 2 қыркүйекте мұнай операторы Ержанов жұмыстан қуылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Австрия Ресей дипломатының ұлын тыңшылық жасады деп ұстаған

Ресей дипломатының Грекия азаматтығын алған ұлын Австрия ішкі істер министрлігінің арнаулы қызметі Вена қаласында ұстаған. Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасы оны Ресейдің әскери барлауы үшін тыңшылық жасады деп есептейді. Министрлік есебімен танысқан Автрия баспасөзі Ресей дипломатының ұлы бес жылға дейін сотталуы мүмкін деп хабарлады.

39-жастағы грек азаматы Вена шетіндегі аудандағы пәтерінде 24 наурызда қамауға алынған. "Аса қауіпті күдікті" деп есептеліп, оны ұстауға арнаулы қызметтің екі тобы жұмылдырылған. Оның пәтерінен тыңдағыш құрылғы детекторы, құпия камера, минаны залалсыздандыру кезінде киетін сапер киімі табылған, - дейді Kurier газеті.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде оқушылардың жол апатына түсуіне байланысты спорт мектебінің басшыларының үстінен іс қозғалды

Өткен сенбіде тоғыз оқушыны жарысқа апара жатып, "Toyota Estima" автокөлігі аударылған еді.

Олардың ісі Қылмыстық кодекстің "салғырттық" (371-бап 2-бөлімі), "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау" (141-бап 1-бөлімі) баптары бойынша сараланады. Спорт мектебі басшыларының әрекетіне әлі толық құқықтық баға берілмеген. Қанша адамның үстінен іс қозғалғаны белгісіз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Өлігім ғана шығады». Астана тұрғыны «Қазақстан халқына» қорынан көмек сұрайды

Астана тұрғыны баласына ота жасауға көп қаражат керек екенін айтып «Қазақстан халқына» қорынан көмек сұрайды. Қор өкілі денсаулық сақтау министрлігінің қорытындысын талап етеді. Министрліктің өз уәжі бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Гүлмира Сатыбалдының үстінен қозғалған қылмыстық істің екі эпизоды бойынша тергеу аяқталған

"Гүлмира Сатыбалдының үстінен қозғалған қылмыстық істің адам ұрлау және кәсіпорын үлесін заңсыз иелену фактілері бойынша тергеу аяқталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 6,6 млрд теңгеден асады (қазіргі валюта бағамы бойынша 14,1 миллион доллар)", - дейді агенттік.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен қоса прокуратураға жіберілген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Кеудемді өксік қысқанда, борщ пісіремін". Украин босқындардың Қазақстандағы өмірі

Ресей бұрын өзі "бауырлас ел" деп атаған Украинаға басып кіргелі он ай өтті. Соғыс мыңдаған бейбіт тұрғынның өмірін қиды. БҰҰ дерегінше, 10 миллионнан астам украин азаматы шетелге, оның ішінде Қазақстанға да қоныс аударуға мәжбүр болған. Азаттық жат жерде жаңа өмір бастаған украиндармен сөйлесіп, әңгімесін жазып алды. Олар жолында кездескен сан түрлі кедергіге қарамастан, қазіргі өміріне шүкірлік етеді. "Украинада халық қырылып жатыр, ал біз жылы әрі тыныш жерде отырмыз" дейді.

ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаржы мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачков ұсталғанын хабарлады

Жексенбі күні агенттік таратқан хабарламада журналистің "қылмыстық топқа рейдерлік жасауына көмектесті" деген күдікке ілінгені жазылған.

Хабарламада "қылмыстық топтың бірнеше өкілінің" аты аталады. Онда журналистің "қоғамдық пікір қалыптастыруға көмектескені", "ақпараттық шабуылға үлес қосқаны", "БАҚ заңын бұзып, жалған мәліметтерді, банк, отбасылық, басқа да заңмен қорғалатын құпия деректерді таратқаны", адамдардың "беделін түсіретін мақалалар жариялағаны" жазылған. Ведомство қазіргі кезде тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде тоғыз баланы волейболшылар жарысына апара жатып, жол апатына ұшыраған «Toyota Estima» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қамауға алынған.

Бұл туралы Ақтөбе полициясы хабарлады. Бірақ полиция көлік жүргізушісінің қандай күдікке ілінгенін айтпай отыр.

Жол апатына ұшыраған бес балаға сенбі күні Ақтөбедегі балалар ауруханасында ота жасалған. Бесеуі де жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары бірқалыпты ауыр. Ота жасалған балалардың төртеуі ауыр бас-ми жарақатын алған. Біреуінің қол-аяғы сынған. Апаттан аман қалған өзге үш бала хирургия бөлімінде деп хабарлады Азаттыққа Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде әкімдікке барып, дауласқан көп балалы әйелді шенеуніктер сотқа берді

Әкімшілік сот бес баланың анасы Индира Ықтияроваға 107 мың 205 теңге айыппұл салған. Бұл туралы Азаттыққа Индира Ықтиярованың өзі хабарлады.

- 15 желтоқсан күні жалақысы тәуір жұмыс сұрап, облыс әкімдігіне барғанмын. Кәмелетке толмаған бес балам бар. Ай сайынғы 500 мың теңге несиемді төлей алмай отырмын. Азық-түлік биылдыққа үш есе қымбаттап кетті. Бірақ жәрдемақыға қосылғаны екі мың теңге ғана. Қарызданып жүріп салған үйімді банк арестке қойды. Ол аз болғандай әкімдік мені сотқа беріп, мойныма тағы 107 мың теңге ілді, - дейді Индира Ықтиярова.

Бес баланың шешесі 35 АЕК-ке тең (айлық есептік көрсеткіш, шамамен 228 доллар) айыппұл салу туралы әкімшілік соттың шешімімен келіспейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал