azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Ресей тергеу комитеті мемлекеттік RT телеарнасында балаларды өлтіруді ұсынған журналист Антон Красовскийдің сөзінен қылмыс құрамын таппаған

Ведомство өкілдерінің айтуынша, журналистің сөзінде "қылмысқа дайындау немесе жасау туралы мағлұмат жоқ".

20 қазанда Красовский RT арнасындағы авторлық бағдарламасында Ресей Украинаны жаулап алып жатыр деп санайтын орыстілді украин балаларын өлтіруді ұсынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Жауымыз ортақ". Украинадағы соғысқа қатысқан грузин сарбаздың әңгімесі

Вадим Чхетиани Украина қарулы күштерінің құрамында Ресейге қарсы соғысып, жараланған. Кейінгі кездері Бахмут ауданында Ресей шабуылынан грузин еріктілері қаза тауып жатқанда, оның жолы болды деуге болады.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде балаларды жарысқа апара жатқан көлік жол апатына ұшырап, бір бала қаза болды

Төрт бала Ақтөбедегі балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың біріне ота жасалғанын, біреуіне ота жасалып жатқанын хабарлады. Қалғандары түрлі жарақат алған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» тас жолының 68-шақырымында болған. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны «Toyota Estima» автокөлігімен волейболшы балаларды Шұбарқұдық кентінен облыс орталығы Ақтөбеге алып келе жатқан. Автокөлік тас жолдан таңертеңгі 9:30 шамасында аударылып кеткен. Полиция жол апатына не себеп болғанын тексеріп жатыр.

- Жан сақтау бөліміндегі балалар 2010 жылы туған. Олар бас-ми жарақатын алған, сүйектері сынып, бір пациенттің көк бауыры жыртылған, - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеудің "қазақ ұлтшылдығымен" күресінің астарында не жатыр? Тоқаев Назарбаевтың жолын жалғастырып жатыр ма?

Батыс басылымдары бұл аптада Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің елдегі «ұлтшылдық» туралы мәлімдемесінің астарында не жатыр деген сұраққа үңілді. Одан бөлек Назарбаев пен Тоқаевтың ел басқару әдістерін салыстырып, Тоқаевтың экс-президент салып кеткен соқпақпен келе жатқанын талдады. Сондай-ақ қазақ ұлттық тағамдарындағы тұздың шамадан артық мөлшері инсульт қаупін арттыратынын жазды.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина Грузиядан өздерін қамаудағы бұрынғы президент Михаил Саакавшилиге кіргізуді талап етті. Украина азаматтығы бар Саакашвилидің денсаулығы кейінгі кезде нашарлап кеткені туралы ақпарат тараған.

Украина омбудсмені Дмитро Лубинец 15 желтоқсанда Телеграм-парақшасында Саакашвилидің медициналық көмекке зәру болып отырғанын және оны Батыс Еуропа мен АҚШ-қа емдеуге жіберу қажеттігін айтты. Лубинецтің айтуынша, Украина шетелдегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

2004-2013 жылдары аралығында Грузияны басқарған Саакашвили "билік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталып, алты жыл түрмеге кесілген. Өзі мен жақтастары істің саясиланғанын айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан Ресейді Украинадағы соғысын тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін БҰҰ резолюциясына қарсы дауыс берді.

Резолюцияның өзі "Уақытша басып алынған Қырым автономды республикасы мен Севастополь қаласындағы (Украина) адам құқығы ахуалы" деп аталады. 15 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған құжатқа 82 ел қолдап дауыс берген, 14 ел қарсы шыққан, 80 мемлекет қалыс қалған.

Қарсы дауыс бергендер арасында Қазақстан да бар. Ресей, Беларусь, Зимбабве, Иран, Қытай, Солтүстік Корея, Сирия құжатты қолдамаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Абай облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылында 9-сыныптың екі оқушысы өздеріне қол салып, біреуі көз жұмды.

Abai news телеграм каналының жазуынша, олар жоғары сыныптың оқушыларынан әлімжеттік көргендіктен өздеріне қол салған.

"Қайтыс болған баланың сыныптасының айтуынша, 11-сынып оқушылары оларды бірнеше рет ұрып, психологиялық қысым жасаған. Ал мектеп басшылығы мен мұғалімдер әлімжеттік жайлы білсе де, шулатпайық деп мұны жасыруға тырысқан" деп жазды телеграм канал оқушылардың шешелерінің сөзіне сілтеп.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда түстен кейін полиция Oyan, Qazaqstan белсенділерін біртіндеп босата бастады. Masa.media жазуынша, үйінің маңында ұсталған Мира Оңғароваға полицейлер “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғанын” айтқан. Босап шыққаннан кейін де белсенді өзін аңдуда екенін аңғарған. Оңғарованың сөзінше, полицейлер оны телеграм-арнасындағы суреттерді өшіруге мәжбүрлеген.

Oyan, Qazaqstan мүшесі Айдана Айдархан да Твиттерде бүгін үйінен шыққан кезде полицияның еш түсіндірместен ұстап әкеткенін, аудандық тірек пунктіне апарып, тергегенін жазды. Айтуынша, адвокатын ол жаққа кіргізбеген. Оның есебінше, бүгін Oyan, Qazaqstan'ның 14 мүшесі ұсталған.

Masa.media'ның жазуынша, полицейлер азаматтық белсенді Влада Ермольчеваны ұстау кезінде күш қолданған. Үйінің маңында полицейлер таксиге отырмақ болған белсендінің телефонын тартып алып, көліктен түсіруге тырысқан. Полицейлердің бірі белсендінің білегін жарақаттаған. Белсенді полиция бөліміне келгенде жедел жәрдем шақыруын сұраған. Бірақ бір сағат бойы ешкім көмек көрсетпеген.

Полиция ұстауларға байланысты түсініктеме бермеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Брянск қаласының соты "украин әскеріне қосылып, Ресейге қарсы соғысқысы келді" деп айыпталған 24 жастағы Артем Боголюбовты алты жылға түрмеге кесті.

Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Бұл жөнінде Брянск облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда Боголюбов Беларусьте ұсталған. ФСБ болжамынша, ол Беларусь арқылы Украинаға өтпек болған. Кейін Ресейге депортацияланған.

ФСБ пікірінше, Артем Боголюбов Ресейдің "ішкі және сыртқы саясатына" қарсы болған. Өтелмеген несиесі бар жігіт соғысқа қатысып, ақша таппақ болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда Тәуелсіздік монументіне бара жатқан жолда Байсейітова көшесінде полиция Oyan, Qazaqstan'ның тағы төрт мүшесін ұстады. Бұған Азаттық тілшісі куә болды. “Не үшін ұстап жатсыздар?” деген сұраққа полиция жауап бермеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мира Оңғарова әлеуметтік желі парақшасында өзін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" (488-бап 6-бөлігі) бабы бойынша ұстағанын жазды. Ол қазір Алматының Әуезов аудандық полиция бөлімінде

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда полиция Oyan, Qazaqstan'ның тағы екі мүшесін үйінен ұстап әкеткен

Бұл жөнінде журналист, Oyan, Qazaqstan белсендісі Әсем Жәпішева хабарлады.

“Алматыда полиция Oyan, Qazaqstan белсенділері Бота Шәріпжан мен Мира Оңғарованы үйінен ұстап әкетті” деп жазды Жәпішева Twitter парақшасында.

Әсем Жәпішева Телеграм-арнасында полицияның өзін де ұстағанын хабарлады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыдағы Республика алаңы – 1986 жылғы Желтоқсан және 2022 жылғы Қаңтар қантөгісі болған орын. Кемінде 238 адам қаза болған Қаңтар құрбандарының көбі 2022 жылы 6 қаңтарда осы алаңда көз жұмған деп айтылады. 2011 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы
Жаңаөзен қаласында жеті айға созылған мұнайшылар наразылығын полиция оқ атып таратқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Павлодар облысында Байет ауылының тұрғыны, белсенді Жанат Жамалиев Еурокеңес жетекшісіне видеоүндеу жасаған тұрғын бес тәулікке қамалды

Жамалиев "үкімді орындамағаны үшін" бес тәулікке қамалды. Бұл жөнінде "Белсенділер – экстремист емес" құқық қорғау тобының Телеграм-арнасы белсендінің әйелі Әсел Жамалиеваға сүйене отырып хабарлады.

49 жастағы Жамалиевті 14 қарашада экстремизм бөлімі қызметкерлері үйінен ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Бұған оның Фейсбук парақшасында қазан соңында Еурокеңес жетекшісі Шарль Мишельге арнап жазған видеоүндеуі негіз болған. Сол күндері Шарль Мишель Қазақстанға келген еді. Видеондеуде белсенді елде демократия жоғын, белсенділер қудаланып жатқанын, Қаңтар оқиғасынан кейінгі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "жаңа Қазақстан" жайлы концепциясы әншейін көзбояушылық екенін айтқан.

"Бейбіт акцияға шықпасын, өз құқықтарымызды қорғамасын деп билік кешеден бері (14 желтоқсан – ред.) мені аңдып жүр" деді белсенді 26 қазан күнгі видеода.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда полиция белсенді Бейбарыс Толымбековті ұстап әкетті

Алматыда белсенді Бейбарыс Толымбековті полиция Алмалы аудандық басқармасына алып бара жатыр, деп хабарлады Қазақстан жастар ақпараттық қызметі.

Белсенді ұйым өкілдеріне хабарласып, ескертіп үлгерген. “Оларға мені ұстау туралы тапсырма берілген екен” деді белсенді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Вагнер" жеке әскери тобының бұрынғы жалдамалы қызметкері Андрей Медведев Ресей билігінен әскери топ пен оның жетекшісі Евгений Пригожиннің қызметін тексеруді талап етті.

Бұл жөнінде "Гулагу.нет" жобасына сүйенген Сибирь.Реалии сайты хабарлады.

"Гулагу.нет" Телеграм-арнасында жарияланған видеода Медведев 2022 жылдың 6 шілдесінде "Вагнер" жеке әскери тобымен төрт айға келісімшартқа отырғанын айтады. Оны Луганск облысының Сальск елді мекеніне жіберіп, ол жақта бөлімше командирі болып тағайындалып, Артемов түбіндегі шайқастарға қатысады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иран билігі аймақтарды шарпыған наразылықты қолдағаны үшін 38 жастағы Таране Алидустиді қамады

Ислам революциясы сақшылар корпусына жақын "Тасним" агенттігі оның "тәртіпсіздікті қоздыру" және "жалған ақпарат тарату" бойынша күдікке ілініп отырғанын хабарлады.

The Guardian басылымы Алидустиді өз буынындағы ең ықпалды актрисалардың бірі деп атаған. Ол кино саласында бірнеше беделді сыйлыққа ие болған, 2017 жылы Оскар алған "Коммивояжёр" фильмінде негізгі кейіпкерді сомдаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей басшысы Владимир Путин 16 желтоқсанда Украина аумағындағы әскери қимылдарға қатысып жатқан біріккен штабқа барды.

Кремль хабарламасында ол жақта президенттің күні бойы болғаны жазылған. Ол әскери басшылардың есептері мен ұсыныстарын тыңдаған.

Суреттер мен видеоларда Путиннің жанында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу, бас штаб жетекшісі Валерий Герасимов және Ресейдің Украинадағы әскеріне жетекшілік ететін Сергей Суровикин тұрғаны көрінеді.

Президенттің әскери басшылармен қайда кездескенін Кремль айтпады. Әскери қимылдар ошағында Ресей басшысы бірде-бір рет болмаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәдениет министрлігі Ресейдің Қырымды жаулап алуын мадақтайтын пропагандистік фильмнің Алматыда көрсетілуіне қатысы жоғын, ұйымдастырушылардың өздерімен келіспегенін мәлімдеді. Министрліктің жауабы Азаттыққа фильм көрсетілгеннен кейін бір аптадан соң түсті.

"Фильмдерді көрсету "Кинематография туралы" заңмен реттеледі. Заңның 7-бабына сәйкес, Қазақстан аумағында фестиваль, семинарларды айтпағанда, прокатқа шығатын және көрсетілетін фильмдер мемлекеттік реестрде тіркелуі тиіс және прокат куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады" деп жазылған министрліктің Азаттыққа жіберген жазбаша жауабында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Халықаралық ғарыш станциясымен түйіскен "Союз-МС 22" ғарыш кемесінде температура күрт көтерілген.

РИА "Новости" агенттігіндегі дереккөздер кеме ішіндегі температура 50 градустан асып кеткенін айтты. Ал "Роскосмос" өкілдері жұмыс модулінің ішінде температура жоғарылағанын растағанмен +30 градустан аспағанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 15 желтоқсанда ғарыш кемесінің суыту жүйесінде ақау болған, алайда қазіргі кезде ғарышкерлердің өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ Конгресі Америка әкімшілігін Ресей армиясының Украина аумағындағы адамзатқа қарсы және әскери қылмыстары туралы айғақтар жинауға міндеттеді.

Сәйкес заң жобасын Конгресс қорғаныс шығыны туралы заң аясында мақұлдады. Заңға сәйкес, Америка әкімшілігі басқыншылық кезіндегі әскери қылмыстар мен өзге де хайуандық әрекеттер туралы мәліметтерді жинап, Конгреске есеп беріп отыруы тиіс. Құжатта бейбіт халыққа қасақана шабуыл жасау, мектептер мен ауруханаларды бомбалау, бейбіт халықты күштеп көшіру, кепілдікке алу, зорлау, азаптау және өзге де күш қолдану әрекеттері ерекше аталады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның әскери басшылары: Мәскеу 2023 жылы қыста шабуыл жасауға дайындалып жатыр

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников британдық Guardian басылымына берген сұхбатында Ресей 2023 жылдың ақпанынан қалмай жаппай шабуылға көшеді деген болжам айтқан.

Резниковтің пікірінше, мобилизацияға ұшыраған 300 мың ресейліктің жартысы аз-кем дайындықтан соң майданға бірден жіберілген. Ал мобилизацияланғандардың қалған бөлігі қазір жаттығу лагерьлерінде дайындықтан өтіп жатыр. Дайындыққа кемінде үш ай кетеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей украин қалаларын тағы атқылап жатыр. Украинаның барлық аймағында әуе дабылы іске қосылған.

Киев облысында әуе шабуылынан қорғайтын жүйе істеп тұр. "Жау жағы Украинаны жаппай атқылап жатыр. Қауіпсіздік күшейтілген. Тасада отырмыз" деп жазды облыстық әскери әкімшілік жетекшісі Алексей Кулеба.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Литва сеймі елде тұрып жатқан ресейліктер мен белорустарға қару сатып алып, иеленуіне тыйым салатын заң қабылдады. Құжатқа 106 депутат қолдап дауыс берді, он депутат қалыс қалды, деп жазды Delfi сайты.

Заң 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Заң ресейліктер мен белорустарға қару-жарақ сатып алып, сақтауға, оқ-дәрі мен қару жабдықтарын алуға тыйым салады. Заң қаруды аңшылық, қорғаныс, кәсіби қызмет, коллекциялау, ғылыми зерттеу мақсатында да қолдануға рұқсат етпейді.

"Қастық ниеті бар шетел мемлекетінің мұнда тұрып жатқан азаматтары идеология жетегінде кетіп, өз елдерінің мүдделерін қорғаймын деп қолдарына қару алуы мүмкін" деді ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитет төрағасы Лауринас Кащюнас. Оның сөзінше, бұл шара Литваның қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Oyan, Qazaqstan қозғалысы Айдана Айдарханның да ұсталғанын жазды. Осылайша ұсталғандар жеті адамға жетті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Oyan, Qazaqstan белсенділері Фариза Оспан мен Нағашыбек Бекдайыр да ұсталды, деп хабарлады "Тіл кеспек жоқ" телеграм-арнасы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Билік Желтоқсанда зиялы қауымды қалай пайдаланса, Жаңаөзенде де солай пайдаланды"

Азаттық Желтоқсан оқиғасын зерттеуші, «Алматы, 1986, Желтоқсан» деп аталатын көп томдық жинақтың биыл 16-томын шығарған публицист-жазушы, Желтоқсан оқиғасына өзі де қатысқан Талғат Айтбайұлынан қазақ зиялы қауымының жастарды айыптайтын үндеуі мен Мұхтар Шахановтың съезде сөйлеген сөзін қоғам қалай қабылдағанын сұрады. Талғат Айтбайұлы қазақ зиялы қауымы Желтоқсан оқиғасы кезінде де, 2011 жылғы Жаңаөзен, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы жөнінде де ұстанымын айта алмады деп есептейді.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған шамамен 200 шақты адам жиналған. Шараға қатысқан Алматы әкімі Ерболат Досаев жұрт алдында сөйлемеген.

Алаңды полиция қоршаған. Сәтбаев–Желтоқсан–Назарбаев көшелері қиылысын ұлттық гвардия жасағы күзетіп тұр. Аумаққа көліктер өткізілмей жатыр. Сәлден соң бұл жерге қоғам белсенділері жиналуы тиіс.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Белсенді әзірге телефонын алмайды. Ал Алмалы ауданының полиция басқармасында кезекші бөлімде отырғандар "байланыс сапасы нашар" деп Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап бермеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстаудағы ереуіл, белсендіні ұстау, Алматыдағы пикет - AzatNEWS 15.12.2022

📌 Маңғыстауда "Phystech ІІ" компаниясының мұнайшылары жалақы өсіруді талап етіп, үш күннен бері далада қонып жатыр. Ал бұл компаниядағы акциясын олигарх Қайрат Боранбаев қамауда жатқанда өзге азаматтың атына жазып берген.

📌 Сайлау комиссиясы азаматтық екі белсендіні бұрын сотталғанына байланысты 14 қаңтарда өтетін сенат сайлауына кандидат ретінде тіркемеді. Бірақ заңда бұрын емес, қазір түрмеде отырғандар туралы жазылған.

📌 Ақтөбеде тәуелсіздік күні қарсаңында азаматтық белсенді Әлібек Қарағұлов қамауға алынды. Полиция ұстауды оның саяси белсенділігімен байланыстырмайды.

📌 Алматылық белсенді үкімет отставкасын талап етіп, пикетке шықты. Акцияны әкімдік қызметкері бақылап тұрды.

🔗КӨРУ
t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал