Reuters: Ресей Үндістанға мұнайының бір баррелін 35 доллардан сатады. Бұл нарық бағасынан екі есе кем
5 желтоқсанда Ресейдің теңіз арқылы тасымалданатын мұнайын ЕО-ға экспорттауға тыйым салу және Ресейдің танкерлік мұнайының баррелін 60 доллардан асырмайтын бағаға сатып алу туралы ереже күшіне енген. Оны Еуроодақ, "Үлкен жетілік" елдері және Австралия мақұлдаған. Ресей өндірісті азайтуға тура келсе де, баға шегін сақтамайтынын мәлімдеген.
Енді Мәскеу мұнайын өткізетін балама нарық, негізінен Азиядан іздеп жатыр деп жазды агенттік. Екі трейдер агенттікке Батыс елдерінің әрекеті Ресей өндірушілерін Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің тасымалдаушыларымен бірге қатаң бәсеке жағдайында қалдырғанын айтқан. Сол себепті Мәскеу мұнайын арзан сатуға мәжбүр болған.
t.me/azattyq
«Әлем Ресейсіз өмір сүре алмайтын болады». Ресей пропагандасы бақсыларды қалай пайдаланады?
Кейінгі уақытта Ресейдің билікшіл телеарналарында бақсы-балгер, экстрасенс, астрологтар шығып, саяси және әскери болжамдар айтып жүр. Олар «Ресейді жарқын болашақ күтіп тұр, Еуроодақ пен Зеленский құриды» дегенге сенеді. Бақсылардың болжамдарының алды орындалмады.
t.me/azattyq
"Үкімет отставкаға кетсін". Алматылық белсенді жалғыз адамдық пикетке шықты
Бейсенбі, 15 желтоқсанда Алматыда азаматтық белсенді Есанбой Ходжиев жалғыз адамдық пикетке шықты. Қазақстан туын жамылған, қолына “Үкімет отставкасын талап етемін және әкімдер сайлансын, жемқорлыққа жол жоқ” деген жазуы бар плакат көтерген белсенді “Әлихан Смайылов үкіметі елдегі қымбатшылық проблемасын шеше алмады” дейді.
"Халықты қымбатшылық тоздырып жіберді. Қай дүкенге барсаң да, өзімізден шығытын заттардың да құны аспанға ұшқан. Сол үшін қазір халықтың деңгейіне жауап бере алмайтын үкімет отставкаға кетуі тиіс деп ойлаймын. Бұған дейін президент “жаңа Қазақстан құрамыз, жаңа Қазақстанда еститін үкімет болады” деген. Бірақ президент болып сайланған соң үкіметті тағы да жұмыста қалдырды. Бұл дұрыс емес деп есептеймін" дейді Ходжиев.
t.me/azattyq
🇺🇦Украинада Януковичтің бар мүлкі тәркіленді
Украина Жоғарғы жемқорлықпен күрес жөніндегі сот мәліметінше, Януковичтің Киев түбіндегі резиденциясы, Сухолуьедегі қонақ үй-мейрамхана кешені, Киевтегі Оболон жағалауындағы пәтері, банк есептеріндегі қаражаты (1 миллион доллардан асады), кәсіпорындардағы үлесі, сонымен бірге 537 мәдени құнды заты (жалпы құны 18,7 млн еуро) тәркіленді. Олардың арасында кітаптар, иконалар, суреттер, антиквар жиһаздар, сағаттар, құмыралар, қылыштар, қарулар, тіпті XIX ғасырдың пушкасы да бар.
Янукович 2010-2014 жылдар аралығында Украина президенті болды. 2014 жылғы ақпанда Майдандағы наразылық кезінде елден қашты; мұндай өзгеріс Қырым аннексиясына, Донбастағы жанжалдың басталуына себеп болды.
t.me/azattyq
Қобдалық белсенді Әлібек Қарағұлов «ұсақ бұзақылық жасағаны үшін» 8 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Қарағұловтың өзі сәрсенбі күні телефонмен хабарлады.
Әлібек Қарағұловтың сөзінше, ол 14 желтоқсан күні сағат ондар шамасында тұрғылықты мекені Қобда ауылында ұсталған. Сәрсенбі күні полиция бөлімшесінде онлайн сот болып, Қарағұлов кешкі сегіздер шамасында облыс орталығы Ақтөбеге жеткізілген.
- 14 желтоқсан күні полиция «бұрылыс шамын жақпадың» деп жеке көлігімді тоқтатты. Одан «жеке куәлігің жоқ» деп килікті. Бөлімшеге барған кезде бұрылыс шамын (поворотник) жаққанымды айтып сөз таластырғанмын. Ашумен аузымнан боқтық сөз шығып кеткен болар. Сол үшін 8 тәулікке қамамақ. Мен мұны саяси белсенділігіммен байланыстырамын. Биліктің мақсаты - 16 желтоқсан қарсаңында белсенділердің үнін шығармау, - дейді Әлібек Қарағұлов.
t.me/azattyq
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Солтүстік Қаражанбас кен орнында жұмыс істейтін Phystech-2 компаниясының жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп, үш күннен бері далада қонып жатыр. Олар «112-180 мың теңге аралығындағы» еңбекақыны екі есе көбейтуді сұрайды.
Читать полностью…"Далада аязда қонғанымызға үш күн болды". Маңғыстау облысында жалақы өсіруді талап еткен мұнайшылар ереуілі тоқтамады
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Солтүстік Қаражанбас кен орнында жұмыс істейтін Phystech 2 компаниясының жұмысшылары жалақыларын өсіруді талап етіп, далада қонып жүргеніне үш күн болған. Олардың сөзінше, бұған дейін "полиция келіп, киіз үйлерін тартып алған", компания басшылығы "айлықты өсіру мүмкін емес" деген сөзінен танбаған. Ал Phystech 2 өкілдері жұмысшылардың талабы "негізсіз" деп санайды.
t.me/azattyq
Бас прокуратура: Нүкіс оқиғасы бойынша күш қолдану ісі бөлек қаралады
Ведомство өкілдерінің айтуынша, екі адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Нәтижесіне қарай шешім қабылданбақ.
Бас прокуратура өкілдері "егер алдын ала тергеу полицияның билік өкілетін асырғаны немесе құралдарды негізсіз қолданғанын анықтаса, онда сот процесі ашық қаралады" деді.
"Жаппай тәртіпсіздік кезінде арнайы құралдар мен қару-жарақ 1 шілдеде Жоғарғы кеңес ғимараты алдында, 2 шілдеде Нүкіс ішкі істер бөлімшесі алдында стратегиялық нысандарды қорғау мақсатында қолданылды. Бұл фактілер бойынша тергеу ісі жалғасып жатыр. Бұл бөлек қаралады" деді бас прокуратура өкілдері.
t.me/azattyq
Стамбул мэрі "билікті балағаттағаны үшін" түрмеге кесілді
Стамбул соты "билікті балағаттады" деп айыпталған қала мэрі Экрем Имамоғлыны екі жыл, жеті айға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге бостандыққа шыққаннан кейін оған саясатпен айналысуға тыйым салған.
Имамоғлы қазіргі президент Режеп Ердоғанның басты қарсыласы саналады.
Сот Имамоғлының 2019 жылы айтқан сөздерін "билікті балағаттау" деп таныды. Сол жылы ол билік партиясынан түскен қарсыласын жеңіп, Стамбул мэрі болып сайланған еді.
t.me/azattyq
Шымкент сотында бақылаушылар тізімін сұраған полковникке қарсы арыз қаралды
Шымкенттегі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта "Мұқалмас" қоғамдық бірестігі өкілінің қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы, полковник Ернар Алтаевтың үстінен жазған арызы бойынша сот отырысы өтті. Ұйым өкілдері судьяға қарсылық білдіріп, істі қарау кейінге қалды.
Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына екі күн қалған 18 қараша күні "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша жетекшісі Аманұлла Раманқұлға сұраныс хат келген. Хатта Шымкент қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ернар Алтаев "қызметтік қажеттілікке байланысты" және "Шымкент қаласында заңбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында" президент сайлауын бақылайтын тәуелсіз бақылаушылардың тізімін жіберуді сұраған.
t.me/azattyq
Қазақстандықтарды Украинаның орыстар басып алған қаласына жұмысқа тартып жатыр
Құрылысшылардың бір тобы 14 желтоқсан күні Мариупольге аттанбақ. «Ресейдегі вахта» деген атпен хабарландыру жариялаған қостанайлық агенттік жұмыс сұраушылардың көп екенін айтады.
Қазақстандықтардың Мариупольге жұмысқа тартылып жатқаны туралы алғаш журналист Лұқпан Ахмедияров жазды. «Мыңдаған мәйіттің үстіне үй салып жатқан ресейліктерге жұмыс істеу моральға қайшы» дейді. Оның сөзінше, соғыс аймағына аттанып жатқан қазақтарға қауіп төніп тұр.
"Сондай үлкен ақшамен шақырып, қазақтарды жайлап-жайлап мына соғысқа қатыстыру, тарту… Олар, әрине, Мариупольге барып, автомат ұстамайды. Ешқандай қару ұстамайды. Құрылыс жұмысымен айналысады. Бірақ Марупольде жүрген украин партизандары баяғыда-ақ «Ресейден келген жауынгер мен құрылысшыларды заңды түрде нысанаға аламыз» деген. «Құрылысшыларды да жауынгер деп есептейміз, солармен де соғысамыз» деген" деді Украинадағы қазақ журналисі Лұқпан Ахмедияров.
t.me/azattyq
Жарық пен газ тапшылығын "Алланың ісі" деп атаған өзбек имамы сынға ұшырады
Өзбекстанда желтоқсанның алғашқы апталарында энергетика дағдарысы тереңдей түсті. Республикада жарық сағат сайын сөнеді, газ толтыру бекеттерінде ұзын-сонар кезек.
Қоғам наразылығы күшейген тұста Ташкент қаласының бас имамы Рахматулла Сайфиддинов жұртты сабырға шақырып, "ата-бабаларымыз жарық пен газсыз да өмір сүрген" деп мәлімдеген. Бұған қоса, астананың бас имамы мәселені әлеуметтік желілерде көтеру арқылы "елді әлем алдында масқараламауға" үндеген. Сайфиддинов "үрей, тәртіпсіздік және наразылық мәселені шешпейді" деп ескерткен.
Ол жазбасында "әлемдегі барлық нәрсені Құдай тағала жоқ етіп, жоқты бар жасайды" деп жағдайға мойынұсынуға шақырған, наразылыққа ермеу қажеттігін айтқан.
t.me/azattyq
🖋️"Шекарасыз тілшілер": 2022 жылы әлемде 57 журналист опат болды
Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға көп. 14 желтоқсанда жарияланған есеп авторлары журналистер өлімінің көбеюін Украинадағы соғыспен байланыстырған. Украина әлемде ақпарат құралдарына ең қауіпті Мексикадан кейінгі екінші ел атанған. 2022 жылы Украинада кәсіби қызметін атқару кезінде сегіз журналист қаза болған.
Есепте Украина шығысында түсірілім жасап жатқан кезде опат болған украиналық фотограф Максим Левин мен француз видеорепортері Фредерик Леклерк-Имхоффтың аты аталады.
Есепке қарағанда, биыл кемінде 65 журналист жоғалған. Солардың бірі – Украинада із-түзсіз жоғалған УНИАН тілшісі Дмитрий Хилюк. Оны жұрт соңғы рет биыл 4 наурызда сол кезде Ресей әскерінің бақылауында болған Киев облысы Дымер ауылында көрген. Содан бері журналист із-түзсіз жоғалған.
t.me/azattyq
Астанада бір топ адам қыркүйекте "алаяқтық" күдігіне ілініп, абақтыға қамалған кәсіпкер Асқар Омарды босатуды талап етіп, президент әкімшілігіне барды.
Алматыдан арнайы келген белсенділер Омардың тұтқындалуының саяси астары бар деп санайды. Олардың сөзінше, белсенділер осымен Қазақстан президентіне кәсіпкерге көмектесуді сұрап, екінші рет хат жазып отыр.
– Бұл хатты президент Тоқаевқа тапсырып отырмыз. Енді одан басқа бізде Конституцияның, Конституция орындалуының кепілі жоқ қой. Бүкіл мәселені Тоқаев өзі шешеді. Негізінде мұндай мәселелер жер-жерде шешілу керек. Бұл бірінші хат емес. Негізі бұл төменгі инстанциядан басталған: "аудан шешпейді, одан қала, одан әрі облыс" деп әрі қарай кете береді. Міне, ақыры келіп, осы мәселемен тағы президентке тірелдік, – дейді журналист, белсенді Мирболат Мырзатайұлы.
t.me/azattyq
Алматы соты Қаңтарда заңсыз ұсталып, министрлікті сотқа берген тұрғынның өтінішін жартылай орындады
Бостандық аудандық сотының хабарламасында шағым түсірушінің аты-жөні аталмайды.
Соттың хабарлауынша, Қаңтар кезінде күзет қызметінде істейтін жұмысшы басшылықтың тапсырмасымен нысандарды тексеруге барған кезде оқ тиген. Ізінше оның үстінен "жаппай тәртіпсіздік" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Кейін "қылмыс құрамы жоқ болғандықтан" іс тоқтатылған.
Оған республикалық бюджет есебінен моральдық шығын ретінде 300 мың теңге және материалдық залалды өтеу ретінде 200 мың теңге өтеу туралы қаулы шығарған.
t.me/azattyq
Жаңаөзен қасіреті: Судья неге жылады?
#қалайболды?
Жаңаөзен оқиғасына 11 жыл болды. "Адамдарды жаппай атыпты» деген қауесетті билік бастапқыда жоққа шығарды. Арада бірнеше күн өткен соң тараған видео ғана полицейлердің халықты қуалап жүріп атқанын көрсетті. 4 айдан кейін сот болды. Оқ атқандарды да, "бұзақыларды" да соттады. Сот залында жоқтау айтқан әйел "балам анашым, өлгім келмейді" деп сыбырлап жатып, қолымда жүріп кетті ғой" дегенде залда отырғандардың сай-сүйегі сырқырады.
⚡️КӨРУ
t.me/azattyq
Польша сеймі Ресейді терроризмді қолдайтын ел деп таныды
Бұл жөнінде сәрсенбі күні қабылданған сейм қаулысында жазылған.
Құжатта Ресей "адам құқығын, халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысы мен өзге де міндеттемелерді жүйелі түрде бұзады", "өзге мемлекеттің территориясына басып кіреді", "қарулы шабуыл жасап, әскери қылмыс, геноцид жасайды" деп жазылған. Бұған қоса, құжат авторлары Ресей "экономикалық тұрғыда да қылмыс саналатын әрекетпен айналысады" деп Ресейдің Украинадағы энергетика нысандарын атқылап, қиратып жатқанын меңзеген.
t.me/azattyq
Өскемен орталығында радиоактивті ошақ орнына аллея салынған. Мұны тұрғындар біле бермейді
Өскеменнің студенттер қалашығы, саябақтар және тұрғын үйлер орналасқан орталық ауданында өткен ғасырдан қалған радиоактивті қалдықтар тасталған жерлер бар. Экологтар мен белсенділер әкімдіктен осы орынға арнайы тақтайша орнатуды талап етеді. Жергілікті билік белгі орнатуға асығар емес.
t.me/azattyq
Семейде жылу электр орталығында өрт болып, жылу батареялары салқындаған
15 желтоқсанға қараған түні сағат 12 жарым шамасында Абай облысының әкімшілік орталығы Семей қаласында қаланың сол жағалау бөлігіндегі N1 жылу электр орталығында өрт болған. Өрт бір сағат ішінде сөндірілгенмен орталықтағы бірқатар жүйе істен шығып, ЖЕО "қолмен басқару режиміне" көшірілген.
Төтенше жағдай министрлігі көмірмен істейтін қазандықтарды істетуге әскери қызметкерлер жұмылдырылғанын хабарлады. Жылу электр орталығының жұмысы тоқтамаған, алайда жылу беру параметрлері төмендеген. Кемінде 85 градуспен берілетін жылу 60 градуспен беріліп жатыр.
Өрттің себебі мен келтірілген шығын көлемі әзірге хабарланбады.
Семейдегі жылу электр орталығы 1934 жылы пайдалануға берілген Қазақстандағы ең ескі кәсіпорындардың бірі.
t.me/azattyq
Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған Бердах Бекетов аштық жариялады, деп хабарлады адвокаты Жалғас Сапарханова. 12 желтоқсанда үйқамақтан уақытша қамау мекемесіне ауыстырылған Бекетов өзіне қатысты бұлтартпас шараның өзгертілуіне қарсы.
15 желтоқсанда түсте Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оны екі айға қамау туралы қаулы шығарды. Адвокат ол өзіне қол жұмсап қоя ма деп алаңдап отырғанын жеткізді.
"Ол 12 желтоқсанда аштық жариялаған. Бұған дейін өзін қамаса, өзіне қол жұмсайтынын да айтқан" деді адвокат Жалғас Сапарханова 15 желтоқсанда түсте Азаттыққа.
Бердах Бекетовтің қолымен жазылды деген арызда хат иесі тергеушілердің "өзіне тағы төрт бап қосып отырғанын", "үйқамақ шартын бұздың деп негізсіз айыптап отырғанын" жазған.
t.me/azattyq
"29 жаста, үйлі-баранды, саясатта ісі жоқ". Статистикадағы орташа қазақстандық және елдегі демография ахуалы
Кейінгі жылдары Қазақстанда демография жағдайы қалай өзгерді? Бала тууды көбейту және шетелден қандастарды көшіру арқылы халық санын ұлғайту шарасы қаншалық тиімді? Шағын қалаларды дамыту неге маңызды? Алдағы жылдары Қазақстанда туу көрсеткіші өсе ме? Азаттық осы және өзге де сұрақтарды демограф, "Fылым Ордасы" ғылыми кадрлар дайындау орталығының басшысы Алтын Уәлтаеваға койып көрді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Ресей әскері Украина аумағына басып кіргелі бері шамамен 12 млн азамат үйлерін тастап кеткен. Украина жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец осылай деп мәлімдеді.
4,9 миллионы Украинаның қауіпсіздеу аймақтарына шоғырланған, ал 7 миллионы елден кеткен.
Лубинецтің айтуынша, Украинаның соғыс жүріп жатқан аудандарында және Ресей басып алған аумақтарда 13 млн азамат қалған.
t.me/azattyq
14 желтоқсанда Тбилисидегі "Вивамеди" клиникасында аштық жариялаған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили бірнеше сағаттан соң аштығын тоқтатты.
"Билік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін" алты жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы президенттің мәлімдемесін адвокаты оқып берді. Онда экс-президент сыншылардың өзін "денсаулығын саналы түрде құртып жатыр" деп айыптауына жол бергісі келмейтінін және Еуропарламент депутаттарының да құқығының сақталуын қадағалаймыз деп уәде бергендігін атап көрсеткен.
Аштыққа Грузия әділет министрлігіне қарасты қылмысты атқару департаментінің оған аурухана палатасынан сотқа онлайн қосылуына рұқсат бермеуі себеп болған. Аштықты тоқтату туралы өтініште талабының орындалғаны-орындалмағаны айтылмайды.
Дәрігерлер бұрынғы мемлекет басшысының денсаулығының нашарлауына алаңдаушылық білдіреді.
t.me/azattyq
Алматы әкімдігі азаматтық белсенді Әсет Әбішевтің 17-18 желтоқсанда қалада соғысқа қарсы бейбіт митинг өткізуге рұқсат бермеді. Әкімдік мұның себебін "ескерту беру уақытын сақтамады" деп түсіндірген.
Қоғамдық даму басқармасының жетекшісі Айдан Есенбековтің 14 желтоқсандағы хатын #ActivistsNotExtremists құқық қорғау тобының телеграм-каналы жариялады.
Белсенді Алматыдағы митингіде Украинаға көмек көрсетуді, Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуын; Жаңаөзен, Желтоқсан, Қаңтар оқиғаларындағы адам өлімдерін қайта тергеуді, "одақтас елден" бас тартуды талап етпек болған.
Бұған дейін Астана, Петропавл, Орал және БҚО-дағы Ақсай қаласының әкімдіктері де 16-18 желтоқсанға митинг өткізуге рұқсат бермеген.
t.me/azattyq
Қазақстанда үкімет тарай ма? - AzatNEWS 14.12.2022
📌 Қазақстанда үкімет тарауы мүмкін. Премьер-министр Әлихан Смаилов бүгін қол астындағыларға "орындарыңды босат" деді. Депутаттар сөзінше, үкімет осы құраммен ұзаққа бармайды.
📌 Украинаның орыстар басып алған қаласына қазақтар қара жұмысқа тартылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Жарнама ілген агенттік өкілінің сөзінше, олардың қауіпсіздігіне ресейліктер жауапты. Қазақстанның құзырлы органдары ештеңе естімегенін айтты.
📌 Әлем чемпионы кім болмақ? Қатарда өтіп жатқан футбол біріншілігінде Аргентина құрамасы финалға шықты. Оның қарсыласы бүгін анықталады.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Қаңтар оқиғасы бойынша мыңнан астам адамға рақымшылық жасалды. 14 желтоқсан күнгі брифинг кезінде бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осылай деп мәлімдеді.
"Қазіргі кезде 1071 адамға рақымшылық жасалды. Атап айтқанда, тергеу органдары сотқа дейінгі кезеңде орташа ауыр қылмыс жасаған 8 күдіктіге қылмыстық қудалауды тоқтатты. Ал сотта тоғыз адамға қылмыстық істерді тоқтатты. Үкім шығарған кезде 77 адамның жаза мерзімі қысқартылды. Соттар сонымен бірге 902 сотталушының жаза мерзімін қысқартты. Оның 827-сі есеп беретін пробациядан, ал 75-і жазадан босатылды" деді Елдос Қилымжанов.
t.me/azattyq
Бір топ адам миллиардтаған теңгеге тапсырыс алып жүрген құрылыс компаниясының әрекетіне шағымданды
14 желтоқсанда Алматыда Qazaq stroy компаниясынан “ақшамызды ала алмай жүрміз” деген бір топ адам компания кеңсесіне барды. Олардың айтуынша, компания 10 жұмысшыға бірнеше айдан бері 5 млн теңгеден астам ақша қарыз.
–“Қазақстрой” соққан 20 қабатты үйдің электр желісін, жылу желісін жасадық. Жұмысты түгел бітірдік. Қазір біз жұмыс істеген үйде адамдар тұрып жатыр. 18 млн теңгеге келіскенбіз. Төрт айдан асты, 5 млн теңгеден астам ақшамызды бермей отыр, - дейді жұмысшылар бригадирі Жәнібек Әмірбеков.
t.me/azattyq
Киев мэрі қалаға дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады
14 желтоқсан таңертең Украинаның Киев, Житомир және Винницк облыстарында әуе дабылы іске қосылды. Әлеуметтік желілерде Киев пен маңындағы аумақта жарылыс дыбысы естілгені айтылды.
Киев мэрі Виталий Кличко Телеграм-арнасында қаланың Шевченко ауданында жарылыс болғанын растады. Киев облысының әскери әкімшілігінің жетекшісі Алексей Кулеба әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі істеп тұрғанын хабарлап, тұрғындарды сыртқа шықпауға үндеді.
Кейін Кличко Киев пен Киев облысы төбесінде ирандық он дрон атып түсірілгенін хабарлады. Киев қаласы әкімшілігі дрон бөлшектері Шевченко ауданындағы екі әкімшілік ғимаратты бүлдіргенін мәлімдеді.
t.me/azattyq
«Диван сарапшылары»: Тоқаев желіден жеріді ме?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде билікті сынайтын жұртты «диван сарапшылары» деп атап, шенеуніктерді виртуалды әлемге әуес болмауға шақырды. Бірақ 3 жыл бұрын президент керісінше, әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желідегі пікірталасқа белсене аларасалуға тапсырма берген.
t.me/azattyq
🇲🇳"Халықтың төзімі таусылды". Моңғолиядағы наразылық, жемқорлық пен демократия жайлы жергілікті журналиспен сұхбат
Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында он күннен бері мыңдаған адам алаңда тұр. Олар халықтың тіршілігіне кері әсер еткен жемқорлыққа қарсылық білдіріп шыққан. Бірақ жұртты көшеге шығарған жалғыз бұл мәселе емес. Азаттық қазір Моңғолияда не болып жатқанын сұрап, Jargaldefacto онлайн басылымының негізін қалаған жергілікті журналист Жарғалсайхан Дамбадаржаамен сөйлесті.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq