azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Министр 14 жыл ішінде жартысынан астамы тозған жылу желілері жаңартылатынын мәлімдеді

Үкімет 14 жыл ішінде жылу желілеріне модернизация жүргізетінін мәлімдеді. Сәрсенбі күні үкімет отырысы кезінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев алғашқы кезеңде 2030 жылға дейін 75 пайыздан астамы тозып кеткен 1,6 мың шақырым желі жаңаланатынын айтты. Министрдің сөзінен "Власть" сайты үзінді келтіреді.

"2023-2037 жылдар аралығында жылу желілері кезең-кезең бойынша жаңаланады. Алғашқы кезеңде, 2023-2030 жылдар аралығында 75 пайыздан астамы тозған ұзындығы 1,6 мың шақырым болатын жылу желілерін алмастыру жоспарда бар" деді Өскенбаев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстанның жүзден астам өнер, ғылым, мәдениет өкілдері "Азаттық Медиа" айналасындағы жағдайға алаңдайды.

Олар қырғыз президенті Садыр Жапаровтың атына ашық хат жолдап, Азаттық сайты мен есепшотын бұғаттау ешбір заңға сәйкес келмейтінін жеткізді.

"Сөз бостандығы – қырғыз халқының ғасырлар бойы сақтап келе жатқан басты құндылығы. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деп қырғыз халқы бекер айтпайды. Азаттық радиосы 70 жыл тарихында біздің ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік пен сөз бостандығының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді", - деген үндеуде.

Ашық хатқа жүзден астам зиялы қауым өкілі қол қойған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев һәм "дивандағы сарапшылар", мұнайшылар наразылығы -
AzatNEWS 13.12.2022

📌 Маңғыстау облысында мұнайшылар айлықты көтеруді талап етіп наразылық білдіріп жатыр. Олардың суық күнде жылынуға тіккен киіз үйін жергілікті билік бұзып әкеткен.

📌 Ақтөбеде саяжай тұрғындары жылу толық берілмей, тоңып отырғандарын айтады. Әкімдік газ қысымының төмендеп кеткенін мойындайды және оны қалпына келтіруге уақыт керек дейді.

📌 Қазақстан президенті әлеуметтік желіде сын жазатын жұртты "дивандағы сарапшылар" деп сөгіп, шенеуніктерге виртуалды әлемге әуес болмауға кеңес берді. Бірақ үш жыл бұрын ол басқа пікір айтқан.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Ресей билігі Украиндағы соғысқа байланысты мобилизация жариялаған тұста Қазақстанға 837 мың ресейлік кірген, қазір олардың 780 мыңы Қазақстаннан шығып кеткен.

Бұл туралы бүгін, 13 желтоқсанда Астанада өткен брифингте министрлікке қарайтын миграция комитетінің басшысы Ілияс Испанов мәлімдеді.

Испановтың сөзінше, қазір Қазақстанда 298 мың ресейлік бар, оның ішінде 30 мыңы елде жұмыс істеп жүр. Бұған қоса, министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 20 мың ресейлік студент оқиды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Перудің ірі қалаларында бірнеше күннен бері билікке қарсы наразылық болып жатыр. Неге?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Адвокат: Бас прокурор Арман Жұмагелдиевті (Дикий Арман) үкім шықпай жатып, кінәлі етті

13 желтоқсанда Алматыдағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросында Қаңтар оқиғасы кезінде «қылмыстық топ құрды» деген айыппен қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман» деген лақап атпен де мәлім – ред.) адвокаты Евгений Яворский баспасөз мәслихатын өткізіп, Қазақстан бас прокуроры Берік Асылов «Арман Жұмагелдиевтің құқығын бұзды» деп мәлімдеді.

Адвокаттың сөзінше, бас прокурор Берік Асылов парламент мәжілісіндегі сөзінде Арман Жұмагелдиевті сот үкімі шықпай тұрып және жасамаған қылмысы үшін айыпты етіп көрсеткен.

- Бас прокурор мәжілістегі сөзінде Арман Жұмагелдиевті айыпты етіп қана қоймай, үкім де шығарып тастады десе болады. Бас прокурор мәлімдеме жасап тұрғанда Арман Жұмагелдиев «қаруды заңсыз сақтады» және «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген екі айыппен тергеуде отырған. Ал бас прокурор мәжілістегі сөзінде «дүкендерді қиратып, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады» деді. Осы сөзден кейін қыркүйекте тағы да айып қосылды, - дейді адвокат Евгений Яворский.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы. Полиция ұстаған өзбек азаматы әлі табылмады

Қаңтар оқиғасы кезінде полиция ұстаған 32 жастағы Өзбекстан азаматы Бөгенбай Қанатбаев әлі табылмады. Туыстары оның 6 қаңтар күні тергеу абақтысына кіргенін ғана біледі. Полицейлер «12 қаңтарда шығарып жібердік» деген. Бірақ оған дәлел жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Петропавл әкімдігі мұздан мүсін жасауға 75 миллион теңге бөлді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қала әкімдігінің ақпаратына қарағанда, конкурс аяқталған, бір аптадан соң мердігерлер іске кіріседі. Мұз мүсіндер қаладағы бес орынға қойылады.

"Бұл сомаға бес сырғанақ, 44 мұз мүсін және мұздан жасалатын түрлі конструкциялар мен жарықтандыру жасалады",– дейді Петропавл қаласының тұрғын үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар транспорты мен автожолдар бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Нобель сыйлығының иегері Дмитрий Муратовтың 103,5 миллион доллары ЮНИСЕФ қорына түсті

Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры саналатын ЮНИСЕФ 2021 жылы "Нобель" сыйлығын алған "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов аударған 103,5 миллион долларды қабылдап алды. Ол биыл маусымда Нобель медалін Heritage Auctions аукционында осы сомаға сатқан. Муратов түскен ақшаның бәрін қайырымдылыққа жұмсайтынын аукционға дейін айтқан.

"Новая газета"ақшаның қалай бөлінгенін жазған. ЮНИСЕФ ақшаның 70% пайызын украин босқындарының балалары мен олардың отбасыларының қажеттіліктеріне арнаған. "Нобель ақшасының" бір бөлігі босқындарды қолдауға бөлінген. Украинадан қашқан босқындарды қабылдап отырған елдерде 150 мыңға жуық бала мен олардың ата-аналарына алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иран үкіметі Азаттық радиосының Иран қызметі - Фарда радиосын халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылықты қолдайтын ұйымдар тізіміне қосты.

Фарда радиосы биыл күзде Иранның әдеп полициясы 22 жасар Махса Әминиді "хиджапты нормаға сай кимеді" деп тұтқындап, өлтіріп қойған соң басталған халықтың наразылығын үзбей жариялап келеді. Иран билігі наразылықты қатыгездікпен жаншып отыр. Құқық қорғаушылардың есебінше, қазірге дейін 500-ге жуық адам өліп, 18 мыңнан астам адам қамауға алынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иран наразылыққа қатысқан тағы бір адамды "Құдайға қарсы қылмыс жасады" деп дарға асты

Иран билікке қарсы наразылық кезінде ұсталған тағы бір адам дарға асты. Бұл туралы 23 желтоқсанда Mizan Online сайтына сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.

23 жастағы Маджид Реза Рахнавард Мешхед қаласында "жұрт алдында" дарға асылған. Агенттіктің хабарлауынша, оған "Басидж" еріктілер отрядының "екі мүшесін өлтіріп", "Құдайға қарсы қылмыс жасады" деген айып таққан. "Басидж" еріктілері елдегі наразылықты басып-жаншуға қатысып жатыр.

Бұған дейін Иран билігі белсенді Мохсен Шекариді дарға асқан. Иранның революция соты оны "Құдайға қарсы қылмыс жасады" деп айыптаған. Шекаридің өлім жазасы 8 желтоқсанда орындалғаны хабарланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Наразылар Тоқаевты, Тоқаев үкіметті сынайды -
AzatNEWS 12.12.2022

📌 Қазақстанда бәрі қымбаттап барады. Бір топ әйел Астанада, теміржолшылар Маңғыстауда наразылық білдіріп, президентке үндеу жолдап жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті сынады.

📌 Ішкі істер министрлігі шетелден 1 қыркүйекке дейін келген көліктерді жеңіл жолмен заңдастыру жуырда басталатынын мәлімдеді. Қыркүйектен кейін машина әкелген азамат биліктің бұл әрекетін әділетсіз дейді.

📌 Қаңтарда жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы әлі табылмаған. "Абақтыға кірген ізі бар, шыққан ізі жоқ" деген туыстары полицейлерден күдіктенеді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шетелдің 19 компаниясы Ресейден Қазақстанға қоныс аударған

Бұл жөнінде Қазақстан үкіметінің дүйсенбіде өткен кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смаилов мәлімдеді.

"Бірқатар шетел компанияларын Қазақстанға тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінге дейін Қазақстанға 19 компания келді, өзгелермен де сөйлесіп отырмыз",- деді Смаилов.

Бұған дейін Әлихан Смаилов 300-ге жуық ірі компания өндірісі мен кеңсесін Ресейден Қазақстанға ауыстыруға дайын отырғанын айтқан. Ол кезде Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және тағы да басқа компаниялар Қазақстанға "қоныс аударып" қойған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ерболат Досаев: Қаңтар оқиғасында шығын шеккен Алматы кәсіпкерлеріне 16,2 миллиард теңге төленді

Бұл ақпаратты бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында Алматы әкімі Ерболат Досаев жариялады.

Ерболат Досаевтың баяндамасына қарағанда, кәсіпкерлердің 95 пайызына өтемақы биыл маусымға дейін төленген. Жеке тұлғаларға да 613,5 миллион теңге мүлік өтемақысы берілген.

Үкіметтің кеңейтілген отырысына министрлерден өзге барлық облыс әкімдері қатысқан, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Билік жоспар құрумен, халық күн көрумен әлек"

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда миллионға жуық адам кедей тұрады. Экономистер кедей саны бұдан үш есе көп болуы мүмкін дейді. Кейінгі он жылдағы рекорд қымбатшылық кедейлік мәселесін одан әрі ушықтырып отыр. Азаттық инфляциядан зардап шеккен отбасылармен сөйлесіп, қазақстандықтардың табысы неге азайып жатқаны жөнінде экономист пікірін білді.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қонаев соты түрмедегі белсенді Ермек Нарымбайдың мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін орындамады.

Бұл жөнінде адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады. Оның айтуынша, сот белсендінің түрмеде айыппұлдары барын алға тартқан.

"Айыппұлы бар деп және "тәртіпті өрескел бұзушы" деп өтінішін орындамады. Айыппұл оған биыл маусымда салынған. Біз айыппұлға қатысты шағым түсіргенбіз. Ол бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған болатын. [Соған қарамастан] Сотта оның айыппұлы бар деп есептелінді" деді Жанар Балғабаева Азаттық тілшісіне.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Министрлік "ерекше кезеңде" армия жөнінде жалған ақпарат таратқандарды жазалауды сұрайды

Қазақстан қорғаныс министрлігі ерекше кезеңде қарулы күштің беделін түсіретін жалған ақпарат таратқандарды әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартуды заңмен реттеуді сұрайды.

Қорғаныс министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, ел аумағында жарияланатын ерекше кезең деп әскери және төтенше жағдай немесе антитеррорлық операцияны атайды.

Аталған мекеме бұдан бөлек ерекше кезеңде БАҚ, әлеуметтік желілердің әрекетін бақылауға алуды ұсынады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 38 жастағы ер адам өзінің ұш баласын өлтіріп, кейін өзіне де қол салған. Қазір бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалған. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"11 желтоқсан 19:45-те Мұнайлы ауданы полиция бөлімшесіне ауданда асылып көз жұмған төрт мәйіт табылғаны туралы хабар келіп түсті. Қоңырауға байланысты тергеу тобы оқиға орнына барғанда 38 жастағы ер адамның, 8 жастағы, 4 жастағы, 10 айлық баланың асылып тұрған мәйіттері табылды" дейді министрлік.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Оқ-дәрісі азая бастаған Ресей 40 жыл бұрынғы снарядтарын пайдалана бастаған. Бұл жөнде Reuters ақпарат агенттігі Пентагондағы ақпарат көзіне сүйеніп жазды.

Reuters сөйлескен жоғары лауазымды шенеуніктің сөзінше, Ресей әскеріне ескі арсеналдарын жібере бастаған, оның ішінде ондаған жыл бұрын шыққан, қолданудың өзі қауіпті оқ-дәрілер бар.

"Мұндай снарядпен оқтаған кезде зеңбірек оны ата ма, атпай ма, әлде жарылып кете ме ойланасыз",- дейді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда Қазақстанның халық әртісі, профессор Болат Аюханов 85 жасында өмірден озды. Бұл жөнінде Қазақстанның мемлекеттік академиялық би театры хабарлады

Болат Аюханов 1938 жылы 13 қыркүйекте бұрынғы Семей, қазіргі Абай облысында дүниеге келген. 1950 жылдардың соңында Абай атындағы Опера және балет театрына солист болып орналасқан. 1959-1964 жылдары Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтының хореография бөлімінде оқыған. 1964 жылы Алматыға оралып, хореография училищесін басқарды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысында ондаған мұнайшы жалақыларын көтеруді үш күннен бері талап етіп тұр

Отызға тарта мұнайшы жалақыларын жүз пайыз көбейтуді, жұмысшылар талабы ескерілген ұжымдық шарт қабылдауды талап етеді.

13 желтоқсанға қараған түні вахта ауысымынан шыққан мұнайшылар үйіне қайтпай, компания кеңсесінің алдына киіз үй тіккен. Олардың бірі Азаттыққа ондаған мұнайшының киіз үй маңында тұрғанын көрсететін видео жіберді.

-12 градус аязда компания басшылығы нысан аумағынан қуып шықты. Мәселе шешілгенін далада күтіп жүрміз,- дейді видео авторы. Тағы бір жұмысшы наразылықты полиция бақылап кеткенін хабарлады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің коммуникация және байланыс саласындағы бақылау қызметі (Роскомнадзор) Қазақстанның "Власть" басылымына Ресейдің Украинаға басып кіргені туралы жаңалығын алып тастау жөнінде талап қойған.

Талап орындалмаса сайттың Ресей аумағында бұғатталатынын ескерткен. Бұл жөнінде хабарлаған "Власть" редакциясы "Ресей ведомствосының талабын орындамайтынын" жазған.

Роскомнадзор жоюды талап еткен материалдың бірінде Украинаның Винница қаласын Ресей ракетамен атқылап, ондаған адам өлгені, тағы бір материалда бірнеше айдан бері Ресей әскерінің қоршауында тұрған Украинаның Мариуполь қаласында бейбіт адамдар өліп жатқаны сөз болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Иранның соғыс дронын жасайтын зауытты Татарстанға салуы мүмкін — The Washington Post

Жоғары лауазымды әскери шенеунікке сілтеме жасаған The Washington Post Ресей Иранның әскери дронын шығаратын зауытты Татарстанға орналастыруы мүмкін деп жазады.

"Барлау мәліметтеріне сүйенген жоғары лауазымды әскери шенеуніктің сөзінше, Иран Ресейге дрон жобаларын беріп, техникалық бақылау жасауға келісім берген, ал зауыт Татарстанға салынуы мүмкін",- дейді мақалада.

Шенеуніктің аты-жөні аталмаған.

Иранның соғыс дрондарын Ресейде шығару жөнінде Мәскеу мен тегеран келісім жасасқанын The Washington Post АҚШ барлау мәліметтерін білетін анонимді үш дереккөзге сүйеніп, бір ай бұрын жазған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин жыл сайын өткізетін дәстүрлі баспасөз конференциясынан бас тартты

Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайын өтетін дәстүрлі үлкен баспасөз конференциясы биыл болмайды. Бұл ақпаратты Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков таратты.

"Дегенмен, президент журналистермен сөйлесудің мүмкіндігін табады", – деді Песков. Оның сөзінше, Путин тіпті шетел сапарында да журналистермен кездесіп жүр.

Ресей Украинаға басып кірген соң Путин ресми сапармен небәрі жеті рет шетелге шыққан. Оның біреуін Иранға, алтауын ТМД елдеріне арнаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев екібастұздықтарға өтемақыны мемлекет пен Клебанов бөліп төлеуі тиіс деп санайды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығының иесі, олигарх Александр Клебановтан жылусыз қалған қала тұрғындарына өтемақы төлеуді талап етті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Тоқаев 12 желтоқсандағы үкімет отырысында сөйлеген сөзінде өтемақы ЖЭО иесі мен мемлекетке бөлінуі тиіс екенін айтты. Ол үкімет пен облыс әкімдеріне елдегі маңызды инфраструктура нысандарына сараптама жүргізуді тапсырды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағанды тұрғыны "полициядан мүгедектердің ақшасын" қайтаруды талап етіп, өзін өртемек болды

Ер адамның қолында газ жаққыш пен жарамай құйылған канистр болған. Наразы тұрғын "Полковник Байженов, мүгедектердің ақшасын қайтар" деген плакат алып келген.

Наразылық білдірген адам "ЖанДос" мүгедектер ұйымы төрағасының орынбасары Дәурен Аминов екені айтылды. Азаттық "ЖанДос" ұйымынан пікір алуға тырысқан. Ұйым өкілдері Аминовтің өзінің пікірін күту керегін айтты. Ұсталған ер адамның әріптестері Азаттыққа оның полицияда екенін жеткізді. Полиция да ер адамның ұсталғанын растады, бірақ оған қандай айып тағылған-тағылмағанын айтпады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Энергетика министрі Болат Ақшолақов: Ресей және Өзбекстанмен газ одағы туралы сөз жоқ

"Ешқандай да газ одағы туралы келіссөз болған жоқ. Біз екі жақты әңгіме жүргізіп отырмыз, еліміздің солтүстік-шығыс аймағын газдандыру мәселесін шешу үшін Ресейге жиі барып жүргенімді білесіздер. Өзбекстанмен де қарым-қатынасымыз бар, өйткені біз Азия газ құбыры мен Бұқара - Ташкент - Бішкек - Алматы газ құбырының жүйесінде бірге отырмыз. Өзбекстанның газ мәселесі бойынша Ресеймен өз қатынасы бар. Кейде үшеулеп отырып, талқылайтын мәселе болады. Бірақ ол газ одағын құру деген сөз емес", – деді Ақшолақов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жыл басынан бері 18 мыңға жуық шетел қазағы Қазақстаннан қандас мәртебесін алған

Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 желтоқсанына дейін 17888 қазақ тарихи Отанына оралып, "қандас" мәртебесін алғанын мәлімдеді.

Қандастардың 63,5 пайызы Өзбекстаннан, 9,9 пайызы Ресейден, 9,1 пайызы Түрікменстаннан, 8,6 пайызы Қытайдан, 4,9 пайызы Монғолиядан, 4 пайызы өзге де елдерден келген.

Шетел қазақтары негізінен Алматы облысына (27,1 пайыз), Маңғыстау (17,7 пайыз), Түркістан (8,3 пайыз) және Жамбыл (6,1 пайыз) облыстарына және Астана (9,1 пайыз), Шымкент (6,6 пайыз) және Алматы (5,5 пайыз) қалаларына қоныстанған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Үйге қайтуымызды сұрады». Алматыда студенттерді онлайн оқуға ауыстырып жатыр

Алматы университеттері студенттерін онлайн білім алу форматына ауыстырып жатқаны туралы хабар тарады. Студенттердің кейбірі мұны 16-17 желтоқсан күні болуы мүмкін митингілермен байланыстырады. Оқу орындары мұны жоққа шығарады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәліптер ауған жерін Қазақстанмен шектестіретін глобус инсталляциясын алаңға орнатқан

ВВС хабарына қарағанда, тәліптердің "глобусында" Иран, Пәкстан, және Орталық Азия елдерінің жері Ауғанстанға қосылған. Ауғанстан шекарасы Қазақстанмен шектескен. Бұл жөнінде Азаттықтың Түрікмен редакциясы жазды.

"Тәліптердің глобусында" Түркияның Еуропалық бөлігі, Катар, Эстония мен Тайвань көрсетілмеген. Диаметрі 8 метр, салмағы екі тонна, айналып тұратын "глобусты" Кабулдың Дахан-и-Баг алаңына орнатқан.

Инсталляция авторы Исматулла Хабиби картада неғұрлым анық көрінуі үшін ауған жерін үлкейтіп көрсеткенін айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал