azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Мобилизацияланған пацифист қолына қару алуға болмайтынын сотта дәлелдеп, тылға кеткен

Владимир Путиннің мобилизация туралы жарлығынан кейін әскерге алынған Санкт-Петербург тұрғыны Кирилл Березин ішкі идеологиялық сенімі бойынша қолына қару ұстаудан бас тартып, онысын сотта дәлелдеген.

"Ротонда" басылымының жазуына қарағанда, Березинді 12 желтоқсанда Ленинград облысының тылындағы, "қару ұстамайтын" әскери бөлімге жіберген. Әскери бөлім техника жөндеумен шұғылданады.
27 жастағы Кирилл Березин қыркүйектің соңында әскерге алынған. Ол әскери комиссариатта өзінің пацифизм (соғыстың кез-келген түрін қолдамайтын, оған қарсы шығатын идеологиялық ағым - ред.) өкілі екенін, қолына қару ұстамайтынын мәлімдеп, қару қолданбайтын бөлімге жіберуді сұраған. Оның өтінішін әскери комиссариат та, сот та орындамаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президенті Владимир Зеленский Донецкідегі Бахмут қаласын қоршауға ұмтылған Ресей күштері қаланы “күлге айналдырды” деп мәлімдеді. Сенбі күні украин әскері Донецк мен Луганск аймағында шабуылдарға тойтарыс бергенін айтты.

10 желтоқсан күнгі видеомәлімдемесінде Зеленский жартылай басып алынған Донецк мен Луганск аймағында бірнеше қалада жағдай ауыр екенін айтты.

“Бахмут, Соледар, Маринка, Кремина. Бұл аумақтарда атқыланбаған, соққы жасалмаған жер қалмады. Оккупанттар Бахмутты қиратты, бұл Ресей армиясы күлге айналдырған Донбастағы тағы бір қала” деді Зеленский.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалынан кейін Франция мен Марокко командаларының жеңісін тойлаған футбол жанкүйерлері Парижде тәртіпсіздік жасаған

Мыңдаған адам астана орталығына жиналған. Кейбірі Елисей алаңындағы дүкендердің терезесін шағып, қала нысандарын бүлдіруге тырысқан. Тәртіпсіздікке жол бермес үшін полиция жас ағызатын газ және өзге де арнайы құралдар пайдалануға мәжбүр болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Красноярск өлкесі Канск қаласында әскери комиссариаттан 12 жастағы ұл балаға шақырту келген

Құжаттың көшірмесі "Вконтакте" желісіндегі "ЧП Канск" тобында жарияланды.
Шақыртуда баланың әскери комиссариатқа барып, алғашқы тіркеуден өтуі тиіс екені жазылған.

"Жағдай мынадай: 12 жастағы балаға Канск әскери комиссариатынан шақырту келген.... Егер қателеспесем, тіркеуге 16-17 жастан ала бастайды. Баланы неге әскери комиссариатқа шақырып, тіркеуге тұруды сұрап отыр? Әлде бірдеңе өзгерді ме?" деп жазды жазба авторы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ЕАЭО саммиті. Путиннің одақ ішіндегі "одағы" кімге керек?

Еуразия жоғары экономика кеңесінің Бішкек саммиті ұйымның халықаралық байланысқа мән бергендігімен ерекшеленді. Бұған Ресейге салынған халықаралық санкциялар себеп болған. Батыстағы мұнай және газ нарығынан айрылған Кремль Орталық Азиядағы газ тапшылығын өз мүддесіне бейімдегісі келеді.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей аннексиялап алған Украинаның Мелитополь қаласында әуе соққысынан кейін қонақ үй кешені өртенген

Бұл жөнінде аннексияланған Запорожье облысындағы Ресей әкімшілігінің өкілі Владимир Рогов хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, екі адам опат болған, он адам жараланған. "Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, үйінді астынан адамдарды құтқаруға тырысып жатыр" деп жазды Рогов Телеграм-арнасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Столтенберг: НАТО толық масштабты соғысқа жол бермеуді көздейді

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы соғыс "бақылаудан шығып кетсе", бұл Солтүстікатлантикалық альянс пен Ресей арасындағы "толық масштабты соғысқа" ұласуы мүмкін деп мәлімдеді. Норвегияның NRK телеарнасының тілшісі "биыл қыста қатты неден қорқасыз?" деген сұраққа Столтенберг осылай деп жауап берді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жас Путин. Қырым аннексиясы. Алматыда оқушыларға Ресейдің пропагандалық фильмін көрсетті

Алматыдағы кинотеатрда Ресей президенті Владимир Путинді мақтап, Қырым аннексиясын қолдайтын деректі фильм көрсетілді. "Россотрудничество" агенттігінің қолдауымен өткен көрсетілімге жергілікті мектеп оқушылары шақырылған. Астана Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейтінін, Қырымды Ресейдің бөлігі деп мойындамайтынын мәлімдеген. Соған қарамастан ұйымдастырушы қазақстандық көрерменге осындай фильм әкелуін әбестік көрмейді.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Иранға соңғы үлгідегі әскери жабдықтар мен бөлшектер, сонымен бірге тікұшақтар мен әуе шабуылына қарсы жүйелерін жібереді, есесіне Мәскеу Тегераннан дрондар алады.

Бұл жөнінде Ақ үйдегі жоғары лауазымды тұлғаларға сүйенген NBC News сайты хабарлады.

Ақ үй өкілдері Тегеранның Мәскеуге "теңдессіз дәрежеде" қол ұшын беріп отырғанын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Украинаға басып кіргелі бері соғыста 10 002 ресейлік әскери қызметкер опат болған, 430-ы – мобилизацияланған ресейліктер.

Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" басылымы бірігіп жүргізген зерттеуде айтылады.

Ашық дереккөздерге сүйенген журналистер 9 желтоқсан күнгі жағдай бойынша қаза болғандар жағынан Краснодар өлкесі бірінші орынға шыққанын жазды. Соғыста осы өңірден келген 428 адам опат болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағандылық азаматтық белсенді Евгений Молчанов Украинадағы соғысқа қарсы бейбіт митинг өткізу туралы әкімдікке өтініш тапсырған, алайда жергілікті билік рұқсат етпеген.

Ол әкімдікке 6 желтоқсанда өтініш тапсырып, 17-18 желтоқсан күндері Қарағанды орталығындағы Абай ескерткіші маңында "Ресей оккупациясына жол жоқ!", "Одақтық мемлекетке жол жоқ!", "Тәуелсіз Украина, тәуелсіз Қазақстан үшін", "Қазақстанның ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуын талап етеміз" деген ұрандармен митинг өткізгісі келетінін хабарлаған. Ол сонымен бірге Жаңаөзен, Желтоқсан және Қанды қаңтар құрбандарының өлімін тергеуді және кінәлілерді жазалауды талап етпек болған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкентте бір топ белсенді Қаңтарға байланысты қамалған Жанмұрат Аштаевты босатуды талап етті

Олар Аштаевқа рақымшылық заңы неге қолданылмағанын түсіндіруді талап етті.

Қалалық прокуратура ғимаратына он бес шақты белсенді жиналды. Аштаевты қолдау акциясы өтеді делінген орынға Еңбекші аудандық әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев те келді. Ол белсенділерді отырып сөйлесуге шақырды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БАҚ: Француз соты Әблязовтың саяси баспанадан айыру шешіміне апелляциясын кері қайтарды

"ҚазТАГ" агенттігінің хабарлауынша, Францияның Босқындар істері жөніндегі ұлттық соты (CNDA) саяси баспанадан айыру туралы шешімге Әблязовтың апелляциясын қарап, 8 желтоқсанда оны кері қайтарған. Шешім мәтінінің өзі жарияланған жоқ. CNDA-ның сайтында тек сол күні қаралған істер тізімі бар.

Қазақстандық ақпарат құралдары Әблязовтың "босқын мәртебесінен біржола айырылғанын" және оның "Қазақстанға депортациялануы мүмкін екенін" жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Еуроодақ Таулы Бадахшандағы оқиғаларды тәуелсіз зерттеуге үндеді

Бұл туралы ЕО-ның Тәжікстандағы өкілдігі Еуропа одағы мен Тәжікстанның адам құқықтары жөніндегі диалогының жыл сайын өтетін басқосуында мәлімдеді.

Душанбеде осы аптада өткен диалогта ЕО Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы адам құқықтарына қатысты жағдайға қатты алаңдайтынын айтып, 2021 жылғы қараша мен 2022 жылғы мамырдағы оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізуге үндеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Агенттік: Қазақстандық банктерге "Мир" карталарын қабылдауға рұқсат берді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлама таратып, АҚШ қаржы министрлігіне қарасты шетел активтерін қадағалау жөніндегі басқарма ресейлік жеке тұлғалардың карталарын Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат бергенін мәлімдеді.

"Мир" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздері қабылдайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеудегі миграция орталығы әскерге шақыратын жарнаманы қырғыз, өзбек, тәжік тілдерінде жазған

Ресей ішкі істер министрлігіне қарайтын "Сахарово" миграция орталығына баратын қоғамдық көліктерге Ресей әскеріне шақыратын жарнама жапсырылған, оны қырғыз, өзбек және тәжік тілдерінде жазған. Хабарландыруда әскерге барған еңбек мигранттарына Ресей азаматтығы жеңілдікпен берілетіні айтылған.

Мұнай хабарландырулар әлеуметтік желіде желтоқсанда пайда болған. Мәскеу қалалық көлік басқармасы жарнаманың екі айдан бері жапсырылып келе жатқанын растаған. Жарнама жасау жөніндегі тапсырысты миграция орталығы берген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Медведев Ресейдің "қырып-жоятын қуатты құралдарымен" тағы қоқан-лоқы көрсетті

Медведев Телеграм арнасында Ресей "қырып-жоятын әлдеқайда қуатты құралдар өндірісін" арттырып жатқанын мәлімдеді.

Медведевтің айтуынша, бұл Украина ғана емес, "Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия және өзге де орындарда бой тасалаған" "дұшпандардың" әрекетіне жауап.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иранда билікті сынаған наразылыққа қатысқан кемінде 24 адамға өлім жазасы қаупі төніп тұр

Осы апта соңында Иранның Etemad басылымы сот органдары құрастырған 25 демонстранттың тізімін жариялады. Жазбада олардың "Құдайға қарсы соғыс жүргізгені" жазылған. 8 желтоқсанда Иранда үкіметке қарсы жаппай наразылық акциясына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген белсенді Мохсен Шекари дарға асылған. Тізімде оның да аты-жөні бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Еуропа кеңесі 2023 жылы Украинаға құны 18 млрд еуро болатын қаржы көмек пакетін бекітті

Ұсыныс Еуропарламентке таныстырылып, келесі аптада қабылдануы мүмкін.

"Украина Еуроодаққа сүйенсе болады. Украинаны қанша қажет болса, сонша дәрежеде қаржылай жағынан да қолдай береміз" деді Чехия қаржы министрі Збынек Станюра.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Екібастұз қаласында отыз шақты үй әлі жылусыз отыр

Бұл жөнінде брифинг кезінде Екібастұз әкімі Аян Бейсекин хабарлаған. Оның сөзінен Orda.kz сайты үзінді келтіреді.

"Жеке сектор бойынша цифрлар тұрақты түрде өзгеріп жатыр. Кеше кешкісін бізде 38 жеке тұрғын үй жылусыз қалды, қазір 29 үйді жылуға қосу керек. Азаннан қара кешке дейін жұмыстар жүріп жатыр. 400 адам жұмылдырылған. Тұрғындар жылудың аздығына байланысты көп сұрақ қойып жатыр. Қазір жөндеушілердің бес тобы жылу жүйесіндегі тепе-теңдік мәселесімен шұғылданып жатыр" деді Аян Бейсекин.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Тоңып отырмыз". Семейде жылу орталығында апат болып, ондаған үйдің температурасы салқындаған

Абай облысының орталығы Семей қаласында "5-интернат" жылу орталығында 10 желтоқсанда апат болды. 36 көпқабатты тұрғын үйде температура екі есеге азайып, жұрт іс жүзінде жылусыз қалған.

Қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков Азаттыққа тазалау жүйесіндегі ақауға байланысты қазандықтар жұмысы тоқтатылғанын айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаттары Путинді жазаға тартатын халықаралық трибунал құруды ұсынды

10 желтоқсанда Халықаралық адам құқығын қорғау күні. Осы күн қарсаңында Ослода Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаттарын марапаттады. Биыл бұл сыйлыққа белорус құқық қорғаушысы, "Вясна" құқық қорғау орталығының негізін қалаушы Алесь Беляцкий, Ресейде сталиндік репрессия құрбандарын зерттеумен айналысатын "Мемориал" ұйымы, украиналық "Азаматтық еркіндік орталығы" ие болған.

9 желтоқсанда осы ұйымның өкілдері Ослодағы баспасөз жиынында Путинді "Украинадағы қылмысы үшін жазалайтын халықаралық сот құру" идеясын қолдады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәжікстан жоғарғы соты Таулы Бадахшанда "заңсыз митинг ұйымдастырды" деп айыпталған азаматтық белсенді Ульфатхоним Мамадшоеваны 21 жыл түрмеге кесті.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, сот үкімі апта басында шыққан. Жай-жапсары белгісіз. Тәжікстан жоғарғы сотының баспасөз қызметі шешімге түсініктеме бермеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қарсылыққа ұшыраған" Путиннің газ одағы және Астанамен "су дауындағы Пекиннің жеңісі"

Батыс басылымдары бұл аптада Орталық Азияда Мәскеу бастаған Еуразия экономика одағының болашағы бар ма деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Ресей президенті Путиннің «газ одағын» құру ұсынысын Қазақстан мен Өзбекстан қоғамы не себепті салқын қабылдады және одан шын мәнінде келіп-кетер пайда бар ма дегенге үңілді. Бұдан бөлек Қазақстанмен су дауында Қытай қалай жеңіске жеткенін талдады.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бельгия полициясы тінтулерден кейін Еуропарламент басшылығына жақын кемінде төрт адамды ұстады

Олар әлем чемпионатының Катарда өтуіне байланысты Доханың мүддесін қорғады және пара алды деген күдікке ілінген. Тінту нәтижесінде полиция шамамен 600 мың еуро қағаз ақша тәркілеген, деп жазды Politico.

Бельгия прокуратурасы ұсталғандардың аты-жөнін жарияламады, алайда Le Soir басылымы дереккөздерге сүйене отырып, күдіктілердің арасында Еуропарламент жетекшісінің орынбасары, PASOK грек социалистік партиясының мүшесі Ева Кайли бар екенін жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкент аппеляциялық соты Абай аудандық прокуратурасының "белсенді Ерғали Құлбаевтың жазасы рақымшылық заңы бойынша дұрыс қысқартылған жоқ" деген аппеляциялық өтінішін қарап, істі прокуратураның пайдасына шешті.

8 қарашада Абай аудандық соты Ерғали Құлбаевқа рақымшылық заңын қолдану туралы қаулы қабылдап, өтелмеген жазасының төрттен үш бөлігін қысқартқан. Қалалық прокуратура жазаның өтелмеген бөлігін емес, толық мерзімін қысқарту керек деп алдыңғы сот қаулысын бұзуды сұраған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ләззатты алты жасқа толатын жылы көршісі зорлаған. Анасынан ерте айырылған, әкесі жұмыстан қолы босамаған бүлдіршін қорыққаннан ешкімге айта алмаған. Ауырған, жақындары емшіге апарған. Бірақ жан жарасын жаза алмаған. Ләззат кейін басынан өткен оқиғасы жайлы кітап жазды. Бүгінде бақытты әйел, аяулы жар, көп балалы ана және заңгер Ләззаттың әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз

ZERЕ подкасты 👇🏻
🔗Azattyq сайты
🔗Apple Podcast
🔗YouTube

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыдағы наразылық, Бішкектегі кездесу, түрмедегі азаптау - AzatNEWS 9.12.2022

📌 Алматы университеттері сессия тапсыруды онлайн форматқа ауыстырып жатқаны туралы ақпарат көбейді. Студенттер мұны 16-17 желтоқсан күндері болуы мүмкін митингілермен байланыстырады.

📌 Бішкекте ЕАЭО елдері басшылары кездесті. Ресейдің Украинаға ашқан соғысы жөнінде ештеңе айтылмаған кездесуде президенттер Батыс санкцияларының әсері туралы тиіп-қаша сөйледі.

📌 Қызылорда түрмесінде отырған екі азамат азаптауға ұшырағанын, қысым көргенін айтып видео жолдады. Қылмыстық атқару жүйесі тексеріс басталғанын мәлімдеді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бішкекте Ресей елшілігі маңында пикет өткізбек болған белсендіге айыппұл салынды

Бішкек соты "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзған" белсенді Ондуруш Токтонасыровқа 3 мың сом (шамамен 35 доллар) көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде белсендінің өзі Азаттыққа хабарлады.

Ресей басшысы Владимир Путиннің Қырғызстанға сапарына қарсы пикет өткізбек болған Токтонасыровты милиция Ресей елшілігіне бара жатқан жолда ұстаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда "аштыққа ұшыраған Шыңжаң қазақтарын" қолдау пикеті өтті

Алматыда Наурызбай мен Қабанбай көшелерінің қиылысында орналасқан Ашаршылық құрбандарына арналған ескірткіш алдында жалғыз адамдық пикет өтті. Биыл тамыз айында Шыңжаңнан Қазақстанға қоныс аударған Оңғарбек Үсіпұлы Қытайдағы қазақтардың аштыққа ұшырап жатқанын айтып, халықаралық адам құқығы ұйымдарынан оларға араша түсуді сұрады.

- Қазір Қытайда карантиннің салдарынан жаппай ашаршылық болып, өздері үйге аш қамалып, малдары қар астында қалып, соның себебінен көптеген қиындықтар болып жатыр. Мысалы, Құмыл аймағында екі жарым ай карантин болып, таулы аудандағы қойшылар, бауырларымыз далада қалып, бейіт паналап жүр. Мен сол үшін осында келіп тұрмын. Қытайдан келгеніме көп болған жоқ. Жаңа ақпараттарды да біліп отырмын. Карантин кесірінен депрессияға ұшырап, өз-өзіне қол салғандар да бар, - дейді Оңғарбек Үсіпұлы.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал