azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов вице-премьер болып тағайындалды

Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

Жаңа вице-премьер әлеуметтік мәселелерге жауапты болмақ: білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік модернизация, мәдениет және спорт, туризм, мемлекет және жастар, отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, дін және этносаралық келісім, мемлекеттік тіл, демография және көші-қон саясаты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркіменстанда Өзбекстанға барып келген азаматтар тергеуге алынып жатыр

Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі тергеуден шыққан азаматтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

"Барлық құжаттар дайын болғаннан кейін арнайы қызметке барып сұрақтарына жауап беруің керек. Өзбекстаннан қайтып келгеннен кейін де осылай сұраққа шақырады" деді аты-жөнін айтқысы келмеген Лебап тұрғыны.

Бұдан бөлек азаматтарға Өзбекстандағы түркімен диаспорасы қалай тұрып жатқаны туралы да мәлімет жинауды тапсырғаны айтылды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Электр мен көмір өндіретін қалада жылуға жарымай отырған бейбақпыз". Екібастұз жұртының мұң-зары

Қарашаның аяғында Екібастұздағы жылу орталығының қазандығы істен шығып, 150 мыңдай халқы бар қала аязда жылусыз қалған. 8 желтоқсан кешке жергілікті билік қалада 28 қарашада жарияланған төтенше жағдай режимі тоқтап, жылусыз қалған 230 үйге "жылу берілгенін" мәлімдеді. Бірақ кей тұрғындар әлі тоңып отырғанын, жылу құбыры жарылып жатқанын айтады.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев бірнеше елшіні қызметтен босатты. Арасында күйеу баласы да бар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Грузия, Болгария және Литвадағы елшілерін қызметтен босатты.

Тоқаевтың туған қарындасы Қарлыға Ізбастиннің күйеуі Теміртай Ізбастин 2019 жылдың қарашасынан бері Қазақстанның Болгариядағы елшісі болған. Оның орнына Виктор Темірбаев тағайындалған.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның Грузиядағы елшісі Бауыржан Мұхамеджанов қызметінен босатылған. Оның орнына бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Мәлік Мырзалин тағайындалды.

Жұма күні сонымен бірге Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сапиев Қазақстанның Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалғаны белгілі болды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астана қыркүйекте мобилизация басталғаннан кейін Қазақстанға қашқан ресейлік әскери қызметкерге босқын мәртебесін беруден бас тартты

Бұл жөнінде Reuters агенттігі жазды.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы шыққан 36 жастағы майор Жилин "өзін соғысқа жіберуі мүмкін екені айқын болған шақта" қыркүйекте Қазақстан шекарасын кесіп өткен, деп жазды майордың әйелі Екатеринаның сөзіне сүйенген ақпарат агенттігі. Reuters жазуынша, ол Семейға "заңсыз кіргені үшін" ұсталып, сотталған. Сот оған алты ай шартты жаза тағайындап, Ресейден шығаруды қаулы еткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанадағы ауыс-түйіс, "жолы болмаған" Путин – AzatNEWS 08.12.22

📌 Өзбекстан Владимир Путиннің газ одағынан бас тартты. Ал Politico басылымы Путинді "жылдың жолы болмаған саясаткері" деп таныды.

📌 Қазақстанда жоғарғы сот төрағасы ауысты. Назарбаевтың сенімді серігінің ұлы Астанаға әкім боп тағайындалды.

📌 Астанада пикет өткізген екі жаңаөзендік әкімді орнынан алуды талап етті. Жаңаөзен әкімі олармен келіспейді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда оқушыларға Ресей "қаһармандары" туралы фильм көрсеткен мектеп директорына сөгіс жариялануы мүмкін

7 желтоқсанда Алматыдағы "Цезарь" кинотеатрында оқушыларға "Россия. Нам 30 лет" атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды. 8 желтоқсанда Алматы қаласының білім басқармасы Азаттық тілшісіне жіберген жауабында "№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ" деп мәлімдеді.

"Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни сөгіс беріледі" деді Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері.

Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген. Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және "Россотрудничество" агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс келер жылы аяқталады деп үміттенеді.

"Украиналықтар келер жылы да ықпалды болады деп сенемін, бірақ ол уақытта бейбіт уақыт болады" деді Зеленский Politico сайтына.

Politico сайты Украина президентін Еуропадағы ең ықпалды адам деп таныды. Сейсенбі, 6 желтоқсанда Time журналы Зеленскийді "жыл адамы" деп таныған еді.

Зеленский Politico берген сұхбатында "Украина халқына қиын сәтте қолдау көрсеткен Еуропадағы барлық досына алғыс айтты".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"АрселорМиттал Теміртау" комбинатында тағы бір жұмысшы опат болды

Inbusiness.kz сайтының жазуынша, бірінші кокс цехында 1982 жылы туған Ф. есімді газ маманы тиеу машинасы астына түсіп кетіп, опат болған.

АМТ хабарлауынша, арнайы комиссия құрылған. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" (156-бап 3-бөлік) бабы бойынша тергеу басталған.

"Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жай-жапсары анықталып жатыр" деп жазылған полиция хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Саяси шарттарды газға айырбастамаймыз". Ташкент Кремльдің "газ одағы" ұсынысынан бас тартты

Өзбекстан Кремльдің "газ одағын құру туралы" ұсынысын салқын қабылдады. Ташкент "ұлт мүддесіне қауіп төндіруі мүмкін саяси шарттармен келіспейді". Бұл жөнінде Reuters басылымы жазды.

"Ресеймен газ келісімі жасалған күннің өзінде бұл одақ болады дегенді білдірмейді" деді Өзбекстан энергетика министрі Жорабек Мырзамахмудов.

Оның айтуынша, Ресей газын Қазақстан құбыры арқылы тасымалдау бойынша келіссөздер болған, алайда бұл одақ емес, "техникалық келісімшарт".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

AzattyqLIVE: Сайлау өтті, саясат өзгере ме?

Бүгін Азаттықтың Алматы студиясында сағат 15:00 де AzattyqLIVE тікелей эфирі өтеді. 20 қарашада болған кезектен тыс президент сайлауы, сайлаудан соңғы билік уәделері мен әрекеттері талқыланады. Студияға сайлау бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет келеді. Хабарды Қасым Аманжол жүргізеді. Тікелей эфирді Азаттықтың әлеуметтік желідегі парақтарынан көріп, сұрақ қоюға болады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда Жоғарғы сот төрағасы ауысты

8 желтоқсанда сенаттың пленарлық отырысында депутаттар Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қызметінен босату туралы шешімді мақұлдады. Президент әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеу қаңтарда өкілеті аяқталатын Асановтың басқа қызметке ауысуына байланысты сондай ұсыныс жасағанын айтты.

Ол Жоғарғы сот төрағалығына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын ұсынып, депутаттардың барлығы ұсынысты қолдады. Осылайша Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы болып сайланды.

59 жастағы Жақып Асанов Жоғарғы сотты шамамен бес жыл басқарған. Оған дейін бір жарым жылдан астам уақыт бас прокурор болған. Бірнеше жыл бұрын әріптестеріне үндеу жасап, хат жолдаумен көзге түскен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов 2018 жылы "Сот төрелігінің жеті түйіні" деп аталатын бағдарлама ұсынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сот жаза мерзімі ұзартылған белсенді Елшібаевтың апелляциялық өтінішін орындамады

Қызылорда қаласының апелляциялық соты 7 желтоқсанда белсенді Ержан Елшібаевтың жаза мерзімін 8 жылға дейін ұзартқан бірінші инстанцияда шыққан үкімді қолдап, белсендінің апелляциялық өтінішін орындамады. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Жанар Сүндетқалиева хабарлады.

Сәрсенбі күні таңертең сот жалғасып, онда адвокаттар бірнеше өтініш түсірген. Түстен кейін кеңесу бөлмесінен келген судья Қызылорда қаласының № 2 сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Белсендінің апелляциялық шағымы 23 қарашада қарала бастаған. Сот тыңдауы бірнеше рет кейінге шегеріліп, соңғы рет сот мұны "қосымша дәлелдерді сұратып жатқандығымен" түсіндірген. Адвокаттың айтуынша, бұл процессуалдық нормаларға қайшы.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркиядағы қазақ мұнайы, "ескі гвардия өкілі" Даниал Ахметов – AzatNEWS 07.12.22

📌 Халықаралық басылымдар Батыс елдері Ресей мұнайына санкция салған соң Қазақстан шикізатын тиеген танкерлер Түркияда тұрып қалғанын жазды. Қазақстан үкіметі оны қалыпты жағдай деп атады.

📌 Апат болған өңір Павлодарға жаңа әкім тағайындалды. "Ескі гвардия өкілі" Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанда тағы қала беретін болды.

📌 Алматыда бір топ құрылысшы Абай университетінен ақша сұрап, наразылық білдірді. Құрылыс компаниясы тапсырысты толық орындамады деген университет дау сотта қаралып жатқанын мәлімдеді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстанда мектептің бұрынғы директоры 2 мың жыл болған қазанды тұрмыста пайдаланған

Өзбекстанның Самарқан облысында көне Жетісу оазисіндегі көшпелі тайпаларға тиесілі болған қола қазан табылды. Б.з.д 2-1 ғасырларда дайындалған артефакт тұрмыста қолданылған. Бұл жөнінде Өзбекстан мәдени мұра агенттігіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Қазанды 1993 жылы Пайарық ауданының тұрғыны, сол кезде мектеп директоры болған Анвар Шогродов арық қазып жатқан кезде тапқан. Табылған ыдыстың биіктігі – 37 см, диаметрі – 52 сантиметр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кремльге қатысы бар ресейлік миллиардерлер Искандар Махмудов пен Андрей Бокарев Латвияда кәсіпкерлікпен айналысады. Бұл жөнінде The Insider зерттеуінде айтылған.

Махмудов пен Бокаревке Ресейдегі ірі мемлекеттік кәсіпорындардың бірі Орал тау-кен металлургия компаниясы, "Кузбассразрезуголь", "Трансмашхолдинг" тиесілі.

Латвияда кәсіпкерлер делдалдық желілер арқылы Рига электр көлік құрылыс зауыты (RER) және оған еншілес техника мен жабдықтарды сатумен айналысатын LATVO кәсіпорнына иелік етеді. Рига электр көлік құрылыс зауытының жылдық табысы 2021 жылы 33 млн еуроға жеткен. Компания Еуропа аумағында жұмыс істейді және Еуроодақтан қаржыландырылады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандағы бірнеше этномәдени ұйым президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, елде қамалған қарақалпақ белсенділеріне араша түсті

Хат авторлары белсенділердің негізсіз қамауда отырғанын алға тартып, оларға босқын мәртебесін беруді сұрады.

Бұған дейін елде қарақалпақтың бес белсендісі Қошқарбай Төремұратов, Жангелді Жақсымбетов, Раиса Құдайбергенова, Зиуар Мирманбетова және Тілеубике Юлдашева ұсталған болатын.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ел назары ауған сайын жасырып жатыр". Мемлекеттік сатып алу порталы, тендер және жемқорлық қатері

9 желтоқсан – Халықаралық деңгейде жемқорлықпен күрес күні. Мемлекеттер жемқорлық мәселесімен кешенді шаралар арқылы күреседі. Соның бірі – мемлекеттік сатып алу процесін жұртқа жария өткізу. Азаттық атаулы күнге орай Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жұмыстарын зерттейтін маманмен сұхбаттасты.

🔗СІЛТЕМЕ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Иранда үкіметке қарсы жаппай наразылық акциясына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген 11 адамның алғашқысы – белсенді Мохсен Шекари дарға асылды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Осыған дейін Иран революциялық соты Шекари "Құдайға қарсы қастандық жасағанын" мәлімдеп, оны күш қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасаған "қарулы әрекеттерге" қатысты деп тапқан.

Иранда наразылық акциясы екі ай бұрын басталды. 13 қыркүйекте Тегеранның "әдеп полициясы" көшеде хиджаб кию тәртібін сақтамады деген айыппен 22 жастағы студент Махса Әминиді ұстап әкеткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстан Ауғанстанға баратын темір жолды басқару құқығынан айрылғанын теріске шығарды

Бір күн бұрын Ауғанстанның Tolo News телеканалы "Талибан‎" аталған темір жолға қызмет көрсету бойынша қазақстандық Mansour Fatih компаниясымен келісімге қол қойғанын жеткізген.

"2011 жылдағы келісімге сәйкес, Өзбекстанның "Согдиана Транс" компаниясы Хайратон қаласына жақын 22 шақырым жолға қызмет көрсету үшін жылына 15 млн доллар алып тұрған. Қазақстандық Mansour Fatih компаниясы 106 шақырым жолға қызмет көрсету үшін 4,1 млн доллар алады", - деген келісімге қол қойған "Ауған темір жолының" басшысы міндетін атқарушы Бахыт Рахман Шарафат.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болды. Қаланы үш жарым жыл басқарған Көлгінов қызметінен босатылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жеңіс Қасымбек Астана қаласы әкімі болып тағайындалды. Ал 2019 жылдың маусымынан бері қала әкімі болған Алтай Көлгінов бұл қызметтен кетті.

Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың қыркүйегінен бері Қарағанды облысы әкімі қызметін атқарып келген еді. Бүгін, 8 қарашада Қарағанды облысына Ермағанбет Бөлекпаев әкім болып бекітілді.

Көлгінов 2019 жылы ел астанасына әкім болып келгенде қала Нұр-Сұлтан деп аталатын. Кейін Қаңтар оқиғасынан кейін елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреген соң қазіргі билік қалаға Астана атауын қайтарған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағанды облысының әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бейсенбі күні президенттің ұсынысын жеткізген премьер-министр Әлихан Смайылов Қарағанды облысы әкіміне үміткер екі адамды таныстырған: Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Қарағанды облысы сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекшісі Сержан Аймақов. Мәслихат депутаттарының басым бөлігі яғни, 138 адам Бөлекпаевқа дауыс берген. Ал Аймақовты 40 адам қолдаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

#қалайболды?

Тоқаев неге ашуланды?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2001 жылы үкіметтегі бір топ министрді ҚДТ қозғалысын құрмақ болғаны үшін қызметінен босатуды талап етіп, Назарбаевқа үндеу тастады. «Парламенттік республика болсын, үкімет парламентке есеп беретін болсын» деген ҚДТ бастамасын «Бір топ адамның байлықты қолдарына жинап алып, мемлекет билігін қолға алғысы» келетін әрекеті деп бағалап, «Назарбаевсыз Қазақстан» дейтіндер қателесетінін айтты.

Сілтеме

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сілтемеден өтіп көріңіз👇

https://youtu.be/s8o7skqPWEU

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Мүгедек баламның құқығын қорғағаным үшін билік қыр соңымнан қалмады". Астанада жаңаөзендік әйелдер пикет өткізді

8 желтоқсанда Астанада Жаңаөзеннен келген екі әйел Ақордаға барып, талаптарын жеткізбек болған. Алайда оларды арнайы жасақ өткізбей, екі әйел Ақордаға баратын жолда пикет өткізуге мәжбүр болды.

Жаңаөзен тұрғыны Алмагүл Жаппасова сал ауруына шалдыққан өздігінен жүре алмайтын 1992 жылы туған ұлының құқығын талап еткен кезде жергілікті әкімдік тарабынан қудалауға ұшырағанын айтты. Өзінің сөзінше, ол қыркүйектен бері астанаға бірнеше рет келген. Келген сайын "Жаңаөзен әкімдігі өкілдері астанада күтіп алып, үйіне қайтарып жіберіп отырған".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Парламент әйелдерді 61 жаста зейнетке шығаратын заңды мақұлдады

Қазақстан парламенті 8 желтоқсанда 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасын 61 жаста қалдыратын түзетулерді мақұлдады. Заңнамаға түзетулер сонымен бірге сәби 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтіміне қатысты төлем төлеу, зейнетақы мөлшерін 46 АЕК-тан 55 АЕК-қа дейін арттыруды да қарастырады.

Құжатқа сәйкес, 13 заңға түзетулер енгізіледі. Заң "жастар" ұғымын кеңейтіп, оған 35 жасқа дейінгілерді енгізуді де қарастырады. Онда бұрын болмаған "жастардың әлеуметтік қызметі", "уақытша жайғаспаған жастар" деген ұғымдар бар. Әкімдіктер белгілі бір өңірдің "артықшылықтарын" ескере отырып, жастарға жеңілдікпен баспананы жалға беру бағдарламасын жасап, жүзеге асыру өкілетіне ие болады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Агенттік өкілі жылу желілеріндегі апаттарды жемқорлықпен байланыстырады

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің превенция қызметінің жетекшісі Саян Ахметжанов Екібастұз жылу орталығындағы апатты саладағы жемқорлықпен байланыстырды. Оның сөзінше, Семей, Тараз, Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар жұмысына да жемқорлық қатері төніп тұр.

"Семейде қарызды өтеу үшін және "Теплокоммунэнерго" коммуналдық кәсіпорнын ұстап тұру үшін мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлінеді, алайда оң нәтиже көріп тұрған жоқпыз. Кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларды орталық жылу жүйесіне қосқаны үшін жеке сыйақы алады. Соның нәтижесінде [жылу орталығының] қуаттылығы азайып, жылу кемиді. Соның салдарынан көп қабатты тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су жоқ. Түрлі аймақта осындай жайт байқалады" деді Саян Ахметжанов БАҚ өкілдеріне.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Германияда төңкеріс жасамақ болды деген күдікпен 25 адам ұсталды

Германияда 7 желтоқсанда арнайы операция барысында "төңкеріс жасамақ болды" деген күдікпен оңшыл радикал қозғалыстың кемінде 25 өкілі ұсталған.

Арнайы операцияға күштік құрылымның үш мың қызметкері қатысқан. Олар Баден-Вюртемберг, Бавария, Гессен, Төменгі Саксон, Австрияның Китцбюэл және Италияның Перудж аумағындағы 137 үйге тінту жүргізген.

"Федералды прокуратура "рейхсбюргерлер" террористер желісінің өкілдеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар конституциялық билік органдарына қарулы шабуыл жасамақ болды", - деп мәлімдеді Германия әділет министрі Марко Бушман.

Жалпы 25 адам ұсталған. Оның 22-і террористік ұйымға мүше, үшеуі ұйымның жақтастары болды деген күдікке ілінген. Арасында Ресей азаматы та бар.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан энергетика министрлігі Түркия порттарында қазақстандық мұнай тиеген танкерлердің кезек күтіп қалғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Қазіргі кезде [танкерлердің] Босфор және Дарданелла бұғаздарында күтіп тұрғанына алты күн болды. Қыс үшін бұл қалыпты жағдай, былтыр бұғазда 14 күн күткен. Ал сақтандыру хаты бойынша мәселенің жай-жапсары анықталып жатыр» деп жазылған энергетика министрлігінің хабарламасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен аптадан бері облыс әкімдерін тағайындаған Тоқаев Ахметовке қатысты жарлықты ротация соңына қарай шығарды. Қазір Қарағанды облысының әкімі ғана тағайындалған жоқ. Облыс әкімі міндетін Жеңіс Қасымбек атқарып жатыр.

Даниал Ахметов ШҚО-ны 2014 жылдан бері басқарып келеді. 68 жастағы шенеунік СССР құлағанға дейін билікке келген ескі гвардия өкілдерінің бірі саналады.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал