Шымкентте прокурор тергеуде өлген Жұмабаев ісі бойынша төрт полицейді 3 жылдан 9 жылға дейін соттауды сұрады
Прокурор айыпталушыларды кінәлі деп есептеп, оларды 3 жылға дейін құқық қорғау органдарының басшылық қызметінде жұмыс істеуге тыйым салып, полиция полковнигі шенінен айыруды сұрады.
Нұрболат Жұмабаев 2021 жылы 8 желтоқсанда Шымкент қалалық полиция департаментіне тергеуге жеткізіліп, сонда қайтыс болған. Марқұмның туыстары оны "полиция ұрып өлтірді" деп есептейді.
30 жастағы Нұрболат Жұмабаевты "азаптап өлтірді" деген күдікпен айыпталған төрт полицей тағылған айыпты мойындамайды.
🔗Толығырақ Азаттық тілшісі Дилара Исаның жаңалығынан оқыңыз
t.me/azattyq
Қазақстан билігі журналист Думан Мұхамедкәрімді қалай қамады?
27 маусымда Ақордада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистерді марапаттау рәсімі өтті. Оны Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жүргізді.
Алайда қазақстандық журналистердің бәрі мұндай құрметке ие бола бермейді. Мысалы, журналист Думан Мұхаммедкәрім кейінгі төрт айдағы 75 күнді абақтыда өткізді. Кейін ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Оның қуғындағы саясаткер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты осы істі қозғауға түрткі болған.
7 маусымда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Думан Мұхаммедкәрімнің ісі «журналистік қызметі үшін емес, саяси көзқарасы үшін қозғалды» деп айтқан.
🔗 Думан Мұхаммедкәрімге неліктен экстремизге қатысты айып тағып жатқанын сілтемеден оқыңыз
t.me/azattyq
Қымыз пісетін аппарат және жұмысы жеңілдеген шаруа
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының тұрғыны Мергүл Талаптанованың отбасы бие байлап, қымыз сауады. Күйеуі қымыз пісуді жеңілдету үшін қолдан аппарат жасап шығарған.
t.me/azattyq
Төңкеріс жасалғанын мәлімдеген бас редактор
1991 жылы СССР президенті Михаил Горбачевті биліктен тайдыра жаздаған Тамыз бүлігі кезінде Қазақстан билігі кімді қолдарын білмей, екі түрлі үндеу жасады. Қазақстан ресми баспасөзі бүлікшілердің үндеуін жариялады. Тек Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газеті ғана «Бұл - төңкеріс» деген мақала жариялап, бүлікшілерге қарсылығын ашық білдірді. Бүлікшілер жеңсе, СССР бұрынғы қатаң тоталитарлық жүйеге қайта оралатын еді. Бүлікшілер жеңіліп, артынша СССР де ыдырады.
"Қалай болды?" жобасының жаңа бөлімін көре отырыңыз 👇🏻
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Пригожиннің қарулы бүлігі: ФСБ қылмыстық істі тоқтатты
"24 маусымдағы қарулы бүлік фактісі аясында қатысушыларды қылмыстық тергеу тоқтатылды". Ресейдің арнайы қызметіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі осылай хабарлады.
t.me/azattyq
Қазақстан ауыр атлетінің қазасына байланысты "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша іс қозғалған
Жетісу облысы Қаратал ауданы Достық ауылындағы өз үйінен ауыр атлетикадан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарына қатысушы Владимир Седовтың мәйіті табылған. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың маусымның 27-сіне қараған түні өлгенін хабарлады.
Полиция хабарына қарағанда "мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған". Туыстары өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан.
2016 жылы халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылы Пекиндегі олимпиадаға қатысқан Қазақстан ауыр атлеттерінен допинг табылғанын хабарлаған. Оның ішінде Седов та болған.
2019 жылы IWF Владимир Седовтың 2008 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықтағы титулдарының күшін ресми түрде жойған. Екі жылға созылған тексерістен кейін, 2018 жылы Седов сегіз жылға ауыр атлетикадан шеттетілген.
t.me/azattyq
"Ресей тұрақтылық кепілі болудан қалды". Орталық Азия Пригожин "бүлігінен" қандай сабақ алуы керек?
"Орталық Азия елдерінің басшылары жақында Ресейде болған, Кремль "әскери бүлік" деп атаған оқиға кезінде абдырап қалды" дейді Берлиндегі Ресей мен Еуразияны зерттеуге арналған Карнеги орталығының ғылыми қызметкері Темур Умаров.
"Ресей тәжірибесі авторитар билік қысқамерзімді мақсатқа жету үшін белгілі бір топқа қару-жарақ берсе, оның аяғы неге апарып соғатынын көрсетті. Бұл бірінші кезекте, шекара дауын шеше алмай отырған Қырғызстан мен Тәжікстанға қатысты. Кейінгі кезде шекарадағы жағдай тұрақталып, тараптар демаркация жүргізу туралы келісімге отырды. Бір кезде шекараға жақын маңда тұратын халыққа қару-жарақ таратайық деген ұсыныстар да айтылған еді. Бұл – өте қауіпті, тұрақтылықты қалаған ел ондай жолды таңдамайды" дейді Умаров.
Азаттық "Бұл оқиға Мәскеу мен өңір мемлекеттерінің қарым-қатынасына қалай әсер етеді?", "Одан қандай сабақ алуға болады?" және "Ресей неге дайын болуы керек?" деген сұрақтар төңірегінде сарапшының ойын білді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Заңгер Жохар Өтебеков «қасақана кісі өлтірген адамды жеңіл жазалаған» судьяға наразылық білдірді
Заңгер Жохар Өтебеков Facebook парақшасында алматылық заңгер Айман Асанованың өліміне байланысты видео жариялады. Өтебековтің сөзінше, Айманды 18 рет пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуін судья 1,5 жылға ғана жазалаған.
"Видеоның соңын қараңыз. Нұртаев Айманның қимылдап жатқанын байқаған. Содан соң қайта барып, әдейі өлтірген! Бұл видеоны Айманның туыстарының келісімімен және шарасыздықтан жарияладым. Мұны судья Майшинов та көрген, сөйте тұра қалайша жеңіл жаза тағайындап отыр?" дейді адвокат жазбасында.
t.me/azattyq
Душанбенің сұрауы бойынша Ресейде тәжік белсендісі Жунайдулло Худоеров ұсталған
Бұл туралы Азаттықтың Тәжік редакциясы - Радио Озодиге оның бауыры Фарход Худоеров хабарлап, Жунайдулло Худоеровты Тәжікстанда заңсыз қамап тастауы мүмкін екенін айтқан.
Озодиге түскен құжатқа қарағанда, Жунайдулло Худоеровты Тәжікстан "бұзақылық жасады" деп іздеу жариялаған. Белсенді бұл айыпты теріске шығарған.
2017 жылы Жунайдулло Худоеров Тәжікстанда бес жылға соттталған. Оған "Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" қозғалысына қатысты" деген айып тағылған. Бірақ бір жылға жетпей рақымшылық заңымен босап, Ресейге жұмыс іздеп кеткен.
t.me/azattyq
Путин Пригожин бүлігінен кейін эфирге қайта шығып, халыққа үндеу тастады
Ресей президенті бүлік кезінде әскери ұшқыштар өлгенін мойындады. Бұл ақпарат бұған дейін ресми түрде расталмаған.
"Қаза болған ұшқыштардың ерлігі Ресейді сақтап қалды" деді Путин.
Оның сөзіне қарағанда, "Вагнер" жауынгерлерін әлдекім пайдаланбақ болған. Путин "соңғы сызықтан өтіп кетпей, дұрыс шешім қабылдаған" жалдамалыларға алғыс айтып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауды немесе туған-туыстарына оралуды, не болмаса Беларусьқа кетуді ұсынды.
"Кеткісі келгендер Белоруссияға кете берсін. Уәдемді орындаймын. Қайталаймын, әркім өзі таңдасын, бірақ бұл - ауыр қателігін түсінген Ресей жауынгерінің таңдауы болады деп сенемін" деді Путин.
t.me/azattyq
Ресейдегі бүлік, Назарбаев пен Лукашенконың тілдесуі | AzatNEWS – 26.06.23
📌 Ресейдегі "Вагнер" бүлігінен кейін Еуропа елдері Беларусьпен шекара күзетін күшейтті. Ал Евгений Пригожиннің қайда екені белгісіз.
📌 Мәскеудегі дүрбелең Қазақстанға қалай әсер етті? Бүліктен кейін телефонмен сөйлескен Назарбаев пен Лукашенко нені талқылады?
📌 Талдықорғанда Қаңтар оқиғасында екі адамды атып өлтірді деген айыппен 21 жастағы жауынгер 7 жылға сотталды. Сейітқұловтар отбасының қазасы бойынша екінші іс жалғасып жатыр.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ондаған оқтан опат болған отбасының өліміне жалғыз жауынгер кінәлі деп танылды
26 маусымда Алматы гарнизонының әскери соты Талдықорғанда Қаңтар оқиғасы кезінде көлігімен кетіп бара жатқан Сейітқұловтар отбасына оқ атқан қатардағы жауынгер Данияр Егембаев деген тұжырымға келіп, жеті жылға соттады. Сот Егембаевтың оғынан «Нұрболат Сейітқұлов пен 15 жастағы қызы Нұрай Оразақын қаза болған» дейді. Ал олармен бірге қаза тапқан Алтынай Етаеваны кім атқаны әлі белгісіз.
t.me/azattyq
Жергілікті БАҚ-та Дәурен Абаевтың Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалатыны туралы ақпарат тарады. СІМ өкілі бұл туралы не дейді?
"Ешқандай мәлімдеме жасамаймыз, не растай алмаймыз, жоқ деп те айта алмаймын. Тек қана жарлық шыққаннан кейін білеміз" деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін мәдениет және спорт министрі болған, биыл наурыздан бері ТМД Бас хатшысының орынбасары болып жүрген Абаевтың елшілікке тағайындалуы туралы ҚазТАГ агенттігі дереккөзіне сүйене отырып хабарлаған. Orda.kz порталы да өз дереккөзіне сүйене отырып "Қазақстан Ресей сыртқы істер министрлігіне Дәурен Абаевты таныстыру үшін құжаттарын жіберген. Енді келісімді күтіп, кандидатураны бекіту қалды" деп жазған.
t.me/azattyq
Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко мен Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон әңгімесінде "екі ел арасындағы мәселелерді талқылады" деді. Бұл Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың беделіне нұқсан келтірмей ме?
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді. Айтуынша, мұндай телефон әңгімесін министрлік мақұлдамайды.
"Екі мемлекеттің арасындағы қатынастар тек қана іс басындағы президенттермен талқыланады. Ал олар не ақылдасты, не сөйлесті, өздерінің жеке әңгімесі. Біз тек қана екі мемлекет басшыларының арасындағы қарым-қатынасқа негізделеміз" деді Смадияров.
t.me/azattyq
БАҚ: Евгений Пригожиннің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтамаған
"Вагнер" жалдамалыларының жетекшісі Евгений Пригожинді Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің тергеушілері тергеп жатыр. Бұл жөнінде "Коммерсантъ" басылымы хабарлады.
РИА "Новости" мен ТАСС-тың Ресей бас прокуратурасындағы дереккөздері де Пригожин үстінен қозғалған қылмыстың істің тоқтамағанын айтқан.
Пригожинге байланысты қылмыстық істің тоқтатылатынын 24 маусымда Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқан. Не себептен, қандай негізде тоқтатылатынын нақтыламаған. Ол "Пригожин Беларусьқа кетеді" деген болатын.
Ресей бас прокуратурасы Пригожин ісі туралы ресми хабар таратпаған. Бейресми ақпаратқа қарағанда, бүлікті тергеу ісі әзір жалғасып жатыр, нақты шешім қабылдауға әзірге ерте.
t.me/azattyq
Тоқаев сөзін терістеу, күшін жойған даулы үкім, журналистер күні - AzatNEWS | 27.06.23
📌 Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сауда министрі Серік Жұманғарин санкция тізіміндегі тауарлар Ресейге тасымалданып жатқанын растады. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай мәліметті жоққа шығарған.
📌 28 маусым - БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Ақорда 65 журналиске тегін үй берді. Мұны қуана қолдағандар да, сынағандар да көп. Сыйлыққа жәрдемдескен "Халық" қорының артында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы тұр.
📌 Алматыда бұрынғы әйелін 18 жерден пышақтап өлтірген адамға судья кескен 1,5 жыл жаза қоғамда қызу талқыланды. Апелляциялық сот үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Алматы соты бұрынғы әйелін өлтірген адамға шыққан үкімнің күшін жойды
Бұл туралы адвокат Жохар Өтебеков Facebook-парақшасына жариялады.
"9 ай мерзімі өтіп, бостандыққа шыққалы отырған Нұртаев уақытша қамау изоляторында қалатын болды. Іс аудандық сотта қайта қаралады. Майшинов емес, басқа судья қарайды" деп жазды адвокат.
Бұған дейін сот Айман Асанованың бұрынғы күйеуін 1,5 жыл колонияға жіберген. Ол Айман Асанованы 18 рет пышақтағаны сот кезінде белгілі болған. Туыстары сот үкіміне келіспей апелляциялық шағым түсірген.
t.me/azattyq
Тоқаев Путинмен оның күздегі Қазақстанға сапарын талқылады
Журналистерді марапаттау кезінде сөйлеген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен оның Қазақстанға күзде болатын сапарын талқылағанын айтты:
"Мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның Ресеймен ұзақмерзімді және тұрақты стратегиялық әріптестік форматында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қатысты принципті ұстанымын растаймын. Мұндай ұстаным халқымыздың мүддесіне толық сәйкес келетініне сенімдімін" деді Тоқаев.
Фото: Ақорда
t.me/azattyq
Лукашенко Мәскеуге "әділет жорығын" бастаған Пригожинмен келіссөзі туралы айтты
Лукашенко мұны құқық қорғау органдары мен әскери құрылым басшыларымен кездесуде әңгімелеген.
Лукашенко Ресейде "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы қарулы бүлік шығарған соң Беларусь әскерін толық әскери дайындыққа келтіру туралы бұйрық бергенін мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, Лукашенко Ресейдегі жағдай бақылаудан шығып бара жатқанын түсінген. "Мен айттым: мені батыр жасаудың керегі жоқ, мені де, Путинді де, Пригожинді де. Өйткені жағдайды ушықтырып алдық, өзі тарап кетеді деп ойладық, олай болмады. Сөйтіп майданда жүрген екі адам қақтығысты. Бұл жерде ешқандай батыр жоқ" деген Лукашенконың сөзін Беларусь президентінің телеграм-арнасы таратты. Майдандағы екі адамның кім екенін Лукашенко нақтыламаған.
t.me/azattyq
"Беларускі Гаюн": Пригожиннің ұшағы Минск түбіндегі әуежайға қонды
"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин пайдаланатын нөмірі RA-02795 бизнес-джет Embraer 600 ұшағы Минск түбіндегі Мачулищи әскери әуежайына 27 маусымда, таңғы 7:40- та (Астана уақытымыен 10:40) қонған. Бұл жөнінде Беларусь республикасындағы әскери қимылға мониторинг жасайтын "Беларускі Гаюн" жобасы хабарлаған.
Арада 18 минут өткенде RA-02878 нөмірлі тағы бір жеке ұшақ қонған. Бұл ұшақ Санкт-Петербургтен шыққан.
Бұған дейін "Важные истории" мен OCCRP Пригожин пайдаланатын ұшақ 25 маусымда Петербугтен оңтүстік-шығысқа ұшқанын жазған. 2019 жылы бұл ұшақ АҚШ санкциясына іліккен.
t.me/azattyq
"Семей орманы" резерватындағы өрттен кейін ағаш әкетіп бара жатқан көліктер туралы хабардан соң Абай облысының полиция департаменті 15 маусымнан бері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкенін хабарлады
Полиция департаментінің хабарына қарағанда, өртенген орман алқабынан ағаш әкетуге жол бермеу үшін авто және теміржолдар жіті тексеріліп жатыр.
Таяуда Семей облысында сырты күйген ағаш әкетіп бара жатқан жүк көліктері туралы видео жарияланған. Видео астына пікір қалдырғандар «әуелі өртеп, енді сатып жатыр» деген пікір қалдырғандар көбейген.
Облыс әкімдігі "өртенген орманнан ағаштарды кесу мен әкету туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді" дейді.
t.me/azattyq
Адвокаттың айтуынша, 27 маусымда Алматы қалалық соты марқұмның отбасы берген апелляциялық шағымды қарауға тиіс. Ал прокуратура сот үкіміне наразылық білдірмеген.
"Алмалы ауданының прокуроры Ертаев судья Майшиновтың үкіміне наразылық білдіруден бас тартты! Алматы прокурорының орынбасары Ибраймолдаев та апелляциялық шағым түсірмеді. Біз екеуінің де қабылдауында болдық. Олар Айманның туыстарының қайғы-қасіретін көрді. Алайда оларға ештеңе әсер еткен жоқ! Алматы прокуроры Жүйріктаев бізді, тіпті қабылдамады, хатыма да жауап бермеді" деп жазды Өтебеков парақшасында.
t.me/azattyq
"Біз білетін Путин режимі келмеске кетті". Саясаттанушы "Пригожин бүлігін" түсіндірді
"Вагнер" тобының басшысы Евгений Пригожин әскерімен бірге Мәскеуге аттанып, орта жолдан райынан қайтты. Азаттықтың Грузин қызметі тәуелсіз журналист, саяси сарапшы Константин Эггертпен сөйлесіп, тез аяқталған "бүлік" Путин билігін қалай әлсіреткенін сұрады.
"Мәскеуге бара жатқан әскерді Лукашенко тоқтатқаны Путиннің ресейлік бюрократия алдында бұрынғы биігінен құлағанын көрсетеді. Пригожинмен сөйлесу үшін Лукашенкоға күні қарап қалды. Яғни, таңертең ғана "Пригожин сатқын" деген адам өзінен кіші серіктесі арқылы сол сатқынмен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды" дейді сарапшы.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Ресей билігінің "Вагнер" секілді жалдамалы жасақ құрудан бас тарта бастағаны байқалды
Бұрын Владимир Жириновский жетекшілік еткен Ресей либерал - демократиялық партиясы (ЛДПР) саны 7 миллион адамнан кем емес келісімшарт негізінде әскер құруды ұсынып отыр. Бұл жөнінде партияның қазіргі жетекшісі Леонид Слуцкий телеграм-арнасына жазды.
"Біз үлкен қантөгістен аман қалдық. Бірақ қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін кемі 7 миллион адамы бар келісімшарт негізіндегі әскер құруымыз керек" дейді ол.
Слуцкийдің сөзінше, Пригожин бүлігі кезінде "ұшқыштарды, шын мәнінде майдандастарын өлтірген адамдарды сотқа тартып, қатаң жазалау керек".
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
22 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 Әскери сот Талдықорғандағы Қаңтар оқиғасынан кейін оққа ұшқан отбасының өліміне бір жауынгерді кінәлі етті
📌 Пригожин бүлігінен кейін Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлескен
📌 "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
📌 Украина барлау қызметі: Ресей әскері Запорожье АЭС-іне жарылғыш техника жеткізген
📌 БАҚ: Евгений Пригожиннің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтамаған
📌 Шемонаиханың жанармай бекетіндегі жарылыста күйген екі адам қайтыс болған
t.me/azattyq
БАҚ: Ресей арнайы қызметі "Вагнер" жетекшілерінің отбасына қоқан-лоқы көрсеткен соң Евгений Пригожин бүлікті тоқтатты
Бұл туралы The Telegraph газеті Ұлыбританияның барлау қызметіндегі дереккөзге сүйене отырып хабарлады.
Алайда ақпаратта қалай және кімге қауіп төнгені туралы нақты жазылмаған. Дереккөздер мәліметінше, бүлікке сегіз мың сарбаз қатысқан. Ал "Вагнер" басшысы қарамағында 25 мың сарбаз бар екенін айтқан.
Пригожин мен оның баспасөз қызметі бұл туралы әзірге түсініктеме бермеді.
t.me/RadioAzattyq
"Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, Ермек Қарамырзаев қызметтегі өкілетін пайдаланып, "КЕЗБИ" ЖШС мен "Өзенмұнайгаз" АҚ-дағы мердігер ұйымдардың заңды кәсіпкерлік жұмысына кедергі жасады деген күдікке ілінген.
"Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының білік талаптарына сәйкес келмейтінін, олардың мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдап, "КЕЗБИ" ЖШС компаниясына ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша тиімсіз шарт жасасуға мәжбүр етті" делінген хабарламада.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Қарамырзаев заңсыз әрекеттерімен "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, мыңнан астам қызметкердің құқығын бұзған, мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырған.
t.me/azattyq
Ресейдегі соңғы жағдайларға байланысты Мәскеу ҰҚШҰ аясында Қазақстаннан көмек сұрады ма?
"Екі президент арасындағы әңгіме бойынша мен ештеңе айта алмаймын. Ақорданың баспасөз қызметіне хабарлассаңыз болады, солар айтып берер. Бірақ сыртқы істер министрлігі тарапынан қандай да бір көмек сұралған жоқ" деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
24 маусымда Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің сөйлескенін хабарлаған. Хабарламада "Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті" деп жазылған.
t.me/azattyq
Ресей қорғаныс министрі Шойгу елдегі қарулы бүліктен кейін көпшілік алдына шықты
Бұл жөнінде Ресейдің мемлекеттік "РИА Новости" агенттігі хабарлады. Агенттіктің жазуынша, Сергей Шойгу Украинаның ұрыс аймағындағы "Батыс" әскери тобының басқару пунктіне барған. Іссапардан жарияланған видеоның қашан түсірілгені белгісіз.
Ресейдегі соңғы жағдайларға байланысты Сергей Шойгу көпшілік алдында сөйлемеді, оқиғаға байланысты ешқандай түсініктеме бермеді.
23 маусымда Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін "вагнерліктерге" артиллерия мен әскери тікұшақ көмегімен соққы жасады деп айыптап, Мәскеуге қарай "әділдік маршын" бастаған. Ол қорғаныс министрлігінің басшылары министр Сергей Шойгу мен бас штаб жетекшісі Валерий Герасимовтің отставкасын талап еткен.
Видео: "РИА Новости" агенттігі
t.me/azattyq
Сотталушы Егембаевтың анасы Аяужан Егембаева "ұлым бұйрықты орындаушы ғана, оның қасында 12-13 әскери қызметкер болған" деп санайды
"Жалғыз менің ұлымды кінәлі еткені әділетсіздік. Оның қасында тәжірибелі әскери қызметкерлер, офицерлер, ішкі істер органының арнаулы жасағы болды. Солардың бәрін сотқа әкелу керек еді. Ұлыма бұйрық берген командир де жоқ. 12-13 адамның ішінен тәжірибесі жоқ, 21 жастағы менің ұлымды ғана кінәлі етіп отыр. Бұйрық берген адамдар жауапқа тартылуға тиіс. Сотта 57 оқ атылғаны айтылды. Соның ішінде менің баламның 2 оғы ғана дәлелденіп отыр. Апелляциялық шағым түсіреміз, істі қайта тергеуді талап етеміз" деді сотталушының анасы Азаттыққа.
Марқұм Сейітқұловтың әпкесі, жәбірленуші Дариға Дәуітәлиева "Сейітқұловтарға 120 оқ атылған" деп санайды.
"Сот Нұрболат пен Нұрайдың басына тиген оқтарды дәлелденді деп отыр. Оларға 120 оқ атылған. Бірақ бір адам ғана кінәлі боп шықты. Атқан адамның бәрі жауапқа тартылуға тиіс еді" деді Дәуітәлиева.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq