azattyq | Новости и СМИ

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Подписаться на канал

Azattyq - Азаттық

Донецкіде дәмхана атқылауға ұшырап, "Роскосмостың" бұрынғы басшысы Рогозин жараланды

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Рогозин жараланған, бірақ өміріне қауіп жоқ.

RUPTLY агенттігі жарылыстан кейінгі кадрларды жариялады. Онда кемінде бір адамның опат болғаны көрінеді.

Кей ақпаратқа қарағанда, өзін республика жариялап алған "Донецк халық республикасындағы" үкімет жетекшісі Виталий Хоценконың күзетшісі қаза болған болуы мүмкін. Хоценконың өзі жараланған. Baza кемінде бес адамның зардап шеккенін жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мариупольді қалпына келтіруге қырғыз азаматтарын да тартып жатыр

Мигранттар өзара араласатын Telegram-каналдарында тұрақты түрде жұмысқа вакансия жарияланып тұрады. Соңғы кезде Ресей басып алған Украинаның Мариуполь қаласына жұмысқа шақыру жөнінде жарнама көбейді. Онда айына 100 мың рубль айлық ұсынып жатыр.

Азаттықтың Қырғыз қызметі жарнамадағы телефон нөмерлеріне хабарласқанда, Бішкекте Мариупольға адамдар жіберетін арнайы топ барын анықтады. Олар Мариупольға барып жұмыс істегісі келетіндерді Қазақстан арқылы шығарып алады екен.

Алайда Қырғызстанның ІІМ бұл мәліметті терістеп, тексеру жүріп жатқанын жеткізді.

Дереккөздер мәліметінше, қазір Мариупольда ондаған қырғыз азаматы жұмыс істеп жатыр. "Менің бір танысым сонда жұмыс істейді. Күніне 5000 рубль, айына 100 мың рубль төлеп жатыр. Бәрі құрылыста, қирап қалған ғимараттарды қалпына келтіріп жатыр", - деді қырғызстандықтың бірі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Таразда Қаңтар оқиғасына байланысты сотта орган өкілдері куә ретінде сұралып жатқанда шу шықты

Тараздағы №2 сотта 21 желтоқсанда Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатқан тоғыз адамның сотында шу болып, судья отырысты кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Шу күштік құрылым өкілдері куәгер ретінде сұралып жатқанда шықты.

Бұл іс бойынша сотталып жатқан бес жас адам – Тоқтар Ошақбай, Райыс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев және Исатай Донбаев Қаңтар оқиғасында Тараздағы алаңда қаза болған.

19 жастағы Нұрсұлтан Қуатбаевтың әкесі Бақытжан Шыңғысбековтің Азаттыққа айтуынша, бронетранспортер операторы Жасұлан Секербеков сотта адамдарға "91 рет оқ атылды" деген сөзіне қаза тапқан жастардың ата-аналары қарсы шығып, бұл шуға ұласқан.

Осыдан соң судья сот отырысын жұма, 23 желтоқсанға қалдырған. Желіде тараған видеода бірнеше әйелдің жүйкесі сыр беріп, оларға фельдшерлер көмектесіп жатқаны байқалады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Челахтың өтініші, соттан қашу, диссиденттің аштығы – AzatNEWS 21.12.22

📌 Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деп сотталған Владислав Челах президентке хат жазды. Ол тергеу процесін қайта бастауды сұрайды.

📌 Human rights watch ұйымы Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасын біржақты тергеді деп мәлімдеді. Бас прокуратура мұнымен келіспей, ашықтық принципін сақтадық деді.

📌 Қамаудағы диссидент Ермек Нарымбай билікке бірнеше талап қойып, қайтадан аштық жариялайтынын хабарлады. Ол Желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар оқиғаларының барлық құпиясын жариялауды сұрайды.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада белсендіні соттап жатыр

Қазір Астанада белсенді Санавар Закированың соты онлайн өтіп жатыр. Ол “полицияның талабына бағынбады” (667-бап, 1-бөлігі) деп айыпталып отыр. Бір күн бұрын полиция Ақорда маңында президент пен ПӘ жетекшісін шығуды талап еткен он адамды ұстап әкеткен. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода полицияның оларды күшпен ұстағаны көрінеді.

Сәрсенбі күні сотта Закирова Есіл аудандық полиция қызметкерінің әрекетіне шағымданды. Ал судья Айгүл Қайдарова ол бойынша "сотқа жеке шағым түсіріңіз" деді. Белсенді іспен танысып үлгермегенін айтып, уақыт беруді сұрады. Сотта үзіліс жарияланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжілістің бұрынғы депутаты, ғалым Амангелді Айталы дүниеден озды

21 желтоқсанда Қазақстан жұртшылығы әлеуметтік желіде марқұмның туыстарына көңіл айтып, қоғамға сіңірген еңбегін еске алып жатты. Жұрт әсіресе оның 1997-2007 жылдары мәжілісте депутат болып тұрған кезде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге көзқарасын ашық жеткізгенін атап өтті.

"Қазақтың Амангелді Айталысы қазақ Парламентінің маңғаз серкесі болып, біздің жүрегімізде қалды. Бүгінгі жұтаған Мәжілісті көргенде, Амангелді аға бейнесі Алатау болып асқақтай беретіні анық..." деп жазды белсенді Ауыт Мұқитбек Фейсбук желісінде.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокурордың орынбасары Челахтың мәлімдемесінен хабарсыз

Өкінішке қарай, Челахтың [президентке] қайырылғаны туралы ақпараттан хабарсызбын. Сол себепті түсініктеме бере алмаймын. Бірақ егер ондай мәлімдеме жасалса, оны тексеріп, жауабын берейік” деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев 21 желтоқсанда журналистерге.

Өмір бойы сотталған Челах бұған дейін президентке хат жазып, “Арқанкергенде не болғанын ашық айтуға дайын екенін” мәлімдеген.

Жауабы жоқ сұрақтар. "Арқанкерген" оқиғасына – 10 жыл

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы әкімдігі белсенділерге 8 наурызда митинг және шеру өткізуге рұқсат бермеді

Әкімдік өкілдері 8 наурызда басқа шара өтетінін алға тартқан. Белсенділер жыл сайын шараны ұйымдастырарда кедергілерге ұшырайтынын айтады.

"Бұл жолы әкімдік Алматыда бейбіт жиынға бөлінген төрт орында 8 наурызда өтетін шаралар бекітіліп қойғанын алға тартып, рұқсат бермеді. Әкімдіктің тұжырымдауынша, өтінішті "Еріктілер лигасы" түсірген. Билік олардың 8 наурызға жоспарланған үш митинг және 5 шақырымға созылатын шеруін мақұлдаған. Мерзіміне қарағанда, біздің митинг және шеру өткізу туралы хабарламамыз түскен күнмен сәйкес келеді" деп жазды белсенділер.

Әкімдік айтқан "Еріктілер лигасы" 8 наурызда шара өткізетінін растамаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан қаңтарда Германияға мұнай тасымалдайды

Бұл жөнінде "Қазмұнайгаз" компаниясының 21 желтоқсан күнгі баспасөз хабарламасында айтылған.

"ҚМГ-нің мұнай өндіруші ұйымдарының шикізаты Қазақстанның ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі. Ал ҚМГ мұнайының экспортқа шығатын көлемі бірыңғай жүйелік трейдер — KMG Trading'ке жеткізіледі, ол алдымен «ҚазМұнайГаздың» Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарының қажеттілігін өтейді. Экспортқа арналған мұнайдың қалған көлемі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша сатылады. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» президенттің тапсырмасына сәйкес, Германияға сынақ ретінде мұнай партиясын 2023 жылдың қаңтар айында жөнелту мүмкіндігін қарастырып жатыр" деді 20 желтоқсанда ҚМГ басқарма бастығы Мағзұм Мырзағалиев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура Қазақстан Әблязовті қайтаруға "барынша күш салатынын" айтты

Бұл жөнінде 21 желтоқсанда бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

Жуырда Франция қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовты босқын мәртебесінен айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған еді. Оның алдында француз басылымдары Қазақстан мен Франция билігінің "Әблязов ісін талқылағанын" жазған. Алайда ресми Астана мұны жоққа шығарған. Экс-банкир Қазақстан билігі өзін саяси себеппен қудалап отыр деп санайды.

Қазақстанда Әблязовқа қатысты қудалау органдары екі қылмыстық іс қозғаған: бірі БТА қаржысын жымқыру фактісі бойынша; екіншісі кісі өліміне қатысты. Екі іс бойынша да үкім күшіне енгеннен кейін Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттарымыз жолданды. Олардың қаралу статустары әртүрлі мерзімде... Біздің сұраныс хаттарымыз біздің бақылауымызда. Біз осыларды орындауға барынша күш саламыз, - деді Жандос Өмірәлиев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура HRW ұйымының Қаңтар оқиғасы туралы мәлімдемесімен келіспейді

Қазақстан билігі халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымының Қаңтар туралы мәлімдемесімен келіспейді.

"Әрине, [мәлімдемемен] келіспейміз. Қаңтар оқиғасы бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде біз ашықтық принципін сақтап отырмыз. Барлық ақпаратты өздеріңіз көріп отырсыздар. Брифинг сайын айтып жатырмыз. Кім болса да заң алдында бірдей. Азамат болсын, құқық қорғау органының лауазым иесі болсын, барлығы заң алдында жауап береді" деді 21 желтоқсанда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Бір күн бұрын HRW "Қазақстан билігі кемі 238 адамның өмірін қиған, адам құқығы өрескел бұзылған" Қаңтар оқиғасын "тиімді тергей алмады" деп мәлімдеген.

HRW Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу "біржақты болғанын", наразылыққа шыққан мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын, ал құқық қорғау органдарының тек бір қызметкері сотталғанын атап өткен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура Қазақстан Әблязовті қайтаруға "барынша күш салатынын" айтты

Қазақстан қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовті елге қайтаруға барынша күш салады. Бұл жөнінде 21 желтоқсанда бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

– Қазақстанда Әблязовқа қатысты қудалау органдары екі қылмыстық іс қозғаған: бірі БТА қаржысын жымқыру фактісі бойынша; екіншісі кісі өліміне қатысты. Екі іс бойынша да үкім күшіне енгеннен кейін Францияның өкілетті органдарына біздің сұраныс хаттарымыз жолданды. Олардың қаралу статустары әртүрлі мерзімде... Біздің сұраныс хаттарымыз біздің бақылауымызда. Біз осыларды орындауға барынша күш саламыз, - деді Жандос Өмірәлиев.

Жуырда Франция қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовты босқын мәртебесінен айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған еді. Оның алдында француз басылымдары Қазақстан мен Франция билігінің "Әблязов ісін талқылағанын" жазған. Алайда ресми Астана мұны жоққа шығарған. Экс-банкир Қазақстан билігі өзін саяси себеппен қудалап отыр деп санайды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сот өзін өртемек болып, қамалған Қарағанды тұрғынының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады

20 желтоқсанда Қарағанды облыстық соты полициямен шешілмеген дауға қарсылық ретінде өзін өртемек болып, қамалған мүгедектердің қоғамдық ұйымының өкілі Дәурен Әминовтың апелляциялық шағымын қарады.

Бұған дейін сот оны "ұсақ бұзақылық жасағаны үшін" және "полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін" 15 тәулікке қамаған. 20 желтоқсанда сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды, апелляциялық шағымды қанағаттандырмады.

Дәурен Әминовтың адвокаты Дінмұхамед Есбаев сот алқасы мүшелерінен бірінші инстанциядағы қаулының күшін жойып, "полиция қызметкеріне бағынбау" бабы бойынша әкімшілік істі тоқтатуды сұрады. Адвокат Әминовты ақтап, босатуды, тек "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты ғана қалдыруды сұрады. Әминовтың қорғаушысы жауапкерді "полицияның талабына бағынбады" деп айыптаған полицейдің "әрекетінің заңсыздығын" алға тартты. Сотта сұралған полиция қызметкерлері мұны жоққа шығарды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

HRW: Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасын біржақты тергеді

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы "Қазақстан билігі кемі 238 адамның өмірін алған, адам құқығы өрескел бұзылған" Қаңтар оқиғасын "тиімді тергей алмады" деп мәлімдеді.

Ұйым 20 желтоқсанда жарияланған мәлімдемесінде Астана Қаңтар оқиғасында адам шығынына жауапты орган қызметкерлерін анықтауға және жазаға тартуға құлықсыз деді.

HRW Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу "біржақты болғанын", наразылыққа шыққан мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын, ал құқық қорғау органдарының тек бір қызметкері сотталғанын атап өткен.

"Қаңтар оқиғасына бір жыл толып қалса да қаза тапқандардың отбасылары, жараланған жүздеген адам мен азапталғандар әлі әділдік күтіп отыр" деді ұйымның Орталық Азия бойынша зерттеушісі Мира Риттманн.

"Қазақстанның серіктестерді бұл елді тез арада Қаңтар оқиғасын тәуелсіз әрі тиімді тергеуге шақыруы тиіс" деп санайды Риттманн.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өмір бойына сотталған Челах "Арқанкергенде не болғанын ашық айтуға дайын"

Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен 2012 жылы өмір бойына сотталған Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.

Челах Тоқаевтан тергеу процесін қайта бастап, өзінен "жалғыз куәгер ретінде" жауап алуды сұрайды.

"Құрметті президент, көп жыл өтсе де қайғылы оқиға жайлы қайта айтуға дайынмын. Менің бар сұрарым, мені тыңдап, маған мүмкіндік берсеңіздер. Қалай болғанын айтқым келеді және бәрін айтуға дайынмын. Тергеушілерге де бәрін айтуға дайынмын. Оқиғаның қалай болғаны сол күйі ашылмай қалды" деп жазған Челах президентке хатында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сәрсенбі күні Вашингтонда АҚШ және Украина президенттерінің кездесуі өтті. Бұл Зеленскийдің Ресей Украинаға басып кіргелі бері шетелге жасаған алғашқы сапары. Джо Байден Владимир Зеленскийді президент резиденциясына кіреберісте жылы қарсы алды.

Кездесу басында Байден Америка халқы Украинаны "мақтанышпен" қолдайды және оның "әділетті әлемге" ұмтылысын қуаттайды деді. АҚШ президенті Ресейдің Украинадағы инфрақұрылымдарды атқылауын айыптап, Мәскеу қақаған аязды "қару ретінде пайдалануға тырысып жатыр" дем мәлімдеді. Украин халқы әлемді "рухтандырып жатыр" деген пікірін де жеткізді.

Зеленский АҚШ президенті, Конгресс және америкалықтарға Украинаға көмегі үшін алғыс білдірді.

Келіссөз аяқталғаннан кейін екі ел басшылары ортақ баспасөз жиынын өткізді. Кездесуден "Настоящее время" арнасы тікелей эфирде хабар таратты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Белсенді Закирова "полицияға бағынбады" деген айыппен 10 күнге қамалды

Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеспек болған белсенді Санавар Закирова "полицияға бағынбады" деген айыппен 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы сот отырысына қатысқан Азаттық тілшісі хабарлады.

Закирова мен адвокаты Гүлшат Дүйсенова сот шешімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Сотта Закирова "полиция заңсыз ұстағанын, қамауда отырғанда тамақ бермегенін, мүгедектігі барын" айтып, судьядан өзін босатуды сұрады. Бірақ сот белсендінің айтқанына қарамастан 10 күнге қамау туралы шешім шығарды.

20 желтоқсанда Астанада полиция президент пен премьер-министр Әлихан Смайловқа талаптарын айтпақ болған бір топ әйелді күштеп ұстаған. Кейін полицейлер ұсталған 11 әйелді Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Sota телеграм каналы Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдер азаматтарын соғысқа шақыратын үнпарақ таратылып жатқанын жазды. Үнпарақ авторлары еріктілерді «игілік жағында» соғысуға шақырады.

Сарапшылар Украинадағы майданда Ресей әскері көп шығынға ұшырап, Мәскеу амалы қалмағаннын сотталғандарды, еңбек мигранттарын соғысқа тартуға мәжбүр болып жатқанын айтады. Қыркүйекте Ресей президенті Путин «ішінара мобилизация» жариялап, Кремль майданға бұрын әскерде болған 300 мың адам алынады деген. Ресей билігі бұл шараны ішінара деп атағанымен майданға әскери тәжірибесі жоқ адамдарда алынғаны айтылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Си Цзиньпин Дмитрий Медведевпен Украина мәселесін талқылады

Ресейдің бұрынғы президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Пекинде Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесті.

Медведев Си Цзиньпинді Қытай компартиясының бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтаған. Ол сонымен бірге келіссөз кезінде "Единая Россия" және Қытай компартиясы арасындағы өзара қарым-қатынас, Мәскеу мен Пекин арасында түрлі саладағы әріптестік, халықаралық мәселелерді талқылаған. Екі саясаткер Украина мәселесін де сөз еткен.

Сарапшылар Қытай Украинадағы соғысқа байланысты мәлімдемелер жасағанда аса сақтық танытатынын айтады: БҰҰ-да Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптайтын резолюция қабылданған кезде Пекин Ресейді қолдамаған, бірақ басқыншылықты ашық айыптаған да жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Конгресс Ресейді "басқыншы ел" деп танитын заң жобасын әзірлейді

Бұл Мәскеуді терроризм демеушісі ретінде тануға құлықсыздық танытқан Джо Байден әкімшілігінің әрекетіне жауап, деп жазды The Hill басылымы.

Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, құжат жобасын Ақ үй мен конгресс жетекшілері талқылап жатыр. Заң жобасы қабылданса, Ресейдің ресми тұлғаларына санкция салынады.

Байден әкімшілігі Мәскеуді терроризм демеушісі ретінде тану туралы ұсынысты қабылдамай келеді. Ақ үй өкілдерінің пікірінше, бұл Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігін кеміте түседі.

Бірқатар сарапшылар Ресей заңда көрсетілген терроризм демеушісінің критерийлеріне сәйкес келеді дегенге де күмән келтіреді. Заңдағы тым жалпы тұжырымдар болашақта Вашингтонның "бас ауруына айналуы мүмкін" деген тұжырымды алға тартады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мирзияевтің билікте қалуына мүмкіндік беретін конституциялық өзгерістер бойынша референдум көктемде өтуі мүмкін

Озодлик дереккөздерінің хабарлауынша, қазір өзбек үкіметі бұл шараға батыстың беделді адамдарын шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр.

Егер жаңа Конституция қабылданатын болса, қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің осыған дейін сайлауға түскен кезеңдері жойылады. Оның қайта президент сайлауына түсуіне мүмкіндік туады.

Парламенттегі дереккөздің мәліметінше, референдум Наурыз мерекесінен кейін өтуі мүмкін. Бұл шараға Еуроодақтан, Ұлыбритания және АҚШ-тан байқаушылар келуі мүмкін.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы әзірге референдум өткізетін күнді белгілеген жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан президенті Өзбекстанға барады

21-22 желтоқсанда Қазақстан президентінің Өзбекстанға екі күндік сапары басталады.

Алғашқы күні "Янги Узбекистон" саябағындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тал егеді. Келесі күні Тоқаев Ташкенттегі Төле бидің кесенесіне тағзым етпекші.

Ресми шаралар "Ташкент сити" Конгресс орталығында жалғасады. Кездесу аясында екі жақты және көп жақты кездесулер жоспарланып, маңызды құжаттарға қол қою қарастырылған. Бұдан бөлек қазақ ақыны Абай Құнанбайұлына арналған көрме өтеді.

Қазақстан - Өзбекстанның Қытай және Ресейден кейінгі маңызды сауда серіктесі. Ресми мәлімет бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млрд доллар шамасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский Байденмен кездесуге АҚШ-қа ұшып кетті. Бұл оның соғыс басталғалы бергі алғашқы сапары

Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға ұшып кетті. Бұл оның 24 ақпаннан бергі шетелге алғашқы сапары.

Владимир Зеленский Ақ үйде президент Джо Байденмен кездесіп, Конгрестің бірлескен отырысында сөз сөйлейді.

CNN жазуынша, сапар барысында Байден Украинаға 1,8 млрд доллар көлемінде қосымша көмек беру туралы жоспарын жариялайды. Аталған көмек аясында Украинаға Patriot зымыран кешені де беріледі.

Бірнеше сағат бұрын Зеленский Твиттерде АҚШ-қа ұшып бара жатқанын растады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокуратура HRW ұйымының Қаңтар оқиғасы туралы мәлімдемесімен келіспейді

21 желтоқсанда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осылай деп мәлімдеді.

Бір күн бұрын HRW "Қазақстан билігі кемі 238 адамның өмірін қиған, адам құқығы өрескел бұзылған" Қаңтар оқиғасын "тиімді тергей алмады" деп мәлімдеген.

"Әрине, [мәлімдемемен] келіспейміз. Қаңтар оқиғасы бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде біз ашықтық принципін сақтап отырмыз. Барлық ақпаратты өздеріңіз көріп отырсыздар. Брифинг сайын айтып жатырмыз. Кім болса да заң алдында бірдей. Азамат болсын, құқық қорғау органының лауазым иесі болсын, барлығы заң алдында жауап береді" деді Жандос Өмірәлиев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Алаңға шырша қойылмасын». Қаңтарда баласы өлген ата-аналардың наразылығы

Шымкентте балалары Қаңтар кезінде оққа ұшқан бір топ ата-ана бүгін қала әкімдігі алдында жиналды. Олар «балаларымыздың қаны төгілген алаңға шырша қоюға қарсымыз» дейді. Наразылар президент Тоқаевқа да хат жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақорда маңында ұсталған белсенділердің соты өтеді

Кеше, 20 желтоқсанда кешке Астанада президент әкімшілігінің алдында полиция он адамды ұстап әкеткен. Арасында белсенді Санавар Закирова да бар.

Белсенділердің сөзіне қарағанда, полиция түнгі сағат оннан кейін ұсталғандарды біртіндеп босатып, төртеуін алып қалған. Олардың үстінен "полицияға бағынбау" бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Сәрсенбі күні олардың соты өтуі тиіс.

Полиция оқиғаға әзірге түсініктеме бермеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ауғанстанда студент қыздарға университеттерде оқуға тыйым салынды

Бұл жөнінде тәліптер үкіметіндегі білім министрлігінің хатына сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Министрлер кабинетінің шешіміне сәйкес, Ауғанстанның мемлекеттік және жеке университеттері қыз балаларды оқытпауы тиіс.

Шетел үкіметтері, оның ішінде АҚШ әлем елдері тәліптер әкімшілігін мойындаудан бұрын "Талибан" әйелдердің білім алуына қатысты саясатын өзгертуі тиіс деп мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зерттеу: Санкциядағы Беларусь ағашын Қазақстан арқылы Еуроодаққа шығарып жатыр

Еуроодақ Беларусь ағашын импорттауға тыйым салған уақыттан бастап оны Қазақстан мен Қырғызстан арқылы ЕО елдеріне экспорттау көрсеткіші мың есе артқан.

Беларусь ағашы санкцияларға қарамастан Еуроодаққа сатылып жатыр, деп жазды Беларусь зерттеу орталығы.

Жаңа зерттеуге қарағанда, Беларусь ағашына санкция жарияланған сәттен бастап бұл өнімді Қазақстан арқылы ЕО елдеріне экспорттау көрсеткіші 74 есеге, ал Қырғызстан арқылы экспорттау көрсеткіші 18 мың есеге артқан. Қазақстан мен Қырғызстан ағашты экспорттауға шектеу қойғанына қарамастан, сакнцияға іліккен елдің өнімі еркін сатылып жатыр.

ЕО санкцияларын Ресей де Қырғызстан мен Қазақстан арқылы айналып өте бастағанын мұның алдында Азаттық радиосы журналистері анықтаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркістан белсендісі Мұхаммедов желідегі жазбасы үшін бес тәулікке қамалды

Түркістан облысы Ордабасы аудандық соты белсенді Нұржан Мұхаммедовті бес тәулікке қамады. Судья оны Әкімшілік кодекстің 669-бабы ("Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжаттарды орындамау") бойынша кінәлі деп тапты.

Нұржан Мұхаммедов 2 желтоқсанда Facebook желісінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың атына ашық хат жариялаған. Онда белсенді елдегі оқу орындарына ұлттық идеологияны дәріптейтін арнайы пән енгізуді ұсынады. Артынша осы ұсыныспен петиция жариялап, сілтемесін салған. 6 желтоқсанда Ұлыбританияның Үндістандағы геноциді туралы ескі жазбасын қайта бөліскен. 9 желтоқсанда Феруза Сапар деген белсендінің жазбасын бөлісіп, "Полиция заңды қызметін ұмытып, арандатушыға айналған ба?" деп жазған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шырша қоюға қарсылық, Азаттықты шектеу, журналиске араша – AzatNEWS 20.12.22

📌 Шымкентте Қаңтар құрбандарының ата-аналары оқ атылған алаңнан әкімдік құрған шыршаны алып тастауды талап етті. Әкімдік нақты жауап бермеді.

📌 Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігінен қамаудағы журналист Михаил Козачковты босатуды сұрады. Журналиске араша түскен баспасөз жиынында шу шықты.

📌 Желі кедергілерінің ашық обсерваториясы (OONI) жобасы Азаттық сайтының жұмыс істеуі президент сайлауы уақытында баяулағанын растады. Сайт жұмысын тежеудің артында кім тұрғаны белгісіз. Қазақстан билігі кибершабуылға сілтейді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…
Подписаться на канал